ТЕХНОГЕНДІК АПАТТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚАУІПТІЛІГІ



М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….3

Бөлім 1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары…………………………………………..5

1.2 Дені сау халық деңгейін қалыптастыруда қоршаған орта факторларының ролі ………………………………………………………………………………………………………….9

Бөлім 2. ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН КӨЛЕМІ

2.1 Ауаның құрамын анықтау………………………………………………………………………..15

2.2 Ауаның шаңдануын анықтау…………………………………………………………………..16

Бөлім 3. ТЕХНОГЕНДІК АПАТТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ МЕН ҚАУІПТІЛІГІ

3.1 «Байқоңыр» космодромы. Ракета тасушылардың қоршаған ортаға тигізетін әсері мен қауіптілігі………………………………………………………………………………………18

3.2 Семей полигоны – ядролық сынақ аймағының экологиялық зардаптары…..25

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………….33

КІРІСПЕ

Қазақстан экологтары біздің жерімізде қазір 21млн тонна өнеркәсіп қалдығы жиналып қалғанын айтып, дабыл қағуда. Соның 30 млн-ы – радиоактивті қалдықтар.

2004 жылы 9-10 қаңтарда болған Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға сапары кезінде “Байқоңыр” ғарыш айлағын жалға алу мерзімін 50 жылға ұзарту және оны екі жақтың бірлесіп пайдалануы жөнінде ортақ келісімге қол жеткізді.

Әлемде ең “ғарышқұмар” ел саналатын Ресей өзінің ғарыш аппараттары-ның 70 %-ін “Байқоңырдан” ұшырады. Бұрынғыдай емес, қазір ғарыш кешенінде жоспарланған бағдарламалар мен жобаларға Қазақстан мамандарын көбірек қатыстыруға мүмкіндік қарастырылып жатыр. Екі ел президентінің кездесуі барысында қол жеткізілген тағы бір нәрсе – «Байқоңырдың» экологиялық қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету болса, бұл бағыттағы бастамаларды әзірге көре алмай отырғанымыз рас. Келісімде экологиялық тұрғыдан қауіпті отындармен (мәселен, гептил) жұмыс істейтін ғарыштық-зымырандық кешенді пайдалануды біртіндеп қысқарту қарастырылғанмен, түбегейлі шешімін таппаған сыңайлы.

Тақырыптың өзектілігі: “Байқоңыр” төңірегіндегі экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екеніне зер салайық: мәселен осыншама жыл бойына ғарыш айлағын гептилмен жұмыс істейтін 2000-нан аса зымыран тасығыштар ұшырылыпты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғалымдары Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының ауласында, жер қыртысында, өсімдіктерде, суында гептильдің түрлі көлемдегі дозалары барын анықтапты. Кей өңірлердің 1 шаршы метрінде гептильдің мөлшері 2500 млг-ға дейін жететін көрінеді. Ал, оның адам денсаулығына аса қауіпті емес деп саналатын ең жоғарғы дозасы – 1 шаршы метрге 0,1 млг болуы керек!

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлеуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.

Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.

Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлеует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.

КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігін алды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Атмосфералық ауаны ластайтын фактор-лардың жиынтығын және олардың организмнің жалпы жағдайына әсерін зерттеу – денсаулықты және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелер шараларын жасау, техногендік апаттардың қоршаған ортаға әсері мен қауіптілігін, атмосфералық ауаның ластануын экологиялық бағалау.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажеттілігі қарастырылады:

— әдебиеттерге шолу жасай отырып, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтарын қарастыру;

-дені сау халық деңгейін қалыптастыруда қоршаған орта факторларының ролін анықтау;

— зерттеу әдістері арқылы ауаның құрамын және ауаның шаңдануын анықтау;

— техногендік апаттардың қоршаған ортаға әсері мен қауіптілігі, яғни «Байқоңыр» космодромы — Ракета тасушылардың қоршаған ортаға тигізетін әсері мен қауіптілігі және Семей полигоны – ядролық сынақ аймағының экологиялық зардаптарын талдау осы жұмыстың міндеттері болып саналады


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий