ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3

ӘДЕБИТКЕ ШОЛУ «Табиғат ресурстарын лицензиялаудың құқықтық мәні…..5

І.ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Табиғат ресурстарын пайдалануды басқару……………………………………………7

1.2.Табиғи ресурстарды пайдаланудың міндеттері……………………………………….8

1.3.Табиғат ресурстарын құқықтық қорғауда басқаратын халықаралық орындар……………………………………………………………………………………………….15

ІІ.ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ МӘНІ

2.1.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілетін лицензиялар……………………..17

2.2. Табиғат ресурстарын пайдалануға берілетін лицензиялардың түрлері…19

2.3. Табиғат ресурстарын пайдалануға берілетін лицензиялардың шектері мен мерзімдері…………………………………………………………………………………………………21

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………………………26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………………………………28

КІРІСПЕ

Осы курстық жұмысымда мемлекетіміздегі табиғат ресурстарын пайдалануды лицензиялау төңірегінде қарастыратын боламын.

Қазіргі тарихи кезеңде қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өте өзекті мәселеге айналды. Табиғатпен үйлесімсіз экономиканың өсуі болмайтындығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат ресурстарын сарқылтып және қоршаған ортаны ластап ешқандай экономикалық өсу болмайтындығына әлемдік қауымдастықтың көзі жетті. Сондықтан табиғатқа және табиғатты пайдалануға жаңа көзқарас қалыптасуы керек.

Үкіметтің 1988 ж. «Елімізде табиғатты қорғау жұмысын түбегейлі өзгерту» қаулысымен табиғатты қорғау жөніндегі КСРО Мемлекеттік комитеті құрылды. Оған қоршаған ортаны қорғау саласында еліміздің ұтымды саясатын жүзеге асыру міндеттелді. Сондай комитеттер барлық республикаларда, облыстарда, қалаларда құрылды.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін аталған комитет бірнеше рет қайта құрудан өтті. Оған қарасты салалар, міндеттер өзгертілді. Соңғы рет Министрліктен ресурстарды пайдалануды бақылау міндеті алынып, табиғатты қорғауды бақылау қызметтері күшейтілді. 2002 ж. 6 қарашадан ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып қайта құрылды.

Табиғат пайдалануға лицензия дегеніміз рұқсат беру, шектеу, тыйым салу, өкілеттік беру және т.с.с. құқықтық-әкімшілік басқару көрінісі, Мағынасы бойынша табиғатты пайдалануға лицензия үш сипатта болады: біріншіден, ол табиғат ресурстары иесінің немесе иеленушінің құзыреті; екіншіден, табиғат ресурстарын қорғауды, тиімді пайдалануды мемлекеттік бақылау; үшіншіден, табиғат ресурстарын пайдалану қатынастарын реттеу.

Лицензия әрбір табиғатты пайдалану әрекетіне бір жылға беріледі. Экологиялық талаптарға, ресурсты пайдалану орнына және т.б. себептерге сәйкес лицензия шектелуі мүмкін. Лицензия сұраушыларға ол, негізінен, бәсекелестік жағдайда берілгені дұрыс. Лицензия берген органдар белгіленген тәртіптер орындалмағанда, экологиялық, санитарлық ережелер бұзылғанда рұқсатын қайтып алады. Сондай-ақ, лицензия нақты табиғат пайдаланушыға, нақты ресурсқа беріледі. Сондықтан лицензияны табиғат пайдаланушылар өз еріктерімен бір-біріне беруіне болмайды. Сонымен қатар лицензия қайтарылып алынғанда немесе лицензия берілмегенде оны сұраушылар арбитраждық сотқа шағына алады. Лицензияда қарастырылған шарттардың орындалуын жергілікті аймақтық-салалық басқару органдары бақылайды.

Курстық жұмыстың мақсаты – табиғат ресурстарын пайдалануда лицензияның құқықтық нормалық негіздерін қарастыру.

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:

— Табиғат ресурстарын пайдалануды басқаруда мемлекеттік, жергілікті, атқарушы, өкілетті органдардың алатын орнын қарастыру;

— Табиғат ресурстарын пайдалануды басқаруда мемлекеттік, жергілікті, атқарушы, өкілетті органдардың міндеттерімен танысу;

— Табиғат ресурстарын пайдалануда берілетін лицензияны қарастыру;

— Табиғат ресурстарын пайдалану лицензиясының түрлерін, ондағы шектері мен мерзімдерін саралау

Тақырыптың зерттеу кезеңдері:

— жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттер жинақтау;

— әдебиеттерді негізге ала отырып, тақырыптық жоспар жасау;

— құрылған жоспар бойынша теориялық бөлімді жазу;

— жұмыстың өзекті мәселелерін жетілдіру жолдарымен анықтау.

Бұл жұмыстың ғылыми жаңашылдығы – ұлттық тілде бұл тақырыпта зерттелген жұмыстар аздық танытып отыр. Сондықтан осы қазақ тілінде зерттеліп отырған жұмыстың ғылымға қосатын үлесі, болады деп ойлаймын.

Жұмыс барысында табиғат ресурстарын пайдалануда берілетін лицензияның құқықтық мәні мәселесін қарастырған отандық және шетелдік авторлардың нормативтік-құқықтық еңбектері, мерзімді басылымдар қолданылған. Отандық авторлар ішінде Стамқұлов Ә.С., Үпішев Е.М., Мұқаұлы С., Оспанова Г.С., Тонкопий М.С., Мамыров Н.Қ., Есполов Т.И., Абралиев О.А. редакциясы бойынша жазылды.

Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий