Нормативтік көрсеткіштерде бекітілген құжаттар. Негізгі конвенциялар және хаттамалар



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………3

І. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАЛАРДА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАТИВТІК КӨРСЕТКІШТЕРДЕ БЕКІТІЛГЕН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ

1.1 Қоршаған ортаны қорғау Заңнамаларының мазмұны, әр түрлі нысан-дары……………………………………………………………………………………………………………5

1.2 Экологиялық Кодектстің мәні, қажеттілігі6

1.3 Экологиялық нормативтер және оның аспектісі…………………………………..9

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗГІ КОНВЕН-ЦИЯЛАР ЖӘНЕ ХАТТАМАЛАР

2.1 Қазақстан Республикасындағы экологиялық Орхусс Конвенциясы……….13

2.2Экологиялық аттестация және төлқұжаттар…………………………………………..14

2.3 Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы………………………………………………………………..19

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………….24

КІРІСПЕ

2000-жылдан бері ел үкіметі заңнамадағы кем-кетіктерді толтырып, бірқатар заң мен заң актісін қабылдап үлгерді. Ел Президентінің 2006-жылы халыққа жолдаған жолдауынан кейін, 2007-жылы Экологиялық кодекс қабылданды. Аталмыш кодекс қазақстандық заңнаманы халықаралық көпжақты келісімдермен сəйкестендіруге, өзге мемлекеттердің заң жүйелеріндегі озық тəжірибені есепке алып, жаңа стандарттаға көшуге, қоршаған орта саласында мемлекеттік бақылау жүйесін дамытуға бағытталған. Экологиялық кодекс бір жылдың ішінде əзірленді.

Ауа қабатын қорғау туралы заң жəне Қоршаған ортаны қорғау туралы заң сияқты 80-ге жуық түрлі нормативтік құжат Экологиялық кодекстің құрамына кіргізілді. Кодекстің əзірленуіне берілген уақыттың тар болғаны сонша, кодекс қабылданған кезде 40-тан астам заң актісі əлі дайын болмаған еді. 2008-жылдың сəуір айына жетіспеген 46 нормативтік құжаттың бəрі қабылданып үлгерді. Қоршаған орта саласындағы заңнаманың барлық аспектілерімен айналысатын жəне соған байланысты əрекеттің бəрін үйлестіруші орган — Қоршаған ортаны қорғау министрлігі құрамындағы Заң жəне халықаралық ынтымақтастық департаменті.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына тоқталып өтетін болсақ:

1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң

ережелерi қолданылады.

4. Қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi. Z040593, K030442, K030481, K030477

Курстық жұмыстың мақсаты: Нормативтік көрсеткіштерде бекітілген құжаттар мен негізгі конвенцияларды және хаттамаларды талдау.

Осы мақсатқа жету үшін осы жұмыста қойылған міндеттер:

— Экологиялық Заңнамаларының мазмұны, әр түрлі нысандары қарастыру:

— Экологиялық Кодектстің қажеттілігін салау;

— Экологиялық нормативтердің мәнін анықтау;

— Экологиялық Орхусс Конвенциясын талдау;

— Экологиялық аттестация және төлқұжаттарды зерделеу.

Зерттеу кезеңдері:

— курстық жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттер жинақтау;

— әдебиеттерді негізге ала отырып, тақырыптық жоспар жасау;

— құрылған жоспар бойынша теориялық бөлімді жазу;

— курстық жұмыстың өзекті мәселелерін эксперименттік деректермен анықтау.

Бұл жұмыстың ғылыми жаңашылдығы – ұлттық тілде бұл тақырыпта зерттелген жұмыстар аздық танытып отыр. Сондықтан осы қазақ тілінде зерттеліп отырған жұмыстың ғылымға қосатын үлесі, болады деп ойлаймын.

Жұмыс барысында экологияны тереңірек қарастырған отандық және шетелдік авторлардың экологиялық зерттеу еңбектері, мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар қолданылған. Отандық авторлар ішінде Абралиев,О., Ақбасова, Аманкүл Жақанқызы, Саинова, Гауһар Әскерқызы, Әбенбаев, С. Ш., Қартқожақ, Сәкен Салықұлы. Қуандықов, Есенгелді Өсербайұлы, Әбілаев, Сәтбай Ахатжыұлы, Стамқұлов, Әбдез Стамқұлұлы, Тұрарбеков, Аманжол Үпішев, Е.М., Мұқаұлы, С. және редакциясы бойынша жазылған оқулықтар және Халықаралық Конвенциялар, нормативтік-құқықтық актілер қолданылған.

Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, мен міндеттері, ғылыми болжамы мен әдіснамалық негізі, қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

Кез келген ғылыми зерттеу оның теориялық негізінен бастау алатын-дықтан бізде курстық жұмыстың бірінші бөлімін Экологиялық заңдар мен нормативтівтердің жалпы теориялық негіздеріне яғни нормативтивтердің мазмұны мен нысанына, ерекшеліктеріне арнадық.

Ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы экологиялық Орхусс Конвенциясы, экологиялық аттестация және төлқұжаттар, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасының сатыларын қарастырдық.

Қорытындыда курстық жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Осы жұмыстың әдебиет тапшылықтарына келетін болсақ соңғы шығарылып жатқан ғалымдардың, профессорлардың жұмыстарының жоқ болуы, осы жұмысқа ауыртпалығын тигізді. Бірақ «Қолда барды қадыр тұт» – демекші бар экологиялық заңнама, актілер, түрлі әдебиеттерді қолдана келе осы жұмыстың ауқымды жерлерін аша түстік деп ойлаймыз.


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий