Мұнай газ саласындағы газды утилизациялау процесін автоматтандыру



Мазмұны

Кіріспе

1 Технологиялық бөлім………………………………………………………………………………7
1.1 Газды утилизациялау зауытының қызметі…………………………………………7
1.2 Газды турбиналық қондырғының (ГТҚ) циклдері………………………………7
1.3 Газды турбиналық қондырғының (ГТҚ) жұмыс істеу принципі………..10
1.4 Өртеу камерасының жұмыс істеу принципі мен құрылымы……………..12
1.5 Мұнайға серік газдардың химиялық құрамы……………………………………16

2 Мұнайға серік газдарды утилизациялау кезіндегі ГТҚ-ның өртеу камерасындағы үрдісті басқару жүйесін құру…………………………………………….18
2.1 Басқару нышаны ретінде қарастырылатын технологиялық үрдістің сипаттамасы…………………………………………………………………………………………18
2.2 ГТҚ-ның өртеу камерасындағы үрдісті басқару құрылымын құру. Жобалау және зерттеу тапсырмасын анықтау………………………………………..18
2.3 ГТҚ-ның өртеу камерасындағы үрдістің математикалық аппаратын құру. Программа құраушысының сипаттамасы……………………………………..22
2.4 ГТҚ-ның өртеу камерасындағы үрдісті басқарудың зиятты ішкі жүйесін құру. Адаптивті анық емес реттегіштің ұйымдастыру қағидасы………………………………………………………………………………………………25
2.4.1 Тапсырманың мазмұнды қойылуы……………………………………………26
2.4.2 Анық емес лингвистикалық ережелер қорын құру…………………….27
2.5 Оқу үрдісі………………………………………………………………………………………30
2.6 Өртеу камерасындағы жалынды автоматты түрде тұрақтандыратын
ішкі жүйе құру…………………………………………………………………………………….31
2.6.1 Нышанның статикалық және динамикалық сипаттамаларын анықтау……………………………………………………………………………………………31
2.6.2 Реттегіштің тиімді реттелетін параметрлерін есептеу……………….34
2.6.3 Өтпелі үрдісті құру………………………………………………………………….36
2.7 ГТҚ-ның АБЖ-сін құру…………………………………………………………………38
2.7.1 ГТҚ-ның АБЖ-сінің ақпараттық жабдықтауы…………………………..38
2.7.2 ГТҚ-ның АБЖ-сін ұйымдастыруды жабдықтау………………………..40
2.7.3 ГТҚ-ның АБЖ-сінің алгоритмдік және программалық жабдықтау………………………………………………………………………………………………..42
2.7.4 Өтпелі үрдісті есептеу алгоритмі……………………………………………..43
2.7.5 ГТҚ-ның АБЖ-сінің техникалық жабдықтау…………………………….45
2.7.5.1 Техникалық құрал-жабдықтар құрылымы…………………………..49
2.7.5.2 Қолданылған аспаптар……………………………………………………….50
2.7.5.3 Автоматтандыру сызбасын сипаттау………………………………….51

3 Экономикалық бөлім………………………………………………………………………………52
3.1 ГТҚ-ның АБЖ-н ендірудің экономикалық тиімділігінің негізі…………..52
3.2 ГТҚ-ның АБЖ-н ендірудің экономикалық тиімділігі мен
өтелімділік мерзімін есептеу………………………………………………………………..52
3.2.1 Қызметкерлердің төлемақысы (әлеуметтік мұқтаждар аударылымын есепке ала отырып)……………………………………………………52
3.2.2 Автоматтандыру құрал-жабдықтары мен аспаптарына кететін шығын……………………………………………………………………………………………..53
3.2.3 Басқару жүйесін қолдану кезіндегі шығындарды анықтау…………55
3.2.4 Қызметкерлер үшін жалпы жалақының жылдық қорын есептеу…………………………………………………………………………………………….56
3.3 Экономикалық тиімділікті есептеу…………………………………………………57

4 Еңбекті қорғау бөлімі……………………………………………………………………………..59
4.1 Еңбекті қорғау түсінігі. Еңбекті қорғау жайлы ұлттық саясаттың негізгі қағидалары………………………………………………………………………………..59
4.2 Еңбекті қорғауды ұйымдастыру………………………………………………………60
4.3 Өндірістік факторлар классификациясы…………………………………………..61
4.4 Төтенше жағдайдың алдын-алу шаралары……………………………………….61
4.4.1 Апат, өрт, жарылыс және басқа да төтенше жағдайдың себептері…………………………………………………………………………………………………..61
4.4.2 Өрт және басқа да төтенше жағдай кезіндегі міндеттемелер мен іс-қимылдар…………………………………………………………………………………………62

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мұнайға серік газды жинау, дайындау, тасымалдау және өңдеу үшін жаңа инфрақұрылым құру қажет. Бұл мәселе барлық мұнай өндіретін өнеркәсіптердің кезектегі проблемасы. Бұған дейін, тіпті қазіргі уақытта да мұнайға серік газдар факелдерде өртелініп, атмосфераға едәуір зиян келтіруде. Факелдерде өртелінген газдан қоршаған ортаға түсетін зиянды компоненттер адам ағзасының физиологиялық деңгейде дұрыс жұмыс істеуіне, айта кетелік, жүйке жүйесіне, иммундық жүйеге кері әсерін тигізуде.
Экологиялық тұрғыдан мұнайға серік газдарды толығымен утилизациялау – мұнай кеніштерінің орналасу аумағының экологиялық жағдайын жақсарту демесек те, әрі қарай ластануына тосқауыл болатыны кепіл.
Мұнайға серік газды утилизациялаудың 2 бағыты болуы мүмкін:
1. Энергетикалық.
Көбіне газды утилизациялау осы бағытта жүреді, себебі энергетикалық өндіріс нарықта шектелмеген үлкен сұраныста. Мұнайға серік газ – экологиялық тұрғыдан таза отын болып табылады. Мұнай өндірісіне энергия үлкен мөлшерде қажет және серіктес газды энергия өндіру бағытында қолдану экономикалық тұрғыдан тиімді.
2. Мұнай химиялық.
Мұнайға серік газды өндіру барысында құрғақ газ, бензин, жеңіл көмірсутектердің кең фракциясы (ЖККФ) бөлінеді. ЖККФ-сы каучук, пластмасса және басқа да мұнай химия өндіріс саласының шикізаты болып табылады.
Өндірістің дамуы қазіргі заман талабына сай жаңа, алдыңғы қатарлы технологияны қолдануы ықпал болмақ. Өндірістің өнімділігін арттыру, кез-келген өндірістік шығындарды азайту, басқару сапасын жақсарту мақсатында жаңа автоматтандырылған басқару және бақылау жүйесін құру қажет.
Дипломдық жобаның басты мақсаты мұнай-газ саласындағы мұнайға серік газдарды утилизациялау, яғни әрі қарай өндіріп қолданысқа жіберу болып табылады. Газды турбиналық қондырғыға (ГТҚ) жіберу арқылы электр энергиясын өндіріп, әрі қарай электр желісіне беру мақсатында жаңа басқару жүйесін құру қажет.
Бұл дипломдық жобаның мақсаты ГТҚ-дағы мұнайға серік газын утилизациялау технологиялық үрдісті автоматтандыру және зерттеу.
Мұнайға серік газды утилизациялау кезінде ГТҚ-ның өртеу камерасындағы үрдісті басқару жүйесі құрылған.
Утилизациялау үрдісі ГТҚ-ның газ-ауалық басқару тапсырмасының шешімдеріне қатаң талап қоюымен ерекшеленеді. Бірақ қазіргі уақыттағы басқару тәжірибелері үлкен нәтижелер бермеді. Сондықтан күрделі нышан үшін жасалған басқару жүйесін құру барысында автоматты басқару жүйесін құру сұрақтарына көп көңіл бөлінді. Жаңа жүйені құру кезінде программалық жабдықтау, айта кетелік, анық емес логиканы қолдану арқылы құрылған. Программалық жабдықтауды келесі тапсырмаларды шешу үшін қолданылған:
— басқару нышанын айғақтау және алынған моделді бейімдеу арқылы басқару тапсырмаларын шешу;
— басқару жүйесінің құрылымын таңдау;
— басқару жүйесінің техникалық құрал-жабдықтарын таңдау және математикалық жабдықтауды құру.
Дипломдық жобада «Құмкөл» кенішінде орналасқан газды утилизациялау зауытындағы ГТҚ-ның АБЖ-сін ендірудің экономикалық тиімділігі мен өтелімділік мерзімін есептеу келтірілген. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы сұрақтары қарастырылған. Қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды алдын-алу шараларына көңіл бөлінген.


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий