Астана қаласының атмосфералық жағдайына экологиялық сипаттама



Мазмұны:

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………..3

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Атмосфералық ауа және оны ластаушы көздер…………………………….6

1.2 Зерттеліп отырған ауданның климаттық ерекшелігі …………………..11

1.3 Ластанған ауаның қоршаған ортаға әсері……………………………………17

2. ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

2.1 Зерттеу нысандары……………………………………………………………………21

2.2 Зерттеу әдістері…………………………………………………………………………25

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ

3.1 ЖЭС ауа қабатының ластануына әсері……………………………………….39

3.2 Автокөліктің ауаның ластану деңгейіне әсері…………………………….45

3.3 Астана қаласының атмосфералық ауа бассейінінің ластануын

жоюдың экологиялық шектеу жолдары………………………………………50

5. ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………63

6. ҰСЫНЫСТАР…………………………………………………………………………….64

7. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….65

КІРІСПЕ

Бірнеше онжылдықтар бұрын түтіндеген мұржалар совет халқының еліне қосқан еңбек ерлігін білдірсе, бүгінгі күні экологтар табиғатты адамның шаруашылық іс-әрекеттерінен қорғап қалу амалын ойлауда. Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің дамуы, бүкіл табиғи жүйелерді ластап отыр.

Соның ішінде, бүкіл әлемнің тіршілік тынысы, ауа бассейні күрделі өзгерістерге ұшырауда.

Қаланың тіршілік ортасының жағдайын анықтаушы көптеген факторлардың ішінде атмосфералық ауаның сапасын анықтау ерекше орын алады. Қала түтіні қазіргі өнеркәсіптердің техникалық қамтамасыз етілуінің және урбанизацияланған территориялардың транспорттық инфрақұрылымының ең жағымсыз нәтижелері болып отыр. [1]

Атмосфералық ауаның ластануы адамдар денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді – тікелей және жылдам қауіптен (түтінді тұман және тағы басқалар) организмдердің жүйелерінің жылдам және біртіндеп бұзылуына дейін өзгереді. Ауа ортасының ластануы экожүйеде ұдайы жүретін процесстердің арқасында құрылымдық компоненттерін өзгеріске ұшыратады, нәтижесінде гомеостаз механизмі жұмысқа кіріспейді. Атмосфералық ауа құрамының және қасиеттерінің өзгеруі, бүкіл экожүйеге әсерін тигізуде [2].

Ауа бассейнінің талапқа сай сапасын қамтамасыз ету мәселесін нәтижелі шешу үшін бақылаудың біртұтас жүйесін құруға мүмкіндік беретін және қала масштабында ластаушы заттардың атмосфераға шартты рұқсат етілген нормативтерін өңдеуге негізделетін комплексті ыңғай жасау қажет. Өнеркәсіптерге арналған шартты рұқсат етілген қалдықтардың ведомстволық жобаларында ауалық бассейннің сапалық жағдайы туралы, қалада ластану деңгейін құрауға қатысатын қалалық жылу электр орталық және басқа да өнеркәсіп қалдықтары туралы толық ақпарат жоқ және де атмосфералық ауаның жағдайын жақсартудағы қалалық шаралар комплексін ұйымдастырып жақсарту керек [3].

Қазақстан Республикасының Негізгі заңының 31-ші бабында: «Мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы да жайлы жағдай туғызу үшін қоршаған ортаны қорғауды алдына мақсат етіп қойды» деген жолдар бар.

Александр Беляевтың «Продавец воздуха» (1929ж) атты ғылыми-фантастикалық романында болашақта ауаның бағалануын көрсеткен. Френсис Бэкон «Табиғат – онымен санасқандардың алдында ғана бой ұсынады»-демекші, бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі – табиғат және адамзат қажеттілігінің рационалды болуы. Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану еліміздің экономикасының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан, тиісті табиғат қорғау шараларын жүзеге асырмайынша экономикада белгілі нәтижелерге жету мүмкін емес. Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» даму бағдарламасында экологияға, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелерге басымдылық беріліп отыруының себебі де осы.

Сондықтанда бұл дипломдық жұмыстың мақсаты Астана қаласының атмосфералық жағдайына талдау жүргізіп, зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

— Зиянды заттарды шығару көздерін анықтау;

— Зиянды заттардың қоршаған ортаға әсерін зерттеу;

— Атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайту мүмкіндіктері;

— Астана қаласының атмосфералық ауа бассейнінің ластануының жоюдың экологиялық шектеу жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы: Астана қаласындағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер автотранспорт, өндірістік кәсіпорындар оның ішінде №1,2 ЖЭС екендігі және тұрмыстық қалдықтардың зиянды әсері анықталды.

Ғылыми жұмыстың практикалық мәні: зерттеу нәтижелері Астана қалалық экологиялық комитетіне тапсырылды. Сонымен қатар №50 Қазғарыш мектеп-лицейі оқушылары өздерінің ғылыми ізденіс жұмыстарында осы зерттеулерді пайдалануда.


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий