АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГО-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЗАРУЫНЫҢ ТҰРҒЫЛАРЫ



МАЗМҰНДАМА

Зерттелген магистрлік диссертациялық ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Астана қаласының атмосфералық ауасының эколого-гигиеналық тазаруының тұрғылары». Диссертациялық жұмыста атмосфералық ауаға, оның қасиеттеріне және адам өміріне әсері туралы әдеби шолулар жасалып, олардың құрамы,ауаға әсер ететін зиянды заттар туралы белгілі мәліметтер келтірілді. Диссертациялық жұмыстың ғылыми ізденісінің нәтижесінде қазіргі таңдағы көзқарастар бағытынан зерттелген Астана қаласында 600–ден астам істеп жатқан өндіріс орындары бар.Мысалы, жылуэнергетика, машинақұрылысы, металл өндіру, сонымен қатар құрылыс материалдары өндіріс орындары. Айналадағы ортаға әсерін тигізіп жатқан жылуэнергетика (АО «Астанаэнергосервис», ТЭЦ-1), құрылыс материалдар өндірісі мен жолкөліктері.

Жолкөліктерінің көбеюінен ауаның ластануы 40%-ға жетті.Жыл сайын жолкөліктері көбеюде.Жолкөліктерінен ауаның ластанбауы үшін көліктерді газбен жүргізу керек.Жаңа экологияға зиянсыз көліктерді, яғни қоғамдық көліктерді ойлап табу керек.астана қаласында жолкөліктері 2006 жылы -90819, 2007 жылы-121099, 2008 жылы-151971 санына жетті. Қазіргі таңда Қазақстанда Ресей көліктерімен қатар Европа, Америка елдерінің көліктерімен көлік саябақтары толып жатыр, әсіресе жеңіл көліктер.5 жылдық пайдалану мерзімі бар көліктер 15%-ды құрайды, ал жаңа көліктер 1% құрайды. 60% шетелмаркілі көліктердің жанармай жіберу құралдары экологиялық ережеге сай емес. Тозған көліктердің саны соншалық көп,олардан аққан жанармай мен техникалық сұйықтар қоршағана ортаға зиянын тигізуде және орнатылған қағидаларға сай емес. Көліктер есебінен ауа құрамында қорғасын және оның бейорганикалық қосылыстары , көмірсутектер, көміртек, азот оттектері таралады. Автомобильдер пайдаланудан туатын қоршаған ортаға тигізетін тікелей әсерлер: автомобиль қозғалысынан туатын шу, атмосфераның ластануы, топырақ эрозиясы, автотранспорт қозғалысынан туатын жол қауіп-қатері мен күйелі түтіннің тигізетін санитарлық-гигиеналық әсері.

МАЗМҰНЫ бет

МАЗМҰНДАМА……………………………………………………………………. 2

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………

НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………………………………………………………..

1. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ …………………………………………………………..

1.1Атмосфералық ауаның жалпы сипаттамасы және

оған әсер ететін факторлар……………………………………………….

1.2Атмосфералық ауаны ластау көздері………………………………..

2. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІСТЕР…………………………………………………

2.1Астана қаласының атмосфералық ауасындағы

зиянды заттардың адам өміріне әсері…………………………………

2.2Астана қаласының атмосфералық ауасының ластануы

және оған қолданылатын іс-шаралары……………………………….

3. АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ШЕТЕЛДЕГІ ЛАСТАНУЫ……..

3.1Даниядағы атмосфералық ауаны зиянды заттардан

қорғау іс-шаралары…………………………………………………………

3.2 АҚШ –ғы атмосфералық ауа жағдайы……………………………….

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………….

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

мг, г, кг, т – миллиграмм, грамм, килограмм, тонна (салмақ өлшемі)

т.б. – тағы басқалары

сек., мин., сағ – секунд, минут, сағат (уақыт өлшемі)

сур. – сурет

кал., ккал. – калория, килокалория

мл, л – миллилитр, литр (сұйықтың көлемі)

ШМК – шекті мүмкіндік концентрация

pH – сутектік көрсеткіш орта

моль – заттың мөлшері

мм, см, м – миллиметр, сантимертр, метр (ұзындықтың өлшемі)

m – масса

t –Цельси бойынша температура, 0С

T – Кельвин бойынша температура, К

% – пайыз

τ – уақыт

С – шоғыр, %

№ – реті

Р – қысым

V – көлем

α – альфа

β – бетта

γ – гамма

ТОЛ – тұрақты органикалық ластанулар

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қалалар экологиялық тұрғыдан қарағанда адамдардың күрделі өмір сүру ортасы болып табылады және оның құрамына табиғи және антропогендік жүйелер кіреді. Қаланың экологиялық дәрежесі сол жүйелердің ара қатынасына тәуелді болып келеді. Қазақстан үшін қалалық экология проблемаларын шешу аса өзекті мәселе болып табылады. Автомобиль көлігі және өндіріс орындары ірі қалалар мен елді мекендердегі сыртқы қоршаған ортаға түсетін кері әсерлердің негізгі көздерінің бірі болып табылады (80-85%). Соңғы жылдары құрылыстар мен ғимараттардың салу қарқыны мен автокөлік құралдарының санының өсу дәрежесі күрт артып келеді. Өкінішке орай, бұл масштабтық процесстер экологиялық талаптар мен нормалардың шарттарын сақтаусыз іске асырылуда. Қала аумақтарының экологиялық жағдайларының сапасын бағалаудың, ғылыми жолмен дәлелденген әдістемелері жоқ, сонымен қатар, автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған орта мен тұрғындарға түсетін экологиялық жүктемелердің ауырлығын төмендетуге бағытталған, автомобиль жолдары мен жол айырықтарын жобалау мен салу, жол-көше жүйелерін қайта құру, бағдаршамдық реттеулерді енгізу бойынша ұсыныстар жасалмаған. Автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар мен жол-көше жүйесінің инфрақұрылымы арасындағы өзара байланыстар, олардың бір-біріне тәуелділігі мәселелері толық зерттелмеген. Ұсынылып отырған ғылыми-зерттеу жұмысы осы кемшіліктерді жоюға бағытталған.

Жұмыстың өзектілігі. Қалалардың тұрақты дамуы қала ортасының экологиялық тұрақтылығынсыз мүмкін емес. Қала тұрақсыз экологиялық жүйелер қатарына жатады және оның қызметтік іс әрекеттері табиғат заңдарымен емес, тұрғындардың қажеттілігімен анықталады. Осы заманғы замануи қала тұрғыны үшін қажетті табиғи және техногендік ресурстар арасынан экологиялық тұрғыдан ең қауіптісіне автокөлік құралдары жатады. Астана қаласында 600–ден астам істеп жатқан өндіріс орындары бар.Мысалы, жылуэнергетика, машинақұрылысы, металл өндіру, сонымен қатар құрылыс материалдары өндіріс орындары. Айналадағы ортаға әсерін тигізіп жатқан жылуэнергетика (АО «Астанаэнергосервис», ТЭЦ-1), құрылыс материалдар өндірісі мен жолкөліктері.

Жолкөліктерінің көбеюінен ауаның ластануы 40%-ға жетті.Жыл сайын жолкөліктері көбеюде.Жолкөліктерінен ауаның ластанбауы үшін көліктерді газбен жүргізу керек.Жаңа экологияға зиянсыз көліктерді, яғни қоғамдық көліктерді ойлап табу керек.астана қаласында жолкөліктері 2006 жылы -90819, 2007 жылы-121099, 2008 жылы-151971 санына жетті. Қазіргі таңда Қазақстанда Ресей көліктерімен қатар Европа, Америка елдерінің көліктерімен көлік саябақтары толып жатыр, әсіресе жеңіл көліктер.5 жылдық пайдалану мерзімі бар көліктер 15%-ды құрайды, ал жаңа көліктер 1% құрайды. 60% шетелмаркілі көліктердің жанармай жіберу құралдары экологиялық ережеге сай емес. Тозған көліктердің саны соншалық көп,олардан аққан жанармай мен техникалық сұйықтар қоршағана ортаға зиянын тигізуде және орнатылған қағидаларға сай емес. Көлік саябақтарында техникалық тексеруді жылына бір рет емес бірнеше рет өткізу керек, өйткені ауаның ластануы көліктердің техникалық жағдайына байланысты. Көліктер есебінен ауа құрамында қорғасын және оның бейорганикалық қосылыстары , көмірсутектер, көміртек, азот оттектері таралады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Астана қаласының ауасының тазару жолдарын зерттеу. Мұндай кешенді мақсатқа қол жеткізу үшін келесі зерттеу міндеттері белгіленген:

1. Астана қаласының ауасын зерттеп, негізгі ластау көздерін анықтау.

2. Атмосфералық ауаның ластануының негізгі қауп-қатерін анықтау.

3. Атмосфералық ауа сапасының жақсаруына профилактикалық шара дайындау.

Зерттеудің әдістемелік базасы. Жұмыстың әдістемелік негізіне қолданылып жүрген мемлекеттік және ғылыми әдістемелер кешені, сонымен қатар қаланың жол көше жүйесінің әртүрлі бөліктерінде қолданылып көрген авторлық әдістемелер жатқызылған. Гигиеналық зерттеу әдістерін пайдалану арқылы дайындалған. Санитарлық эпидемиялық станцияның автокөліктің және өндіріс орнындарының улылық сипаттамаларын анықтау бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеулер жатқызылады.

Жұмыстың ғылыми жаңалықтары:

1. Атмосфералық ауаның гигиено-экологиялық сипаттамасын анықталған.

2. Ластану көздерін анықталды.

3. Гигиеналық қауіп-қатерлерді төмендету шаралары мен бағдарламалар дайындалды.

Қорғауға шығарылатын ғылыми тұжырымдамалар:

– автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктеменің шамасын азайту бойынша ұсыныстар.

Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеулер нәтижелері территориялардың экологиялық жағдайын бағалау сапасын, ұсынылып отырған әдістемелер негізінде, арттыруға бағытталған.

Ұсынылған тәуелділіктер мен ұсыныстар, автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған орта мен адамдарға түсетін экологиялық жүктемелерді төмендету үшін, автомобиль жолдары мен жол айырықтарын жобалау кезінде, жол көше жүйелерін қайта салу барысында және бағдаршамдық реттеуді енгізу кезінде қолданылуы мүмкін.

Жұмыстың жарияланымы. Зерттеулер нәтижелері бойынша 3 мақала жарық көрді.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 80 беттен жазылған, кіріспеден, 3 тараудан, негізгі қорытындылардан, 100 атаудан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан, 26 кестеден және 16 суреттен тұрады.


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий