Алматы экологиясы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2

1-тарау. Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайы 3

1.1 Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы 3

1.2 Бақылау бекеттерінің сипаттамасы 7

2-тарау. Алматы ауасының ластануын зерттеу 11

2.2 Алматы атмосферасының ластау көздері 11

2.2 Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы 17

Қорытынды 21

Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе

Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Тау баурайында орналасқан, жел соқпайтын, климаты ыстық, қалада фотохимиялық реакциялар тез жүріп, ауадағы неше түрлі лас компоненттер оңтүстік астана тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп отырғаны жасырын емес. Қала әкімшілігі ауа атмосферасын тазарту үшін «Таза ауа — жанға дауа» бағдарламасын жасап, оны бір қатар халықаралық форумдарда қорғап, европалық комиссия осының негізінде «Қала ауа бассейінің ластануы» атты екі жарлық бағдарлама бойынша қайтарымсыз бір миллион евро грант бөлген болатын. Бағдарлама ТАСИС бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде өткен жылдан бастап қалада елімізде ең қатаң экологиялық ереже қолданылып, қалаға этил бензинін әкелуге тиым салынды.

Оңтүстік астанамыз Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды жою үлкен проблемаға айналуда. Қаладағы жалғыз қоқыс полигонына (Алматы облысы, Қарасай ауданы) жылына 1млн.м3-тан астам қалдық тасталады. Сонымен қатар, территорияларда стихиялы қоқыстардың құрылғаны байқалады. Одан басқа, Алматыда зиянды қалдықтарды көметін арнайы полигон жоқ. Көгалдар кесіп тастау, отау қаупіне әрқашанда төнуде. Бүгінгі күні қалады ағаштар мен көшеттер отырғызылуда, стихиялы қоқыстар жойылуда. Тұрмыстық қатты қалдықтардың проблемасын шешу үшін қалалық қоқыс өңдеу станциясының реконструкциясы аяқталады, аудандық қоқыс жинақтау станциялары ашылады. Тұрмыстық қатты қалдықтар проектісін басқаруды іске асыру үшін инвестициялар тартылуда. Ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтардың жүйесі құрылуда (сонымен қатар «Медеу» және «Баум тоғайы» парктері).


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий