Автомобильдік көліктің Көкшетау қаласының атмосферасына және адам денсаулығына тигізетін әсері



Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3

1. Әдебиетке шолу ……………………………………………………………………………………..8

1.1 Көкшетау қаласының географиялық сипаттамасы………………………………….8

1.1.1 Географиялық орны мен климаты ……………………………………………..8

1.1.2 Ластандырушы заттардың таралуына жер бедерінің әсері……….…9

1.1.3 Ластандырушы заттардың атмосферада таралу

заңдылықтары ……………………………………………………………………………….10

1.1.4 Ақмола облысының қоршаған ортасының экологиялық

жағдайы ……………………………………………………………………………………….….11

1.2 Бензин және дизельді жанармай ………………………………………………………….13

1.2.1 Бензин сапасына қойылатын талаптар ………………………………………..13

1.2.2 Дизелді жанармай сапасына қойылатын талаптар ……………………….16

1.3 Автокөлік шығарындылары ластанудың негізгі көзі …………………………….22

1.3.1 Ішкі жану қозғалқыштарының шығарындылары ………………………….22

1.3.2 Дизелді қозғалтқыш шығарындылары ………………………………………..25

1.3.3 Атмосферадағы ластандырушылары химиялық реакциясы…………..27

1.4.Атмосфералық ауа ластануының халық денсаулығының

әсері ……………………………………………………………………………………………………….29

1.5 Автокөлік шығаруларының кері әсерін азайту бойынша жүргізіледі

іс шаралар ………………………………………………………………………………………………..32

1.5.1.Көкшетау қаласында автокөліктен шығарындыларын азайту

бойынша жасалатын іс шаралар………………………………………………………….34

1.5.2 Автокөліктен шығарындыларын қысқартуға қажетті атқарылатын

іс шаралар ………………………………………………………………………………………….35

1.5.3 Көліктен шығарындыларын азайту үшін жасалатын

іс шаралар…………………………………………………………………………………….38

1.5.4 Автокөлік шығарындыларын қысқартуға қажетті іс

шаралар ……………………………………………………………………………………………..40

2.Эксперементалдық бөлім………………………………………………………………………48

2.1 Қар суының құрамындағы ауыр металдардың құрамын анықтау………….48

2.1.1 Әдістеме мәнісі………………………………………………………………………..48

2.1.2 Қауіпсіздік талаптары………………………………………………………………49

2.1.3 Сынамаларды алу және сақтау…………………………………………………..49

2.1.4 Өлшеу құралдары, көмекші құрал-жабдықтар, ыдыс, реактивтер

және материалдар……………………………………………………………………………..50

2.1.5 Анализ орындау шарттары……………………………………………………….52

2.1.6 Өлшемдерді орындауға дайындық……………………………………………52

2.1.7 Өлшеулерді орындау………………………………………………………………..54

2.1.8 Анализ нәтижелерін есептеу және құрастыру…………………………..58

2.2 Жұмыс істеп жатқан механизмдердің зиянды заттар шығаруының қарқындылығын анықтау………………………………………………………………………….60

3. Экономикалық тиімділік………………………………………………………………………..62

4. Экологиялық қауіпсіздік………………………………………………………………………..66

5. Енбекті қорғау………………………………………………………………………………………………………70

Қорытынды………………………………………………………………………………………………73

Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………………………..75

Қосымшалар……………………………………………………………………………………………..79

Кіріспе

Адамзат биологиялық түр және әлеуметтік қоғам ретінде қоршаған ортада өтіп жатқан процестермен тікелей байланысты болады да, оны үнемі өсіп жатқан масштабтарда оның қорларын алып тұрады, қалдықтармен, тіршілік әрекетінің өнімдермен ластандырады. Мұның бәрі “тіршілік кеңістігінің” өте жұқа қабаты биосферада өтеді. Бұл тіршілік қабатында органикалық заттардың тізбегіндегі: топырақ — өсімдіктер- жануарлар – адам – топырақ (ақаба) айналымы бойынша заттардың, сондай – ақ табиғи айналымының басқа тізбектерінің шегіндегі бейорганикалық заттардың үнемі қозғалып жатқан күйінде болады, себебі табиғат қоршаған ортаның тірі және өлі компоненттерінің арасында өтетін негізгі химиялық элементтің тұрақты айналымының механизмдерін жасап шығарды.

Қазіргі уақытта жер халқының саны алты миллиардтан асып отыр. Белгілі бір жақсы күйге (комфортқа) жетуді мақсат ететін адамзаттың тіршілік әрекеті (тұрғын үй, жолдарды салу, жер игеру, табиғи минерал қорларды алу, өнеркәсіптік өндіріс) табиғи ландшафтарды өзгертеді, адам оған биологиялық ағза ретінде бөгде болып келетін тіршілік етудің жаңа жасанды ортасын жасайды. Бірнеше ұрпақ бойы жүз миллиондаған адамдардың көпшілігі бейімделуге тырыса отырып, трансформацияланған табиғи ортада (мегаполистерде қала агломерацияларында, игерілген территорияларда) өмір сүруде. Бірақ эволюция процесінде қалыптасқан адам ағзасы олардың әсер ету механизмдері ағзасы танымсыз болып қалатын тірі ағзаларға әсер етуін көптеген механизмдері қоршаған ортаның параметрлерінің өзгеруіне өте сезімтал болады. Ертеде, планетадағы халық саны үлкен болмаған кезде және антропогенді ауыртпалық денгейі мардымсыз болды, бұл әсер тірі ағзалардың адаптациялану қабілетімен алмастыратын.XXI ғасырда жағдай өзгерді қоршаған орта параметрінің мәндерінің қайтымсыз өзгерістері дәлелденді, ол жиірек экологиялық күйзелістерге және локальді деңгейдегі (фотохимиялық смог, қышқылды жауын – шашындар, судың биогендермен ластануы және глобальді масштабта парниктік эффектілерінің түзілуі, стротосферадағы озон қабатының бұзылуына) катастрофаларға әкеп соғады. Мұның бәрі, сондай – ақ, адамның генетикалық бағдарламаларының ыдырауының білінуі, экологиялық кризистің басқа білінулері әлемнің көптеген елдерінде экологиялық тұрғыдан жақсы болуын қамтамасыз ету сұрақтары нақты инженерлік – техникалық бағдарламалар мен шешімдерді қабылдаудың шектерінің сыртына әкеп соғады да одан сайын әлеументтік- экологиялық тұрғыдан шығады, іс әрекеттің жаңа стериотиптерін жасақтайды.

Экологиялық дүниетанымның эволюциясы байқалады – антропоцентризімнен (адам – ғаламшардың орталығы, яғни «табиғат патшасы») бастап қоршаған ортаның табиғи биотикалық реттелу теориясына (адам белгілі бір экологиялық тіршілік ету орнын (ниша) алып жатты және оның іс- әрекеті биота тұрақтылығының бұзылуына әкеп соқпауы тиіс және қоршаған ортаның биосфералық шаруашылық сыйымдылығы шектерінде қалып адам өмірін қалпына келтіру үшін табиғат негізі бұзылмайтын, тұрақты дамуы бар қоғамға қарай бағытталу.

Мұндай қоғамда көліктік жүйе қандай талаптарға жауап беру керек? Оларды шешу жолында қандай проблемалар туындайды? Осы және т.б. сұрақтарға жауап іздеуіміз қажет.

Олар табиғи қорларды ысырапты (ұтымды) пайдалану, атмосфераны, су және су ағындарын, топырақты табиғат экожүйелерін көлік комплексінің жағымсыз әрекетінен қорғау, өсімдік энергетикалық табиғи циклдерге (энергия және қор қорғаушы, қалдықсыз технологиялар, сутекті, биоотындық көліктік энергетика және т.б.) енгізілген көлік іс әрекетінің тұйық өндірістік — утилизациялаушы технологияларын жасау.

Соңғы жылдары көлік обьектісінің қоршаған ортаға жағымсыз әсерінің жеке көздері жіктелген, көлік комплекісінің экологиялық қауіпсіздігінің денгейін басқаруға арналған себеп – салдарының байланыстары бекітілді.

Әр жеке көлік бөлшектік (жүріс бірлігі үшін – жүрістің шығарындыларының және жол тізбегінің үлескілерінде көлік ағымдарының погонды уақыт бірлігіндегі жол ұзындығының бірлігіне) шығарындыларын бағалау экологиялық критерилерді қолдану арқылы машина паркін жетілдіруді есептеу әдістемелерін жасау кезеңін әдістемелік тұрғыдан жасау деп санауға болады. Әр түрлі жұмыс атқаратын көлік құралдарының экологиялық қауіпсідігінің (тазалығының) өлшем және бұл объектілерге қойылатын экологиялық талаптар, бұл көрсеткішке әртүрлі инженерлік – технологиялық және ұйымдастырушы факторлардың әсері бекітілді. Әр қалалардың көше жол тізбегіндегі машиналар жиынтығының «экологиялық мінез – құлқының заңдылықтары бекітілді, олар бір жағынан, көлік ағынындағы жеке–дара автомобильдердің іс әрекетіне шек қояды, қозғалысты басқару алгоритімдерін жасайды, ал екінші жағынан көлік ағындылары және паркінің шығарындыларын бағалау кезінде адиттивтілік принципінің таралуына жол бермейді.

Қазіргі кезде экологиялық тұрғыдан баға беру жеке заттардың валдық шығарындыларын есептеумен ғана шектеліп қоймайды, атмосферада территорияның едәуір ауданында жеке заттардың трансформациясын, адамдардың ауруға шалдығу қауіпін ескере отырып қосындылар концентрациясын анықтау және есептеу мәселесі қойылады.

Қоршаған ортаға жағымсыз әсерін газ қалдықтарымен қатар ондаған ластандырушы заттарды шығаратын автомобиль көлігі тигізеді. Есепті кезең аралығында облыс бойынша “ Таза ауа ” операциясы жүргізілді, мұндай тексерістен 364 автокөлік өткізілді, олардың ішінде 47-сі улылықтың рауалы нормаларына сәйкес келмейді. Тексеріс көліктік өнеркәсіптерде жүргізілді, мұнда улылықты асыру фактісі анықталған соң, бұзылуды жойғанға дейін жұмысқа шығарылған жоқ.

Тексерілген автомашиналардың 12,9 % нормативтермен бекітілген улылықтық нормаларын асыра жұмыс істейтіндігін анализ көрсетіп тұр. Көміртегі тотығыныњ құрамы артып тұрған автокөлікті жұмысқа шығарғаны үшін кезекші механикке 1445 теңге көлемінде административті айып пұл салынды.

2005 жылдың 1 кварталымен салыстырғанда 2006 жылдың 1 кварталында шығарындылардың жалпы көлемдерінің көрсеткіші екі еседен көп артты, яғни тұрақты көздердің шығартуылар көлемі 52 %-ке, ал жылжымалы көздерден 363 %-ке артты. Іс жүзінде мұндай күрт өзгеріс жоқ, себебі, жұмысты жаңаша көп рет қайталап және жақсылап есептеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде басқарушылық мамандарының атмосфера шығарындылардың көмегімен тексеру және салыстыру жұмыстарын көп рет қайталап, жақсылап есептеу нәтижесінде іс жүзінде мұндай күрт өзгерістер жоқ екені көрсетілді, 2006 жылдың 1 кварталының көрсеткіштеріне, 2005 жылдың 1 квартал көрсеткіштеріне қарағанда шындық жақынырақ болып келеді. Әсіресе бұл бұрында аудандық мамандар дұрыс есепке алмаған, автокөлік шығарындыларына тиісті болып келеді. Облыстық басқарушылық аудандарда жағылатын жанар май мөлшерін және автокөлік құралдарының санын дұрыс есепке алу бойынша жұмыс жүргізілді. Автокөліктердің шығарындыларын есепке алу әлде қайда жақсартылды.

2006 жылдыњ 4-ші кварталы мен өткен жылдары салыстырғанда автокөліктердіњ атмосфераѓа шыѓарындыларыныњ массасы 3-есеге дейін, ал жылдық кезендерде салыстырѓанда-3,5 есе артады. Бұл облыс бойынша автомобиль саныныњ тіркелген артуымен, сондай — ақ қозғалмалы көздермен атмосфераныњ ластануы туралы мәліметтерді одан да қатаң жинауы және тексеріп дұрыс талдап есептеулермен түсіндіріледі. Іс жүзінде автокөліктермен ауаны ластануының күрт өспейді, тек қала облыстық мекеменің мәліметтердің жинауы бойынша жұмысты қатаңдату, есептеу жұмыстарының сапасын арттыру болып табылады.

Жалпы Көкшетау қаласы бойынша бақылауды орынша өткізетін құралдар (газ анализаторы, түтін өлшегіш және т. б.) және облыстың қоршаған ортаны қорғау аналитикалық зертхананың болмауынан атмосфераның автомобильдік көліктен жыл сайын нақты (дұрыс) мәліметтер алынбайды.

Зерттеу объектісі: Көкшетау қаласының көшелері мен мөлтек аудандарының ауасы және топырақ бетінен қыстың аяқ кезінде алынған қар суы.

Зерттеу жаңашылдығы: Автокөлік шығарындыларының қарқындылығын анықтау әдістерін жасау және дифференциялау.

Зерттеу мақсаты: Автомобильдік көліктің Көкшетау қаласының атмосферасына және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу.

Мәселелері:

1. Атмосферадағы зиянды заттардың құрамын анықтау

2. Топырақтағы зиянды заттардың құрамын анықтау

3. Атмосфераның жылжымалы көздерден ластанудың қарқындылығын бағалауды әдістемелік тұрғыдан қарастыру.

4. Көкшетау қаласының көшелері мен мөлтек аудандарының жол бойында қандай ауыр металдардың барын зерттеп салыстыру.

5. Көкшетау қаласының көшелері мен мөлтек аудандарының жол бойында автокөліктен ауаға қанша мг/м3 шаң және газдардың бөліп шығаруын зерттеу

Практикалық маңызы: Көкшетау қаласының қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандарына, қалалық МАИ қызыметкерлеріне, қала экологтарына жылжымалы көздерден шығарылатын ластанушы заттардың мөлшерін бағалауды дифференциялаушы үшін ұсынылады.


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий