Химиялық қауіп



І. Химиялық заттардың жіктелуі:
1. Кейбір заттардың рөліне қарай (хлорофос, мышьяк, дихлорэтан, т.б)
2. Заттың топтарына қарай (барбитураттар, қышқылдар, сілтілер)
3. Арналуына қарай заттарды біріктіретін класс бойынша (улы химикаттар, дәрілік өсімдіктер, т.б)
4. Шығу тегіне қарай (өсімдік текті, жануар текті, синтетикалық улар.)

ІІ. Ағзаға түсу жолдарына қарай жіктеу:
1. Ингаляциялы (таралу жолдары арқылы)
2. Пероральді (ауыз қуысы арқылы)
3. Перкутанды (тері арқылы)
4. Инъекциялы (парентеральді енгізгенде)

ІІІ. Әсер ету механизмі бойынша жіктеу:
1. Тітіркендіргіш
2. Күйдіргіш
3. Гемолитикалық, т.б.

ІҮ. Таңдамалы токсинділігі бойынша:
1. Нефретоксинді
2. Гепатотоксинді
3. Кардиотоксинді, т.б.

І-ІҮ- Химиялық заттарды нозологиялық тұрғыдан жіктеу туралы.
Ү – Химиялық заттарды клиникалық тұрғыдан жіктеу туралы.
Ү. Зардап шегуші күйінің ауырлығын бағалау бойынша:
1. Жеңіл.
2. Орташа ауырлықты.
3. Ауыр
4. Аса ауыр улану

Уланудың пайда болу мерзімі, химиялық заттың дозасы, ағза сезімталдығына қарай:
1. Жіті (химиялық зат бір-бірнеше сағатта әсер берсе)
2. Созылмалы (ұзақ уақыт бойы химиялық заттың шамалы дозасы әсер етсе)

Токсинді заттың ағзада таралуы 3 негізгі факторға тәуелді:
1. Кеңістік факторы.
2. Уақыт факторы.
3. Концентрация.

Белгілі мүшенің зақымдалуы қанмен жабдықталу мөлшеріне және мерзіміне байланысты; бірден зақымдалатын мүшелер: өкпе, бүйрек, бауыр, жүрек, ми.
Ағзаға түскен улы заттың әсері басталған уақыт пен оның токсинді эффектісі өзара байланыста.
Ағзаға түскен улы заттың концентрациясын білгеннен соң улану дәрежесі анықталады, дезинтоксикациялық шаралар ұйымдастырылады.
Уланудың клиникалық кезеңдері:
1. Токсинді – улану бірден басталу негізінде токсинді агенттің дозасы улы әсер береді.
2. Сомотогенді – токсинді агент әсері ағзадан шыққан соң немесе ыдыраған соң басталады, көрінісі- зақымдалу “іздері” түрінде.

Уланумен күрес:
1. Асқазанды шаю- ағзадан шығару
2. Уға қарсы дәрілік зат беру (противоядие)
3. Ішті айдатқыш препарат беру
4. Активтелген көміртегі беру, карболен беру.
5. Спецификалық терапия (улы заттың түрлерін тоқтату, улы әсерін азайту)
6. Симптоматикалық терапия (ағзаның зақымдалу функциясын қорғау, сақтау.

Оқиға болған жерде жүргізілетін шаралар:
1. Улану себебін анықтау:
2. Улы заттың түрін, ағзаға түскен мөлшерін және қалай түскенін анықтау.
3. Улану уақытын анықтау.
4. Ерігіш улы заттың концентрациясын немесе дәрілік заттың дозасын анықтау.

Химиялық заттар:
1. Зиянды- қатты әсер ететін уланғыш заттар (ҚӘУЗ- СДЯВ)
2. Улағыш заттар
7 млн белгілі- жылына 500-1000 жаңа химиялық қосылыстар мен қоспалар түзіледі.
7 млн : 5500- тағам қоспасы, 4000- дәрілік заттар, 1500- тұрмыста қолданылады (жуғыш, тазартқыш).

Ағза – зиянды зат- қоршаған орта- өзара әрекет- токсиндік әсер- заттың мөлшері.

Токсиндік әсер мынаға байланысты: адамның жасы, адамның жынысы, ағзаға ену жолы, адамның сезімталдығы,зиянды заттардың ағзаға ену жолы, заттың ағзадан шығу долы, ағзада таралу жолы, метеорологиялық жағдайлар , заттың мөлшері, заттың физикалық қасиеті, токсинділігі, ену ұзақтылығы, өзара әрекеттесу қабілеті.

Аздаған мөлшерде зиянды әсер көрсететін заттар улар деп аталады-зиянды заттар.

Химиялық қосылыстардың практикада пайдалануына қарай жіктелуі:
— Өнеркәсіп улары
— Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар.
— Дәрілік заттар
— Тұрмыстық химикаттар (тағам қоспалары, тазартқыш заттар, косметика, т.б.)
— Биологиялық жануар текті және өсімдіктекті улар (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар, насикомдардағы)
— Әскери улағыш заттар.

Зиянды зартардың ағзаға әсер ету сипаты бойынша жіктелуі:
1. Жалпы улы әсерлі (тұтас ағзаны немесе жеке жүйені уландыру)
2. Тітіркендіргіш (тыныс алу жолы, көздің кілегейлі қабықшасын, тері жабынын)
3. Сенсибилиздеуші (күшеіткіш) (аллерген ретінде әсер ететін)
4. Мутагенді ( генетикалық кодты бұзатын, тұқым қуалау ақпаратын өзгентетін)
5. Концерогенді (қатерлі ісіктерді тудыратын)
6. Репрадуктивті функцияға әсер етуші
7. Адам әсерін үйреніп кететін зиянды заттар, бейімделу тудырғыш зиянды заттар.

Улы газдар, булар, тұмандар, аэрозольдер-тыныс алу жолы
Аэрозольдер-тағам арқылы, тері арқылы.
Тыныс алу жолы- қан айналымы.
1. кәсіби аурулар- қан айналымы
2. улану –жалпы және жергілікті.

Ағзада зиянды заттардың жиналатын орндары:
1. Кілеткадан тыс сұйықтықта (14 л /70 лг салмаққа шаққанда)
2. Кілетка ішілік сұйықтық (28 л)
3. Май ұлпасы

Уланудың өту барысы:
1. Жіті
2. Жіті улануға ұқсас, бірақ баяу өтетін
4. Созылмалы.

Ағзаға түскен зиянды заттардың биотрансформацияға және метоболизмге ұшырау. Зиянды әсер күшейеді немесе әлсірейді (жойылады)

Зиянды заттардың әсерін жою жолдары:
1. Удың химиялық құрылымын өзгертуі.
2. Депоға (қандағы мөлшері азаяды) жиналу (сүйекте, бүйректе, бауырда, жүйке жүйесінде)
3. Ағзадан шығарылу (тыныс алу, асқорыту жолдары арқылы, бүйрек, тері, бездері арқылы)
Кейбір органикалық қосылыстар жартылай тыныспен шығарылады;
Ауыр металдар асқазан жолы және бүйрек арқылы шығырылады;
Май және тер бездердің ролі аз шығаруда.
Кейбір улар (Pb, Co) ана сүтімен де шығыу мүмкін.

Зиянды заттарды қауіптілігі бойынша кластарға бөлу:
І. Аса қауіпті
ІІ. Қауіпті жағдай
ІІІ. Қауіпті шамалы.
ІҮ. Қауіпті аз.

Орташа өлім дозасы LD50 –1 рет ағзаға енгенде 50 пайыз жануарды өлтіретін доза.

ҚӘУЗ-СДЯВ

Өндірістегі авария- ҚӘУЗ атмосфераға бөлінеді- адамды жаппай зақымдайды .-улану, өлім.
ҚӘУЗ- хлор, аммиак, күкіртті ангидрид, күкіртті көміртек, көміртегі тотығы, синиль қышқылы, сынап, т.б.
ҚӘУЗ көзі және тұтынушысы: химия саласы, мұнай өңдеу өнеркәсібі. Целлюлозды- қағаз өнеркәсібі, тағам кәсіп орны, су құбыры және тазарту ғимаратты.

Әдетте ҚӘУЗ жабық ыдыста өз буының қысымда сақталады. Ал егер ыдыс қираса ішіндегі заттың қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендейді және қайнай бастайды, газ немесе бу түрінде айналаға тарайды. (бөлініп шыққан концентрацияға және желдің жылдамдығына қарай)
1. Қатты жел соқса зақымдау бұлты тез тарайды
2. Ауа t0 жоғарласа
3. жаңбыр жауса- ҚӘУЗ топыраққа сіңіп, ыдырайды.

ҚӘУЗ әсерінен қорғау шаралары: халықты көшіру, алғашқы медициналық көмек көрсету, антидот беру, газқағар кигізу, авариялық құтқарғыш жұмысын жүргізу, өртті сөндіру, аймақты санитарлық өңдеу ( дегазация);
ҚӘУЗ сақталатын ыдыстың беріктігін күшейту; ыдыстың астында суға толы резервуарлар дайындау.
Жұмыс бөлмесін заман талабына сай техникамен ( авариялық дабылмен) жабдықтау.


Бөлім: Химия

Добавить комментарий