Химиялық ахуалды айқындау және бағалау реті



Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АҚ күштері мен халыққа әсер ететін жердің УЗ-бен химиялық зақымдалу салдарының жиынтығы түсініледі.

Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілу немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды колдану кезінде пайда болады.

Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:
— химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;
— олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;
— адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттің аса қажетті нұсқаларын іріктеу;

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтерімен жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері (буындары) жүгізеді.

Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер:
— ҚӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;
— Улы заттардың шығарылу, химиялық қаруды қолданылу ауданы мен уақыты;
— Адамдардың қорғану деңгейі;
— Жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;
— Ауа райы;

Ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығы үш деңгейге бөлінеді:
Инверсия, изотермия, конвекция.

Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 саңаттың ішінде бұзылады. Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғарғы қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның тұрақты теңдігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20-30м биіктік шегінде ауаның температурасы жердікімен шамалас. Ол жауын-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертеңгі және кешкі сағаттарда да инверсиядан конвекцияға және керісінше көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамамен күн батардан 2-2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғарғы қабаттарынан қаттырақ қызады, бүл залалданған бұлттың тез тарауына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.

Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін.

Қарсылас жақ улы затты пайдаланған кезде пайда болған химиялық ахуалды айыру кезінде қолданылған затты, зақымдану аймағының алаңы мен улы зат түрін анықтайды. Осы мәліметтер негізінде ластанған ауаның таралу тереңдігін, жер мен техникадағы улы зат беріктігін, адамдардың теріні қорғау құралдарында болу уақытын, адамдардың, ғимараттың, техника мен мүліктің зақымдануын ықтимал бағалайды.

Қарсылас жақ улы затты қолданған кезде ауданның шекарасын анықтаубарлау күштері мен немесе ТЖ және АҚ жөніндегі жоғары тұрған орган ақпараттарының мәліметттері бойынша жүргізіледі. Химиялық шабуылға қатысушы құралдар саны, улағыш заттарды қолдану әдісі.

Химиялық оқ-дәрі немесе әскери прибордың әсері кезінде улы зат бұлты пайда юолады, ол алғаш бұлт деп аталады. Осы бұлттың құрамы УЗ түрі мен оны ұрыс жағдайында көшіру әдісіне байланысты.

Әртүрлі заттардың үстінде аэрозоль мен тамшы түріндегі УЗ уақыт өте буланады. Аэрозольдік бөлшектер мен УЗ тамшысының булану нәтижесінде зақымдалған жерде осы УЗ буынан ғана тұратын УЗ қайталама бұлты пайда болады.

Химиялық ахуалды бағалаудан туындаған қорытындылар зақымдау ошақтарында жұмыс жүргізуі үшін АҚ бастықтарының шешімдерінде пайдаланылады және АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет кезінде қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады


Бөлім: Химия

Добавить комментарий