XXI ғасырдағы АҚШ-тың геоэкономикалық стратегиясы



МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР,МАҒЫНАЛАР,ҚЫСҚАРТПАЛАР…………………….4

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………5

I БӨЛІМ. АҚШ ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ……………………………………………….10

1.1 1973 жылғы мұнай дағдарысының АҚШ-тың экономикасына және геоэкономикалық саясатына әсері……………………………………………………………..10

1.2 ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басындағы АҚШ-тың геоэкономикалық саястына әсер етуші факторлар……………………………………..13

1.3 ХХІ ғасырдың басындағы АҚШ геоэкономикалық саясатының аспектілері………………………………………………………………………………………………..19

II БӨЛІМ. АҚШ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ БАҒДАРЛАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ……………………………………………25

2.1 АҚШ геоэкономикалық саясатындағы дәстүрлі бағыттар.
а)Таяу Шығыс (Парсы шығанағы)………………………………………………25
ә) Солтүстік, Батыс Африка……………………………………………………….33

2.2 АҚШ-тың геоэкономикалық саясатындағы жаңа бағыттар.
а) Кавказ-Каспий аймағы…………………………………………………………..36
ә) Орта Азия……………………………………………………………………………..40
б) Ресей…………………………………………………………………………………….48

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….56

ҚОСЫМША А……………………………………………………………………………59

КІРІСПЕ

Зерттеу такырыбының өзектілігі. Әлемдік энергетика-бұл алдыңғы қатарлы мемлекеттердің экономикалық бақ берекесі тікелей байланысты сала. Энергоресурстар (мұнай мен газ) шектеулі, олардың бағалары тұрақсыз, бұл олардың бәсекелестігін жаһандық деңгейде ошықтырып отыр. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер бәсекелестік күрестің анархиясына, әсіресе жаһандандыру жағдайларында, араласудың қауіптілігін түсінеді, сондықтан олар энергетика саласындағы мәселелерді бірігіп шешудін жодарын таппақшы. Бірте-бірте екіжақты және көпжақты энергетикалық дипломатия қалыптасады. Оның мақсаттары — әртүрлі мемлекеттер мүдделерінің тепе-теңдігін табу, энергоресурстар өндірісінің дамуына ат салысу, оларды тасымалдаудың қазіргі кепілді жүйелерін құру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру оңай емес, өйткені мемлекеттердің мүдделері кейбір кездері бір-бірлеріне қайшы келеді. Мүдделерге қатысты мемлекеттер сатып алушылар, сатушылар және энерготасымалдаушыларды тасымалдайтындарға бөлінеді. Соған қоса, әр топтың ішінде нарықтарға қол жеткізу мен оларды бақылауға, энергия жеткізудің ең қауіпсіз жолдарын қамтамасыз етуге күрес жүріп жатыр. Германдық сарапшы Ф.Мюллер былай деп белгілейді: «әлемдік саясатта энергоресурстардың сенімді қамтамасыз ету тақырыбы маңызды болып келеді; қазіргі кезде мемлекеттердің көбісі бұл мәселемен өзінің келешектегі өмір сүруімен байланыстырады.» /2.27, 5/
Әлемдік жағдай анықтайтын келесі фактор макроэкономикалық болып келеді. Экономика дамуының белсенділігіне энергиятұтынудың құрылымы мен динамикасы, әлемдік энергетикалық нарықтағы жағдай тәуелді болып келеді. Қазір ұсыныс Қытай, Үндістан, Азиаттық-Тынықмұхиттық аймақтың бірқатар мемлекеттері тарапынан өсіп келе жатқан сұраныстың артынан үлгермей жатыр. Нәтижесінде, мұнай бағалары өсуде, ал бұл әлемдік экономикада тұрақсыздандыру қауіпін тудырады. Энергетикалық секторда көбісі жаңа технологияларды құру жетістіктеріне тәуелді. Көпшіліктің айтуы бойынша, мұнай, газ және көмірді таяу келешекте одан да пайдалы альтернативті энергиятасымалдаушымен алмастыра алмайды. Сонымен қатар, адамзаттың энергияның жаңа көздерін пайдалануда термоядролық синтез, су, сутегі және т.б./2.68/энергияларындағы жетістіктерге сенетін оптимистер де бар.
Қытай, Үндістан мен басқа дамушы мемлекеттердің мұнайға өсіп келе жатқан сұранысы АҚШ-ты келешекке ауқымды мұнай қорларын жасауға итермелейді. Бұл үдеріс АҚШ-тың экономикалық және ұлттық қаіпсіздігіне қатер болып келеді. Әлемдегі экономикасы бәрінен қарқынды дамып келе жатқан Қытай қазіргі кезде әлемнің бірқатар аймақтарында энергетикалық саясатың жүзеге асыруда. Қытай 20 жылдан кейін мұнай тұтыну деңгейің Американың қазіргі кездегі деңгейге (күніне 21 млн.баррель) дейін жеткізуді көздеп отыр.
АҚШ өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде геоэкономикалық саясатың жүзеге асыра бастады. АҚШ мұнайды Батыс және Шығыс Еуропа елдері, Прибалтика және ТМД елдерін бірге қосқандадағы тұтынатын мөлшерді өзі жалғыз тұтынады. АҚШ-қа мұнайдың әлемдік тұтынудың ¼ бөлігі тиіп отыр. Сол арада олардың осы энергиятасымалдаушының мөлшері жалпы әлемдік өндірісте едәуір қысқарып, ХХI ғасыр басында 10% ғана құрады. Егер тұтынудың өсуі жалғаса берсе, онда АҚШ өзінің мұнай қорлары шамамен 10 жылға жетеді. Срапшалар айтқандай Америка мұнай жеткізушілердегі іркілістерге қатысты өте тәуелді.
АҚШ-қа және Батыс елдері үшін ең қиын болып табылатыны ол олардың энергиямен қамтамасыз етілуі қазіргі кезде және келешекте оларға жау болып келетін әрі тұрақсыз мемлекеттерден тәуелді. Вашингтонның стратегиясы Шығыс Еуропадан Орталық және Шығыс Азияға апаратын Еуразиялық коридордағы мемлекеттеріне бақылау орнатуды қарастырады. Оның көзіне Ресей, Парсы шығанағының елдері, Африка және Орта Азия түсіп отыр. Ресейлік энергетика дипломатия мәселерінің алдынғы қатарлы сарапшысы С.З.Жизнин дәл осы жерлерде келешекте әлемдік энергетикалық саясаттың ошағы құрылады деп болжауда.
АҚШ-тың энергетикалық саясатының негізін салушы мақсаты – өзінің экономикасына энергияның жеткілікті, қымбат емес және сенімді жеткізімдеріне қол жеткізуді қамтамасыз етіп, осы арқылы экономикалық өсу мен гүлденуге ие болу болып табылады.
Зерттеу жүмысымыздың мақсаты. АҚШ-тың ХХI ғасырдағы геоэкономикалық саясатын зерттеу. Бұл мақсат келесі міндеттерді шешуді талап етеді:
— геоэкономикалық тәжірибе негізінде АҚШ геоэкономикалық басым бағыттарын пайымдау;
— АҚШ-тың дүниежүзінің түрлі аймақтарына катысты сырткы саяси тәжірибесі аясында оның геоэкономикасына тән жалпы және дара ерекшеліктерді анықтау, жария және шынайы мақсаттарын пайымдау;
— АҚШ геоэкономикасына ықпал жасайтын факторларды саралау;
— АҚШ геоэкономикасына қатысты әлемдегі аймақтардағы ыңтымақтастық қарым-катынас сипатын ашу;
— АҚШ-тың геоэкономикасы әлемдегі аймақтадар үшін тиімді пайдаланудың маңызын анықтау.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының барысында, негізінен, саяси зерттеулерге тән саясаттанушылық және тарихи салыстырмалы әдіс пайдаланылды. Бұл әдістер зерттеу объектісіне тән ұқсас құбылыстарды анықтап, олардың ортақ және ерекше белгілерін ажыратуға мүмкіншіліктер беріп, алға қойылған міндеттерді шешудің ең икемді жолын көрсетеді. Сонымен қатар жалпығылыми әдістер, олардың ішінде функционалды әдіс пен логикалық талдау, жинақтау әдісі кеңінен қолданылды. Бұл әдістер мемлекеттік жүйенің әр түрлі салаларындағы және мемлекеттердің немесе мемлекеттер тобының араларындағы өзара байланысты, тең дәрежелі немесе бір жақты тәуелсіз қарым-қатынастарды байыпты зерттеуге жол ашады. Аталған әдістерді колдану АҚШ-тың геоэкономикалық саясатының ерекшеліктерін, олардың әртүрлі мемлекетердің геоэкономикалық саясатына әсерін дұрыс пайымдауға мүмкіншіліктер береді.
Зерттеу жүмысынын деректік негізі ретінде АҚШ пен басқа әлемдік мемлекеттер арасындағы жасалған келісімшарттар мәтіні. АҚШ Конгресінің, Мемлекеттік департаментінің, Энергетика министірлігінің және басқа да елдердің ресми құжаттары пайдаланылды.Ғ. Солардың ішінде АҚШ Президенті Дж.Буштың тапсырмасымен жасалған Ричард Дик Чейни басқарымындағы Ұлттық энергетикалық саясатты дамытудағы 2001 жылдың мамырында шыққан топтың бандамасы бұл жұмыстың негізін құрады.
Тақарыптың аз зерттелуіне байланысты жұмыста периодикалық мақалалардан алынған информациялар көп. Осы жұмыстың мақсаттары үшін үлкен фактологиялық құжаттарды Oil and Gas Journal, KAZENERGY, BP Statistical Review of World Energy, Petroleum Economist, BUSINES WEEK, International Petroleum Encyclopedia шет елдік журналдарында келтірілген статистикалар мен зерттеулері берді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Батыста халықаралық энергетика саясаты мен дипломатия мәселесі 1973 ж. энергетикалық дағдарыстан кейін кең түрде қарастырыла бастайды, әсіресе, АҚШ, Жапон және Батыс Еуропа кәсіпкерлері, ғалымдары мен қоғамдық-саясаси қараткерлері кіретін, «үшжақты комиссия» шеңберіндегі талдаулық зеттеулер негізінде. Осы ХХI АҚШ-тың геоэкономикалық саясаты жеке тұрғыдан қарастырылған жоқ. Ол жалпы әлемдік деңгейде басқа мемлекеттермен қатар қарастырылды. Бұл туралы монографиялардың өздері де щағын болып келеді. Осы тақырып жаңа болғандықтан, ол көбінде переодикалық баспаларда кеңінен таралған. Соған қоса бұл мәселе көбінесе шет елдерде көп зерттелген, сондықтан осы ғылыми жұмыста шет ел авторларының еңбектері басым. Солардың ішінен ресейлік энергетика дипломатия мәселерінің алдынғы қатарлы сарапшысы С.З.Жизниннің ( Энергетическая дипломатия. М.: Научная книга, 1999., 64., Нефтяные приоритеты российской дипломатии и энергетическая стратегия России // Дипломатический вестник. 2002. № 2 ) әлемдік энергетикаға қатысты еңбектерін айтып кетуге болады. Осы арада К.В. Симоновты айта кету керек. Оның ақырғы шыққан кітабы ( Глобальная энергетическая война. Тайны современной политики. — М.: Алгоритм, 2007) әлемдік энергетиканың жұмыс істеуінің, энергиямен қамтамасыз ету мәселелерің шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызды сұрақтарын талдауға арналған (әсіресе, ол үлкен назарды мұнай-газ секторына бөлді ). Бұл монография автордың басқа еңбектерінде — «Русская нефть» и «Энергетическая сверхдержава»- көрініс тапқан ойлардың жалғастырады. Кітап оңдағы көзқарастар мен бағалардың стандартты еместігімен, саяси және экономикалық талдаулардың бір-бірімен байланысымен ерекшеленеді.
К.Симонов жаңа зерттеуің шығара отырып, XXI ғасыр басындағы адамзатты ресурстық қамтамасыз ету мен жетістіктер арасындағы сәйкестік жойылып кеткенің айтады. Бажанов Е.П. монографиясын (Актуальные проблемы международных отношений в начале XXI века // Отв. ред. Бажанов Е.П. М.: Научная книга, 2002) да атап кетуге болады. Ол өзінің еңбегінде XXI ғасыр басындағы халықаралық қатынастардағы мәселелерді талдайды. Оның айтуынша ғасыр басындағы халықаралық қатынастар көбінде экономика шеңберінде, соның ішінде энергетикалық мәселелерге қатысты, жүреді. Әлемдегі таусылатын ресурстардың мөлшерінің азаюы оларды иемденуге үлкен бәсекелестікті туғызуда. Автордың тағы да бір белгілейті, ол энергиятасымалдаушы ресурстардың, соның ішінде мұнай мен газ, көп бөлігі ислам әлемі елдерінде орналасуы. Ислам әлемінің Батысқа достық емес көз қарастары, әрине Батыс мемлекеттерін қиын жағдайға тұрғызуда. Осы тақырып Мюллер Ф., Мастепанов С.,Торкунов А.В., Разумнова Л.Л., Шарипов У.З., Васильев А. Монографияларында да көрінісің тауып, авторлар тарапынан өте жақсы талданылды.
Тақырыпқа қатысты монографиялар аз болғанымен, осы тақырып
шет елдік периодикалық мақалаларда көп жазылады. Соладың ішінен Ю.Е.Фокинді ( Дипломатический ежегодник // Научная книга, 2004.), В.Ю.Алекперов (Предвестие эры нефти // Энергия, 2003), Калюжный В. (Калюжный В. Нефтегазовая стратегия России в ХХI веке // Международная жизнь.2000. № 1. С. 26.), Матвеев В., Литвинов Ф., Александр М., Михаил Г., Петр К., Николай Г., Евгений Б., Коэн А., Олини Р., Шумилин А., Карпова Л.Н., Ивашов Л.Г., Шохин С., Исаев В., Занегин Б., Иванов Л.Г., Гафарлы М. сияқылды көптеген мақаладардың авторларын атап кеткен жөн. Мақалалар әлемдік геоэкономикалық жағдайға қатысты авторлардың көз қарастар мен қоса зертеулеріне толы.
Дипломдық жұмыстың кұрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, ғылыми жұмысты жазуға пайдалынған әдебиеттер, құжаттар, мақалалар туралы қысқаша айтылып кетеді.
Бірінші бөлімде АҚШ-тың экономикасына және геоэкономикалық саясатына 1973 жылғы дағдарыстың қандай әсер тигізгеннен кейін қалай өзгергені, және одан кейін Вашингтонның сыртқы саяси приоритетердің өзгеруіне байланысты қолданылған әрекеттер көрсетіледі. ХХ ғасыр аяғы мен XXI ғасыр басында халықаралық аландағы болған жағдайлардың да АҚШ-тың геоэкономикалық саясатына тигізген әсері мен одан кейін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен жаңа саяси аспектілер мен жүзеге асырған шаралары көрсетіледі.
Екінші бөлімде АҚШ-тың өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен геоэкономикалық саясатта пайда болған жаңа бағыттары көрсетіледі. Бұрын Вашингтонның көзі Парсы шығанағының елдері ммен Солтүстік, Батыс Африка елдеріне түскен болса, онда қазіргі танда оның геоэкономикалық саясатының приоритететі бағыттарына Ресей, Каспий аймағындағы мемлекеттерге қоса Орта Азия елдері кіргізілді. Бөлімде АҚШ -тың энергетасымалдаушылар көп шоғырланған, әлемдік энерегетикалық нарыққа әсерін тигізе алатын аймақтардағы Қытай, Батыс Еуропа елдері мен Ресеймен жүргізіп жатқан бәсекелестік күрестері туралы жазылады.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий