Қытай Халық Республикасының сыртқы саясаты



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. ҚХР-НЫН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫН ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУЫ

1.1 ҚХР-ның сыртқы саясатыңдағы тын өзгерістер

1.2 Қытайдың экономикалық саясаты

2. ҚХР МЕН ҚР АРАСЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫН ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

2.1 ҚХР мен ҚР арасында дипломатиялық қатынастың қалыптасу

2.2 Қазақстанның Қытаймен ХХІ ғасырдағы ынтымақтастық стратегиясы

3. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚХР МЕН ҚР ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жүмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жүмыс Қытай Халық Республикасының дипломатиялық қалыптастыру бағыттарына арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қытай Халық Республикасының XX ғасырдын соңы XXI ғасырдың басындағы сыртқы саясатын және Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынасына талдау жасау — өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ҚХР-ның сырткы саясаты Қытайдың мыңдаған жылдар бойы жалғастырып келе жатқан дәстүрлі дипломатиялық ұстанымының негізінде жаңа заманға сай үйлестірілген саясат. Қазіргі кезеңдегі ҚХР-ның халықаралық деңгейде жүргізіп отырған сыртқы саясатының басты мақсаты — өздерінің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету негізінде мемлекетінің халықаралык беделін арттыру, елінің ішкі саяси жағдайын тұрақтандырып, әлеуметтік деңгейін жақсарту арқылы мемлекетінін жалпы қуатын нығайтуға бағытталған. ҚХР үшін бейбіт тұрақты халықаралық жағдайдың сақталуы мен ішкі өнім құнының үрдіс артып отыруы тиімді болмақ.

ҚХР-ның саяси жүйесінің негізі 1949 жылы бұрынғы КСРО үлгісінде Қытайлық ерекшелікке сай құрылған. ҚХР құрылғаннан қазіргі кезеңге дейінгі аралықта Қытай өзінің ішкі және сыртқы саясатында бірнеше кезеңдерді басынан өткізді. Атап айтқанда социалистік қайта құрулар, «ұлы мәдени революция», «әлеуметтік реформалар жүргізу және сыртқа қарай есікті ашық ұстау», нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру сияқты кезеңдерден өтті.

XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ҚХР сыртқы саясатының шеңбері кеңейе түсті. Бұл кезеңде Қытайдың сыртқы саясатының стратегиялық маңызды бір бағыты бұрынғы КСРО кұрамындағы болған Орталық Азия мемлекеттеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасына ойысты. ҚХР аталмыш өңірдің мемлекеттерімен бірден дипломатиялық қатынас орнатып, олармен мемлекеттік шекарасын айқындап, көп салалы ынтымақтастық орната отырып, оны үздіксіз дамыту саясатын колданып келеді.

ҚХР-ның бүгінгі жаһандасу заманында жүргізіп отырған сыртқы саясатында Қазакстан Республикасының алатын орнын талдаудың өзектілігі еселеп артуда. Қазақстан Республикасы үшін Қытай Шығыс Азия мемлекеттерімен өзара қарым-қатынасты дамытуға қалай қажет болса, өз кезегінде ҚХР-ның Орталық Азия елдерінің экономикасының дамуына белсене ат салысуға бағытталған сыртқы саясат ұстанымдарын жүзеге асыруға дат Қазақстан соншалықты қажет. Сондықтан екі мемлекет арасында өзара тиімді байланыстарды орнату халықаралық қатынастардағы аса өзекті мәселелердің бірі.

ҚХР-ның Қазақстан Республикасына бағытталған сыртқы саясаты саяси, экономикалық сауда және мәдени салалар бойынша жүзеге асырылуда. Сонымен қатар шекара аудандарының, қауіпсіздік аясындағы, лаңкестікке, ынтымақтастық даму үстінде. Сондықтан ҚХР-ның сыртқы саясатын және Қазақстан Республикасымен қарым-қатынастарын ғылыми тұрғыдан талдап зерттеу және оны тарихи тұрғыдан объективті түрде бағалау, екі ел қарым-қатынастарының одан әрі кең көлемде өрістеуіне септігін тигізетін маңыздылығымен ерекшеленеді.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қытай Халық Республикасының сыртқы саясаты және Қазақстан Республикасымен қарым-қатынастарының дамуына жан-жақтылы талдау жасау.

Зерттеу жұмысының пәні. XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатындағы өзгерістер, ҚХР-ның Қазақстан Республикасына қатысты қолданып отырған дипломатиялық ұстанымы және оның аясында екі ел арасындағы елшілік, саяси-дипломатиялық, экономикалық сауда, мәдени-ғылыми техника саласындағы қатынастардың қалыптасуы мен дамуы.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қытай Халык Республикасының сыртқы саясатындағы Қазақстан Республикасының алатын орнын анықтау арқылы екі елдің қарым-қатынастарының даму үрдісін зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді алдыға қойдық:

— Қытай Халық Республикасының зерттеліп отырған мерзімде мемлекеттік мүддеге бағытталған сыртқы саясатындағы өзгерістерді ашу;

— ҚХР-ның Қазақстан Республикасына және Орталық Азия елдеріне ұстанған сыртқы саясатын тарихи объективті түрде ашып көрсету;

— ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастың қалыптасуы мен дамуына тарихи талдау жасау;

— ҚХР мен ҚР арасындағы мемлекеттік шекараның делимитациялау мен демаркациялау принциптері мен негіздемелеріне талдау жасау арқылы екі мемлекет шекарасының анықталуының тарихи маңызын ашу;

— ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарының даму барысы мен болашақтағы даму бағыттарын айқындау;

— ҚХР мен ҚР Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастығының дамуын талдау;

— ҚХР-ның сыртқы саясатындағы ағымдық құбылыстарға ғылыми сараптама жасау.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. Зерттеу жұмысында карастырылған мәселелердің мерзімдік шегі Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық, қатынастар орнатылған 1992 жылдан 2005 жылға дейінгі мезгілді қамтиды.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу тақырыбына қатысты деректер қытай, қазақ және орыс тілдерінде жарияланған құжаттық деректерден тұрады.

Деректердің бірінші тобын Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарға қатысты құжаттар мен материалдар жиынтығы, мемлекетаралық ресми келісімдер, меморандумдар мен декларациялар сияқты дипломатиялық құжаттар құрайды. Олардың қатарында «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Достық өзара қатынастар негіздері туралы бірлескен декларация», «2003-2008 жж. аралығындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы туралы Бағдарлама», «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы XXI ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация», «Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы туралы Декларация», «Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясы», «Лаңкестікпен, сепаратизммен, экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясы» сияқты ресми маңызды құжаттарды атауға болады.

Деректердің екінші тобын Қытай Халық Республикасы тарапынан Қытайдың үшінші буын жетекшісі Цзян Цзэминнің, төртінші буыннын жетекшісі Ху Цзиньтаоның, ҚХР Мемлекеттік Кенестің премьері Вэнь Цзябаоньщ, ал Қазақстан Республикасы тарапынан ҚР Президенті Н.Э. Назарбаевтың және ҚР Сырткы істер министрі Қ.К. Тоқаевтың жасаған баяндамалары, ресми сапар барысында сөйлеген сөздері, ашық мәлімдемелері және тілшілерге берген сұхбаттары құрайды.

Деректердің үшінші тобына мұрағат материалдары жатады. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы карым-қатынасы бірнеше ғасырларға созылғандықтан тарихи құжаттар мен материалдардан кұралады. Бұл қүжаттарға Қазақ КСР Ғылым Академиясы жанындағы Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институты және Ұйғыртану институты бірлесіп құрастырған 2 бөлімнен тұратын құжаттар мен материалдар жинағы жатады. Құжаттар жинағы XVIII — XIX ғасырлардағы қытай-қазақ қарым-қатынастарын қамтыйды.

Деректік негіздің төртінші тобына қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда жарияланған түрлі ақпарат материалдары жатады. Олар қазақстандық «Егеменді Қазақстан», «Жас алаш», «Панорама», «Казахстанская правда» газеттерінде және «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Шекарашы», «Отан тарихы», «Қазақ тарихы», «Саясат», «Қоғам және дәуір», «Казахстан-Спектр», «Аналитик», «Континент», «Центральная Азия и Кавказ», «Толстый», «Центральная Азия» журналдарында; ресейлік «Известия», «Независимая газета», «Аргументы и факты», «Проблемы Дальнего Востока», «Мировая экономика и международные отношения», «Азия Африка сегодня», «Нефть и газ» сияқты газет пен журналдары, сонымен қатар қытайлық «Renmin ribao», «Zhongguо ribao», «Xinjiang ribao» газеттері мен «Көрші», «Контимост», «ZhongYa yanjiu», «Zhongguo waijiao», «Xiandai guoji guanxi», «Shehui kexue», «Shijie jingji yu zhegzhe» журналдарында жинақталған.

Сонымен қатар зерттеу жұмысын жазу барысында деректердің бесінші тобын құрайтын әлемдік электронды интернет жүйесіндегі кытайлық «Хіпһиа», «Zaobao», «China.org.cn», «CRJ Опііпе» ресми сайттардың және қытай баспасөз материалдарының электронды нұсқалары, соның ішінде біздің тақырыбымызға қатысты деректер мәселені жан-жақты қарастырып, талдауға мүмкіндік туғызды.

Тақырыптын зерттелу деңгейі. Қытай-Қазақстан қатынастары саласы бойынша жазылған еңбектер аз емес. Ол еңбектердің көбі Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты қатынастардың қалыптасып, дамуын тарихи тұрғыдан жан-жақты карастырылған. Соңғы кезде Қытай және Қазақстан қатынастарын қазіргі кездегі дамуын зерттеген еңбектер де жарық көріп келеді. Сондықтан осы еңбектердегі пайдаланылған деректер мен жасалған тұжырымдарға сүйену мақсатында оларды ғылыми саралаудан өткізген болдық.

Кеңестік тарихнамада Қытайдың халықаралық жағдайы, сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастарда қолданған негізгі ұстанымдары көптеген зерттеушілердің назарын аударды. Осымен қатар Қытайдың Қазақстанмен қарым-қатынасы ұзақ жылдар бойы Орталық Азия мемлекеттерінің кұрамында қарастырылып келді. Қытайдың көрші мемлекеттермен тарихи байланыстары, әсіресе, Цинь империясының сыртқы саясаты Қазақстан және Орталык Азия аймағымен байланыстары мәселелері Б.Н. Гуревичтің, ВА. Моисеевтың, К.Ш. Хафизованың, Ж.Қасымбаевтың, НАлдабектің еңбектерінде қарастырылған.

Қытай Халық Республикасы құрылған 1949 жылдан Кеңес Одағыны құрамындағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң өлкесі арасында өзара байланыстар әртүрлі жолмен жалғасып отырды. 60-шы жылдарынын басына дейінгі ҚХР-ның сыртқы саясаты мен сыртқы саясат ұстанымының социалистік принциптері, Қытай-Кеңес Одағы байланыстары, олардың қатарында Кеңес Одағының Қытайға көрсеткен экономикалық көмегі кеңестік зерттеушілер М.С. Капицаның, Б. Колосковтың, О. Владимировтың, Г.В. Астафьев пен A.M. Дубинскийдің еңбектерінде орын алған.

Қытай-Кеңес қатынастарындағы шекара мәселесі, екі ел арасындағы шекара мәселесінің даулы тұстары мен онын әскери қақтығыстарға әкелуі, оған әлемдік геосаяси күштердің ықпалы сияқты мәселелер А. Прохоровтың, B.C. Мясников пен Е.Д. Степановтың, Г.В. Васильевтың, В.Ф. Бутурлиновтың еңбектерінде талдау жасалынған. Бірақ бұл еңбектерге тән ортақ, кемшілік — олар кеңестік идеологияға сай империялық тұрғыдан ашылып, Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын арнайы қарастырмаған.

КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде, ресейлік зерттеушілер бұрынғы Қытай-Кеңес қарым-қатынастарына жаңа көзқараспен талдау жасап, екі мемлекет арасында беймәлім болып келген оқиғаларды жаңа мәліметтермен толықтыра бастады. Олардың қатарында А.А. Брежневті, А.В. Панцовты, Д.В. Дубровскаяны, А.Б. Широкорадты, Ю.М. Галеновичті және т.б. зерттеушілерді атауға болады.

Бүгінгі Қытай тарихнамасындағы біздің тақырыбымызға қатысты, яғни ҚХР-ның Орталық Азияға қатысты жүргізген дипломатиялық саясаттарының кейбір түстары Ян Фучаңның «Қытайдың қазіргі заман дипломатиялық тарихы», Ma Дачжэн мен Фэн Чишыдың «Орталык Азиядағы бес мемлекеттің Очеркі», Чжао Чаньсиньнің «Орталық Азиядағы бес мемлекет және Қытайдың батыс бөлікті қауырт игеруі», Сунь Чжанчжыдың «Орталық Азиядағы бес мемлекеттің сыртқы қатынастары», Син Гуанчэннің «Қытай және Орталық Азия» атты еңбектерінен кездестіреміз. Ал ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің «Шанхай бестігінің», артынша «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерінің негізгі тұстары Чэн Миншань мен Хэ Сицюаньнің «Аймактық кауіпсіздікті, тұрақтылықты қамтамасыздандыру — «Шанхай бестігіндегі» ынтымақтастыққа баға беру», Дин Пэйхуаның «Шанхай бестігінің даму негіздері туралы теория», Ван Цзиньцунның «Шанхай бестігінен Шанхай ынтымақтастық ұйымына дейінгі өтпелі кезеңнің тарихи маңыздылығы» сияқты ғылыми мақалаларында қарастырылған. Аталмыш еңбектердегі қытайлық зерттеушілердің Орталык Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыздандыру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа түрлеріне, Қытай және Орталық Азия мемлекеттерінің экономикаларының өзара үйлесімді дамуы мен олардың арасындағы көлік қатынасының дамуына назар аударғандығы, аймақтағы алпауыт мемлекеттер арасындағы алауыздықтарға баса көңіл бөлген Батыс зерттеушілерінің еңбектерінен ерекшелендіре түседі.

Қытай Халық Республикасының Орталық Азия елдерімен ынтымақтастык мәселелері АҚШ-ның, Германияның, Францияның, Ұлыбританияның бірқатар зерттеушілерінің еңбектерінде де қарастырылған. Олардың арасында 3. Бжезинскийдің, Г. Кисинджердің, Р. Легволдтың, С. Хантигтонның, М.Б. Олкоттың, Р. Оливьенің еңбектерін атауға болады.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, оны жүзеге асыру барысындағы кездескен қиыншылықтары мен жетістіктерінің бір қатар тұстары Ж.У. Ибрашевтың, Қ.Е. Байзақованың, К.Қ. Қожахметовтың, Ф.Т. Кукееваның және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Қытайдың елімізге ұстанатын сыртқы саясатының принциптері, стратегиялық басымдылықтары және олардың екі ел қарым-қатынастарына тигізетін әсері туралы қызықты да маңызды мағлұматтар саясаи ғылымдарының докторы, қоғам кайраткері, дипломат Қ.С. Сұлтановтың еңбектерінен кездестіреміз.

Орталық Азиядағы Қытайдың дәстүрлі дипломатиясын, Цинь империясының қазақ хандықтарымен қарым-қатынасын, оның сыртқы саясатындағы әдет-ғұрыптарын зерттеуге алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосқан қазақстандық қытайтанушы-ғалым К.Ш. Хафизованың еңбектері мен кептеген мақалалары саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастык саласындағы Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделегенін атап айтуға тұрады.

Қытайда қазақ қауымының қалыптасуының тарихи динамикасы, қазақ халқының атамекен ұғымы, олардың дәстүрлі шаруашылығы мен рухани мәдениеті, Абылай ханның ұлттық мемлекеттік территорияны қалпына келтіру әрекеті, Қазақ-Қытай сауда байланыстарын ҚХР-ның реформа ұстанымдарының эволюциясын және «Батыс бөлікті игеру» стратегиясынын көздеген мақсатын зерттеуді Н. Мұқаметханұлының бір қатар еңбектерінен көреміз, Шыңжаң өлкесіндегі державалардың күресі, Қытайдың осы өлкеде жүргізген ресми саясатын жан-жақтылы зерттеулерді Н.А. Алдабектін монографиясынан және басқа еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектер тақырыбымызды ашуға өзіндік үлес қосты.

Қытай-Қазақстан қарым-қатынастар мәселесін тереңінен зерттеуге өзіндік үлес қосушы қазақстандық саясаттанушы К.Л. Сыроежкин. Автордың соңғы үлкен еңбектерінің бірі алдыңғы кезеңдердегі жасалынған ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысы ретінде даярланып, тарих, әлеуметтік-экономика, саясаттану және халықаралық қатынастар мәселелерінің маңызды салалары бойынша зерттеулері жинақталған.

Дипломды жұмвсты даярлау барысында тек қана Қытайдың сыртқы саясатына байланысты еңбектерді ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия өңірінің мәселелеріне де байланысты еңбектерді колдануға тырысты. Қытай Халық Республикасының Орталық Азия елдерімен өңірлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тақырыбы, халықаралық лаңкестікке, экстремизмге, есірткі бизнесіне бірлесе отырып қарсы күрес жүргізу мәселелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығы ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Қ. Сұлтановтың, М.Ж. Абдировтың, М.Е. Шайхутдиновтың, М.Т. Лаумулиннің еңбектерінде қарастырылған.

Орталық Азиядағы Қытай факторын талдауға арналған өзбек зерттеушісі А. Ходжаевтың монографиясы да өзіндік үлес қосты. Автор ғылыми еңбегінде ҚХР кұрылғанға дейінгі Орталық Азияның тарихына тигізген ықпалын баяндап, аймақтың бүгінгі дамуына әсер ететін Қытайдың кейбір факторларының мағынасын ашып көрсеткен.

Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамсыздандырудың ең негізгі факторларының бірі ол шекара аймағын нығайту болып табылады. Бұл тұрғыда Қытай-Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекараның қалыптасу және айқындалу барысы, геосаяси өзгерістердің екі көрші мемлекеттің арасындағы мемлекеттік шекара шебін анықтауға тигізген өсері, Кеңес-Қытай қатынастарындағы шекара мәселесінің негізгі тұстары тақырыбына қалам тартқан зерттеушілер С.Ж. Сапановтың, Н.Б. Сейдіннің, Ч. Ибраевтың, Б. Тұрарбековтың еңбектерін зерттеу жұмыстарында кеңінен пайдаландық. Ал ҚХР мен ҚР арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі Б. Темірболаттың мақаласында қарастырылған.

Қарастырылған кезеңде ҚХР-ның Қазақстан Республикасымен мұнай және энергоқорлар саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі мәселелер ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында М.С. Әшімбаевтың редакциялық жетекшілігімен дайындалған еңбекте, сонымен қатар А.К. Нұршаның, Д.А. Қалиеваның, С.Л. Смирновтың, Н.К. Надировтың, М. Барбасовтың, Ж. Османовтың ғылыми мақалаларында орын алған.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары біздің зерттеп отырған тақырыбымызға тікелей болмаса да жанама қатысы бар диссертациялар корғалған. Олардың қатарында қазақстандық Н. Мұқаметханұлының, М.А. Омарованың, А.А. Ақатаеваның, белорусиялық В.Р. Боровойдың және т.б. кандидаттық диссертацияларын атауға болады.

Жалпы, Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының қарым-қатынастарында мемлекеттік шекара туралы, сауда-экономика, энергокорлар саласындағы ынтымақтастық мәселелері едәуір зерттелгендігіне қарамастан, екі мемлекеттің саяси және әскери саладағы қарым-қатынастарына, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шараларының кеңесі шеңберіндегі ынтымақтастығына жеткіліксіз назар аударылған. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектері негізінен саясаттану ғылымдарының аясында сыртқы саясат принциптерінің қалыптасу, даму бағытына және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін зерттеуге арналған. Оның үстіне зерттеулердің басым көпшілігі орыс тілінде жарық көріп, мемлекеттік тілде орындалған жұмыстар аз болып отыр. Сондықтан біздің тақырыбымыз қазірге дейін арнайы түрде зерттеле қойған жоқ деп айта аламыз.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының методологиясы тарихтану ғылымының, халықаралық қатынастартану ғылымының және саясаттану ғылымдарының қазіргі замандағы теориялық методологиясы принциптеріне негізделді. Зерттеу жұмысында автор тарихи деректік материалдар мен құжаттарды ғылыми тұрғыдан жинақтау, сараптау, салыстырмалы тарихи талдау және қорыту әдістерін кеңінен қолданды. Зерттеу жұмысында бұл әдістердің, әсіресе салыстырмалы-тарихи әдістің қолданылуы тарихи құбылыстардың деңгейін және олардың даму бет алысын айқындауға, зерттеу нысанының ең негізгі бағыттарын ашуға, оларды бір жүйеге жинақтауға мүмкіндік берді. Зерттеу жұмысы тақырыпқа қатысты Қытайда, Қазақстанда және баска елдерде жарык көрген деректерге және зерттеулерге негізделіп жүргізілді. Қытай Халық Республикасының Қазақстан Респбуликасына қатысты ұстанған сыртқы саясат принциптерінің мазмұнын ашуда теориялық-методологиялық негізге халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясат ұстанымдарында кеңінен қолданылатын «Мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ұлттық және мемлекеттік мүделерді сақтау принципі» алынды. Ол Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының нысандары мен бағыттарын анықтауға, өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған саясаттарынын шынайы сипатын тура айқындауға мүмкіндік туғызады.

Зерттеу жұмысынын ғылыми жаңалығы. Тақырып бойынша жарияланған нақты деректер мен ғылыми зерттеулер негізінде Қытай Халық Республикасының сыртқы саясаты және оның Қазакстан Республикасымен саяси, экономикалық және мәдени қатынасын жан-жақты тарихи тұрғыдан сараптап, зерттеу арқылы төмендегідей жаңалықтарға қол жеткіздік:

1. Дипломдық жұмыста қазақстандық тарихнама аясында алғаш рет мемлекеттік тілде Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық, тарихи, саяси және сауда-экономикалық, мәдени байланыстары кешенді түрде зерттеліп, олардың болашақтағы даму бет алыс мүмкіндігі ғылыми негізде сарапталып айқындалды.

2. Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының қалыптасу алғышарттары және даму зандылықтары объективті түрде сараланып, жаңа көзқарас тұрғысынан сипатталды.

3. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының стратегиялық әріптестік деңгейіндегі ынтымақтастығының негізгі бағыттары анықталды. Тату көршілік және өзара тиімділік принциптеріне негізделген ара қатынастардың басым жақтарына жан-жақты талдау жасалынып, олардың ортақ тұстары мен ерекшеліктері бір жүйеге келтіріліп, талданылды.

4. ҚХР үкіметінің үшінші және төртінші буын жетекшілерінің жүргізген сыртқы саясаттарына талдау жасау арқылы, Қытайдың Қазакстан Республикасына қатысты сыртқы саяси ұстанымдары тарихи объективті тұрғыдан бағаланып, ғылыми негізде тұжырымдалып, ондағы жаңа бағыттар ашып көрсетілді.

5. Қазакстандық тарихнамада алғаш рет Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы Қытай-Қазақстан қарым-қатынастары және олардың болашақта даму мүмкіндігі кешенді түрде зерттелінді.

6. ҚХР-ның ұлттык қорғаныс саясатының негізгі тұстары және оның ішінде ҚР-ның алатын орны, екі мемлекеттін саяси-әскери және қорғаныс саласындағы қарым-қатынастарының қалыптасу және даму динамикасының тарихи бет-бейнесі ашылды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. 1. КСРО ыдырағаннан кейін ҚХР өзінің сыртқы саясатында жаңа құрылған мемлекеттермен жаңа нысандағы қарым-қатынастар орнатты. Пекин ТМД елдерін екі топқа бөліп қарастырды: бірінші топқа басымдылығы мол мемлекеттер ретінде Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан респбуликалары, ал екінші топқа бұрынғы Кеңес Одағының қалған республикалары кірді.

2. Қытай Халық Республикасынын Қазақстан Республикасына қатысты жүргізген сыртқы саясатын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: біріншісі, 1992-1995 жж. аралығында дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату кезеңі; екіншісі, 1995-2000 жж. арасында мемлекеттік шекарасын реттестіру, шекара аймағында тату көршілік пен өзара сыйластық принциптеріне және стратегиялық әріптестік халықаралық нормаларға сай қарым-қатынастарды нығайту, әрі Ұлы Жібек жолын қайтадан жаңарту кезеңі; үшіншісі 2000-2005 жж. аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы көп жақты, әр түрлі нысандағы ынтымақтастықты нығайту кезеңі.

3. Қытай Халық Республикасы өзінің батыс шекарасында тұрақтылықты қамтамасыздандыру, екі ел халықтарының арасында қарулы қақтығыстарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасымен шекара мәселесін толықтай реттеді.

4. XX ғ. 90-шы жылдарының аяғына қарай ҚХР экономикасының үрдіс дамуының нәтижесінде және жылдан-жылға энергоқорларға деген сұранысының өсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қытайдың сыртқы саясатында стратегиялык маңызды бағыттарының біріне айналды.

5. Қытай Халық Республикасы Қазақстан Республикасынын экономикалық мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы өзінің «Батыс бөлікті игеру» стратегиялык бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді жағдай жасауда.

6. Қытайдың сыртқы стратегиясының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі инфрақүрылымдарды, яғни жаңа көліктік коммуникациялар, мұнай құбырлар жүйесін құру және нығайту. Сондықтан Қытай Халық Республикасы нарықтық бақталастық жағдайында Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Қазакстан Республикасымен сауда-экономика, әсіресе мұнай және газ, сонымен қатар қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықка зор мән беруде.

7. ҚХР-ның зерттеліп отырған 13 жылдың ішіндегі Қазақстан Республикасына қатысты қолданған сыртқы саясатының өзіндік ерекшеліктері бар. Оған ең алдымен Қазакстан Республикасының халықаралық аренада жеке субъект ретінде танылуы, оның геосаяси және геоэкономикалық мағынада тиімді орналаскан жағдайы үлкен әсерін тигізді. Сондықтан Қазақстан Республикасымен ұзак мерзімге бағытталған тұрақты байланыстарды орнату, өзара тиімді ынтымақтастықты қолдау және дамыту Қытай Халық Республикасының түпкілікті ұлттық мүдделеріне сай келеді.

Зерттеу жұмысының қолданбалы манызы. Дипломдық жұмыс арқылы оқырмандар ҚХР-ның бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасына қатысты жүргізген сыртқы саясат ұстанымдарын объективті түрғыдан бағалауға, оны тереңінен таньш білуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ зерттеу жұмысы Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының қалыптасу тарихын, оның беймелім болып келген тұстарын тыңнан танып білуге септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысы Қытай-Қазақстан қарым-қатынас тақырыбына арналған монографиялар мен зерттеу жұмыстарының қатарын толықтырып, зерттеуде пайдаланылған мәліметтер, тұжырымдар мен қорытындыларды Отан тарихына қатысты жазылатын жұмыстарда, жоғары оку орындардағы халықаралық қатынастар тарихы бойынша оқылатын арнайы курстарда пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий