Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Франция қарым-қатынастары



МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ ………………………………………………………… 3

КІРІСПЕ ……….………………………………………………………………… 4-7

I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .……………..8-33

1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ………………..…………………………………….…………………8-20

1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде …….…………………21-33

II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ…………………… 34-54

2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43

2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ……………………..44-54

III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ……………………………………………………55-66

3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары …….…………………………..55-62

3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ………………..…………63-66

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….70-72

Қосымша ………………………………………………………..………………73-78

КІРІСПЕ

Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», — дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]

Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды. Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатының мүдделеріне қызмет етеді, өзге сөзбен айтсақ, сыртқы саясат – ішкі саясаттың шоғырланған көрінісі.

Айтылғандардың барлығы толығымен Қазақстан Республикасына, оның сыртқы саясатына да қатысты. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының осындай векторларына еуропалық бағыт жатады.

Қазақстан сыртқы саясатының еуропалық бағытын атағанда, оның екі деңгейдегі саясаты сөз болады, атап айтсақ: Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен қарым-қатынасы деңгейінде және еуропалық мемлекеттермен екі жақты негіздегі қарым-қатынасы деңгейінде.

Француз Республикасы еуропалық және әлемдік саясатта ерекше және бірегей орын алады. Өз тарихы барысында Еуропа тағдырының алдыңғы қатарында болған мемлекет – жеті жетекші экономикалық дамыған мемлекеттің бірі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, ракета-ядролық потенциалға ие және батысеуропалық интеграцияның белсенді қатысушысы есептелетін Франция 1960-жылдардың басынан бастап Еуропаның биполярлы құрылымында автономды орынға ие болуға талпынып, оның біртіндеп реорганизациясына бағытталған курсты бетке алды. Сондықтан да ХХІ ғасырдың басында көптеген оқиғалар мен мәселелер олардың тек бүкіл адамзаттың күш жұмылдыруымен шешілетіні себепті адамдарды біздің ғаламшарымызды бір бүтін қылып қарауға итермелейтін, әлем географиялық кеңістік ретінде толықтай зерттеліп, отарланып, бөлініп, мемлекеттердің шекаралары ендігі мөлдірленіп жатқан кезде ХХІ ғасырдағы «әлемдік тәртіп» қандай болмақ, онда жалпы Еуропа, атап айтсақ Франция қандай рөл ойнамақ деген сұрақ туындайды.

Францияның жоғары экономикалық потенциалы, әлемдік саясаттағы беделі мен ықпалы оны Қазақстанның Еуропадағы приоритетті серіктестері қатарына шығарады. Франция Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттерінің бір болып табылады. Олсыз Еуропаның тағдырына қатысты бірде-бір шешім қабылданбайды. Көптеген маңызды мәселелер бойынша оның ұстанымы анықтаушы рөлге ие, ол өзге мемлекеттерге үлгі болып табылады. Онымен конструктивті ынтымақтастық орнату Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ұстанымдарын нығайтуға жол ашады. Өз жағынан Франция да Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға мүдделі. [2]

Еліміздің еуропалық сыртқы саяси курсының приоритетті бағыттарының бірі Француз Республикасымен ынтымақтастық болып қала береді. Бұл қатынастарды дамытудың перспективасы мен қажіттілігі Францияның қазіргі әлемдегі халықаралық рөлімен анықталады. Сонымен қатар Франция Қазақстанның маңызды саяси, сауда-экономикалық серіктесі және Қазақстан экономикасының ірі инвесторы болып табылады.

Қазақстан-Франция қарым-қатынасының тарихы 1992 жылда басталды. 1992 жылдың 7 қаңтарында Француз Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады. Ал 1992 жылдың 25 қаңтарында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының негізгі принциптері 1992 жылы Президент Н.Назарбаевтың Францияға сапары барысында қол қойылған «Қазақстан мен Францияның достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі Келісімі» мазмұнында көрініс тапты. [3]

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы саяси, экономикалық, мәдени салаларда белсенді ынтымақтастық орнатқан. 1993 жылдан бастап Қазақстан мен Франция арасындағы парламентаралық байланыстар белсенді дамуда. Оның дәлелі – «Франция – Орталық Азия» достық тобының құрылуы.

Бүгінгі таңда Француз Республикасы Орталық Азияның аймақтық локомотиві және халықаралық аренадағы перспективті серіктес ретінде Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда және жңа ұстанымдар қалыптастыруда. Қазір Қазақстан нарығында мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энергетикалық, транспорттық салаларда және қызмет көрсету саласында 40-тан астам француз компаниялары жұмыс істейді. Қазақстан үшін Франциямаңыздылығы жөнінен бесінші сауда серіктесі болып табылады. 2007 жылдың қорытындыларына сәйкес қазақстан-француз сауда айналымы көлемі 4 млрд. доллардан асып түскен, ал Қазақстандағы француз инвестициялары үш тоқсанда 3,7 млрд. долларға жеткен. [4]

Аталмыш тақырыпты сараптау қажеттілігі мен өзектілігі дипломдық жұмыстық объектісін, пәнін, мақсаты мен міндеттерін анықтады.

Дипломдық зерттеудің объектісі Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының саяси, экономикалық, мәдениет-білім салаларындағы ынтымақтастығының Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретіндегі екі жақты қарым-қатынасы, яғни Қазақстан мен Франция арасындағы өзара байланыстардың приоритеттері, динамикасы мен даму қарқыны.

Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру мен ұйымдастыру үрдісі.

Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың шеңберінде жүргізілетін зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының екі жақты ынтымақтастығының қазіргі кезеңдегі жағдайы, мәселелері мен перспективасын талдау болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты келесі міндеттердің қойылуын анықтайды:

— Қазақстан мен Францияның екі жақты қарым-қатынасының даму тарихын зерттеу, қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының екі жақты ынтымақтастығының приоритеттері мен негізгі бағыттарын анықтау;

— Қазақстан мен Францияның екі жақты саяси ынтымақтастықты дамытудағы жетістіктері мен негізгі мүдделерін қарастыру;

— Қазақстан мен Францияның сауда-экономикалық және мәдени-білім берудегі ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын біліп-танып, бағалау.

Диплом жұмысының методологиялық негізін танудың жалпы және жеке ғылыми тәсілдері құрайды. Жұмыс ғылыми зерттеудің келесі әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып жазылды:

 Сипаттау тәсілі – мәселені теориялық тұрғыдан қарастырып, зерттеу объектісінің сипаттамасын мазмұндауда пайдаланылады;

 Талдау мен салыстыру тәсілі – талданып жатқан тақырып бойынша әр түрлі мамандар мен сарапшылардың пікірлерін салыстыруға мүмкіндік береді;

 Жүйелі көзқарас – қолда бар нәтижелерді топтастырып, ортқ байланыстарын анықтауда аса маңызды;

 Хронологиялық зерттеу тәсілі – саяси-экономикалық оқиғаларды қалыптасу мен даму тәртібі бойынша зерттеуге жол ашады;

 Зерттеудің сапа көзқарасы – белгілер, қасиеттердің ортақтығын анықтайды, сондай-ақ үрдістер дамуының интенсивтілігі мен динамикасын анықтауға мүмкіндік беретін – сандық көзқарас;

 Зерттеудің эмпирикалық тәсілі – монографиялар, ғылыми еңбектер, шетелдік басылымдар, әр түрлі ұлттық және халықаралық саяси-құқықтық құжаттарды талдау арқылы жүзеге асады.

Дипломдық жұмыстың қайнар көзі әдебиеттердің бірнеше тобын қамтиды.

Бірінші топ – келісімді-құқық база. Бұл топқа 20 баптан тұратын Қазақстан мен Францияның достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі Келісімін жатқызған дұрыс болады.

Әдебиеттердің екінші тобына Қазақстан Республикасының саяси лидерлерінің сөйлеген сөздері, берген сұхбаттары, сондай-ақ қазақстандық қызметкердер, саясаткерлер, экономисттер мен Қазақстан мен Франция қарым-қатынасын талдаумен айналысатын кей шетел зерттеушілерінің еңбектері мен мақалаларын жатқызамыз. Диплом жұмысын жазуда келесі еңбектер сарапталып, талданған болатын.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның егемендік мемлекет болып қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінде Франция Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі және ол мемлекетпен ынтымақтастық әр түрлі салаларда сәтті дамуда екендігін атап көрсеткен. [5]

Бұрынғы сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев өзінің кітаптарында Францияның жоғары экономикалық потенциалы, әлемдік саясаттағы беделі мен ықпалы оны Қазақстанның Еуропадағы приоритетті серіктестері қатарына шығаратындығын талай көрсеткен. Франция Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттерінің бір болып табылады. Олсыз Еуропаның тағдырына қатысты бірде-бір шешім қабылданбайды. Көптеген маңызды мәселелер бойынша оның ұстанымы анықтаушы рөлге ие, ол өзге мемлекеттерге үлгі болып табылады. Онымен конструктивті ынтымақтастық орнату Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ұстанымдарын нығайтуға жол ашады. [6]

Әдебиеттердің үшінші тобы қатарында Интернет желісінің, сондай-ақ қазақстандық, ресейлік, шетелдік мерзімдік басылымдардың ақпараттық ресурстарын атаған жөн. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР-дағы Франция елшілігінің, Статистика жөніндегі ҚР агенттігінің статистикалық мәліметтері қолданылды.

Ғылыми зерттелу деңгейі. Жүргізілген зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Француз Республикасымен ынтымақтастығы мәселелері жөнінде қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың еңбектері талданды.

Қазақстан мен Франция қарым-қатынастары Хан Н.Б., Суворов Л.С., Рахметова Г.Б., Султанов Б., Морозов А.А. және қазақстандық саяси қызметкерлер А.Назарбаев, Қ. Тоқаев еңбектерінде қарастырылған. [7]

Байзаков К өзінің «Қазақстандағы конституциялық реформалар: Француз Республикасының тәжірибесі» еңбегінде Қазақстанның конституциялық құрылысының Француз Республикасымен ынтымақтастықта аса құнды екендігін баса айтады. [8]

Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының саясат, экономика және мәдениет-білім беру салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтығының жағдайы, мәселелері мен перспективаларына кешенді түрде талдау жүргізуде болып табылады. Қазақстан-Франция қарым-қатынастарының жыл сайын қарқынды дамып, жетілуін ескерсек, оларды детальды түрде талдау қажеттігін түсінеміз.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, өзара логикалық тұрғыда байланысқан тараулардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Барлық тараулар бір мәселе шегіндегі жеке мәселелерге назар аударуға мүмкіндік беретін параграфтарға бөлінген


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий