Қазіргі кезеңдегі Оңтүстік Африка Республикасы сыртқы саясатының негізгі проблемалары



Мазмұны:

Кіріспе
I-тарау. Оңтүстік Африка Республикасы аймағындағы жағдайдың мәні мен дамуы
1.1. Оңтүстік Африка Республикасының 90-шы жылдардың басында болған ішкісаяси күштердің орналасуы 8
1.2. 1994-2000 ж.ж. Оңтүстік Африка Республикасындағы ішкісаяси жағдай және оның даму үрдістері 22
II-тарау. Оңтүстік Африка Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары
2.1. Оңтүстік Африка Республикасының Батыс мемлекеттермен қарым-қатынасы 30
2.2. Оңтүстік Африка Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы 39
2.3. Оңтүстік Африка Республикасының Африка және Азия елдерімен қарым-қатынасы 42
2.4. Оңтүстік Африка Республикасының аймақтық саясатының ерекшелігі 46
Қорытынды 50
Пайдаланған әдебиеттер 52

Кіріспе
Қай мемлекеттің болмасын, ішкі және сыртқы саясаты, ең алдымен, оның табиғи байлығы мен экономикалық мүмкіндіктеріне тәуелді болатыны белгілі. Бұл жағынан алғанда, Оңтүстік Африка Республикасын экономикасы қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі ең бай елдердің қатарына жатқызуға толық негіз бар. Африканың көршілес елдері мен Батыс, Еуропа, Азия елдері арасындағы саяси қарым-қатынастары осындай мүдделерді көздейтіні айдан анық. Өйткені, Оңтүстік Африка Республикасы алтын мен алмаздың қоры жағынан ең бай елдердің қатарына жатады. Біз қолға алып отырған диплом жұмысының нысанасы мен мәні осында.
Оңтүстік Африка Республикасының ұзақ уақыт бойы АҚШ-тың, Ұлыбританияның және басқа да еуропалық дамыған елдердің экономикалық оқшаулау қыспағында болып, нәсілдік кемсітушілікті бастан кешкені тарихтан белгілі. Осы жайлардың, және одан кейінгі кезеңдердегі ішкі саяси-экономикалық жағдайы және оның даму үрдістері, Оңтүстік Африка Республикасы саясатының негізгі бағыттары, Батыс мемлекеттермен қарым-қатынастары диплом жұмысының тақырыбына нысана ретінде қарастырылды. Әрине, осынау қат-қабат ұзақ процесстердің өзектілігі мен мақсатын бір жұмыстың аясына сыйғызу мүмкін де емес сияқты. Әйтсе де, диплом жұмысында қарастырылып отырған өзекті мәселелердің басты кезеңдеріне тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Нақтырақ айтқанда, диплом жұмысының зерттеу нысанасы Оңтүстік Африка Республикасы сыртқы саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі проблемаларын тереңдей қарастыру, сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланды, Дания, Израиль, Корея, Қытай, Египет, Сауд Арабиясы, Жапония және басқа да дамыған елдермен ынтымақтастықтың басым бағыттарын қалыптастыру үрдістерін талдау болып табылады.
Бұл жұмыста Оңтүстік Африка Республикасының жоғарыда аталған елдермен және басқа да мүдделі елдермен қарым-қатынасының перспективалары туралы бүгінгі күнгі қол жетімді материалдарды қорытындылауға, жүйелеуге, әрі сараптап шығуға талпыныс жасадық.
Диплом жұмысының өзектілігі Оңтүстік Африкадағы шиеленіс пен нәсілдік кемсіту, апартеид жүйесінің экономикалық және саяси құрсауы босаған жағдайда, оның кез келген мүдделі елмен серіктес бола алатындығын көрсетіп беруде деп түсінеміз.
Оңтүстік Африка елдеріндегі позитивтік ілгерілеулер Батыс Еуропа, Орта Азия және Араб елдері үшін мүдделіліктің қайнар көзі болып табылады. Оңтүстік Африкадағы реформалардың нәтижелі жүргізілуі, біздің осы аймақтағы саясатымыздың сипаты мен кезеңдерін қайта қарауымызға жол ашады. Сонымен қатар, бұл елдер ОАР сияқты алтын мен табиғи алмазға бай мемлекетпен серіктес болу мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Қарастырылып отырған жұмыстың ерекшелігіне ОАР мен өзге елдер арасындағы өзара қарым-қаынастар мәселесінің жуық араға дейін ашық талқылаудың диалогына айнала алмай келгендігіне жатқызуға болады. Сондықтан, Батыс Еуропа және Азия елдері арасындағы қазіргі кезеңдегі қарым-қатынастар төңірегіндегі кейбір ой-пікірлер бой көрсетіп қалуы мүмкін.
Диплом жұмысының мақсаты: Диплом жұмысын жазу барысында басқа елдерге қатысты соңғы жылдардағы ілгерілеулерді ОАР-мен салыстыра отырып, сараптау және олардың көзқарастарының қазіргі кезеңдегі түйісу ықтималдығын айқындау мақсаты да көзделген болатын.
Хронологиялық шеңбері: Диплом жұмысы ОАР-дың 1994 жылғы жалпыұлттық сайлауға дейінгі 90-шы жылдардың басында болған ішкісаяси күштердің орналасуы мен 1994- 2000 ж.ж. аралығындағы кезеңді қамтып, Оңтүстік Африка Республикасындағы ішкісаяси жағдай, оның даму үрдістері мен Оңтүстік Африка Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары , елдің халықаралық оқшаулығының жойылуы туралы мәселелерді қарастырады.
Зерттелу деңгейі: Диплом жұмысының зерттелу деңгейіне келетін болсақ, ең алдымен, басты пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсетуімізге болады. Солардың ішінде ең негізгілері – ресей және шетел зерттеушілерінің электронды нұсқадағы әдебиеттері болып табылады. Мысалға, И.Н.Куклинаның «История Южной Африки» [1], С. Беликовтың «Апартеид в ЮАР: опыт построения расистского государства» [2], Претория университетінің профессоры М. Мюллердің “Current Developments In South African Diplomacy ” [3] және ОАР мен Израиль мемлекеттері арасындағы сыртқы саясаттың барлық аспектілерін жетік зерттеген Джейн Хантердің “Israel and South Africa” [4] сияқты еңбектерін ерекше атауымызға болады.
Оңтүстік Африка Республикасының сыртқы саясатына талдау жасауға арналған белгілі ресей және шетел дипломаттары, зерттеушілері мен журналистердің жаряланымдары, монографиялары да маңызды ойларға жетелеп отырады. Атап айтқанда, РАН Африка Институты зерттеушісі В.Г. Шубиннің «Африканский Национальный Конгресс (АНК) в годы подполья » [5], Г. Пакендорфтың «Южная Африка: дорога в будущее» [6], Кхулекани М. Дюбтің “Overview: South Africa’s Foreign Policy In Africa” [8], Оңтүстікафрикалық даму институтының (The South African Institute of Developement ) “Apartheid Past, Renaissance Future: South Africa’s Foreign Policy 1994-2004” [10], Стратегиялық ғылым институтының (Institute for Strategic Studies) зерттеушісі Хусейн Соломонның “South Africa’s Foreign Policy: Principles and Problems” [9], Оңтүстікафрикалық сыртқы саясат зерттеу орталығының (Search of a South African Foreign Policy) “South Africa’s Foreign Policy: Principles and Problems — Fairy God-mother, Hegemon or Partner?” [7] , АНК Ұлттық Конференциясының “Developing a Strategic Perspective on South African Foreign Policy” атты талқылау құжатында (Discussion Document) [11] және т.б. сондай сияқты монографияларда көрсетілген Оңтүстік Африканың тарихы мен саясаты туралы айтылған мағлұматтардан маңызды ақпараттар алдым деп айта аламын.
Жұмысқа соңғы кезде Африканың оңтүстігінде қалыптасып отырған жағдайлардан дерек беретін шетел және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері көптеп пайдаланылды. Осыған байланысты, диплом жұмысын жазу барысында «Азия и Африка сегодня» журналының №7 жарық көрген А. Поляковтың «Южная Африка. Межклановые разборки» [12; 25-32 б.], №9 жарияланған «»Черный континент» в XXI веке» [14; 6-47 б.], А. Васильевтің «Большая африканская война» [15; 33-39 б.], В. Усовтың «От панафриканизма – к созданию Африканского союза» [16; 12-22 б.], П. Мыльцевтің ««Южная Африка. Земли белых фермеров подлежат перераспределению?» [13; 28-34] сияқты ауқымды мақалалары кең түрде қолданылды. Одан басқа, ресейлік және шетелдік газет -журналдардың электрондық нұсқасы бойынша жарық көрген Б.Пиляцкиннің «Африка Вина Винни Манделы. Или история взлета как история падения» [18], Н.Скорлыгинаның «Партия апартеида растворилась в черном большинстве» [19], В.Тетекиннің «Нкосозана Дламини-Зума: Народ видит: АНК справляется» [17], В.В. Сорокиннің «Вокруг выборов в ЮАР» [20], В. Зелендинованың «Будущее демократии» [22], А. Жандарбековтың «Война на полное уничтожение» [23], Г. Сидорованың ««Больному гиганту» Африки вернули надежду» [24], В.В. Любомудрованың «Грубое нарушение норм международного права Южно-Африканской Республики в Намибии» [25], Л. Прокопенконың «Африканский Ренессанс» [26], В.П. Максаковскийдің «Африка – континент конфликтов» [27], В. П Панов пен В. Н. Додоновтың «Режим апартеида» [28], Journal of the Third World атты журналында жарық көрген Дэнис Вентердің, “South African Policy in a time of Change: the African Dimension” [29], Верано Кастэланудың “South Africa: Foreign Policy” [32], Нью-Йорктағы Африка бойынша американдық комитеттің директоры болып табылатын Джениффер Дэвистің “Foreign policy in focus. South Africa” [33], АНК-тің ресми сайтында жарияланған “Foreign policy perspective in a democratic South Africa” [31], South Africa and the World атты оңтүстікафрикалық журналда жарияланған “Speech by Deputy Presidеnt Thabo Mbeki at the United Nations University . The African Renaissanse” [30], “The African Renaissance as a modern South African foreign policy strategy” [34], және сол сияқты т. б. да ресейлік және шетелдік мерзімдік баспасөз мақалаларын атап кетпесек болмас.
Сонымен қатар, диплом жұмысын жазу барысында біраз мағлұмат берген бірнеше ақпараттық деректер мен жоғары оқу орындарына арналған тиісті тарих оқулықтарын да пайдаландым.
Құрылымы мен мазмұны: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және библиографиядан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты мен міндеттері қалыптастырылады, Оңтүстік Африка Республикасының ішкі және сыртқы саясаты ғаламдық көзқарастар жағынан тыңғылықты талданады.
Бірінші тарауда оңтүстікафрика аймағындағы оқиғалар дамуының негізгі бағыттары туралы сөз болады. Оңтүстік Африкадағы қоғамды демократизацияландыруға бағытталған өзгерістерге талдау жасалады, саралау сүзгісінен өткізіледі. ОАР-дың саяси құрылымының ықтималды үлгілері зерттеледі, оның ішкі жән әлеуметтік-экономикалық саясатына жаңа баға беріледі.
Екінші тарауда ОАР сыртқы саясатының негізгі бағыттары сөз болады, оңтүстікафрика басшылығының өз елін халықаралық оқшаулаудан шығару жолындағы ұмтылыстарына қатысты мәліметтер және олардың осы тұғырнамаларды жүзеге асыру жолындағы күш-жігерлеріне баға беріледі.
Қорытындысында Батыс Еуропа, Азия және Араб елдері мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды дамыту – екі жақтың да ұлттық мүддесіне жауап бере алатын объективті үрдіс деген байлам жасалады.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий