Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың арасындағы қарым-қатынастар



Жоспар

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………

1. Еуропалық Одақтың жаңа тәуелсіз Орталық Азия мемлекеттерімен

қарым-қатынасы……………………………………………………………………..

1.1 Орталық Азиядағы Еуропалық Одақ саясатының негізгі

бағыттары………………………………………………………………………………

1.2 Еуроодақтың Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-

қатынсатарының қалыптасуы…………………………………………………..

 

2. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың арасындағы

одақтастықтың дамуы………………………………………………………………

2.1 Қазақстан мен Еуроодақ арсындағы қарым-қатынастың басты

бағыттары………………………………………………………………………………

2.2 Еуроодақтың Орталық Азиядағы, соның ішінде, Қазақстандағы

бағдарламаларының жүзеге асырылуы…………………………………….

 

Қорытынды………………………………………………………………………………….

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………

 

Қосымша……………………………………………………………………………………….

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты басынан бастап әлемнің барлық мемлекеттерімен теңқұқықты және өзаратиімді қарым-қатынастар орнатуға бағытталды. Біздің Орталық Азиялық аймақ маңызды геосаяси мағынаға ие бола отыра, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия, Иран, Үндістан, Пәкістан сияқты елдермен, сонымен қатар, Еуропалық Одақпен де ерекше қатынастар орната бастады.

Әрине, бұл аймақтағы өзара ықпал етуші приоритеттердің бірі — Еуропалық Одақпен байланыстың дамуы. Еуропалық Одақ пен ТМД елдерінің арасындағы одақтастықтың алғашқы қадамдары 1991 жылдың 31- желтоқсанынан, яғни Еуроодақ елдері өздерінің біріккен арызында бұрынғы Кеңес Одағы территориясында пайда болған жаңа мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындаған кезден бастау алады.

Еуроодақ саясатының құқықтық негізінің бастапқы этапында: 1989 жылғы КСРО мен ЕО арасындағы сауда, коммерция және экономикалық одақтастық жөніндегі келісім, 1992 жылғы 16-наурыздағы бұрынғы КСРО–ның Тәуелсіз мемлекеттерімен қарым — қатынас орнату жөнінде ЕО Кеңесінің шешімі, сонымен бірге, ТАСИС Бағдарламасының Регламенті болды. 1992 жылдың 16 – желтоқсанындаЕуропалық одақтастық бұрынғы КСРО жерінде демократизациялану үрдісіне ықпал етуге дайындық туралы ЕО мүше-мемлекеттері үкіметтерінің және мемлекет басшыларының Декларациясын қабылдады. Осындай жолдардың бірімен, ЕО ұйымының посткеңестік елдерге деген қызығушылығы саяси аспектіге ие болды. Осы сәттен бастап, Еуроодақтың жаңа тәуелсіз мемлекеттермен өзара қарым-қатынасының концепциясы құрылып, экономикалық, саяси тұрғыдағы, сонымен қатар, ЕО пен Орталық Азиялық елдер арасындағы одақтастыққа толықтай қолайлы жағдайлар туа бастады.

Қалыптасқан халықаралық келісім–шарт тәжірибесіне сүйене отыра, Орталық Азия республикалары өздерінің сыртқы саясаттарын жүргізу кезінде екі жақты одақтастықтың барлық аспектілерін қамтитын құжаттар пакетін қабылдауға тырсты. Күн тәртібінде Одақтастық пен әріптестік туралы Келісімге қол қою мәселесі тұрды.

1990-шы жылдардың барысында саяси және дипломатиялық қолданыста «әріптестік» ұғымы кең тарауға ие бола бастады. Халықаралық-құқықтық теорияда терминнің толықтай дамымағандығына қарамастан, бұл ұғымда бар қатынастар мен байланыстардың деңгейін одан әрі жоғарылату мақсаты бейнеленген. Сонымен, Еуропалық Одақтың басқа бір үшінші, ЕО ұйымына мүше емес, мемлекетпен өзара қарым-қатынасы негізінде Одақтастық пен әріптестік жөніндегі Келісімнің қабылдануы мен әрекет етуі жатады. Мұндай келісімнің түрлері, ережеге сәйкес, жаңа мемлекеттермен, сол сияқты Орталық Азия елдерімен де, саяси диалог орнатудағы негізгі құрал болып табылады.

Мұндай әріптестіктегі басты мақсат — жаңа тәуелсіз мемлекеттерді еуропалық интеграцияға қосу үшін жағымды жағдайлар жасау. Экономикалық, саяси, әскери одақтастықпен қатар, әріптестік құқық(мәртебесіне)жоғарылығына, адам құқықтарын құрметтеуге, соның ішінде, азшылық құқығына ерекше мән береді. Әріптестік тепе-теңдік құқығын ұстанады.

Қазіргі таңда Орталық Азия аймағының ролі халықаралық қауымдастықтың барлық субъектілерінің көңілін өзіне аударуына байланысты күннен күнге өсуде. Еуропалық Одақ та осы регионға деген мүдделерін ұстануда. Қазір Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы экономикалық қызығушылықтары саяси мүдделеріне қарағанда алда келе жатыр. Оған бірнеше себептер өз әсерін тигізуде. Көптеген жылу ресурстарын қажет ететін Еуропалық Одақ өзіне қажет жылу қайнар көздерін Таяу Шығыстағы альтернативті мұнай байлықтарынан іздеуде.Сондықтан да Орталық Азия, соның ішінде, Қазақстан да ЕО үшін маңызды стратегиялық аймақ болып табылады.

Еуропа мен Азияны бөле отыра, Еуразия континентінде орналасқан Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы, табиғи бай ресурстары оның алдағы уақыттағы жағдайын анықтайды. Халықарлық қатынастың тең құқықты субъектісі ретінде біздің еліміздің халықаралық өмірге қатысуы, көпжақты мүдделері Қазақстанның Еуро-Атлантикалық және Азия-Тынық мұхиттық аймағына қарай бағытталуына септігін тигізеді.

Маңызды құжаттардың алғашқыларының бірі — «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде құрылуы мен қалыптасу стратегиясында » Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Әлемдік қауымдастыққа кіру саясатын нарық жүйесінің үш басты орталықтарымен – АҚШ, Жапония және Батыс Еуропамен одақтасу мүмкіндіктерін бағалай біле, олардың әлемдік шаруашылық интенсификациясының ояту күштері екендігін ескере отыра құру қажет. Сонымен қатар, бұл мемлекеттермен өзара әрекет ету халықаралық қаржы институттарына жол ашады»,-деп атап өтті/1/.

Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайынан көп векторлы одақтастық пен әріптестікке таңдау жасағандығын көреміз. Еліміздің сондай сыртқы саясатының тұрақты приоритеттерінің бірі – ҚР мен ЕО арасындағы ұзақ мерзімді және тең құқықты одақтастық, еуропалық бағыт.

Еуропадағы болып жатқан оқиғалар мен жағдайларға деген біздің еліміздің қызығушылығы,ең алдымен, республика территориясының бір бөлігі еуропалық континентте орналасқандығымен суреттеледі. Еуропалық Одақпен одақтастықтағы мүддеге екінші бір маңызды себеп – бүгінгі күні ЕО- сауда-экономикалық бірігудің қарқынды дамыған, әлемнің басты экономикалық орталықтарының бірі болып табылады. Егер Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы еуропалық бағыт туралы сөз қозғалатын болса, онда оның Еуроодақпен тұтастай қарым-қатынасы, ЕО мүше-мемлекеттерімен одақтастығы айтылады.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың зерттеу пәні –Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы одақтастықтың, әріптестік қарым –қатынастардың қалыптасуы мен дамуын қарастыру.

Мақсаты мен міндеті. Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты – Еуропалық Қоғамдастықтар мен Орталық Азия республикаларының әріптестігінің орнатылу контекстісі ішінде жаңа заман тарихы кезеңіндегі Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы одақтастықтың эволюциясын зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

— Еуропалық Одақтың Орталық Азия мемлекеттерімен, соның ішінде, Қазақстан Республикасымен, тығыз қарым–қатынастар орнатудағы қызығушылықтарының(мүдделерінің) негізгі себептерін ашып көрсету;

— Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия республикаларының Еуропалық Одақпен қарым–қатынастарындағы құқықтық-келісім базасына баға беру және қарастыру;

— Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы одақтастықтың негізгі бағыттарын анализдеу;

— Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия территориясындағы еуропалық жобалардың жүзеге асуын бағалау;

Зерттеу базасының қайнар көздері. Берілген дипломдық жұмыстың жазылу барысындағы қолданылған қайнар көздер шеңбері кең болғандықтан, олар келесі топтарға саралап жіктеледі:

— Дипломатиялық құжаттар;

— Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткерлері мен Еуропалық Одақтың ресми тұлғаларының сөйлеген сөздері, сұқбаттары, еңбектері;

— Ақпарат агенттіктері мен баспасөз материалдары;

Қайнар көздерінің бірінші тобына — Еуроодақ елдері мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы қарым–қатынас деңгейін көрсететін дипломатиялық құжаттар жатады. Берілген қайнар көз тобы келесі құжаттарды қамтиды: Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қоғамдастық және оның мүше-мемлекеттері арасындағы Одақтастық және әріптестік туралы Келісім/2/, Қырғыз Республикасы мен Еуропалық Қоғамдастық және оның мүше-мемлекеттері арасындағы Одақтастық және әріптестік туралы Келісім/3/, Өзбекстан Республикасы мен Еуропалық Қоғамдастық және оның мүше-мемлекеттері арасындағы Одақтастық және әріптестік туралы Келісім/4/, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қоғамдастық және оның мүше-мемлекеттері арасындағы Сауда және сауда-экономикалық одақтастық туралы уақытша Келісім/5/, сонымен бірге, энергетика саласындағы одақтастық бойынша Қазақстан мен ЕО арасындағы Өзара көмек жөніндегі Меморандум.

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынасты зерттеу мен анализдеу үшін Одақтастық пен әріптестік туралы Келісім (ОӘТК) ең маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Аталған келісім екі жақ тараптардың жақындасуының негізгі құқықтық базасы ретінде қалыптасқан, екі жақты қатынастардың дамуындағы жалпы тенденцияны көрсетеді.

Берілген жұмыстың жазылуына негіз болған дипломатиялық құжаттар белгілі бір объективтілікке ие бола отыра, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдері және ЕО ұйымы арасындағы қатынастар эволюциясын зерттеудегі маңызы зор.

Қайнар көздерінің екінші тобын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткерлері мен Еуропалық Одақтың ресми тұлғаларының сөйлеген сөздері, сұқбаттары, еңбектері құрайды. Бұл топ – мемлекеттердің және екі жақты одақтастық жөнінде ведомстволардың басшыларының көз қарастарын, ресми ұстанымдарын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, ол басқа қайнар көздерінде көрсетілмеген фактілер мен мәліметтерді қамтыған.

Еуропалық Одақпен одақтастықтағы негізгі тенденцияларды анықтаудағы Қазақстанның ресми ұстанымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің/1/, Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Қ.К.Тоқаев/7/ еңбектерінде көрсетілген.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне байланысты ҚР СІМ ұстанымы мен әрекеттерін зерттеу үшін біздің еліміздің Еуропалық Одаққа қатысты сыртқы саясаты кең түрде бейнеленген қазіргі ҚР Сыртқы Істер министрі М.Тәжиннің сөйлеген сөзі/8/, ҚР Сыртқы Істер министрі постында болған А.Х.Арыстанбекованың/9/ еңбегі өте маңызды болып табылады.

Қайнар көздері ретінде, сонымен қатар, Еуроодақ елшісі, Қазақстандағы Еуропалық Комиссия Өкілдігінің басшысы Майкл Хамфриздің ҚР мен ЕО арасындағы өзара әрекет етулеріне жағымды баға бере отыра, берген сұқбаты қолданылды/10/.

Қайнар көздерінің келесі тобын баспасөз материалдары, ақпарат құралдары мен интернет көздерінен алынған мәліметтер құрайды.

Периодикалық шығармаларда Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы қатынастарды қамтыған фактілер көрсетілген. Олардың көмегімен он бес жыл мерзім ішінде болған көріністі тұтастай көре отыра, Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы және ЕО ұйымының ресми тұлғалары арсындағы болған кездесулер мен келіссөздерге берілген жалпы комментариялармен (сындарымен) танысуға болады.Сонымен қатар, бұл топтан қабылданған дипломатиялық құжаттар туралы белгілі бір мәлімет табуға болады.

Бірақ, периодикалық шығармалардың ақпараттық материалдарында, көбінесе, ұстанымдар субъективтілігі басым екендігін және де суреттеу сипатына ие бола, мәліметтер шын бола бермейтінін ескерген жөн. Қайнар көздерінің бұл түрінде белгілі бір мәселеге байланысты аналитикалық тәсіл болмайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі кезде қазақстандық (отандық) тарихнамада Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара қарым-қатынас ғылыми тұрғыдан ойлау және зерттелу үрдісінде. Тақырыптың аз зерттелуіне фундаментальді жұмыстардың болмауы куә. Осыған қарамастан, мәселенің актуальділігі көптеген отандық зерттеушілердің қызығушылығын тудыруда. 2000 жылы жарық көрген «Еуропалық Одақ және Орталық Азия» атты кітабының авторлық ұжымын Ж.У.Ибрашев, Г.Ш.Жамбатырова, К.И.Байзақова, т.б. белгілі қазақстандық зерттеушілер құрайды. Берілген зерттеу еңбегі Еуропалық Одақтың Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттері — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстандағы әрекеттерінің басты бағыттарының анализіне арналған. Зерттеу шеңберінде екі – Еуропалық және Орта Азиялықаймақтың Орталық Азиядағы қауіп төндіруі мүмкін қатерлер мен геосаяси факторлардың дамуына ықпал етуші өзара қызығушылықтары мен мүдделері, тұтастай алғанда, еуразиялық континент, ондағы әрекет етуші тартылыс пен кері итеру күштері қарастырылған.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы одақтастық аспектілері туралы, халықаралық қоғамдастықтың жоғарыда аталған субъектілердің арасындағы өзара қарым-қатынастың сипаты жөнінде Ж.У.Ибрашев/12/, К.И.Байзақова/13/, С.М.Нұрдаулетова/14/ және М.Т.Лаумулин/15/ сөз қозғаған.

Ал, шетел (ресейлік және батыстық) жариялымдарында(публикацияларында) Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасымен одақтасу тенденцияларына жеткілікті кең көлемде баға беріледі. Дипломдық жұмыстағы А.Оразов/16/, А.Д.Тир/17/, Б.Коппитерс/19/ еңбектерімен көрсетілген шетел тарихнамасы Еуропалық Одақтың Қазақстанмен қарым-қатынасын геосаясат пен әлемдік саясаттың жаһандық мәселелерінің призмасы арқылы қарастырады. Шетел жариялымдары қолданбалы сипатқа ие аналитикалық жағы бар біздің аймаққа деген қызығушылығымен ерекшеленеді.

Берілген дипломдық жұмыспен жұмыс жасау барысында автордың жетекшілік еткен жалпы әдістемелік және териялық принциптері ішінен историзм принципін, синтез және анализ әдісін, жүйелік және салыстырмалы тәсілдерді, тарихи сипаттау әдісін ерекше айқындап өткен жөн. Ұсынылып отырған жұмыстың теориялық негізі ретінде сыртқы саясат пен одақтастықты зерттеудегі маңызы зор халықаралық қатынастардың негізін қалаушы теориялар болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Берілген дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құралған. Жұмыстың құрылымы қойылған зерттеу міндеттері мен мақсаттарына сәйкес жазылған.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий