Қазақстан-Ресей



Мазмұны

Кіріспе…………………………….……………………………………………………………..3

I Тарау. ҚР мен РФ арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың даму кезеңдері, құқықтық-келісімдік негізі

Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негізінің
қалыптасуы мен дамуы (1991-1999 жылдар)…………………………………………………10
Екіжақты қатынастардың тереңдеуі мен стратегиялық
әріптестік (1999-қазіргі кезең)………………..……………………………………………….18
II Тарау. Экономикалық интеграция шеңберіндегі Қазақстан – Ресей қатынастары

2.1 Интеграциялық бірлестіктер аясында Қазақстан – Ресей экономикалық байланыстарының дамуы………………………………………………………………………………25
2.2 Шекаралас аумақтар деңгейіндегі екіжақты ынтымақтастық……………………32
III Тарау. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей экономикалық қатынастарының өзекті салалары мен бағыттары

3.1. Отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық………………………………………42

3.2 Екіжақты сауда қатынастары………………………………………………………………….49
3.3 Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты байланыстың
басқа да салалары…………………………………………………………………………………………54

Қорытынды……………………………..…………………………………………………62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………..……………………….……………….66

Кіріспе.

Қазіргі Қазақстан-Ресей қатынастары Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, ғасырлар бойы адамзат қызметінің барлық салаларында өзара байланысқан қазақ және орыс халықтарының қатынастарынан бастау алады. Екі халықты ортақ тарих, жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан кең аумақ біріктіреді.
Екі халықтың тығыз байланысының тұтас бір кезеңді қамтыған тарихы, бір мемелекет құрамындағы өзара байланысы жаңа егеменді мемлекеттер-Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең дәрежелі әріптестік пен достық қатынастарының қалыптасуына негіз болды.
Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан-ақ Қазақстанның сыртқы саясаты алдында экономикалық және саяси ынтымақтастықтың аймақтық және субаймақтық құрылымдарына ену мақсаты тұрды. Дәстүрлі шаруашылық байланыстарды сақтау мен ТМД елдерімен интеграциялану Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыты болды. Осы бағыттағы басты басымдылық Ресей Федерациясымен көпсалалы, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту болатын.
Республика Президенті атап өткеніндей: «Екіжақты байланыс саласында Қазақстан алдындағы приоритетті бағыт — Ресей Федерациясымен қарым-қатынасаты дамыту. Бұл әлем қауымдастығы алдындағы Ресей Федерациясының саяси және экономикалық ролімен және ұзаққа созылған ортақ шекарамен шартталады. Ресей — республикамыздың ең ірі сауда серігі. Көптеген халықаралық мәселелер бойынша біздің ұстанымымыз ортақ. Оның үстіне, екі ел азаматтары арасындағы достық, туыстық қатынастар. Бұл Ресейді Қазақстанның табиғи әрі заңды одақтасы етеді» [2.1;217].
Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді экономикалық қатынастардың жандануы бірқатар факторлармен шартталады. Біріншіден, екі ел экономикаларының құрылымдық ұқсастығы мен өзара тәуелділігі. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей иелігіндегі бай табиғи ресурстарының ұқсастығы. Үшіншіден, екі ел арасындағы сауда көлемінің үлкендігі. Сондай ақ, ерекше атап өтетіні, әлемдік экономикалық жүйеге ену шарттарының ұқсастығы. Осы бағыттағы Қазақстан мен Ресей алдындағы негізгі басымдылық әлемнің 150 елін біріктірген беделді Дүниежүзілік сауда Ұйымына мүше болу ниеті. Қазақстан ұйымға ену жөніндегі келіссөздерді 1996 жылы, ал Ресей 1993 жылдан жүргізіп келеді. Қазіргі таңда Қазақстан келіссөздерді аяқтауға таяп, ішкі заңнамалық негізді жетілдіруді жүзеге асырып келеді. Дегенімен, Қазақстан мен Ресей ұстанымы ұйымға бірлесе ену. Өйткені
қазақстандық және ресейлік мамандардың белгілеуінше, Қазақстанның шет елдермен тауарайналым көрсеткішін алғанда, еліміздің басты сауда серіктері ДСҰ мүшелері емес, бұрынғы кеңес мемлекеттері. Ресей көрсеткішінде де Қазақстан Украина және Беларусь Республикасымен қатар алдыңғы орынға шығады. Яғни, Қазақстан мен Ресей екі елдің көлік-коммуникациялық мүмкіндіктерін және тығыз байланысқан жүйені дайын тауар өндіретін біртұтас өндіріс орны ретінде тиімді пайдалануы қажет.
Қазақстан мен Ресей байланыстарына талдау жасай отырып, посткеңестік аумақта интеграциялық үрдістерді дамытуға деген екі ел ұстанымының ортақ болуын ерекше атап өткен жөн. Жалпы, Еуразия кеңістігіндегі геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделер Қазақстан мен Ресейді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, территориялық тұтастық және егемендікті құрметтеу принциптері негізінде өздерінің айналасында тату көршілік аумағын құруға мүдделі мемлекеттер етінде ерекше ролін анықтап берді. Осы бағытта Қазақстан мен Ресей бірінің көтерген бастамасын екіншісі қолдап келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей ТМД аумағындағы бірқатар интеграиялық бастамаларды көтеріп, оны жүзеге асыруда жетекші орынға шығып отыр. 90-шы жылдары құжаттық негізде ресімделген Кеден одағы, біртұтас экономикалық кеңістік бастамалары бұның айғағы. БҰҰ-мен мойындалып, мүше-елдерінің дамуы мен экономикалық интеграцияның жоғарғы деңгейіне қол жеткізуді мақсат етіп отырған Еуразиялық экономикалық Қоғамдастығы жоғарыда аталып өткен үрдістердің қазіргі таңдағы жалғасы.
Тәуелсіз даму жылдарында Қазақтан мен Ресей өзара ынтымақтастықтың бай құжаттық-құқықтық негізін қалыптастырды. Бірінші кезекте бұл 1992 жылы қабылданған Достық, ынтымқтастық және өзара көмек туралы келісімі. Екіжақты байланыстың негізгі принциптерін бекіткен бұл құжат екі елдің саяси және экономикалық байланыстарының тұрақты дамуын қамтамасыз етті. Ынтымақтастықтың әрі қарайғы дамуын екі ел басшыларының 1998 жылы XXI ғасырды көздеген Мәңгі достық пен одақтастық туралы Декларациясын қабылдауына мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда екіжақты байланыстың құқытқық-келісмдік негізі 300-ден аса құжатты қамтиды. Екі ел арасындағы байланыста саяси сенімділік пен өзара түсіністік күшейіп келеді. Екіжақты қатынастардағы елеулі оқиғалар қатарында мемлекетаралық шекараның делимитациялануы, Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанын бөлу туралы келісімінің қабылдануы, екі ел арасындағы байланыстардың тереңдеуіне жол ашқан Ресейдегі Қазақстан жылы мен Қазақстандағы Ресей жылдарының кезек өткізілуін атап өтуге болады.
Қазіргі таңда Қазақстан-Ресей қатынастары ынтымақтастық, интеграциялық бастамалар және мемлекетаралық қатынастарда заңды құбылыс саналатын бірқатар мәселелері бар тұтас бір құрылым құрайды. Дегенімен, Қазақстанның Ресей Федерациясымен стратегиялық әріптестігі – Қазақстан егемендігінің табиғи құрамдас бөлігі.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан-Ресей қатынастары сенімділік пен стратегиялық әріптестіктің жоғарғы деңгейінде дамып жатыр. Қазақстан сыртқы саясатының маңызды басымдылығы-Ресей бағыты. Қазақстан мен Ресей арасында өзара мүдделерді ескеру және келіссөздер жолымен шешіле алмайтын мәселелер жоқ. Бұл саяси және экономикалық мәселелерге де тиесілі»,-деп атап өтеді [1.7].
ТМД елдерімен экономикалық байланыстарды дамыту қажеттігін Ресей Федерациясының бұрынғы Президенті В.В.Путиннің 2006 жылы 10 мамырда РФ Федералды Жиналысына жолдауында үлкен мән берілген: «Қазіргі таңда ТМД кеңістігінде байланыстардың тиімді нұсқасын іздестірудің күрделі үрдісі жүріп жатыр. Ресей осы ізденістер нәтижесі ел үшін тиімді болатынын ашық жариялуға дайын. Бұның нәтижесі әрбір тараптың дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық жүйе құру… Біздің жақын көршілерімізбен байланыс Ресей Федерациясы сыртқы саясатының негізгі бағыты болып қала бермек» [1.8].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы және егеменді екі мемлекет Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында тең құқықты байланыстардың қалыптасуы мен даму барысы ғылыми тарихнамада жоғарғы деңгейде зерттелген тақырыптардың бірі. Өйткені жаһандану кезеңіндегі экономиканың әлемдік интеграциялануы шеңберінде көршілес екі елдің дамуы мен өзара байланысы, екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық әріптестігі мәселелерін зерттеу екі ел қатынастарының келешегіне болжам жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы, Қазақстан-Ресей қатынастары және екіжақты ынтымақтастықтың жекелеген салалары қазіргі таңда да ғалымдар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие. Осы тақырыпта қазақстандық және ресейлік стратегиялық зерттеу институттары, ресейлік «Обозреватель», «Россия и мусульманский мир», «Восток» сараптамалық журналдары, ӘЭХҚИ баяндамалары, сондай-ақ «Саясат», «Қазақстан-Спектр», «Аналитик» және т.б. ғылыми-мерзімді басылымдарда жан-жақты қарастырылады.
Осы тақырыптағы зерттерулерді шартты түрде топтастыруға болады. Бірінші және ең үлкен топты Қазақстан мен Ресей қатынастары және Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы аясындағы байланыстарына арналған әдебиеттер құрайды. Келесі топқа екіжақты байланыстардың жекелеген салалары мен өзекті бағыттары зерттелген монографиялар, авторлар тобымен жазылған жинақтар біріктірілген. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық, оның жекелеген салалары мен қазіргі жай-күйі мерзімді басылымдарда тереңірек қарастырылады.
Диплом жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екіжақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының мәліметтері, екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес қосты. Сонымен қатар, екіжақты қатынастардың қазіргі сипаты мен келшегі екі ел басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.
Негізгі әдебиетер қатарында Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004 жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің құндылығы белгіленген уақыт аралығында екіжақты деңгейде қабылданған құжаттар мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған.
Тақырыпты зерттеу барысында қолданылған негізгі әдебиеттер қатарында отандық авторлар Қ.Тоқаев, Т.Мансұров, Б.Сұлтанов еңбектерін атап өтуге болады.
Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты алдындағы басымдылықтар, ондағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орны мен Ресей бағыты қарастырылған Қ.Тоқаевтың монографиялық еңбектері мен әр жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі бастамасымен жарық көрген мақалалар жинағын ерекше атап өткен жөн [2.56, 2.57].
Тақырыпты зерттеу барысында негізге алынған әдебиет көзінің бірі Т.Мансұровтың «Өзгерістер кезеңіндегі Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001 жылдар» атты еңбегі. Жұмыста Қазақстан-Ресей қатынастары құжаттық-құқықтық негізде кезеңдестіріліп, әрбір кезеңге талдау жасалады. Екіжақты байланытың өзекті саласы ретінде Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығы жеке қарастырылған. Осы ынтымақтастықтың жай-күйі Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар және оның алғашқы қорытындыларымен қатар талданады. Экономикалық ынтымақтастықтың өзекті салалары ретінде отын-энергетика, қаржы-несие және банк салаларындағы алғашқы байланыстар аталып өтеді.
Авторлар тобымен жазылған «Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық басымдылықтары» атты еңбек диплом жұмысын жазуға үлкен үлес қосты. Кітапта Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарының жекелеген салалары: сауда қатынастары, энергетика саласындағы ынтымақтастық, көлік-коммуникациялық байланыстар және ынтымақтастықтың өзге де салалары қарастырылады. Еңбектің құндылығы экономикалық байланыстарда екі ел арасында қол жеткізілген нәтижелермен қатар, кейбір кемшіліктер мен оларды шешу жолдары, өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту әдістері келтіріледі.
Посткеңестік аумақтағы интеграциялық үрдістер Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Мәселен, Кеден одағы, ЕурАзЭҚ шеңберінде қабылданып жатқан құжаттар екі ел арасындағы кейбір экономикалық, кеден мәселелерін шешуге септігін тигізуде. Өз кезегінде, Қазақстан мен Ресей тарапынан көтерілген бастамалар интеграцияның тереңдеуіне үлес қосып келеді. Тіпті, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей интеграцияның қозғаушы күші ретінде танылады. Осы орайда, диплом жұмысының арнаулы бөлімін жазу барысында аталмыш сала мамандары – Н.Исингарин, Е. Жоламанов, В.Алесин, С.Прімбетов және т.б. авторлар еңбектерін атап өткен жөн.
Қазақстан-Ресей байланыстарының қазіргі таңдағы сипаты, энергетика, көлік, қаржы салаларындағы байланыстары мен сауда қатынастары, шекаралас аумақтар деңгейіндегі екіжақты байланыстар баспасөз беттері мен электронды ресурстарда жарық көрген Б.Сұлтанов, В.Амиров, Т.Мансұров, М.Лаумулин, А.Местоев және т.б. авторлар мақалаларында қарастырылады.
Қазақстан-Ресей байланыстары қарастырылған ресейлік авторларының еңбектері қатарынан «Внешняя политика и безопасность современной России. 1991-2002 годы» атты төрт томдық хрестоматиясын атап өтуге болады. Кітаптың негізгі бөлімі Ресей Федерациясының халықаралық және аймақтық деңгейдегі саясаты, екінші кітапта ТМД елдерімен байланысы қарастырылады. Арнаулы бөлімде Қазақстанмен экономикалық байланысы талданады.
Ресей стратегиялық зерттеу институтының авторлары тобымен жазылған «Қазақстан: тәуелсіз дамудың бүгінгі жағдайы мен келешегі» атты кітабы тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық дамуын зерттеген алғашқы еңбегі болып табылады. Жұмыста нарықтық қатынастардың дамуы негізінде Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары да қарастырылады.
Сондай-ақ, екіжақты сауда-экономикалық қатынастары Р.Андреещев, Л.Зевин, Е.Борисова және т.б. авторлар зерттеулерінде қарастырылып, ресейлік баспасөз беттерінде жарияланған. Дегенімен, кейбір мақалаларда Ресей мен Қазақстан арасындағы тең құқықты және өзара тиімді байланыстары жөнінде айтыла келіп, Орталық Азия аймағындағы көп жағдайда бір жақты пайда алып келетін Ресей мүдделері және оны жүзеге асыру жолдары ашық көрсетіледі.
Жалпы, Қазақстан-Ресей қатынастары тақырыбында жарық көрген әдебиеттердің көп болумен қатар, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жекелеген салалары жете қарастырылмағанын аңғаруға болады. Мәселен, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласы екіжақты байланыстың басты бағыты саналатын отын-энергетика кешенімен саластыра алғанда зерттелу деңгейі төмен. Осы орайда, екі ел саясатын ДСҰ кіру ниеті аясында қарастырсақ, дайын өнім түрлерін өндіру мақсатында екі елдің өндірістік потенциялын дамыту өзектілігі туындайды. Бұл жағдайда бастамалық роль сала мамандарына берілуі тиіс.
Жұмыстың әдістемелік негізін халықаралық қатынастарды сараптаудың дәстүрлі теорияларылиберализм және саяси реализм бағыттары негізге алынды. Либералдыидеалистік көзқараста тұжырымдалған мемлекетаралық қатынастардағы халықаралық құқық нормаларының жетекшілік ролі, яғни ондағы демократиялық, әділеттілік принциптері мен жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті, егемендікті құрметтеу және өзара тиімді ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей қатынастарының қазіргі сипаты болып табылады.
Ұлттық мүдде, күштер тепетеңдігі, басымдылық ұғымдарын негізге алған саяси реализм бағыты мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық байланыстарын зерттеуге үлкен үлес қосты. Бұнда ынтымақтастық мәселелері мемлекеттің ұлттық мүддесі шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттер арасындағы ынытамқтастық қолайлы халықаралық орта құру қажеттілігінен туып, өзге елдермен достық, татулық қатынастар орнатуды көздейді. Саяси реализмнің көрнекті қайраткерлерінің бірі А.Уолферстің белгілеуінше, мемлекетаралық ынтымақтастықтың ішкі және сыртқы қозғаушы күші болады. Бірімемлекеттің өз ішіндегі жағдайын жақсартуға деген ұмтылысы болса, екіншісісыртқы қауіпке бірлесе қарсылық көрсету [2.61;245246]. Жоғарыда аталып өткен екі стимул ҚазақстанРесей қатынастарынан да байқалады.
Сондайақ, өзара байланыстылық теориясын ерекше атап өтуге болады. Бұл бағыт мемлекетаралық қатынастар кеңістігін ресми байланыстар, өзара әріптестік жиынтығымен қатар, бейресми қатынастар тұрғысынан да қарастырады. Бейресми қатынастарға сыртқы саяси элиталардың, үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдар арасындағы тығыз байланыстармен сипатталады.
Сонымен қатар, тақырыпты зерттеу барысында жалпылау, сараптау, жүйелі тәсіл, салыстыру, хронологиялық және құжаттарды талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының мақсаты – стратегиялық әріптестік шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы және қазіргі жағдайына талдау жасау.
Міндеттері:
Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарының құқықтық-келісімдік негізін қарастыру;
интеграциялық бірлестіктер қызметінде Қазақстан мен Ресей орнын анықтау;
екіжақты экономикалық байланыстарды жекелеген салалар мен бағыттарға бөліп қарастару;
отын-энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар және оның қазіргі жағдайын сипаттау;
сауда қатынастарының қазіргі жағдайын талдау;
екіжақты экономикалық қатынастардың басқа да өзекті салалары мен бағыттарын қарастыру.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдері мен үш тараудан тұрады. Тақырыпты ашу мақсатында әрбір тарау жеке бөлімдерге бөлініп қарастырылған.
Кіріспе бөлімде тақырыптың өзектілігі негізделген. Мұнда екіжақты байланыстардың құқықтық қайнар көзі көрсетіліп, осы тақырып аясында жарияланған зерттеу жұмыстары, монографиялар мен мақалаларына талдау жасалып, тақырыптың зерттелу деңгейіне баға берілген. Сонымен қатар, зерттеу әдістері анықталып, жұмыстың мақсаты мен міндеттері қойылған.
Бірінші тарауда екіжақты байланыстардың құқықтық-келісмдік аспектісі қарастырылады. Бұнда Қазақстан-Ресей экономикалық қытынастары шартты түрде екі кезеңге бөлініп, әрбір кезеңге жеке талдау жасалады. Екіжақты қатынастардың алғашқы кезеңі мемлекетаралық қатынастардың қалыптасып, дамумен сипатталады. Ал екінші кезеңде Қазақстан-Ресей байланыстары ынытмақтастықтың стратегиялық әріптестік сатысына көтеріліп, экономикалық байланыстардың тереңдеуімен ерекшеленеді.
Екінші тарауда экономикалық интеграция шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей қатынастары посткеңестік аумақтағы интеграциялық бірлестіктер аясында дамуы мен шекаралас аумақтар деңгейіндегі ынтымақтастығы тұрғысынан қарастырылады.
Үшінші тарау қазіргі таңдағы Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығының өзекті салалары мен бағыттарын қарастырады. Бұнда екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы, сауда қатынастары, сондай-ақ көлік, банк және несие саласындағы екіжақты байланыстар қарастырылған.
Қорытынды бөлімде екі елдің өткені мен бүгінгі жағдайына жасалған талдау қорытындыланып, екіжақты ынтымақтастыққа баға беріледі.
Диплом жұмысының соңында пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі берілген.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуінен қазіргі кезеңге дейінгі ҚазақстанРесей қатынастарының дамуын қамтиды


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий