Қазақстан мен Эстония қарым – қатынастары



Мазмұны

Кіріспе………………3

І – тарау Табиғат жағдайлары мен халқы

І.1 Табиғат жағдайлары мен ресурстары………….5

І.2 Халқы және орналасу ерекшеліктері………..7

ІІ – тарау Халық шаруашылығына жалпы сипаттама

ІІ.1 Өнеркәсіп кешені…………9

ІІ.2 Жылу –энергетикалық кешені…….11

ІІ.3 Агроөнеркәсіптік кешен…….13

ІІ.4 Көлік кешені………….15

ІІІ – тарау Сыртқы саяси — экономикалық байланыстары

ІІІ.1 Эстония сыртқы саудасының негізгі бағыттары…………17

ІІІ.2 Қазақстан мен Эстонияның саяси – ынтымақтастық байланыстары….23

ІІІ.3 Қазақ- Эстон сауда — экономикалық қатынастары……..26

Қорытынды……………..32

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекеттік атауы — Эстония Республикасы. Астанасы — Таллин ( 427 мың. тұрғын ) Жер көлемі — 47,5 мың.км2 . Европаның солтүстік шығыс бөлігінде ,Балтық теңізінің Фин шығанағының оңтүстік жағалауында орналасқан. Оңтүстігінда Латвиямен және шығысында Ресеймен шектеседі.

Эстония — жағажай, қарағайлар елі, ортағасырлық қалалар, хуторлық шаруашылық дамыған. Эстонияның визитті карточкасы — Балтық теңізі. Эстония — индустриалды — аграрлы ел. Фосфорит пен жанатын тақтатас, шымтезек, цемент, саз балшық, әктастың қоры көп кездеседі. Өнеркәсібінің басты саласы — машина жасау ( электрорадиотехникалар, прибор жасау, кеме жөндеу т.б) және метал өңдеу, химия ( минералды тыңайтқыштар, күкірт қышқылы, бензол, жуғыш заттар ), жеңіл және тамақ өнеркісібі, құрылыс материалдыр, целлюлоза, қағаз.

Ауыл шаруашылығы сүтті- етті мал шаруашылығы. Шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. Өсімдік шаруашылығы дәнді — дақылдар – қарақұмық, арпа, бидай, жем- шөп, картоп , көкөніс өсіреді.

Электротехника және радтоэлектронды бұйымдары, химикат, азық- түлік өнімдері экспортталады. Көлік байланыстары жақсы дамыған. Автомобиль жолыеың ұзындығы — 14,8 мың. км. Сыртқы саудасында теңіз жолының маңызы өте зор. Басты порттары: Таллин, Новаталлинский. Ірі қалалары: Тарту, Нарва, Пярну. Халқы: 1,45 млн.адам. Этникалық құрамы: эстондықтар ( 65% ), орыстар ( 28,2% ), украиндар ( 2,6% ), белорустар (1,5% ) және финдер (0,9%). Дін: лютерандық. Сонымен қатар православие және католиктік діндер таралған.Мемлекеттік тілі: эстон ( тілдердің фин – угор тобына кіреді ) Мемлекеттік мейрам: 24 ақпан Тәуелсіздік күні ( 1918 жылдан ). Ақша бірлігі: крона . Әкімшілік – территориялық бөлінуі: Эстония 15 уезд және 6 жеке қалалардан тұрады (Тарту, Нарва, Пярну, Таллин, Кохтла – Ярве, Силламяэ).Мемлекеттік құрылымы: Эстония парламенттік мемлекет. Қазіргі Конституция 28 маусым 1992 жылы қабылданған. Мемлекет басшысы: мемлекет басшысы Президент Рийгикогудың (парламент ) құпия дауыс беруімен бес жылға, екі мерзімге сайланады.Партияның парламенттік сайлауында жеңіске жеткен адам мемлекет басшысы болады. Конституцияға сай Президент Премьер – министрлікке үміткерге Парламентке 14 күннің ішінде болашақ үкіметтің құрылымын анықтауды жүктейді. Бұдан кейін Парламент ашық дауыспен болашақ үкімет кабинетін құруға рұқсат беріп, оны мемлекет басшысы мақұлдайды. Заң шығарушы органы: Рийгикогуға ( мемлекеттік жиналыс ) тиесілі. Жиналыс мүшелерінің саны — 101 депутат, аралас жүйе бойынша 4 жылғы сайланады. Саяси партиялар және олардың сайлау комиссиялары кандидаттардың тізімін жасайды, біріақ сайлаушы тек бір кандидатқа дауыс береді. Заң бойынша тізімнен тыс адамдар да сайлауға қатысуға құқылы.Саяси партиялар: Эстонияда 40- тан аса саяси партиялар бар. Соның ішіндегі беделді партиялар мыналар: Орталық партия ( негізі социал- демократиялық партия ), « Res Publika » ( консервативті ) , Реформалық партия , Ұлттық одақ , « Исамаалийт » ( Мелекеттік Одақ ).


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий