Қазақстан және ТМД: мәселелерімен ынтымақтастық перспективалары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ    3

1   ТәУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЖәНЕ ДАМУ  ҮРДІСІНІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ    6
1.1 ТМД-ның пайда болуы және дамуының негізгі кезеңдері    6
1.2 ТМД қызметінің негізгі бағыттары    11
1.3 Қазақстан – Достастық елдерінің көшбасшысы    22

2   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ — ҚАТЫНАСЫ    32
2.1 ТМД аймағындағы бірлестіктердің қызметі    32
2.2 Қазақстан мен ТМД елдерінің сауда-экономикалық қатынастарының қазіргі жағдайы мен перспективалары    39

3   ҚАЗАҚСТАН МЕН ДОСТАСТЫҚ ЕЛДЕРІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ    56
3.1 Достастық елдері арасындағы байланыстарды дамытудың негізгі
басымдықтары    56
3.2 Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы қарым-қатынастарды нығайту    58

ҚОРЫТЫНДЫ    63
әДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ    69
КІРІСПЕ

Экономикалық интеграция — мемлекет аралық келісімдер формасымен және мемлекет аралық ұйымдар келісімі арқылы реттелетін елдер арасындағы өзара байланысты экономикалық процесс. Интеграциялық процесстер экономикалық аймақтанудың дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде жеке елдер топтары сыртқы сауда, халықаралық экономикалық қатынастар, валюта- қаржылық және т.б. байланыстар үшін тиімді жағдайларды, шарттарды қалыптастырады.
Қазіргі кезде әлемде көптеген интеграциялық бірлестіктер мен топтар  бар.Олардың қатарына келесілер де кіреді:
 ТМД
 Шанхай ынтымақтастарының ұйымы (Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тажікістан)
 ЕврАзЭҚ  (Ресей, Қазақстан, Беларуссия, Қырғызстан, Тәжікістан, Өзбекстан) және т.б.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кеңістікте жаңа құрылымдар жасау, көпжақты өзара байланыстарды сақтау мақсатындағы бастамалардың қазіргі күнгі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, ЕурАзЭҚ, Орта Азиялық ынтымақтастық, Шанхай ынтымақтастық Ұйымы  мен Бірыңғай экономикалық Кеңістік жасау секілді қауымдастықтарды ұйымдастыру мен қалыптастыруда біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының активті де, жинақтаушы ролі белгілі. Осы аталған саясаттың негізінде аталған одақтарға енуші елдердің экономикаларының тиімділігін арттыру үшін олардың терең, көптарапты әрекеттестігін түсіну жатыр [32,52-56].
ТМД бірлестігіне Қазақстан Республикасы мүше. Кешегі алып біртұтас ҚСРО елдің аумағында түркі және славян одақтарының құрылуы өте қауіпті екендігін білген Қазақстан басшысы оқиғаның дәл осылайша дамуына жол бермеуге бар күш- жігерін салған еді.
Нәтижесінде 1991 жылғы 21 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша Алматыда он бір тәуелсіз мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп, тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды. Бұл факті Алматы Декларациясына жазылған.
Бұл шешім объективті және жаһандық тенденциялардың логикасын көрсетеді, мемлекеттердің нақты қажеттілігін жалпы сұрақтармен шешу, мәселелерді шешу алдында  өзара назар қызығушылықтар мен әріптестік болу қажет дегенге саяды.
Достастық өзінің жұмыс істеу кезеңдерінде үлкен институционалдық эволюциядан өтті, бүгінде 280 миллион адамды құрайтын 12 мемлекетті біріктіріп отыр. Біздің елдеріміздің барлық бағыттағы ынтымақтастығына арналған келісімдік құқықтық ауқымды базасы жасақталды. ТМД-ның жарғылық және атқарушылық органдары, 70- тен астам үйлестіруші салалық құрылымдары жұмыс істейді.
Өтіп кеткен 2006 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы төрағалығын қабылдады. Алдағы уақыттарда Достастақты біздің көз алдымызға елестеу трансформациясы мен дамуын ТМД- ға мүше мемлекеттер барлық проблемаларға бірдей келіп, шешім қабылдаса, қалыптасқан дағдарыстарды жоюға болады.
Бүгінде Қазақстан сыртқы дүниемен интенсивті экономикалық ынтымақтастық үшін ашық. Халықаралық бизнестің көптеген өкілдері осы жағдайды пайдалана білді. ТМД елдері арасында Қазақстан шетелдік инвестициялардың және капиталдың келіп құйылуының көлемі бойынша алдыңғы орындардың бірінде тұр және ықтимал байлықты нақты байлыққа айналдыруына, адамдарға айқын пайда беруіне көмектесетін озық идеялар мен технологияларға, ең жаңа жабдықтарға, бағалы басқару тәжірибесіне,  бос қаржы активтеріне ынта қойып отырғанын жасырмауда.
ТМД шеңберіндегі ортақ экономикалық кеңістіктің құру перспективасы 1994 жылдың сәуір айында өткен ТМД елдерінің экономикалық одағы жөніндегі келісімде белгіленді. Бұл келісімнің іс-әрекеттері төрт кезеңнен түрады:
• еркін сауданың мемлекетаралық (көпжақты)  ассоциациясы;
• Кедендік Одак;
• тауарлар  мен қызметтер,  капиталдар және жұмысшы
күшінің ортақ нарығы;
• валюталық (ақшалай) одақ.
Біртұтас ұлттық емес валютаға көшу немесе ұлттық валюталардың толық конвертирленуіне дейінгі кезенде Төлем одағын құру көзделген. —
Еркін сауда ассоциациясы және оның жоғары органы Кедендік одақ — кейбір жекелеген бағыттарда ғана қалыптасып жатыр.
ТМД көлеміндегі ішкі тарифтік  бөгеттер  әлі  де  бар: өте маңызды тауарларға, әсіресе энергия тасымалдаушы, шикізат және азық-түліктің кейбір түрлеріне белгіленген квоталар әлі де өз күшінде; біртұтас кедендік тарифтер  жөнінде   және  үшінші   елдерге   қатысты   ортақ  саясатын жүргізу жөнінде ТМД-ның көптеген мемлекеттері ойланып та жатқан жоқ.
Осындай көкейтесті мәселелердін шешімін іздеу және Қазақстанның сыртқыэкономикалық қатынастарын әрі қарай дамыту дипломдық тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстын басты мақсаты- Қазақстан және ТМД елдерінің мәселелерін зерттеу және ынтымақтастық перспективаларын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей қызметтерді атқару қажеттілігі туындады:
— Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылу және даму үрдістерінің негізгі аспектлерін қарастыру;
— ТМД интеграграциялық бірлестігінің негізгі бағыттарын анықтау;
— ТМД- дағы Қазақстаннын орнын белгілеу;
— Қазақстанның Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекеттермен қарым- қатынастарын қарастыру;
— Достастықтағы қазіргі уақыттағы мәселелерді қарастыру және оларды шешу жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісі — Тәуелсіз мемлекеттер достастығының кеңістігі және Қазақстанның ТМД елдерімен сыртқыэкономикалық қатынастары болып табылады.
Жұмыстың методологиялық негізі ретінде отандық және шетел авторларының жұмыстары пайдаланылған, сонымен қатар мерзімді басылымдар, журналдар мен газеттердің ақпараттары және ресми Қазақстан Республикасы статистика бойынша Агенттігінің мәліметтері.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тарау мен қорытындыдан тұрады. Алғашқы тарау —  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болу және даму  үрдісінің негізгі аспектілері деп аталады да, мұнда ТМД ұйымының пайда болуының алғышарттары, оның қызметінің негізгі бағыттары, сонымен бірге Достастық елдері арасындағы Қазақстан Республикасының орны қарастырылады.
Екінші тарауда Достастық елдері аймағындағы бірлестіктер, атап айтқанда, ЕурАзЭҚ, Орта Азиялық ынтымақтастық, Шанхай ынтымақтастық Ұйымы мен Бірыңғай экономикалық Кеңістік жасау секілді қауымдастықтарды ұйымдастыру мен қалыптастырудың мәселелері, сондай – ақ Қазақстанның ТМД елдерімен байланыстарының сауда-экономикалық жақтарының қазіргі жағдайы мен перспективалары талданады.
Қазақстан мен Достастық елдерінің даму перспективалары жұмыстың үшінші тарауында қарастырылады да, осы тарауда Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы байланыстарды дамытудың негізгі басымдықтары мен қарым-қатынастарды нығайту үшін қандай шаралар жасау керектігі ұсынылады.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий