Қазақстанның Орталық Азиядағы ынтымақтастығы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………….3

I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Орталық Азия мемлекеттері мен арасындағы интеграциялық үрдістер……………………………………………………………………………………………..10

1.2 Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі экономикалық интеграцияның негізгі бағыттары ……………………………………………………………………………..26

II.ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАР

2.1 Энергетикалық қауіпсіздік –халықаралық қатынастар тұрақтылығының шешуші факторы…………………………………………………………………………………….33

2.2 Орталық Азияда ядролық қару таратпау мәселесіндегі Қазақстанның саясаты…………………………………………………………………………………………………..41

2.3 Орталық Азия ынтымақтастығындағы Каспий мәселесі……………………..48

III. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

3.1 Орталық Азия аумағындағы қауіпсіздікті сақтауда Қазақстанның қосқан үлесі ……………………………………………………………………………………………………..57

3.2 Орталық Азия елдеріндегі экономикалык ынтымактастығының қиыншылықтары мен даму жолдары………………………………………………………65

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………….71

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………..73

Кіріспе

Тақырыбтың өзектілігі.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялап, қоғамдық өмірдің барлық салалары бойынша халықаралық ынтымактастыктың толыққанды субьектісіне айналды.

Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие, Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орынды алып, халықаралық ынтымақгастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі.

Сондыктан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының тек Азия аймағы емес бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылыкты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі — бұрынғы кеңестік республикалармен және Орталық Азиямен интеграциялық үдерісті дамыту болды. Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, бұл жағдай бір жағынан, аймактағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы локализмді жандандырды.

Ғаламдық қауымдастыктың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да мұхиттық — континентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді.

Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай туғызды. Ең бастысы осы коммуникацияларды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т.б.) табу арқылы байланысты кеңейтуге мүмкіндік берді.

Исламдық дүниеге байланысты және жаһанданудың ықпалымен Орталық Азияның мұхиттық-континентальдық байланыстарға тартылуы қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен терендігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда фундаментализмді, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді .

Басқа мемлекеттер сиякты бұндай жағдайда Қазақстанның да рөлі, оның қауіпсіздік проблемасын шешуі, технологиялық өзгерістердің жаңа толқынына ілесуі жақын жэне алыс шетелдермен өзара тиімді саяси, шаруашылық, мәдени қарым-қатынас орнату деңгейіне байланысты.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей «біздің алдымызда таңдау тұр: бірі — әлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық шылауы болып қалу, екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның барынша интеграциялануына қарай қадам жасау. Мен осының соңғысын ұсынамын. Бүдан былайғы интеграциялануымыз — біздің өңіріміздің тұрақтылығына, прогреске, экономикалық жэне эскери, саяси тэуелсіздікке апаратын жол.[27 5-9б.]

Әрбір егеменді мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымактастық ұйымы (ЕҚЫҰ) сияқты ұйымдардың құжаттарында көрсетілген халықаралық сипаттағы толып жатқан міндеттері бар.

Мұндай жағдайда әрине, геосаяси иерархия жойылмайды, бұрынғыдан да күрделі, көпсатылы, көпқырлы түрге енеді. Әр елдің ресурстарына, мүмкіндіктеріне, өзіндік идентификациясының деңгейіне байланысты шынайы егемендігін жүзеге асырудың өз үлгісі бар.

ТМД-ның барлық елдері үшін өзекті мәселенің бірі — өзіндік идентификация.

Бұл елдерде бір жағынан, ортақ мұра, ортақ «ауру нүктелер» болса, екінші жағынан, халыктар игілігі үшін бірлесе отырып, өзара қүрмет жағдайында шешуге болатындай зор мүмкіндіктер де бар.

Бұл қауымдастық ғаламдық, геосаяси, аймақтық даму өлшемдері мен қазіргі дәуірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа сапалық деңгейдегі бірлескен іс әрекетке және интеграцияны дамытуға қажетті жағымды негіз кұрайды.

Бұл елдерде бір жағынан, ортақ мұра, ортақ «ауру нүктелер» болса, екінші жағынан, халықтар игілігі үшін бірлесе отырып, өзара құрмет жағдайында шешуге болатындай зор мүмкіндіктер де бар. Бұл қауымдастық ғаламдық, геосаяси, аймақтық даму аішемдері мен қазіргі дәуірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа сапалық деңгейдегі бірлескен іс әрекетке және интеграцияны дамытуға қажетті жағымды негіз құрайды.

Дегенмен де өзіндік идентификация проблемасының өткірлігі, Орталық Азия елдерінің экономикалық, саяси — құқықтық жүйелері жағдайының транзиттік сипаты, жаңару үдерістерінің әртүрлі серпіні, бағыты және терендігі, осы процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар өмірлік қажетті интеграцияны жүзеге асырудағы қиындықтарды анықтайды.

Қазақстан көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысына орналасқан. Сондыктанда оған интеграциялық үдерістердің деңгейімен және жағымды нәтижелерімен органикалық ұштасқан саяси тұрактылық, ұлтаралық келісім және аймактағы қауіпсіздік ауадай қажет.

Сонымен қатар, дәл Казақстан ғана объективтік жағдайлары мен XX гасырдың аяғында басталған кайта қүрулардағы ішкі табыстарына байланысты интеграцияның басты козғаушысы әрі көшбасшысы рөлін атқара алды. «Дамудың Қазақстандық моделі» қазіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда .

Осы жағдай халықаралық ғылыми жэне саяси-практикалық тұрғыдан тандап алган тақырыптың өзектілігін айқындайды.

1998 жылы қаңтарда Ашхабадта өткен кездесуде Орталық Азия елдерінің басшылары Достастықты өтпелі кезеңде гана іске асыруга болатын ынтымакітсшк үлгісі және әрбір мемлекет ішкі дамуының басыңқы жактары мен халықаралық міндеттерін есепке ала отырып, ынтымактастыққа қатынасу түрлерін өздері аныктайды деген қорытындыға келді.

Дегенмен де, қайта қүру жылдарында дэл осы аймактық бірлестік, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте Достастыққа қатысушы елдер арасындағы шаруашылықаралық байланыстарды қолдап, ара-тұра бой көтерген кейбір қайшылыктар мен эскери қактыгыстардың кейде алдын алып, кейде өзара келістіріп, реттеуші қызмет атқарды.

Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін мемлекеттердің саяси жэне экономикалық мүдделерінің киыспаушылыгы белең алып, жас тэуелсіз мемлекеттер арасында мемлекетаралық қатынастардың контуры анықтала бастады.

Осындай жағдайда бүрынгы жинакталған тэжірибенің нэтижесінде өзара тиімді байланыстар орнату өзекті мэселе еді. Сонымен, ТМД шеңберінде интеграция үдерісін жэне бүрынгы кеңестік республикалардың өзара қатынасының басқа да түрлерін зерттеу, осы үдерістердегі Қазақстан Республикасы саясатының рөлін, қосқан үлесі мен маңызын анықтау Қазақстандық тарих гылымының гылыми жэне саяси-практикалық өзекті міндеті болып табылады.

Қазіргі әлемде негізгі қайшылыктар кешенін мүдцелер қактыгысы емес, қалыптасқан өмір салттары (модерн мен архаика), даму деңгейлері (кедейшілік пен байлық), қүндылықтар жүйесі (діни, мэдени жэне дүниетанымдық стандарттар) мэселелері қүрайды. Мұның барлығы қазіргі мемлекеттердің шекараларына сэйкессіз мүлдем басқа бағытпен жүріп өтіп, қандай халықаралық одаққа мүше екендігіне қарамастан елдің ішіне бойлай еніп, қалыптасқан жағдайларға өзгеріс енгізеді [5.с.129-131].

Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан осыдан 13 жыл бұрын қандай еді, бүгін қандай, тіпті салыстырудың өзі өте қиын. Егемен Қазақстанның тэуелсіз жолы -қогамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асқан түбегейлі өзгерістер жолы.

Тоталитарлық өткенді серпіп тастап, біз қысқа мерзім ішінде мемлекеттік-бюрократиялық экономикадан — еркін бэсекелестікке, адамды окшаулап тастаудан — саяси саналуандыққа, жеке адамды билеп-төстеу идеологиясынан -адам күқықгары мен бостандыктарының эмбебап күндылыктарына дейінгі тар жол, тайгақ кешуден өттік.

Қазіргі кезде Қазақстан дамудың сапалық жаңа деңгейіне көтерілді. Ашық демократиялық қоғам орнатып, элемдік кеңістікке белсене кірігу үстінде.

Біз қарқынды даму жолына түскен нарыктық экономика құрдық. Көптеген халықаралық сарапшылардың пікірінше, қазакстандық даму жолы посткеңестік елдердің көбісіне үлгі-өнеге жолы ретінде кабылданады»,-деп көрсетті.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлеммен өзара тиімді қатынастар орнатуға қол жеткізді. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып (БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕЫҚҰ т.б.), өзінің дербес дипломатиясын қалыптастыруға мүмкіндік алды.

Бүгінгі таңда 62 әлемдік және аймақтық ұйымға мүше Қазақстан 124 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Дүниежүзілік қауымдастықтың (халықаралық ұйымдарды қоса есептегенде) 54-інде Қазақстанның елшіліктері мен өкілдіктері жұмыс істейді.

Ал Қазақстанда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 70-ке жуық дипломатиялық өкілдіктері қызмет жасайды. Елбасы «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты теңдік, ерікті және прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм, бұл – Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда ғана ол XXІ ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген еді.

Қазақстан – өзінің географиялық, экономикалық, ұлттық, тарихи, мәдени және тағы басқа факторлардың әсеріне қарай геосаяси және геоэкономикалық жағынан өзіндік ерекшеліктерге ие мемлекет. Ең алдымен, ол географиялық жағынан Батыстағы Еуропа мен Шығыстағы Азияның, солтүстіктегі Ресей мен оңтүстіктегі ислам әлемінің тоғысқан жерінде орналасқан.

Демек, Қазақстанның аймақтық стратегиялық маңызы өте зор. Екіншіден, тікелей теңізге шыға алмайтын құрлық ортасындағы мемлекет ретінде біз, әлемдік нарыққа тек көрші мемлекеттер арқылы ғана шыға аламыз, сондықтан көршілес елдермен байланыс орнатудың мәні қаншалықты зор екендігі айтпаса да түсінікті.

Үшіншіден, Қазақстан табиғи ресурстарға өте бай, оның ішінде, әсіресе, табиғи газ, мұнай, түсті металдар және басқа да пайдалы қазба көздері бар. Ауылшаруашылығы саласында мақта, астық, көкөніс және басқа да экономикалық дақылдарды дамытудағы мүмкіндіктері мол. Сондықтан еліміз едәуір зор экономикалық потенциалға ие.

Төртіншіден, ұлттық, діни, мәдени жағынан алғанда біздің еліміздің өзіндік айырмашылығы бар. Кейбір мемлекеттерде шиеленістің себебі болған бұл фактор Қазақстанда біріктіруші күш ретінде артықшылыққа айналып отыр.

Түркі және ислам мәдениетімен дәстүрлі байланыстарының тамыры терең, оған қоса, Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің қосылған ықпалы да бар. 1991 жылдың аяғында КСРО тарих сахнасынан кеткен соң, Орталық Азия елдері де өз тәуелсіздіктерін жариялап, егемен ел ретінде халықаралық қауымдастықтан өздеріне тиесілі орындарын алуға тырысты. Сол жылдың желтоқсан айында КСРО-ның іс жүзінде ыдырауы туралы Беловеж келісіміне қол қойылып, көп ұзамай Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізі қаланды.

Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, одан кейін Франция, Жапония, Корея және Иран мойындады. Тәуелсіздік алған Орталық Азиядағы бес мемлекеттің әлеуметтік-саяси жағдайы, экономикалық дамуы шамамен бір деңгейде болды. Ал жеке-дара мемлекет ретінде өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия елдері өзіндік даму жолын таңдап, олардың әрқайсысының ұстанған саяси бағыты әртүрлі болды.

Мысалы, Түрікменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптықты таңдап, оқшауланды. Тәжікстанда ішкі тартыстардың салдарынан 5 жылдан аса уақытқа созылған азамат соғысы басталып кетті. Өзбекстан мен Қырғызстан да өз жолдарын таңдады. Кейбір экономикалық көрсеткіштер мен ұлттық құрамына қарай, тәуелсіздік таңында сарапшылардың Қазақстанның зайырлы болашағына күмән келтіргені белгілі.

Дегенмен мемлекет басшысының таңдаған сара жолының арқасында еліміз бүгін жетістіктер биігінен көрінді. Қазақстан өзін толығымен ақтаған көп бағытты сыртқы саясатты ұстана отырып, әлем елдерімен тең құқықты ынтымақтастықты дамытуда. Жетпіс жыл орталықтан басқарылған бұрынғы Одақтан шыққан бес ел үшін өзара шаруашылық байланыстардың үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіру қажет еді. Әртүрлі себептермен олардың таңдауы да бір-біріне ұқсамайтын. Осы жағдайды өз пайдасына қолданбақ болған әлемдік ықпалы мол күштер де өз мүддесін ілгерілетуге тырысып бақты. Бүгінде демократияны да, басқа құндылықтарды да сырттан таза күйінде «импорттау» салдары ауыр саяси қателік боларына көзіміз жетті.

Ол – тасқа тал екенмен бірдей. Қазақстан басшылығы оны жақсы түсініп, алдымен экономика, сосын саясатқа бет алған өзіндік «қазақстандық жолды» таңдады. Айта кетері, ұстанымымыздың дұрыс болып шыққанын әлем мойындады. Бұл концепцияның жемісі ретінде еліміздің осы таңдағы қарқынды экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлігіміз бен әлемдегі мәртебемізді айтуға болады.

Қазақстан мен Орталық Азия өзара бәсекелес АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия, Иран және Үндістан сияқты мемлекеттердің мүдделері тоғысқан аймаққа айналды. 1990 жылдары бұл аймақта ірі мемлекеттер, негізінен, экономикалық мүддені көздесе, жаңа ғасырдың басынан бастап экономикалық мүддеден гөрі саяси мүдде басым түсіп жатты.

Орталық Азия ынтымақтастығы, оның ішінде Қазақстан мен халықаралық қатынастарды құру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып отыр.

XX ғасыр адамзат баласының тарихында маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы бір тарихи кезенде дүниежүзілік соғыстар, әлемдегі ең бірінші социалистік мемлекет — Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) мен социалистік жүйе пайда болды.

Біріккен ¥лттар Үйымы (Б¥¥), НАТО, Варшава Шарты, АСЕАН және баска да әр түрлі халыкаралык ұйымдар, блоктар мен бірлестіктер кұрылды.

Ғасырдын аяғы, әсіресе 1980-1990 жылдар әлемдік деңгейдегі дамуда кұрделі өзгерістермен сипаттадды. Бұл кезенде биполярлық жүйе өзгерді, «қырғи қабақ» соғыс аяқталды, екі Германия қосылды, КСРО күйреді, бұрынғы халыкаралык қатынастар жүйесі біртіндеп ыдырай бастады.

Міне осы оқиғалар 90-шы жылдары бүрынғы КСРО-ның орнында пайда болған жас тәуелсіз мемлекетгердің халыкаралык қатынастар жүйесінде, геосаяси және геоэкономикалық бағытттарын айкындады.

Бұрынғы КСРО құрамында болып, енді тәуелсіздік алып өз бетінше даму жолына түскен мемлекетгердің жаңадан қалыптасуы мен одан әрі алға басуы үлкен қиыншылықтармен басталып, бүгінде олардың әлеуметгік, экономикалық, мәдени салаларда қай-кайсысы болмасын бірте-бірте жан-жақты даму үстінде.

Сондықтан Қазақстан баска да тәуелсіз мемлекеттер сияқты әлемдік кауымдастықта өзінің лайыкты орнын алу жолдарын іздестіруде. Соның ішіңде Қазакстан Орталық Азия мемлекеттерімен халыкаралык қатынастар жүйесіне кіре отырып, жаңа үлгідегі ынтымақтастық пен қарым-катынастарды қальштастыруда. Осы үрдісте төмендегідей екі тенденция қабысады:

— Халықаралық мәселелерді анықтауға келгенде Орталық Азия мемлекеттерінің тарихи дамуы, мәдени және әлеуметтік тұрмысы жактарынан ұксастығы айқындай түседі, оларды шешуде аймактық және халыкаралык аренада жаңа қауымдастық ретінде ұмтылыс жасайды.

Бұл тенденциялар Орталык Азия мемлекеттерінін тәуелсіздік жолында одан әрі дамуын түсіндіреді.

Бірақ Орталык Азия мемлекеттерінің ішінде маңызды мәселелерді шешуде елеулі өзгешеліктер мен карама-қайшылықтар бар.

Сол сияқты бүгінгі күні Орталык Азия мемлекеттері үшін маңызды болып отырған мынадай факторларды да атап өткен жөн. Олар территориясының үлкендігі, халқының санында көптігі, табиғи байлықтың, әсіресе мұнай мен газдын мол қоры, оларды әлемдік рынокқа тасымалдаудың жолдары т.с.с.

Орталық Азия мемлекеттері бірынғай геосаяси және геоэкономикалық кеңістікте орналасқандықтан да бірлесуге карай ұмтылуда.

Соған байланысты бірлесудің түрлі жоспарлары, идеялары, жобалары жасалуда.

Оның казіргі заманғы соны үлгісі ретінде интеграциялық бірігу жолын тандап алған Орталық Азия мемлекеттері ортаазиялык интеграцияны объективті қажеттілік ретінде, территориялық түтастыкпен, сол сияқты экономиканың ең маңызды, ең басты салаларымен байланыстырады. Сондыктан тарихи қалыптасқан тығыз шаруашылық байланыстары мен аймақтың ұтымды геосаяси жағдайы Орталық Азия мемлекеттерін өзара ынтымактасуға жетелейді.

Сол сияқты аймактың газ, су-энергетика ресурстарын, экологиялық мәселелерін бірлесе отырып шешу, көлік-коммуникация жүйелерін бірлесе отырып пайдалану, соңғы жылдары күшейіп келе жатқан наркобизнес пен әр түрлі экстремистік, террористік топтар мен ағымдарға бірлесе отырып күрес жүргізу сияқты маңызды шараларды іске асыру үшін де аймақтық интеграция кажет.

Сондыктан Орталық Азия мемлекеттерінің нарықтық экономикаға өтуі мен интеграцияны таңдап алуы жаһаңдану жағдайында орындалуы әлемдік тарихтағы бірінші оқиға деп бағалануда.

«Жаһандану — халыкаралық қатынастардағы коғамдык өмір мен іс-әрекеттердің әр түрлі салаларындағы өзара тәуелділік пен өзара әсер етудің нығаюы». [4. 12-16]

Қазакстандық ғалымдардың пікірінше, «жаһандану жағдайында қарастырылатын әлемдік экономикалық жүйедегі ұлттық шаруашылыктың интеграциясы проблемаларын қарастырғаңда, аймақтық интеграция мәселелерін тыскары қалдыруға болмайды.

Аймақтык құрылымдар қазіргі танда ғаламдастырудың негативті зардаптарына қарсы тұру үшін маңызды кұрал болып табылады.

Мысалы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Халыкаралык валюта коры, Дүниежүзілік банк сиякты халықаралық институттардың кең келемдегі ынтымактастығы және оның тиімділігіне кеңіл бөлуі, әлемдік экономиканың күшеюі, ұлттық экономиканы объективті түрде аймактық интеграцияға итермелейді» [2.17-18].

Мұндай үрдістердің XX гасырдың 50-ші жылдарында Еуропа континентінен басталып, одан біртіндеп Азияға, Африка елдеріне, Латын Америка мемлекеттері мен АҚШ-қа таралғаны тарихтан белгілі.

Бұл ретте Орталық Азия мемлекеттеріне езінің экономикалық, мәдени және дәйекті саясаты мен жоғары дамыған Еуропа мемлекеттерінің басын косып отырған Еуропалық Одактың, Америка қүрылығында НАФТА бірлестігі, Латын Америкасындағы МЕРКОСУР жөне Оңтүстік-Шығыс Азиядағы АСЕАН-ның іс-тәжірибелері үлгі бола алады.

Орталық Азия мемлекеттерінің қазіргі тандағы дамуы ұзак жылғы «оқшауланудан» кейінгі әлемдік саяси және экономикалық үрдістерге жеке қатысушы ретіндегі рөлге карай ұмтылумен сипатталады.

Бүтінгі тандағы халықаралық катынастар жүйесінде Орталық Азия елдерінің болашақтағы, алдағы уақытта алатын орны өте маңызды және өзекті болып отыр.

Өйткені оның перспективалары мен басымдылықтарын дамыту дүние жүзінің, оның ішінде Азия аймағының тұрактылығына байланысты. Аймақтық және халықаралық саясатта тең кұқылы мемлекет болу үшін, Орталык Азия елдері серіктестіктің, ынтымақтастыктың, кауымдастықтың тиімді жолдарын таңдағаны дұрыс.

Соңдыктан Қазақстанның Орталык Азия мемлекеттерімен экономикалық ынтымактастығының қалыптасуының тарихи жолдарын көрсету, бұл ынтымактастықтын кандай дәрежеде дамып отырғандығын, оның перспективалары мен бағыттарын айқындауда Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері арасында қол қойылған екі және кеп жақты саяси-құқықтық, нормативтік қүжаттарды, деректік материалдарды бір жүйеге келтіріп, оны ғылыми айналымға енгізе отырып, осылардың негізінде аталмыш тақырыптың мәселелерін зерттеу дипломдық жұмысының өзектілігі болып табылады.

Аз уакыттың ішінде ең теменгі деңгейден бастап және күрделі халықаралык қатынастар жүйесіне кіруге ұмтылыс жасай отырып, жаңа серіктестер мен ынтымақтастықтың тиімді сатыларына карай бейімделу керек.

Осы ретте халыкаралык катынастар жүйесінде жаңадан құрылған тәуелсіз Орталык Азия мемлекеттерінің қандай дәрежеде орын алатыңдығы, оның ішінде Қазакстанның Орталык Азия мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастығының калыптасуының тарихи жолдарын көрсету маңызды да өзекті болмақ.

Оны Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деп аталатын еңбегіндегі «Орталык Азия елдері күшті және тәуелсіз аймақ бола алады, өйткені соңғы 500 жылдың ішінде тұңгыш рет біздің аймак дүниежүзілік экономика үшін маңызды аймак болып отыр деген пікірлері толықтыра түседі . [5. 15-18]

Дипломдық жұмыстың максаты мен міндеттері.

Қазақстанның Орталык Азия елдерімен ынтымақтастығы және әлемнің геосаясатына тарту үшін казіргі әрі болашактағы орнын анықтау, ынтымақтастықты тарихи қырынан жүйелі түрде қарастыру осы жұмыстың негізгі максаттарының бірі болып табылады.

Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің дамуының әртүрлі аспектілеріне арналған бірқатар зерттеулер, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жарық көруде. Осыған байланысты бұл тақырыбтық теориялық негізіне танымал шетелдік, ресейлік, қазақстандық және орталықазиялық зерттеулерінің ғылыми еңбектері кірді.

Американдық саясаттанушылар З. Бзежинский, М.Олкотт, С. Хантингтон, және К.С. Ғаджиев, Э.А. Поздняков саясаттанушылар мен тарихшылардың еңбектерінде Еуразия континентінің үлкен бөлігіндегі интергациялық үрдістердің әлемдік дамуына тигізіп отырған рөлі мен ықпалына сыни түрғыдан баңа береді. Бұл тақырыб бойынша ресейлік ғалымдар С. Жуков пен О. Резникованың бірлесе жазған монографияларында да қарастырылып, Орталық Азия елдеріндегі тәуелсіздіктің дамуының алғашқы он жылының қорытындысын сараптайды.

Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелерін қарастыруда қазақстандық зерттеушілер М. Лаумулин, Н. Исингарин, О. Касенов, К. Токаев, С. Пірімбетов және басқаларының еңбектері пайдаланылды.

Сол сияқты Қазакстанның Орталык Азия мемлекеттерімен жүргізіп отырған ынтымақтастығындағы алатын орны мен рөлі, осы ынтымактастықты дамытудағы жолдар, проблемалар мен перспективаларды қарастыра отыра, төмендегідей нақты міңцеттерді шешуді көздейді:

-Орталық Азия мемлекеттері мен арасындағы интеграциялық үрдістер

— Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі экономикалық интеграцияның негізгі бағыттары

-Энергетикалық қауіпсіздік –халықаралық қатынастар тұрақтылығының шешуші факторы

— Орталық Азия аумағындағы қауіпсіздікті сақтауда Қазақстанның қосқан үлесі

— Орталық Азияда ядролық қару таратпау мәселесіндегі Қазақстанның саясаты

-Орталық Азия ынтымақтастығындағы Каспий мәселесі


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий