Қазақстандық және халықаралық құқықтағы салық міндеттемесінің орындалуы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………..4 – 8б.

1.САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ ИНСТИТУТЫ……………………………………9 – 27б.

1.1. Салық міндеттемесінің пайда болу тарихы мен түсінігі……………..9 – 18б.

1.2. Салық міндеттемесінің құрамы мен пайда болу негіздері…………19 – 27б.

2.САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ………28 – 52б.

2.1. Салық міндеттемесін орындау түсінігі………………………………………28 – 38б.

2.2. Салық міндеттемесін орындау тәртібі……………………………………….38 – 48б.

3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ – САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ КӨЛЕМІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ АЗАЙТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ……………………………………………………………………………………….49 – 72б.

3.1.Халықаралық салықтық жоспарлау……………………………………………49 – 61б.

3.2. Салықтық жоспарлау құрамы……………………………………………………61– 72б.

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………….73 – 75б.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………………………………..76 – 80б.

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының өзінің тәуелсіздігін жариялауы мен мемлекеттің елдің экономикасына тікелей араласпау қағидаларын ұстануы, мемлекетпен экономиканы реттеудің тек қана жанама әдістерін ғана пайдалануы, өндірістің барлық түрлеріне мемлекеттік монополиядан бас тарту, осының барлығы, мемлекеттік табыстарды құрайтын жаңа көздерді іздестіру қажеттігін тудырды.

Мемлекет пен оған тәуелді субъектілердің арасындағы қарым–қатынасты орнату қағидалары түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Осыған орай мемлекет — жұмыс беруші ретінде, өзінің барлық тұрғындарын жұмыс орындарымен қамсыздандыру және оларға мемлекеттік қазынадан жалақы төлеу міндеттерін өзінің мойнына алмайтын болды. Әрбір еңбекке жарамды азамат, қазіргі жеке талаптар мен кәсіпкерлікті қолдау жағдайларында, табысты заңды жолдармен табуға шақырылды. Сонымен қатар, азаматтар қоғамдық мүдделерге байланысты жұмсалатын мемлекеттік шығындардың орнын толтыруға қатысуға міндетті болды.

Дәл осы уақытта, азаматтардың өзінің мемлекетімен арадағы негізгі конституциялық құқықтар мен міндеттердің мазмұнын қайта қарау мен түбегейлі өзгерістерге ұшырату қажеттігі туындады. Осындай қайта қараудың нәтижесінде, салықтарды төлеу міндеттемесі Қазақстан Республикасының құқығында жаңаша дамуы мен іске асырылуына ие болып, өзінің Конституциялық бекітілуін тапты.

1993 жылдың 28–қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында, біздің мемлекет үшін осыған дейін беймәлім болған жаңа нормалар пайда болды. Олардың қатарында азаматтардың заңи түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті деп жариялануы.

Қазіргі мемлекеттің өзінің әрбір тұлғасымен қатынастарын орнатуда негізгі қағида: адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, тұлғаның өзбетінше шығармашылық дамуы мен өзінің барлық мүмкіндіктерін іске асыру, және сол

үшін қажетті барлық құқықтармен қамтамасыз етілу туралы постулат болып табылады. Сонымен қатар, адамның қоғам мен мемлекеттегі әлеуметтік және оның салдары болып табылатын құқықтық статусының сипаттамасы, адамның олардың алдында қамтамасыз етілген міндеттері мен борыштарынсыз толық болмас еді. Нағыз бостандықты сезіну, осы бостандықтың қайнар көзін, оның пайда болу сипатын сезіну, барлық адамзат пен қазіргі қоғамның мыңжылдық талпыныстарын, яғни әрбір тұлғаға өзінің жеке потенциалын іске асыруына барлық жағдай жасаған әр адамның қазіргі қоғам мен бүкіл адамзат алдындағы борышын сезіну арқылы ғана мүмкін. Әр адамның өзінің жекелеген бостандығын сезіну — өзін тұрып жатқан қоғамы мен бар адамзаттың бөлігі ретінде қарастыру арқылы жүзеге асады.Осыған орай, менің көзқарасым бойынша, адам – тұлғаның еркін және толық дамуы мүмкін болатын қоғам алдында белгілі–бір міндеттерге ие екендігі туралы жағдай Адам құқықтарының жалпы декларациясының жиырма тоғызыншы бабында көрініс тапқаны кездейсоқ емес.

Азаматтардың өзінің мемлекетінің шығындарын өтеуге қатысу қажеттігімен ғана, және осыған орай әр азаматпен мемлекеті мен қоғамы алдындағы міндетін өтеу үшін белгілі–бір материалдық мұқтаждықтарды сезінуімен сипатталатын салықтар, салық төлеу туралы конституциялық міндетке «жай ғана» сипат береді. Салық төлеушімен салық төлеу кезінде сезінетін осы «жай ғана» материалдық мұқтаждықтар, әр адамнан мемлекет өмірінде өзінің тарихи рөлін түсінуін қажет ететін басқа конституциялық міндеттерімен (Конституция мен заңдаманы сақтау,басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, ар–намысын сыйлау, отанын қорғау, тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқорлық жасау, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды қастерлеу міндеттері) салыстырғанда қарапайым тұрмыстық қажеттілік болып көрінуі мүмкін.

Бірақ, осыған қарамастан, салық төлеумен байланысты конституциялық міндеттің маңызын асыра бағалау қиын. Мемлекет пен қоғам әлі де өзінің тіршілігі мен қызмет жасауы үшін материалдық негізді қажет етеді. Солай бола тұра, олар осы мақсатпен адамның құқықтары мен бостандықтарының қолсұғылмауы туралы

қағидасына кері келіп, өзінің әрбір азаматын еркіне қарсы жеке меншігінен айырмас еді. Сондықтан да, мемлекеттік кірістерді қалыптастыру механизмі конфискациялау шарасын пайдалану арқылы жеке меншіктен айыру жолымен бармады. Және де қоғам мен мемлекетке қажетті көлемдегі қаржыларды, өзінің азаматтарынан – мемлекетіне арналған ерікті қайырымдылық әрекеттерін күту әлі бола қоймайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Салық заңдамасы тез дамып келеді. Қазіргі салықтар – бұл мемлекеттік кірістердің негізгі бөлігінің тұрақты, ұдайы қалыптасуының эффективті және жан–жақты құралы. Сонымен бірге, кірістердің осылайша қалыптасуы:

 біріншіден, өзінің түп негізінде саяси және конституциялық – құқықтық дәйектемеге ие;

 екіншіден, мемлекетте болып жатқан өз бетінше реттелетін экономикалық үрдістердің динамикасына тәуелді және;

 үшіншіден, мемлекетті табыс табу қайнар көздерін іздеуден босатады, мемлекет енді өзінң капиталының тәуекелді салымдарын жасамайды, ол тек қана минималды шығындармен салықтардың тұрақты келіп отыруын қамтамасыз етеді. Бұл салық жинаумен айналысатын мемлекеттік органдардың бюджеттік қамсыздандырылуы арқылы жүзеге асырылады.

Осы уақытта, мемлекет алдында салық жүйесінің эффективті қызмет етуін құқықтық қамтамасыз етілуінің механизмін құру мәселесі орын алады. Құқық –салық жүйесінің экономикалық құрылысы мен салықтарды жинау кезінде пайда болуы мүмкін барлық қатынастарды нормативті регламентациялау мәселелерін шешуге арналған.

Бүгінге, салықтар мен олардың қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету, қазіргі қоғамдағы ең кең тараған әрі өте жиі талқылауға түсетін тақырып. Және бұлай болуы әбден түсінікті. Салықтар, барлық әлеуметтік топтарды қоса алғанда және әрбір азаматты жеке қарастырған уақыттағы мүдделердің жиынтығымен сипатталады. Салықтар қазіргі мемлекеттің өмір сүруі мен қызмет етуінің материалдық негізін құрудың құралы болып табылады. Әлеуметтік бағдардағы мемлекет үшін салық – бұл барлық қоғам мүддесін біріктіретін әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландырудың қайнар көзі. Қорытындылай келе, салықтар – бұл салық төлеушіні оның қаржыларынан айыратын, ақшалай төлемдер. Салықтық құқық – қатынастардың қатысушыларының мүдделерінің өздерінің негізі бойынша қарама – қарсы сипаты, қазіргі күнде осы қатысушылар арасында белгілі–бір қатынастарды, келіспеушіліктерді туындатады. Сондықтан да, салықтық құқық – қатынастарды реттейтін құқық, осы қатысушылардың мүдделерінің «тұрақтылық» және «ойға қонымды үйлестіру» қағидаларына қарсы келмейтін нормалардың жиынтығынан тұру қажет.

Бүгінгі күнде, салықтарды орнату және оларды жинаумен байланысты мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселесіне көптеген теоретикалық ізденістер арналған. Салық міндеттемесі түсінігі қазақстандық салық құқығының жаңашылдығы болып табылады. Алғашқы қадам А.И.Худяковпен жасалды , кейіннен осы мәселеге арналған Республикамыздағы салық құқығы аясындағы жетекші маманның – Е.В.Пороховтың монографиясында орын алды. Қазіргі уақытта аталған монография Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішіндегі ең ірі әрі қызық ізденіс болып табылады.

Осыған қарамастан, материалдық салықтық құқық–қатынас ретіндегі салық міндеттемесі түсінігі, оның пайда болуы, қызмет етуі және тоқтатылуының негіздері, және оның орындалуының түсінігі мен орындалуының маңызды талаптары туралы мәселелер әлі күнге дейін өте аз зерттелген, және өзінің өзектілігін жоғалтпады. Керісінше, Республикамыздың сыртқы қатынастарының жаңа үрдіспен дамып келуіне орай олар жаңа халықаралық сипатқа ие бола бастады. Жоғарыда аталған түсініктер мемлекет азаматтарының салық төлеумен байланысты конституциялық–құқықтық міндетінің мазмұнын ашады, және нақтылай түседі. Осыған орай, мен өзімнің дипломдық жұмысымды жазу барысында аталған мәселелерді зерттеуге, және де салық міндеттемесінің орындалуының халықаралық аспектілерін ашуға тырысамын.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий