Шығыс Еуропа елдері мен Қазақстанның қазіргі қарым-қатынастары



Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………….6

1 тарау Қазақстан — Венгрия: тарихи байланыс және қазіргі ынтымақтастық

1.1 Қазақстан Венгриямен ынтымақтастығы серпінді ырғақпен дамуда………10

1.2 Барыс қоры………………………………………………………………………………………….18

1.3 Венгриядағы Қазақстандық қауым……………………………………………………….21

2 тарау Қазақстан – Польша қатынастарының қалыптасуы: мемлекетаралық саяси және экономикалық ынтымақтастық

2.1 Қазақстан мен Польша арасындағы экономикадағы жаңа салалардың инновациялары саласындағы ынтымақтастық және қазіргі заманға сай «қатынас жолдарын» жасау…………………………………………………………………………………………23

2.2 Мемлекеттер арасындағы мәдени саладағы байланыстар және поляк диаспорасы…………………………………………………………………………………………………..33

3 тарау Қазақстанның Шығыс Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынастары

3.1 Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы экономика және ғылыми-техникалық даму саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары………………………………………………………………………………………….38

3.2 Румыния – Қазақстанды өзінің Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі деп есептейді……………………………………………………………………………………………….47

Қорытынды……………………………………………………………………..56

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………..58

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кеңес одағының қол астында болған елдердің көпшілігі тәуелсіздік алғаннан бері әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешудің жаңа қадамдарын іздеумен және ендірумен айналысуда.

Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарында Шығыс Еуропаға көрнекті орын беріледі. Өтпелі кезеңдегі аймақтың елдері қайта құрылу жолына түсіп, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық мәселелерді шешуде айтарлықтай тәжірибе жинақтады. 1989 жылы басталған осы аймақта демократиялық мемлекеттер қалыптастыру процессі қазірде түбегейлі аяқталған.

Халықаралық қатынастар саласында Шығыс Еуропа елдері де, Қазақстанға да басты міндет — әлемдік қауымдастыққа бірте-бірте бейімделу. Қазақстанның осы мемлекеттермен екі жақты және көп жақты байланыстарының дамуы біздің еліміздің халықаралық сахнадағы ұстанымын нығайтатын бірден-бір фактор. Қазақстан үшін аймақтағы елдерді демократизациялау процессі, атап айтқанда, әлеуметтік және ұлттық мәселелерді шешу тәжірибесі, жаңа демократиялық институттарды құру және тоталитарлық-бюрократтық реттеу тәжірибесі маңызды. Өз кезегінде Қазақстандағы демократиялық құрылымдардың табысты жылжуы Шығыс Еуропа елдері тарапынан ел басшылығының саясатына сенім тудырады. Бұл фактор геостратегиялық орнымен, саяси тұрақтылығымен және табиғи ресурстарымен біріге келе Қазақстанды Шығыс Еуропа елдері үшін олардың Орталық Азия аймағындағы саяси және экономикалық мүдделерге көзқарасы тұрғысынан тамаша әріптесі. Технологиялар алмасуда, нарық іздеуде, серіктестікті дамытуда көңіл аудара отырып Шығыс Еуропа елдері Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінде маңызды орын алады.

Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері арасындағы ортақ мүдделердің бір көрінісі – Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен территориясы, географиялық жағдайы және пайдалы қазбаларының мол қоры жағынан ерекше орын алатындығы. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге қарағанда аймақтық беделінің ерекше екендігінің негізділігі. Табиғи мол байлығы және еліміздің Еуразиядағы геосаяси жағдайы, Қазақстан үкіметінің халықаралық қатынастардағы белсенді саясаты БҰҰ-ның құрамында, аймақтық ұйымдар шеңберіндегі нақты қадамдары көңілге сенім тудырады.

Шығыс Еуропа елдерінің нарығы, олардың әлеуметтік-экономикалық реформаларының тәжірибесі, Еуропадағы өскелең экономикалық және саяси салмағы, ішкі аймақтық мәселелерді шеше білуі Қазақстан үшін қызығушылық тудырады. Әңгіме экономикалық процесстердің түрлері мен әдістерін көзсіз көшіру туралы емес. Олардың тәжірибесі Қазақстанның халықаралық қатынастардағы жаңа тәсілдерді және әлемдегі геоэкономикалық ауысымдарды түсінуіне мүмкіндік береді.

Қазақстанның Еуропадағы аталған аймақтардың елдерімен байланысу қажеттігін байқай отырып, Қазақстан Еуразиялық геосаяси кеңістікті нығайтып, Азия мен Еуропа арасын байланыстыруда. Бұл жұмыста ішкі саяси қызметке, өзара пайдалы қатынастарды дамытуға жағдай жасауға басымдылық беріледі.

XXI ғасырға Шығыс Еуропа елдері нарықтық экономиканың мықты қорымен және жүйелі реформалармен кірді.Табысты реформаларға ықпал ететін ішкі саяси тұрақтылық, шетел капиталын аймақтағы елдерге тарту жағдайы мен кепілділігі, инвестициялар, технологиялар, туристер тарту жөніндегі ашық есіктер саясаты; кез-келген жобаға қызмет көрсетуге және несие ресурстары арқылы кең қызметті іске асыруға мүмкіндік беретін дамыған қаржылық инфрақұрылым; түрлі механизмдер арқылы экономикалық дамуды реттеу сияқты жүйелерге ерекше орын беріледі. Мұның барлығы Шығыс Еуропа елдерінің реформалық тәжірибесін зерттеу үшін талпынуға мүмкіндік береді.

Әрине, Орталық Азияның маңызды мемлекеттерінің бірі Қазақстан мен Шығыс Еуропа аймағының елдері бір-біріне қажет: Шығыс Еуропа-жаңа технологияларды экспорттау, Орталық Азияның ішкі нарығын меңгеру үшін трамплин жасау үшін; Қазақстан-экономиканың аса мұқтаж салаларына қажетті инвестиция, заманауй технологиялар тарту, өзінің сыртқы саудасын осы елдермен теңестіру үшін. Сондай-ақ, экономикалық даму үлгілерінің тәжірибесін зерттеу және Азия мен Еуропа арасындағы көпір болу қажеттілігі тұр.

Әрине, аймақтағы елдердің экономикалық даму үлгісін әспеттеудің қажеті жоқ. Олардың түрлі мәселелерге көзқарастарында айырмашылық болған және бола береді. Шығыс Еуропа үшін капитализмнің түрлі формасы тән. Венгрияда экономикалық шетел капиталы басты рол ойнайтын болғандықтан либералды капитализм. Польша капитализм дамуының итальяндық жолымен келе жатыр: концерндердің көпшілігі мемлекет билігінде, бірақ үлкен сектор шағын және орта фирмаларда. Чехия мен Словакияда француз жүйесі басым. Румыния мен Болгарияда латынамерикандық жүйеге ұқсас капитализм іске асырылуда.

Шетел инвесторларының иелігіне өнеркәсіпті үлкен және орта мекемелерді бере отырып, шағын және орта бизнестің өсуін реттей отырып Шығыс Еуропа елдері жаңа жоғары технологияларды меңгерді және меңгере бермек.

Жоғарыда айтылғандар елшіліктің аймақтағы елдердің тәжірибесін зерттеу, түрлі механизмдерді пайдалана отырып, екі жақты ынтымақтастықты дамыту арқылы реформалардың қозғалуына ықпал етуді қамтамасыз ету жұмыстарының бағытын анықтады.

Теміржол жүктерінің өтуіне жағдай жасаса, онда біздің еліміз өзінің көне қызметі- Ұлы Жібек жолын қайта қалпына келтіріп, көбейтеді. Орталық және Шығыс Еуропа Астанада өткен тасымалдау жөніндегі ТрансЕвразия конференциясына қатысуы осының тікелей айғағы.

Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері кең мағынадағы еуразиялық қауіпсіздіктің нығаюына ықпал ете отырып, жан-жақты, өзара пайдалы ынтымақтастықты құруға мүмкіндіктері мол. Бұл мүмкіндіктер тәжірибеде қаншалықты кең қолданылса, қызыққан тараптар соншалықты пайда алады.

Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара түсінісу шеңбері қанша кең болса, Қазақстанның әлемдік жүйеден мүмкіндіктерін пайдалана отырып және XXI ғасырдың шындықтарын пайдалана отырып алатын орны соншалықты жоғары болмақ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан мен Шығыс Еуорпа елдері арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салаларды арнайы зерттеген жұмыстар жоқтың қасы. Бұл тұрғыда осы мәселелер бойынша қысқаша мағлұмат беретін еңбектерді айтуымызға болады.

Қазақстан мен Венгрия арасындағы тарихи, саяси және экономикалық байланыстар жөнінде ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі С. Түрсыновтың кітабы жарық көрді.[1]

Қазақстандағы қыпшақтар жайлы С. М. Ахинжановтің «Кыпчаки в истории средневекого Казахстана» еңбегін айтуымызға болады.[2]

Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы қарым-қатынастар жөнінде мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектері бар. Бұл жөнінде ең алдымен Қ. Тоқаевтің «Под стягом независимости»[3] және «Қазақстан Республикасының Дипломатиясы»[4] «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации»[5] деген еңбектерінде жарық көрді.

Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихын зерттеу шеңберінде Познаньдағы А. Мицкевич атындағы университеттің профессоры М. Гавенцкийдің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Онда автор Қазақстандағы поляктардың тарихы мен бүгінгі жағдайы, Польшадағы қоғамдық ұйымдардың Қазақстандық поляктарға көрсеткен гуманитарлық, ғылым, білім саласындағы көмектері М. Гавенцкийдің тікелей біздің республикамызда жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жазылған.[6]

Польшадағы экономикалық реформалардың тікелей ұйымдастырушысы, оның пионері аталған Л. Бальцеровичтің еңбегінің деректік маңызы өте зор. Автор XX ғ. 80-жж. Соңындағы саяси дағдарыс, оның экономикаға тигізген әсері, экономикалық реформаның алғышарттары, себептері, осы реформаның іске асырылуына елдегі саяси себептердің кері әсеріне, рефоманың нәтижесі, системалық өзгерістерге ғылыми түрде талдау берген.[7]

Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихы мен өзіндік орны мәселесі зерттеуші Л. Исованың кандидаттық диссертациясында баяндалды.[8] Қазақстан мен Словакия және Румыния арасындағы саяси-экономикалық қатынастары «Приоритеты Казахстанской дипломатии на рубеже веков»[9] «Актуальные проблемы внешней политики Казахстана»[10] мақалалар жинағында басылды.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Тақырыптың зерттелу деңгейін саралай отырып және ондағы фактілерді жүйелей келе, дипломдық жұмысты жазуда төмендегідей мақсат алға қойылды: Қазақстан – Шығыс Еуропа елдері қарым-қатынастарының тарихи алғы шарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу және қамтып отырған салаларды анықтау. Жұмыстың міндеттері: Халықаралық аренада мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың дәйекті қалыптасуына тараптардың да мүдделер үндестігі негіз болатындығын анықтау. Елдердің саяси сферадағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастығының қалыптасуының қадамдары мен мемлекеттер қарым-қатынастарының принциптік, келісімдік құқықтық негізінің жасалу процесін саралау.

Венгрияның әлеуметтік салалардағы жүргізген реформасынан кейінгі қол жеткізген жетістіктерін саралай отырып, елімізге реформалар барысында тигізер үлесін көрсету.

Польша мен Қазақстан арасындағы қатынастардың қамтылмай жатқан сфераларын анықтау.

Методологиялық негізі. Жұмысты жүргізуде қазіргі кездегі сыртқы саясатта қолданып жүрген мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік мүдделері принципі методологиялық негізге алынды. Методологиялық тұрғыда алға қойған міндетті терең ұғынуда ҚР Президентінің, республиканың басқа да басшы қайраткерлерінің ғылыми еңбектерімен көптеген мақалаларын әртүрлі деректермен салыстыра қарау және талдау әдісінің де үлкен маңызы болды.

Хронологиялық шеңбері. 1992-2007 жж. аралығын қамтиды. Қос тарапты жүйе ыдырағаннан кейінгі мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық осы аралықта нақты нәтижелерге ие болды.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий