Шет мемлекеттердің Консулдық өкілдіктерінің құқықтық мәртебесі



Жоспар;

Кіріспе…………………………………………………………………………………..3

I. Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің Консулдық өкілдіктерінің құқықтық мәртебесі.

Шетелдік Консулдық өкілдіктерінің құқықтық жағдайларының жалпы тарихы мен сипаттамасы……………..6

Шетелдік Консулдық өкілдіктерінің өз азаматтарына қатысты негізгі қызметтері……………………….19

II. Қазақстан Республикасындағы шетелдік Консулдық өкілдіктерінің иммунитеттері мен артықшылықтары…………………..22

Қорытынды………………………………………………………………………….26

Сілтемелер…………………………………………………………………………..29

Қолданылған әдебиеттер мен нормативттік актілер………………30

Кіріспе.

Кеңес Одағы ыдыраған соң Қазақстан Республикасының егемендігінің құрылуы бастау ала бастады. Ең маңызды алға қойған мақсаты болып, сыртқы қатынастарды орнату және оларға қатысты нормативттік құқықтық статусын яғни функциясын орнату болып табылады.

Бүгінгі танда саяси сыртқы қызмет орган жүйесін құру толықтай аяқталды.

Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзі аумағында, дипломатиялық және консулдық қатынастарды дамыту жолында. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасы 800 аса мемлекет аралық және үкімет аралық шарттар мен келісімдерге қол қойылды.

Сол жылдардан бастап консулдық және дипломатиялық қатынастарын реттейтін мемлекеттің ішкі нормативттік құқықтық базасы дами бастады.

Қазақстан Республикасы мемлекет ретінде 117 мемлекет таныды, соның ішінде 92 елмен дипломатиялық қатынас орнаттық. Республикамызбен 40 шамасындай елшіліктер мен миссиялар, 16 халықаралық өкілдіктер жұмыс істеуде.

Қазақстан халықаралық тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде танылған күннен бастап, халықаралық қатынастары яғни халықаралық құқықпен реттеле бастады.

Халықаралық қатынастарды орнатуда, дипломатиялық және консулдық мекемелер маңызды орын алады.

Біз таңдап алған курстық жұмысты тақырыбы, Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің Консулдық өкілдіктерінің құқықтық мәртебесі атты сәл ғылыми жұмыстан біз, бір емес, бірнеше қызықты да, пайдалы да мәлеметтерді біле аламыз.

Әрине, бұл жұмыс барысында мен ен негізгі әдебиеттермен және нормативттік актілермен жұмыс істеймін. Мысалы, Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы жарлық, немесе әдебиеттер ішінде Блищенко, Ганюшкин еңбектерін көрсетуге болады. Жалпы алғанда, егер дипломатиядық өкілдіктер ең алдымен мемлекетаралық қатынастардың саяси аспектілермен айналысса, консулдықтар мемлекеттердің экономикалық, құқықтық және олардан туындайтын байланыстарды үзбеу және дамыту үшін құрылады.

Бір сөзбен айтқанда консулдық қатынастар арнайы келісім негізінде пайда болуы мүмкін.

Бұл жұмыстын негізінде күрделі әрі қақтығыстағы, даудағы толық шешілмеген мәліметтер мен деректерді қозғауым келеді.

Консулдық құқықтың өзі консулдық мекемелерінің қызметін, олардың құрам мүшелерінің мәртебесін, қызметтерін, құқықтар мен міндеттерін реттейтін халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығы. Яғни консулдық құқық халықаралық құқықтың бір саласы болып табылады.

Бұл курстық жұмыс екі негізгі бөлімнен және екі тармақшадан тұрады.

Ал негізгі консулдық мәселелер бойынша халықаралық көпжақты шарттардың ішінде үш негізгі консулдық конвенциялар бар. Олардың екеуі аумақтық сипатта 1911 жылғы консулдық міндеттер туралы Каракас Конвениясы және 1928 жылғы Консулдық Шенеуліктер туралы Гавана Конвенциясы, ал әмбебеп құжат ретінде 1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена Конвенцияына Қазақстан Республикасы 1993 жылы 31 наурызда қосылды.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий