ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ АУМАҚ



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….3

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ АУМАҚ ТЕОРИЯСЫ

1.1Халықаралық қатынастар теориясы………………………………………………………..5

1.2Халықаралық құқықтағы аумақ ұғымы және оның түрлері………………………6

1.3Халықаралық қатынастағы шекараларға қатысты қағидалар………………….10

ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ АУМАҚ ЖӘНЕ БАСҚА КЕҢІСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1Халықаралық қатынаста мемлекеттік шекаралар мәселесі……………………..13

2.2 Антарктика мен Арктиканың халықаралық құқықтық режимі………………16

2.3 Халықаралалық өзендер мен бұғаздар………………………………………………….18

ІІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУМАҚҚА ҚАТЫСТЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Аумақтық дауларды шешу әдістері………………………………………………………21

3.2 Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары…………………………….27

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………………………..31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………………………………….32

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі

Бүгінгі курстық жұмысымның тақырыбы – халықаралық қатынастардағы аумаққа қатысты проблемаларды шешу.

Халықаралық қатынастар теориясы — ортақ заңдылықтарға негізделген құрылымдары бар халықаралық қатынастар жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын зерттейді.

Халықаралық қатынастар әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы қатынастар ретінде қалыптасады, өмір сүреді және жұмыс істейді. Халықаралық қатынастар алуан түрлі: мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, қоғамдық және зияткерлік, т.б. күштер әртүрлі деңгейде (жаһандық, өңірлік, көп жақты және екіжақты) түйісетін және өзара әрекет ететін кеңістік болып табылады.

Халықаралық деңгейдегі саяси іс-әрекет бүтіңдей бір мемлекет пен халықтың тағдырын айқындайды. Демек, қазіргі әлем бір-бірімен өзара байланысқан көптеген халықтар мен мемлекеттердің күрделі жүйесі болып саналады. Олардың арасында түрі мен мазмұны әртүрлі қатынастар болады. Әлемдік саяси процестің негізгі субъектісі — халықтар. Халықаралық қатынастардың субъектілері — мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ұлтаралық корпорациялар, солтүстік құрылымдар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, жеке адамдар.

Аумақ ұғымының халықаралық кұқықтағы кең мағынасы жер шарының құрлық және су айдынын, жер асты қойнауы мен әуе кеңістігін, сондай-ақ ғарыштық кеңістік пен ондағы аспан денелерін білдіреді.

Негізгі түрлеріне қарай барлық аумақ (территория) мынадай үш типке бөлінеді:

• мемлекеттік аумақ;

• халықаралық аумақ;

• аралас режимді (конвенциялык) аумақ.

Аумақтық проблемалар тұтастай алғанда кең ұғым, оған аумақтық шектеулер мен аумақтык режимдер мәселелері кіреді. Аумақтық шектеулерге: аумақтық даулар, халықтар мен ұлттардың өз тағдырын өзі шешуі; мемлекеттік аумақтың қол сұғылмаушылығы мен тұтастығы шекаралас мемлекеттердің арасындағы келісім бойынша және халықаралық құқыққа сәйкес континенттік қайраң мен экономикалық аймақтардың шекараларын бекіту жатқызылады. Аумақтық режимдерге: аумақтық тәуелсіздік және аумақтық юрисдикция, шетел аумағынан транзиттік өту, мемлекеттер келісімімен құрылған арнайы аумақтық режимдер және басқа да мәселелерді жатқызуға болады.

Мемлекеттік шекаралар мемлекеттік аумақтардың шегін белгілейді және олардың негізгі мәнінің өзі сол болып табылады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы дегеніміз Қазақстан аумағының шегін — құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін үстіңгі қабаты» — бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы 1993 ж. 13 қаңтарындағы заңының 1 -бабының 1 — тармағында берілген анықтама, ол көпшілік таныған халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

Мемлекет аумағын құрлық, су және әуе кеңістігі шекаралары деп бөледі. Құрлыктағы шекаралар, әдетте, жергілікті жердің жер бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып белгіленеді (таулар, өзендер және өзге де сипаттық белгілері) және орографиялық шекаралар деп аталады. Кейде олар екі нақты нүкте арасындағы түзу сызықтар бойынша (астрономиялық шекаралар) белгіленеді.

Тақырыптың зерттеу мақсаты: Осы заманғы қатынастардағы аумақтық мәселелердің қандай маңызы барын білу, халықаралық қатынастағы аумақты өзгерту әдістерімен танысу, аумақтық дауларды шешудің әдістерімен, халықаралық қатынастың проблемаларымен жақынырақ танысу.

Тақырыптың зерттеу міндеттер:

— халықаралық қатынастар ұғымына түсінік беру;

— халықаралық қатынастағы аумаққа, оның түрлеріне тоқталу;

— халықаралық қатынастағы шекараларға қатысты қағидалармен таныстыру;

— халықаралық қатынастағы шекаралар мәселелерін көтеру;

— аумақтық дауларды шешу жолдарын қарастыру;

— қазіргі халықаралық қатынастағы проблемаларға тоқталу.

Тақырыптың зерттеу кезеңдері:

— жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттер жинақтау;

— әдебиеттерді негізге ала отырып, тақырыптық жоспар жасау;

— құрылған жоспар бойынша теориялық бөлімді жазу;

— жұмыстың өзекті мәселелерін жетілдіру жолдарымен анықтау.

Жұмыс барысында халықаралық қатынастардағы аумаққа қатысты проблемаларды шешуде отандық және шетелдік авторлардың педагогикалық еңбектері, мерзімді басылымдар қолданылған. Отандық авторлар ішінде Ж.Құлжабаева, С.Абдулпаттаевтың редакциясы бойынша жазылған оқулықтар қолданылды.

Курстық жұмысымыз үш тарауды қамтиды. Бірінші тарауда халықаралық қатынастағы аумақтың түрлеріне, халықаралық қатынас теориясына, шекаралар жөнінде қағидаларға жауап аламыз. Екінші тарауда халықаралық қатынастарда шекара, шекара мәселелері, Антарктика мен Арктиканың халықаралық құқықтық режимі, халықаралалық өзендер мен бұғаздардың аумақтық қатынастарына байланысты мәліметтер алатын боламыз. Ал, үшінші тарауда халықаралық қатынастағы аумақтық даулардың шешу әдістерімен, халықаралық қатынастың қазіргі проблемалары жайында кеңінен айтатын боламыз.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий