Францияның саяси жүйесі: Президент институты



Жоспар:

І. Кіріспе.

1. Францияның саяси жүйесі.

2. Президент институты.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Президент институтының күшеюі. Шарль де Голь.

2. 1958 жылғы Конституция

3. Француз Республикасындағы Президенттің статусы.

4. Францияның Президенті мемлекеттік органдардың
иерархиясындағы ең жоғарғысы ретінде.

ІІI. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

I . К І Р І С П Е

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі келесі жағдайлармен анықталады. Басқару нысаны конституциялық құрылыстың негізгі, өзекті элементі және әрбір ұлт үшін тарихи таңдау жасау мәселесі болды және болып келеді, өйткені басқару нысанын таңдау көп жағдайда саяси дамудың барлық әрі қарайғы бағытын, ал жиі жағдайда бүкіл тарихи кезеңнің демократиялық тағдырын айқындайды. Кейде мұндай таңдау жасау елдің «тұрып қалған» конституциялық-құқықтық және саяси дәстүрімен жойылған, және бұл жағдайдың қоғам бөлінуінің сызығына және әртүрлі саяси күштердің шиеленіскен қарсыласу затына айналған уақыттары сирек болған жоқ. Басқару формасы комплексті конституциялық-құқықтық институт болып табылады және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары жүйесін және олардың өзара әрекеттесу әдістерін көрсетеді. Осылайша біз, басқару нысаны жайлы сөз қозғағанда біз тек республикалық немесе монархиялық құрылыс жөнінде айтпаймыз, алайда олардың әрқайсысының нақты түрі туралы айтамыз: президенттік, жартылай президенттік, парламенттік және тағы басқа республика, абсолюттік, дуалистік, конституциялық монархия.
Президент азаматтардың жалпыға ортақ дауыс беру арқылы сайланады, бұл оған оның Парламенттен тәуелсіздігін және іс жүзінде мемлекеттік-саяси өмірде айтарлықтай рөлін қамтамасыз етеді. «Таза» парламенттік жүйеде Президент мұндай мүмкіншіліктерге ие бола алмайды.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты. Қазіргі кездегі Франиядағы президенттік басқарудың саяси аспектілерін талдау, 1958-жылғы Конституцияның артықшылықтары мен кемшіліктеріне анализ жасап көру, президент және президент институтының Францияның саяси жүйесіндегі орнын және ролін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері :
1) Францияның саяси жүйесіне қысқаша тоқталу;
2) Бесінші республика орнағаннан кейін президент билігінің кеңейген жақтарын көрсету;
3) 1958-жылғы Конституцияға сипаттама беру;
4) Француз республикасы президентінің жоғарғы статусын айқындау;
5) Президент институтының Францияның саяси жүйесіндегі орталық органы ретіндегі маңызын ашу;

Курстық жұмыстың шолушылық сипаты, сондай-ақ мемлекеттік жүйелердің даму динамикасын ашатын және көрсететін зерттеу объектілерінің көптігі есепке алынып, біздің курстық жұмыстың негізгі зерттеу әдісі тарихи әдіс болады. Бұл жұмыста қазіргі заманғы конституциялық жүйелер мен құжаттарды алдыңғы кезеңдердегі сәйкес жүйелер мен құжаттармен салғастыру топшыланады.
Келесі маңызды әдіс, зерттеу объектілерінің көптілігі ескеріліп, статистикалық әдіс болып табылады. Конституциялық қайта құрулар және конституциялық дамудың заңдылықтары мен әр түрлі тенденциялары сандық көрініске ие болады. Бұл сандар жиі жағдайда қайшылық сипатқа ие болады.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий