Ресей мен Еуропалық Одақ



Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..6

1 тарау Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси қатынастар………………….9

1.1 Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар: тарихи және теориялық аспектілері …………………………………………………………………………………………………….9
1.2 Стратегиялық әріптестік мәселелері…………………………………………………………16
1.3 Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы ортақ саяси кеңістік……………………19

2 тарау Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экономикалық қатынастары…………………………………………………………………………………………………30

2.1 ЕО-Ресей ортақ экономикалық кеңісітігінің құру мәселелері……………………30
2.2 ТАСИС бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақтың Ресейдегі жүргізілген іс-әрекеттері………………………………………………………………………………………………….39
2.3 Ресей мен Еуропалық Одақтың экономикалық қарым-қатынасының өзекті мәселелері……………………………………………………………………………………………………51

Қорытынды………………………………………………………………………………………………….60

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………62

Қосымша……………………………………………………………………………………………………..64
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ресей мен ЕО қатынасы бүгінде Халықаралық қатынастарда өзекті және маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ресей мен Еуропалық Одақ қатынастарының дамуын әлемдік ақпарат құралдары сонымен қоса әртүрлі елдердің саяси және кәсіпкерлік элиталарына дейін бақылап отыруда. Негізінен осы екі мемлекеттік құрылыс Еуропаның болашақ саяси және экономикалық дамуын анықтайды. Осы екеуінің арасындағы қатынас қалай болуына байланысты үлкен геосаяси алаңда күштер орналасуы анықталады.
2007 жылы ЕО пен Ресей арасындағы қатынастың негізгі құжатты болған Әріптестік және Ынтымақтастық Келісімінің мерзімі аяқталды. Бүгінге дейін ешқандай жаңа келісім немесе сол келісімді жалғастыру жөнінде шешімдер қабылданбады. Әлем елдерінің саясаткерлерін ендігі жерде бұл екі алыптың арықарай қатынасы қай бағытта дамуы мүмкін, бұл әлемдік саяси күштердің орналасуына қандай әсер берер екен деген сұрақ мазалауда.
Кеңес Одағының күйреуінен соң Еуропа картасында ондаған жаңа мемлекеттер пайда болды. Алайда сонымен бір уақытта еуропа ішілік кеңес тобындағы елдер мен Батыс Еуропа елдері арасындағы шиеленіс жоқ болды. Еуропалық Одақ, НАТО, ал осы саяси институттар артында тұрушы Америка Құрама Штаттары жарты ғасыр бойы созылған «суық соғыста» жеңіске жетті . Жаңа саяси және экономикалық кеңістік құру кезеңі басталды. Ендігі жерде барлық қарсыластар өзара әріптестік жасауға мәжбүр еді. Бірақ белгілі бір өзара түсініспеушілік және осының артынан болатын Ресей мен ЕО арасындағы кикілжің жағдайлар бүгінге дейін болып отыр. Осы жағдай жаңа полиполярлы саяси кеңістік құру үрдісінде көрініс табуда.
Еуразиялық құрлықта екі негізгі ойыншы: әлеуметтік экономикалық дамыған ЕО және барлық пайдалы қазбалар түріне ие Ресей, сондай-ақ тағы екі одақ геосаяси масштаптағы ойыншылар: Үндістан және Қытай. Еуропада, әрине тек ЕО пен Ресейғана орналасқан. Ресей Федерациясы мен ЕО арасындағы қатынас әр уақытта жақсы бағытта дамымайды. Бұл екі мемлекет бір бірімен қатынаста болуға мәжбүр болуына қарамастан, көбінесе бұл қатынастар кедергілермен тосқауылдарға ұшрай береді. КСРОның құлауынан соң, Еуропалық Одақ, Ресейдің әлсіздігін пайдалана отырып, Шығысқа қарай көбірек жылжыды, соңында, тіпті ЕО пен НАТО құрамына бұрынғы Кеңес Одағының үш республикасы мүше болды: Латвия, Литва және Эстония. Олармен содан соң бір қатар саяси шиеленістер болады. Тәжрибе көрсеткендей, Ресейге кері көзқараста болып отырған ЕОтағы бұрын Шығыс және Орталық Еуропада Кеңес Одағының өкілі болған елдер. Бұл өз кезегінде өтпелі кезең болып, алайда қазір Еуропа елдерімен қатынас орнатуда назарға алатын жағдай. Алайда барлық мәселелерді саяси жолмен шешу қажет.
ЕО елдерінде Югославияның кері тәжрибесі бар, ол 90-жыл соңында Ресеймен қатынасты шиеленістірген болатын. Ал Ресейде бұл уақытта шешен шиеленісі бар болатын. Соған қарамастан қатынастарда алға басушылық болуда. Ең алдымен бұл экономикалық салаға қатысты. Осылайша, Еуропа Ресейден тұтынып отырған газының 44% алады, ал Ресейдің өзі үшін ЕО елдеріне бұл өнімнің жеткізілуі оның жалпы экспорт көлемінің 67% құрайды. Энергетикалық тәуелділік есебінен Ресей мен ЕО арасындағы қатынастар ұзақ мерзімді және орта мерзімді перспективаларда тұрақты болып қала береді. 2010 жылы Балтық теңізінің астымен Солтүстікеуропалық газ құбыры іске қосылатын болады; ол Ресей мен ЕО-тағы негізгі ойыншы – Германияны оданда тығыз қарым-қатынасқа әкелмек.
Сонымен бір уақытта, ресейлік лидерлер еуропалық әріптестермен ірі компаниялар активтерін алмасу арқылы қатынасты одан әрі тереңдеткісі келеді. Олар еуропалықтарға ресейлік өндіруші активтерінің бір бөлігін алуына мүмкіндік беруге дайын, алайда оның есесіне ЕО елдеріндегі орналастырушы және өндірістік компанияларда өз үлесін алғысы келеді. Олардың ойынша мұндай шарттар әділетті және олар үшін қатаң күреспек.
Ресей мен ЕО кейінгі стратегиясын анықтау қажет, яғни олар қалай қарым қатынас орнатады: қалай екі потенциалды одақтар ортақ мүдделері ғана емес, ортақ құндылықтар, проблемалар, қарама –қайшылықтармен , немесе қалай екі басқа –басқа саяси субъектілер жеке мәселелермен тар салалар бойынша әріптесуге дайын ба? Ресей мен ЕО арасындағы жалғасушы белсенді қатынастарға және олардың халықаралық қауіпсіздіктен энергетика салаларда тәуелсіздігіне қарамастан бүгінде ең көп талқыланатын мәселе екі әріптестер арасындағы қатынастың дағдарысы. Осы мәселелердің барлығы тақрыптың өзектілігін арттыра түседі.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Тақрыпты ашу барысында деректемелік негіз бірнеше топқа бөліп қарастырылды.
Құжаттар және еуропалық конституциялық құқық. Оған мысал ретінде Ресейлік веб сайттандағы РФ СІМнің № 614 Құжатты, «Конституциялық құқық» журналынан алынған Кашкинннің мақаласындағы Еуропалық Одақ Конституциясы.
Халықаралық Конференция мәліметтері Кацыйдың ресейлік веб сайттаға «Ресей үлкен Еуропада» деген мақаласында. Кругловтың «Вопросы экономики» журналында 2002 жылы 15-16 ақпан Туринде өткен Ресей мен Еуропа кәсіпкерлерінің 4-ші басқосулары.
Баспасөз беттерінде қазақстандық, ресейлік зерттеушілерінің мақалалары: «Аналитик» журналында Ибрашевтің Еуропалық құрлымының күрделене түсуі жөнінде, Арбатов, Байков, Пашковский және басқада көптеген зерттеушілердің «Мировая экономика и Международные отношения» журналындағы Ресей және Еуропалық Одақ экономикалық, саяси қатынастары туралы мақалалары.

Жұмыстық мақсаты мен міндеті. Ресей мен Еуроодақ тың арасындағы қатынастың халықаралық қатынастар мен әлемдік экономикада біршама маңыздылығын және үлкен әсері бар екенін көрсету. Осы мақсатқа сәйкес төмендегіндей міндеттер қарастырылады:
— Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси қатынастар
— Ресей мен Еуропалық Одақ қатынастарының тарихи және теориялық аспектілері
— Стратегиялық әріптестік мәселелері
— Еуропалық Одақ пен Ресей арасындағы ортақ саяси кеңістік
— Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда- экономиаклық қатынастар
— Ресей – Еуроодақ ортақ экономиаклық кеңістігін құру мәселелері
— ТАСИС бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақтың Ресейдегі жүргізілген іс-әрекеті
— Ресей мен Еуропалық Одақтың экономикалық қарым- қатынасының өзекті мәселелері.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралады. Бұл тақырыпты зерттеуде екі негізгі тарауға бөліп қарастырдым. Алғашқы тарау – Ресей мен ЕО арасындағы саяси қатынастар деп аталып, онда мынадай бөлімдер қарастырылған: Ресей мен ЕО арасындағы қатынастар: тарихи және теориялық аспектілер, Стратегиялық әріптестік мәселелер, Ресей-ЕО арасындағы ортақ саяси кеңістік. Екінші тарау Ресей мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық қатынастар. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады: ЕО – Ресей ортақ экономикалық кеңістіктіқұру мәселелері, ТАСИС бағдарламасы бойынша ЕО-тың Ресейдегі жүргізген іс-әрекеттері, Ресей – ЕО экономикалық қатынастарының өзекті мәселелері.
Ғылыми жаңалығы. 1997 жылы жасалған Әріптестік және Ынтымақтастық Келісімі мерзімі 2007 жылы бітті-бұл осы күнге дейін әріптестер қатынасын белгілейтін жалғыз құжат болды.Ендігі жерде жаңа жоба қажет.Көптеген ұсыныстар жасалуда. Осылардың тиімдісі рет Жұмыстың қорытынды бөлімінде жалпы тақырыпты және жасалған жұмысты тұжырымдап, жұмысқа түйіндеме жасалынған. Ресей мен ЕО арасындағы маңызды экономикалық әріптестік аспектісі ретінде Ресей мен Францияның бір топ экономисттері қаржыгерлер және саяси өкілдер дайындаған «Ресей жобасы» алынған. Жобаның авторларының айтуынша ,оның алғашқы мақсаттарының бірі Ресейдің ифрақұрылымын қайта құру мен коммуналдық қызметтер саласында болуы мүмкін еді. Бұл оның Еуропалық деңгейге жетіп қалуға және Ресеймен ЕО арасында ортақ еуропалық экономикалық кеңістік құруға шарттар туғызатын еді . Бағдарламаның жүзеге асуы Ресей үшін үлкен маңызға ие болатын еді. Экономиканың құрлымдық қайта құрылуына басты қадам болатын еді және Ресейлік пен шет елдік жеке тікелей қаржы құрлымдық салмақты пайда үшін материалды шарттар туғызуы мүмкін. Бұл денсаулық саласымен білім беру саласында түпкілікті өзгерістерге, яғни ресейліктердің өмір сүру деңгейінің жоғарлауына алып келетін еді [12, 4].
«Ресейлік жобаның» мақсаты құрлымдық қайта құрлымының алғашқы деңгейін белгілеу, ең алдымен халықтың денсаулығын қорғауға қатысты және ауруханалар мен емханаларды қазіргі деңгейдегі медициналық жабдықтармен қамтамсыз ету , халықты компьютерлік сауатсыздықтан арылту мақсатында ең алдымен ауылдық жерлерде жаппай мектептерді компьютерлеу.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий