Оңтүстік Азияның қауіпсіздік мәселелері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қауіпсіздікті зерттеудің негізгі әдістері
1.2. Аймақтық геосаяси қауіпсіздік

ІІ БӨЛІМ. ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК АЗИЯЛЫҚ АЙМАҚ: ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР
2.1. Мемлекеттердің аймақтың жүйесінің қазіргі жағдайы
2.2. Кашмир мәселесі Оңтүстік Азиядағы қауіпсіздікті тұрақсыздандырушы фактор ретінде

ІІІ. ОҢТҮСТІК АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЯДРОЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Аймақта ядролық мәселенің пайда болу себептері
3.2. Үндістан мен Пәкістанның ядролық бағдарламалары

КІРІСПЕ

Кез-келген мемлекеттің әлемдік саяси иерархиядағы орны бірнеше факторларға тәуелді: тарихи, өркениетті-мәдени, геостратегиялық, әлеуметтік және экономикалық. Соңғы факторды дәл есептеуге болады, бұл жағдай жеке елдердің сәйкесінше сипаттамаларын салыстыруға мүмкіндік береді. 90-жылдардың басында КСРО жалпы ішкі өнім көлемі бойынша АҚШ пен Жапониядан кейін үшінші орында болған. 90-жылдардың ортасына қарай бұл қатынас түбегейлі өзгерді, алғашқы төрттіктің қатарына АҚШ, Қытай, Жапония мен Германия енді, ал бесінші орынға Үндістан шықты. Жалпы әлемдегі күштер қатынасы соңғы он жылдықта Батыстың дамыған мемлекеттеріне қарағанда өсімнің жоғары қарқынын көрсеткен Азия елдерінің пайдасына өзгерді. Жалпы Азия мемлекеттеріне, жеке алғанда Оңтүстік Азия елдеріне деген қазіргі таңдағы ғылыми және тәжірибелік қызығушылық та осы жағдаймен түсіндіріледі.
Әлемдегі өзгерістер қырғы-қабақ соғысы уақытынан қалып қойған көпсанды шиеленістер мен мәселелер төңірегінде жүріп жатыр. Оңтүстік Азиялық субконтинент мемлекеттерінің тәжірибесі көрсеткендей бұл шиеленістерді шешу тез әрі оңай емес. Оңтүстік Азия аймағы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі Нью-Йорктағы қайғылы оқиғалардан кейін әлем назарын өзіне тағы аударды. Бұл актілерге Ауғаныстан мен Пәкістанның қатысы бар деген айып тағылды. Айып таққан Ауғаныстанды бомбалаған АҚШ-тың өзі. Алайда бұған дейін де АҚШ, Жапония және батыстың өзге державалары Үндістан мен Пәкістанға қарсы экономикалық санкциялар енгізетіндігін жариялаған болатын. Халықаралық саяси және қоғамдық орталар екі ел арасындағы ядролық шиеленіс перпективалары жөнінде уайымдап, бұл мемлекеттерді өздерінің ракета-ядролық потенциалын одан әрі жетілдіруден бас тартуға шақырды.
Бұл жұмыста қарастырылатын мәселенің өзектілігі Оңтүстік Азиядағы қауіпсіздік мәселелерінің шешілмеуі мен аймақтағы қарулану жарысының жалғасуында жатыр. Соңғысының Оңтүстік Азиялық аймақтың екі ең ірі державалары Үндістан мен Пәкістанның аймақтық сыртқы саясатына этносаяси шиеленісті потенциалы әсер етеді. Аймақ елдер мен одан тыс мемлекеттер бақылаушылары мен сарапшылары Оңтүстік Азияның болашағы, оның халықаралық өзара әрекет ету жүйесіндегі орны, жергілікті және аймақтық қауіпсіздік үшін аймақта орын алып жатқан оқиғалардан келер қауіпті әр түрлі бағалауда. Корей түбегімен қатар Оңтүстік Азия да ең қауіпті ареалдар қатарына жатады, жақын перспективада мұнде ядролық шиеленіс туындау қаупі бар деген пікір де айтылды.
Аймақтағы ахуалға өзге көзқарас бойынша, Үндістан мен Пәкістан арасында, яғни аймақтық келіспеушіліктердің негізгі осі бойынша әскери-стратегиялық және саяси-психологиялық тепе-теңдікке қол жеткізілді. Бұл аса қауіпті шиеленістің туындау қаупін азайтып, ынтымақтастық пен өзара әрекет зонасын кеңейтуге жағдай жасамақ. Екі көзқарас та арнайы сараптамалық әдебиеттер мен бұқаралық ақпарат көздерінде көрініс тапқан. Оңтүстік Азиядағы оқиғалар қалай дамитындығы әлемдік қауымдастыққа бәрібір емес. Өйткені олар тек аймақтық емес, аймақтан тыс, ғаламдық қауіпсіздікке де әсер етпек. Оңтүстік Азиядағы геосаяси жағдайдың даму мәселесінің бүгінгі таңда саяси, тәжірибелік және ғылыми-сараптамалық мәні зор.
Бұл әлемдік қауымдастық елдерінің аймақтың жетекші мемлекеттерінің бірқатарымен әр түрлі байланыстарын дамытуға, ол елдердегі өз ықпалы мен экономикалық ұстанымдарын бекітуге мүдделі. Сондықтан да олармен қарым-қатынас мақсаттары қаншалықты деңгейде қарама-қарсы емес, көпжақты негізде өзара әрекет етуді жоспарлауға бола ма, аймақтық шиеленістерлі реттеуге және аймақта қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың мықты жүйесін құруға сырттан көмек беру мүмкіндігі бар ма екендігін білу маңызды.
Оңтүстік Азия аймағындағы аймақтық ынтымақтастық жалпы тұрғыда қарама қарсылықпен де, сенім шараларын орнатумен де сипатталады. Оңтүстік Азия мемлекеттерінің моғол және британдық билік кезінде тауар, еңбек пен капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз еткен бірегей экономикалық зонасы болды. Әлі күнге дейін ұйымдасушылық тұрғысында көптеген ортақтықтар сақталуда. Бұл Оңтүстік Азиядағы аймақтық интеграция потенциалын тезірек пайдалануға мол мүмкіндік береді. Оңтүстік Азиялық аймақта аймақтық мемлекеттер арасындағы қатаң қарама-қайшылық, халықаралық және аймақтық ұйымдардың белсенді рөлі, сауда мен экономикадағы ынытмақтастық, мүдделердің әлеуметтануы мен шиеленісі тоғысқан.
Зерттеудің мақсаты – ІІІ мыңжылдықтың басындағы Оңтүстік Азия аймағының қауіпсіздігі саласындағы өзаратәуелділік тенденциялары мен тарихи шарттарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
 Қауіпсіздікті зерттеудің негізгі жолдарын анықтау;
 Аймақтық геосаяси қауіпсіздіктің мәнін ашу;
 Мемлекеттердің аймақтың жүйесінің қазіргі жағдайын сараптау;
 Кашмир мәселесін Оңтүстік Азиядағы қауіпсіздікті ұрақсыздандырушы фактор ретінде талдау;
 Аймақта ядролық мәселенің пайда болу себептерін анықтау;
 Оңтүстік Азияда аймақтық қауіпсіздік тетіктерінің қалыптасу үрдісін, аймақтық қауіпсіздік ерекшеліктерін анықтау және зерттеп-тану.
Зерттеу объектісі – Оңтүстік Азияның қауіпсіздік мәселелері.
Зерттеу пәні қауіпсіздік мәселесінің әскери-саяси, экономикалық, конструктивтік аспектілері, Оңтүстік Азияның халықаралық аймақтық институттар шеңберіндегі ынтымақтастығы болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін реализм, либерализм мен конструктивизм шеңберінде қалыптасқан көзқарастар, олардың Оңтүстік Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын зерттеуде қолданылу ұстанымдары құрайды. Зерттеу ортасында Оңтүстік Азия мемлекеттерінің аймақтық саясаты, аймақтық және халықаралық сипаттағы қауіпсіздік мәселелері орын алған, сәйкесінше жұмыстың негізгі элементтері реализм, либерализм мен конструктивизм теорияларының қауіпсіздік, ынтымақтастық концепциялары, Оңтүстік Азия мемлекеттері (Ауғаныстан, Үндістан және Пәкістан), халықаралық аймақтық институттар (ЭЫҰ, СААРК) болып табылады. [1].
Бұл жұмыста Оңтүстік Азияның қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін зерттеу талдау үшін сараптамалық шегі ретінде халықаралық қатынастар теорияларының барлық спектрінен үш негізгі теория таңдалған [2].
Реализм теориясының бекітуінше, мемлекеттер тек қатаң конфронтацияда ғана тірі қалады, өздерінің ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделерін қамтамасыз етеді. [3]. Халықаралық қатынастарды зерттеуде реализмнің дамуы оның элементтерінің тәртібін реттейтін принциптерден құралған құрылымның қалыптасуына әкелді. [4].
Либерализм теориясы экономикалық ынтымақтастық пен өзара тәуелділікті дамыту қажеттілігі бейбітшілік пен қауіпсіздікке әкеледі дейді. [5].
Конструктивизм жақтаушылары мемлекеттер арасындағы қатынас идеялар мен қабылдауларға негізделеді дейді. Қабылдау нәтижесінде мемлекеттердің мүдделеріне әсер ететін ұқсастық қалыптасады. Идея конструкт өнімі болып табылады. [6]. Зерттеудің эмпирикалық базасы контент және ивент анализдерді қолдану негізінде құрылады. Зерттеудің қайнар көзі болып табылатын мәліметтер талдаудың объектісіне айналды. Жұмыста салыстырмалы саяси және тарихи анализ әдіснамасы қолданылады.
Зерттеудің хронологиялық шектері 2001-2010 жылдар аралығы болып табылады. Бұл кезеңде аймақтық және аймақаралық қауіпсіздік қамтамасыз ету тетіктерінің қалыптасу үрдісі жүрді. 2001 жылы Ауғаныстанда аймақтық саясатты қайта қалыптастыруға негіз болған ішкі өзгерістер жүзеге асты. Бұл уақыттан бастап, аймақ мемлекеттері Ауғаныстанды қайта құру жұмысына қатыса бастады. Осылайша, мемлекеттің аймақаралық мәселелерге тартылуында алғашқы қадамдар жасалынды. 2000 жылдың басында Оңтүстік Азия аймағында қауіпсіздік саласында өзара сенім шараларын нығайту үрдістері басталды. Бұл үрдістер қазіргі кезеңге дейін жалғасуда. Дегенмен де, бірқатар мәселелерді сараптау үшін көрсетілген шектен тыс жатқан оқиғалар да қарастырылады.
Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Оңтүстік Азиядағы қауіпсіздік мәселелерімен С. Гангули (S. Ganguly), Варикоо (Warikoo), А. Патнайк (A. Patnaik), И. Банерджи (I. Banerjee), Н. Джоши (N. Joshi), М. Рой (M. Roy) (Үндістан), М. Дуррани (M. Durrani), А. Кази (A. Kazi), П. Чеема (P. Cheema), А. Кхауджа (A. Khawaja) (Пакистан), М. Азиз (M. Aziz) (Ауғаныстан), С. Лунев, С. Коэн (S. Cohen) секілді зерттеушілер айналысады. Олардың еңбектерінде ерекше назар үнді-пәкістан қарым-қатынастары, ядролық қару, аймақтық қауіпсіздік үндеулері мен сенім шараларын нығайту тетіктеріне аударылады.
Көпполярлы әлем дамуының қазіргі кезеңінде бір де бір мемлекет оқшауланып дами алмайтындығы белгілі.
Танымал Ресей ғалымы Я.Белокриницкийдің Оңтүстік Азия әлемнің шиеленіс ошақтарының ішіндегі ең қауіптісі деп есептеуі негізсіз емес. Бұған бір себеп Кашмир мәселесі, ол ядролық қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін жаңа қарулы шиеленістің қайнар көзі болуы мүмкін. [7]
Қазір бұл мәселе, бәсекелес елдердің екеуінде де жаппай қырып-жою қаруларының болуын ескерсек, бүкіл әлемдік қауымдастықты мазалып отыр. Әлем соңғы жарты ғасырда үш үнді-пәкістан соғысының куәсі болғандығы мәлім. Кең көлемді әскери операциялар тек шиеленістің екі жағы, емес сондай-ақ бүкіл әлем үшін қауіпті төртінші соғысқа ұласып кетпеуіне ешкім кепіл бере алмайды, оның үстіне, өткен күндерге қарағанда, енді сөз екі ядролық мемлекет туралы болмақ. Қазіргі уақытта соғыс құны өте жоғары. Үндістан мен Пәкістан оған қаншалықты дайын? Мәселенің бәрін бір ядролық соққымен шешіп тастауға қызығып кетпей ме екен? Екі мемлекеттің бұндай ессіз қадамдар жасамауы үшін, әлемдік қауымдастық бар күшін салуда.
Үнді-пәкістан қарым-қатынасы тақырыбына ұстанымдары әр түрлі көптеген ғалымдар мен сарапшылар өз еңбектерін арнады. Әсіресе, 90-жылдардың басында Кашмир төңірегіндегі жағдайдың күрт ушығуымен байланысты Үндістан тарихы мен Кашмир мәселелесі туралы шешімге деген қызығушылық артты. Жаңа-жаңа жұмыстар – ғылыми зерттеулер мен мақалала пайда болуда, оларда авторлар өзінің саяси ұстанымдарына сәйкес, Кашмирдің Үндістанғы қосылуының заңдылығы не заңсыздығы туралы дәлелдеулер келтіруге тырысқан. Осы мақсатпен мұрағаттық мәліметтер әр түрлі қатынаста түсіндірулерде, олардың кейбіреулеріне тек соңғы жылдары ғана қол жеткізу мүмкін болды.
Проүндістандық ұстанымды ғалымдарға В.П.Датт, В.Москаленко, С.Бычковажәне Б.Зайцевті жатқызуға болады. Осылайша Датт В.П. Үндістан мен Пәкістанның ұзақ күресіне толық бір монографиясын арнады. Автор өз еңбегінде анық көрсетілген проүндістандық позицияны ұстанады және Үндістан мен Пәкістанның сыртқы саясатын тікелей қарама-қарсы қоюға негізделеді.
Бұл екі мемлекеттің олардың арасындағы шиеленісті қатынастардың қайнар көздеріне көзқарасы, Үндістан мен Пәкістан мемлекеттілігінің негізгі принциптерінде, сондай-ақ елдердің қайсы бір жолмен дамуы негізінде көрініс табады. Мысалы, Пәкістан үшін бұл екі ұлттың теориясы, ал Үндістан үшін оның мемлекеттілігінің негізі болды. Үндістанда дін мемлекеттен бөлінді және барлық діндер бірдей құрметке ие болуы керек емес пе еді. Ал Пәкістанда мемлекет оның негізін құраған дінге сүйенді. Үндістан парламенттік демократия жолымен дамыды, ал Пәкістан алдымен бюрокаратиялық, кейін әскери диктатура жолымен жүрді. [8].
Шулы, кейде астан-кестен болған үнді демократиясы Пәкістандағы дисциплина мен тәртіппен қарама-қайшылыққа түсті. Үндістан аймақ елдеріне шетелдік араласуға жол бермеуге тырысса, Пәкістан Үндістанмен есеп айырысуға ұстылды.
Ғалымдардың бұл тобына осы тақырыпқа бірқатар еңбектерін арнаған Владимир Москаленконы да жатқызуға болады [9]. Автор Үндістаннан әскери тұрғыд басым артықшылыққа ие болу мақсатымен милитаризация жүргізу нәтижесінде Пәкістанның ел ішінде әлеуметтік көңілтолмаушылыққа әкелген экономикалық және саяси тұрақсыздығына тоқталады. Автор қарулану жарысына ерекше назар аударып, Үндістан мен Пәкістан арасында ядролық артықшылық емес, қарапайым қарулардың артықтығы деп есептейді, ал бұл артықшылық Үндістан жағында.
Сондай-ақ Үндістан мен Пәкістаннің қайшылықты қарым-қатынастар мәселесіне Б. Зайцевтің мақалалары арналған. Автор үнді-пәкістан байланыстарының 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басындағы жағдайын проүнділік ұстанымнан сараптайды. Ол Пәкістанның үнді жағына қарсы жаулық әрекеттері мен Джамму және Кашмир штаттарына қару жеткізу секілді сепаратистік элементтерінің қызметіне баса назар аударады. Алайда сол уақыттағы премьер-министр Бхутто басшылығындағы Пәкістан үкіметі бұл әрекеттерге қандай бар қатынасын жоққа шығарған болаты. [10]
С.Бычков есептеуінше Кашмир мәселесі Пәкістан басшылығы үшін әскери басшыларға елді өз қарауында ұстап тұруды қамтамасыз ететін фактор болып табылады, өйткені пәкістандық талибтар елдің «талибанизациясы» жағдайында олардың қолындағы билікті тартып алуы мүмкін.
Зерттеулердің екінші тобы пропәкістандық бағытта ұсынылған. Бұндай позицияны ғалымдар Евгений Пастухов пен Т.Қожманов ұстанады. Е.Пастухов Үндістанға қатысты теріс көзқараста. Өзінің бірқатар мақалаларында ол Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленісті жағдайдың өршілену мүмкіндігін Үндістанның өз ішіндегі себептермен түсіндіреді. Автордың пікірінше, индустық ұлтшылдарды біріктіруше билеуші Бхаратия Джаната партиясы «антипакистандық» ұранды үндеулерді әдейі өршітеді. [11]
Қазақстандық саясаттанушы Т.Қожманов Үндістан мен Пәкістанның ядролық бағдарламалапына талдау жасай отырып, Үндістан әрдайым елдің ядролық потенциалын арттыруға ұмтылып отырады, ал Пәкістан қаруланудың қатыстық паритетін сақтап отыруға мәжбүр екендігін айтады.
Шиеленістің екі тарабын да сынаушы ғалымдар қатарына Надар Шалимов, Г.П. Колыхалова және Т.Л.Шаумянды жатқызуға болады, олардың пайымдауынша теке-тірес екі жаққа да ұтымды. Осылайша Г.П.Колыхалова олардың бейбіт реттеу жолдарын анықтау үшін Азиядағы халықаралық және ішкі шиеленістердің себептері, даму қарқыны мен перспективаларына талдау жасайды. Және де үнді-пәкістандық текетіреске қатысушыларға үлкен сын айтады. Автордың пікірінше, өзара сенімсіздің өрмегі, көршілес мемлекетті «ата жауы» қылу тек мемлекет аралық сфераны ғана емес, сондай-ақ әр мемлекеттің ішкі өмірін де қамтиды. [12].
1947 жылдың Кашмир шиеленісінде автор пәкістан билігін сынайды: ол әскери рухтағы таупаларды өзге территорияға енуге айдап салды, олар болса Кашмирді басып алғаннан кейін астанаға жақын Сринагар қаласына аяқ басты. Мақалада автор Үндістанның БҰҰ көмек сұрағанын, «пәкістан агрессиясына» айтқан арызын еске салып кетеді. Алайда жағдайдың бұндай түсіндірмесіне және «агрессорды» жазалауды талап етуге қарамастан, әлемдік ұйым бұл сұранысты кейін әлемге «Кашмир таласы» деген атпен танымал болған «мемлекетаралық талас» ретінде қарастырды. Автор пікірінше, үнді жағының Кашмирге үміттілігінің бір жақтылығының заңдылығына күдіктенеді.
Сондай-ақ Кашмир мәселесіне Т.Л. Шаумяннің «Кашмир төңірегіндегі талас» ұжымдық монографиясы арналған. Автор ұстанымы Үндістан мен Пәкістанның экстремистік көңіл-күйі нәтижесіндегі Кашмир және оның айналасындағы ахуалды және ішкі факторлар әсер етіп отырған терең ықпалдарды сипаттаумен анықталады. [13]
Алайда өз жұмысында автор Кашмир мәселесіне әсер етуші сыртқы факторларды да сөз етеді. Олардың қатарында мұсылман халқы бар өзге елдердегі көңіл-күй, сондай-ақ ұлы державалар, көршілес мемлекеттер, Батыстағы кашмир диаспорасы секілді факторлар.
Бұл жерде Джеймс Грэнвил және Алестер Лэмб секілді танымал ағылшын сарапшыларын атамай өту мүмкін емес, олардың еңбектерінде пробатыстық ұстаныс өте айқын анықталады. Джеймса Грэнвилдің «Үндістан, Пәкістан мен Бангладеш: бостандық пен шиеленіс» [14] атты сараптамалық мақаласында Үндістан мен Пәкістан арасындағы саяси қатынастарға жалпы сипаттама берілген.
Мақала авторының көзқарастарына сәйкес Үндістандағы 1947 жылғы бөліну халықтың кедейлігі, үнді қоғамы ішіндегі этникалық және діни теке-тірес жағдайында ел ішінде билік вакуумының қалыптасу нәтижесінде орын алды.
Мақала авторы Үндістанның бөлінуі және біртіндеп жаңа тәуелсіз мемлекеттер Пәкістан мен Бангладештің құрылу алғышарттарын объективті бағалаған: Үндістанның биліктің саяси құрылымына азаматтық қызметтің интеграциясымен басқарудың республикандық демократиялық формасын құруға ұмтылысы, керісінше Пәкістанда әскери-бюрократиялық альянстың құрылуы, сондай-ақ Пәкістанның Шығыс бөлігінің бөлінуі – Бангладеш мемлекетінің құрылуы. Автор пікірінше, бұның бәрі Ұлыбританияның отарлық саясатының нәтижесі. Мақалада аймақтағы әскери-саяси күштердің орналасуына байланысты үнді-пәкістан шиеленісінде кейде бір жақты, кейде бір жақты қолдай отырып жүргізген Батыстың икемді саясаты және КСРО-ның аймақтағы бейбітшілікті қалыптастырушы рөлін ойнауға ұмтылысы көрсетілген.
Танымал ағылшын ғалымы Алестер Лэмб «Трагедияның пайда болуы: Кашмир 1947» жұмысында Британдық Үндістанның соңғы жылдарында жетекші орын алған негізгі мәселелердің ішінде Британдық Үндістанның мұсылман қауымы басым бөлігінің үндістер басшылығынан тәуелсіз болашағы бар ма деген сұрақты ерекшелейді. Әрі қарай ол Үнді ұлттық Конгресі – елдің отаршылдыққа қарсы ірі күші – бұл мәселені күнтізбеге қоймағандығын айтады.
Алайда оның жақтастарының көпшілігі үндістер екендігі, сондықтан да дінге көзқарасына қарамастан барлық үндістердің мүдделерін қорғайтыны бәрімізге белгілі. Конгреске үнді саясатына қатысты коммуналистік көзқарастарды ұстанатын және Үндістан мұсылмандары өзінің жеке ұлттық бірегейлігіне ие деп санайтын Мұсылман лигасы қарсы тұрды.
Осылайша Пәкістандық басшылар, Мұсылман Лигасы «екі ұлт теориясына» сүйенді — үндіс және мұсылман, олардың пікірінше олар барлық қатынаста әр түрлі. Болашақ Үндістан мен оның билейші партиясы Үнді Ұлттық Конгресі діни принцип бойынша елді бөлу формаласына келісуге мәжбүр болды. Алайда Үндістан көзқарасында бөлудің қабылданған схемасы мұсылман тұрғындары басым территориялардың барлығы сөзсіз Пәкістан қарамағына өту керектігін немесе қайсыбір территорияның қай елге жататындығы референдум, плебисцит өткізу жолымен шешілетіндігін білдірмеді.
Зерттеудің қайнар көздері. Жұмыс әдебиеттердің кең шегінде жазылған. Оларды келесі түрде топтауға болады
Бірінші топ қауіпсіздік саласындағы аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтың тетіктері мен қағидаларын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы институттардың қызметі, функциялары мен міндеттерін анықтайтын Оңтүстік Азия мемлекеттерінің конституциялар, заңдар, заңдық күші бар қаулылар секілді заңнамалық актілерін қамтиды.
Екінші топқа Оңтүстік Азия мемлекеттері үкіметтерінің нормативті сипатқа ие және қауіпсіздік саласындағы заңдардың аймақтық және халықаралық деңгейде жүзеге асуының өзіндік бір бағдарламасы болып табылатын құжаттары жатады.
Әдебиеттердің үшінші тобы қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайтын ұлттық қауіпсіздік және әскери доктриналар, транспорттық стратегия, энергетикалық секторды дамыту бағдарламалары, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары секілді бағдарламалық және доктриналық сипаттағы мемлекеттік құжаттар ретінде көрініс тапқан.
Төртінші топ екіжақты және көпжақты сипаттағы дипломатиялық құжаттарды қамтиды. Бұл топты тағы екі топқа бөлуге болады:
 ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, наркотрафикпен күрес, терроризммен күрес, апатты жағдайларда өзара әрекет ету секілді қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жалпы принциптері мен әр түрлі аспектілерін реттейтін келісімдер, келісшарттар мен конвенциялар, аймақтық және аймақаралық жобалар мен сауда режимдері;
 халықаралық ұйымдардың олардың қызметін анықтайтын және міндеттілік деңгейі әр түрлі құжаттары (декларациялар, конвенциялар, келісімдер, резолюциялар)
Әдебиеттердің бесінші тобына мемлекеттік және саяси қайраткерлердің аймақтық және аймақаралық деңгейдегі ынтымақтастығы жөнінде сөйлеген сөздері мен мәлімдемелері жатады.
Алтыншы топ аймақтық сауда, Оңтүстік Азия мемлекеттерінің экономикалық өсуі/құлдырауы жөнінде мәлімет беретін статистикалық ақпараттар, экономикалық және транспорттық жобалар бағалаулары.
Әдебиеттердің жетінші тобы жұмысты жазу барысында негізге алынған концепциялар, идеялар мен көзқарастарды түсіндіретін теориялы-әдіснамалық сипаттағы жұмыстарды қамтиды.
Жұмыс құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспе, үш бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий