Орталық Азия және қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі



МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР,МАҒЫНАЛАР,ҚЫСҚАРТПАЛАР
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………………
I БӨЛІМ. ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҺАНДАНУ
ҮРДІСІНЕ ТАРТЫЛУЫ………………………………………………………………………………
1.1. Орталық Азия интеграция жолында………………………………………………………….
1.2. Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесінде……………………….

I І БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҰЛЫ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ
ОРТА АЗИЯДА ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ……………………………………………………….
2.1. Ірі көршілер Ресей мен Қытайдың аймақтағы сыртқы саясаты………………..
2.2. АҚШ пен ЕО-тың аймақтағы қызығушылық саясаты………………………………..
2.3. Ислам елдерінің Орта Азиядағы сыртқы саясаты…………………………………………………………………………………………………..

ІІІ БӨЛІМ. ОРТА АЗИЯ:XXI Ғ.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕ…………………………………………………………………………………………………
3.1. Бүгінгі геосаяси өзгерістер жағдайындағы жаңа интеграциялық ұсыныстар………………………………………………………………………………………………
3.2 . Қазақстан Республикасының Орта Азиядағы негізгі ұстанымы………………………………………………………………………………………………..

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………….
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………………..
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………………………………………..

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаты.Өзектілігі. Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің қалыптасу кезеңі жалпылай аяқталды.Бірақ оларға әлі де болашақта жаңа глобалды қауіптердің пайда болуы мен жаһандану жағдайында ұлттық даму мен қауіпсіздіктің маңызды мәселелер қатарын шешуі алдыңғы мақсатта тұр. Дамудың объективті заңы жаһандану процессінің пайда болуына әкеледі, деп белгілеу қажет. Сонымен қатар, маңызды әлемдік әлеуметтік кеңістікті құрастырушы ретіндегі трансконтиненталды құрылым көбінесе белсенді және ерекше рөлде бола бастады. Орталық Азиялық елдердің тәуелсіздік жылдары, бұл елдердің мүдделерімен ешқашанда сәйкес келмейтін, тек қарама-қарсы болатын, Батыс және Шығыс мемлекеттер қатарының назарының орталығында болды.Сонымен қатар, сыртқы күштер арасында Орталық Азиядағы геосаяси және геоэкономикалық ықпал сферасы және оның табиғи ресурстары үшін күрес айналысы пайда бола бастады.Жақында аймақ арқылы аймақтағы шарасыз экономикалық процессімен қоса саяси процессті қарқындатын, «Оңтүстік-Солтүстік» және «Шығыс-Батыс» транспорттық коридоры өтуі керек.Орталық Азия аймағына тек мемлекеттер мен шетелдік компаниялар ғана көңіл аударған жоқ. Орталық Азиялық елдері және халықтары, тағы да ауқымды қарама-қайшы жоспарының жүзеге асыруы мақсатында,осы жерде өзінің стратегиялық плацдармдарын құруға үміттенген, түрлі экстремистік исламдық ұйымдардың шабуылына ұшыраған еді. Айқын болатыны, ол Орталық Азияның қатыстық изоляциядан үзілді-кесілді және тез түрде шығады және бұдан барлық жағымды және жағымсыз нәтижемен шығатын әлемдік саясатқа тікелей қосылады. Аймақ елдері әлемдік интеграциялық процесске, аймақішілік өзара қарым-қатынас сипатындағы,сонымен қатар, өзінің жақын көршілестерімен басқа да мемлекеттермен қатысты мәселелерді шешуінде тығыз қатысуында мүдделі болып табылады.Жаңа шыңайылықтар жас мемлекеттердің саяси басшыларынан өзінің танылуын, ұлттың қауіпсіздік және даму стратегиясының барабарлық формуласын іздеуін және танылуын талап етті. Сонымен қатар, егерде бұрын КСРО құрылымында ортаазиялық кеңестік республикалардың ұлттық даму мен қауіпсіздік мәселесі күшті жоғарғыдержавалық одақтас мемлекеттері шеңберінде шешілсе, онда тәуелсіздік алғаннан кейін және қажетті ресурстардың жоқ болуында, көрсетілген мәселелер ерекше өзектілігіне ие болады және өз бетінше сонымен қатар, жаһанданудың өзгешелік күштерінде жаңа қауіптің пайда болуына әкеледі.Орталық азиялық мемлекеттердің әлеуметтанушылары мен саясаттануышулары, аймақ мемлекеттерінің қазіргі сыртқы саясатын қалыптастырылуы әлемдік пен аймақтық ауқымды күштер орталығы арасында балансталған және дамудың сыртқы шаралары өте қиын жағдайда өтіп жатыр деп белгілеген.1 Өз кезегінде, бұл аймақтық ынтымақтастыққа себепші болады.Аналитиктер ең алдымен, қауіпсіздік үшін құрылымдық ынтымақтастыққа мемлекеттердің дайындығы мен қажетілігіне шартталған, аймақішілік диологтың дамуында бірқатар позитивті қозғалыстарды белгілейді. Қауіпсіздік идеясы Орталық Азияның жас мемлекеттерінің интеграциясына түрткі болған дәлел бола бастады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тандалған тақырып жұмысының ғылыми өзектілігі мен практикалық маңыздылығы КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азияның жаһандану процессінде белсенді кірісе бастағанында, сонымен қатар, Орталық Азия аймағындағы өзінің экономикалық және геосаяси жағынан қатысуының кеңеюіндегі Шығыс пен Батыстың түрлі елдерінің мүддесінің пайда болуының байқалуында. Сонымен бірге, Орталық Азия елдеріне деген идиологиялық ықпалдастықтың активзациясы өтіп жатты. Түрлі мақсатты көздейтін, түрлі саяси күштері-Орталық Азия халықтарының мүддесімен санаспай, тек өзінің мүдделеріне сәйкес жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу процессіне өзінің ықпалын көрсетуге үміттенеді.Бұл күштердің арасында экстремистік мағынадағы күштер бар,сонымен қатар әскерленген террористік ұйымдар ретіндегі күштер де бар.Аталынғандардың барлығы жиналған сыртқы саяси тәжирибемен жария етілген , барлық аймақтың басты мәселелерінің анализін және белгілеуін өзекті етеді.
Әскери-саяси одақтармен ұлы державалардың дөрекі қол сұғушылығы мен бәсекелестіктің нәтижесінде әлемдік саясаттың күн тәртібінде әлі де тұрған, аймақтық шиеленістер қатарының пайда болуына және күшеюіне әсер еткен, көршілес жатқан таяу Шығыс пен Ауғанстанның жолын қайталамауы маңызды болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу барысында автор мына әдебиеттерге сүйеніп жазған.Негізінен бұл тақырып,әсіресе батыс ғалымдарының зерттеулерінде ауқымды түрде қарастырылған.Зерттеу барысында ТМД елдерінің атақты саясатшылар мен халықаралық-әлеуметтанушылардың еңбектеріне сүйенді: А.Ақаев, Б.Ақаеваның, А.Асанованың, А.Г.Арбатов, Е.П.Бажанов, А.В.Бурсов, К.С.Гаджиев, А.Д.Джекшенкулов, А.Г.Задохин, М.Иманалиев, Н.Исингарин, Г.Г.Қадымов, К.Н.Құлматов, Д.Н.Назарбаеваның, В.Ф.Ли, В.В.Наумкин, Г.А.Рудов, Ж.Сааданбеков, Э.Салахитдинов, К.К.Тоқаев, Т.Тоқтомушев, К.Шыналиев, А.Д.Шутов, Г.С.Яскинаның,Р. Мукимджанова , М.Т. Лаумулиннің және тағы да басқа.
Қ.Тоқаевтың еңбектері /2/ негізінен Қазақстанның сыртқы саясатына арналған. Олар күштердің геосаяси орталықтары қатарына жататын мемлекеттермен ҚР-ның байланыстарына қатысты мәселелерді терең қамтуымен ерекшеленеді. Қ.Тоқаев Қазақстанның ТМД, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, КҚКҰ және басқа да көпжақты қауіпсіздік ұйымдары мен жүйелеріне қатысуына ерекше көңіл бөледі.
Р.Мукимджанованың « Страны Центральной Азии:Азиатскии вектор внешней политики.»(2005) , атты еңбегінде ,Орталық Азия оңтүстік шек периметрі бойынша ынтымақтастық және тату-көршілес аймақ құру – бұл аймақтағы елдердің саясатындағы азиялық вектордың приоритетті міндеттері болып табылады.Кітапта Орталық Азияның бес мемлекеттерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан,Түркіменстан,Өзбекстан) Қытай және шектес Орта Шығыс елдерімен қатынасының эволюциясы қарастырылды.Жақтастардың геосаясат саласындағы мүдделерінің қайшылықтары қарастырылады.
Орталық Азияға арналған геосаяси сипаттағы басылымдар арасында М.Лаумулиннің «Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология» (2000) атты монографиясы, С.Көшкімбаевтың «Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность» (2002) атты еңбектері ерекше орын алады.
С.Л.Көшкумбаевтың «Центральная Азия на путях интеграции: геополитика,этничность,безопасность»( 2002) атты ұжымдық еңбегі келесі мәселеге негізделеді: Анализ үшін негізгі критериі аймақ елдерінің өзара және сыртқы ортамен экономикалық және саяси байланыс сипатында болуы мүмкін. Қызық болатын жайт, сыртқы экономикалық серіктестермен жетекшілік ететін Қазақстан және Өзбекстан сияқты аймақтың ір елдері аймақтан тыс елдері бола бастайды. Бұл тенденция әлі де Түрікменстанға да қатысты. Аймақ елдерінің өзара сыртқы сауда көмелі жалпы айналымның 10%-тінен жоғарламайды[1],бұл әрине аймақ елдерінің экономикалық интеграциясының өсуіне өте аз болып табылады. Мысалыға, көршілес Қырғызстанның Сыртқы саудасындағы Тәджікстанның бөлігі өте аз. Мысалыға, АҚШ-ң немесе Қытайдың бөлігінен бірнеше есе аз. Бұл аспектілер көбінесе геосаяси фактор қатарында негізделген аймақтағы интеграциялық тенденцияның ерекшелігін көрсетеді.
Бұл факторлар біріктіру үрдісін негіздейді және белгілі бір шамада шектейді. Шектеу ретінде оларды бөлу құралы немесе сыртқы ойыншыларға қысым ретінде қолдануында қатысады.
Қазақстан үшін жетекші сыртқы серіктесі болып Ресей, Қытай және АҚШ болып табылады.
Түрікменстанның ұқсастығына қрай, Астана ірі экспорттық бағытты дәл осы аталған екі еуразиялық державамен байланыстыруды жоспарлап отыр. Олармен бәсекелес елдер қатарының қысымына қарамастан, (біріншіден, АҚШ) басқа жобалардың маңызды саяси және экономикалық қолдауын , Қазақстанға объективті түрде геосаяси және экономикалық жағдайда түбегейлі түрде басымдылық етуін олар жасай алмады.
ҚХР мен энергоресурстар саудасын кеңейту және энергоресурстарын транспорттаудағы «ресейлік» маршруттың жүзеге асыру жоспарының жетістікті түрде қозғалуымен дәлелденеді.
Өзбекстан Ресеймен тығыз қатынаста, бірақ экономикалық әлсіздік арқасында, Мәскеу ТМД-дан Өзбекстанның белгілі дистанцияға әкелетін әскери- стратегиялық ықпалдың экономикалық механизмнің жетіспеушілігінінің орнын толтыруға үміттенеді.
ТМД-ң ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Келісімшарттан шығуындағы ірі индикатор Ташкенттің көбінесе тәуелсіз ойынды жүргізетінің көрсетеді. Менің ойымша, Ташкенттің екінші ірі серіктесі жоқ болып табылады, сондықтан аймақтық баланста белгілі тұрақсыздық жағдайын туғызады. Мүмкін, Ташкенттің өзінің стратегиялық мүдделердің бағыттанушылығы үшін Вашинктон, Тегеран және Пекин бәсеке болады.
Қырғызстанның бес бағыты бар, олар;- Қазақстандық, Өзбекстандық, Қытайлық, Ресейлік және шартты түрде батыстық (американдық) бағыттар. Соңғы вектор Бишкектің технологиялық серіктестікте және Вашингтонның қатысушылығы арқасында баланстаудың нүктесін ұлғайту мүмкіншілігінің үмітімен байланысты. Менің ойымша, бұл баланстың болашақта өзгеруі мүмкіндігі төменгі дәрежеде деп есептеймін.
Тәджікстан ТМД-да маңызды стратегиялық серіктеске ие, ол Ресей болып табылады. Елдің тұрақты түрде дамуына, әрине бұл жеткілікті емес. Душанбе басқа державалармен өзінің байланыстарын маңызды түрде кеңейтеді деген үлкен мүмкіндік бар.Тәджікстанда тағыда бір немесе екі серіктестің пайда болу мүмкін. Бұл орын үшін Иран, Қытай белгіленген шамада АҚШ бәсекелесетіні айқын болып табылады.
Түрікменстанның приоритетті серіктесі ретінде Тегеран және Мәскеу болып табылады. Субаймақтық деңгейде олардың позицияларын кеміту, сәйкесінше өзінің позициясын кеңейтуге Астанадан гөрі, мүмкіншілік қатарына ие болатын Ташкент үміттенуі мүмкін. Түркімендік экономикалық энергитикалық секторында инвестициялар ірі хаттары арқылы Вашингтон Ашхабадтың сыртқы- саяси стратегиясына ықпалын тигізеді.
Сонымен, геосаяси үстемнің лидері Ресей болып табылады. Барлық бес орталық азиялық елдерінде осы «Ресейлік» фактор маңызды болып табылады.
Евразияның бұл аймағында геосаяси конфигурациясының аяқталмауына қарамастан, екінші фактор «Қытай» факторы болуы мүмкін дейді, бұл фактор нақты түрде Қазақстан мен Қырғызстанда көрсетілген «Қытайлық вектор» потенциалы өзінің ықпалының ұлғайту тенденциясына ие, Пекинді Тәджікстандағы шиеленстік жағдайға қобылжытады. Континенттік державалардың ішінен аймақ үшін үшінші күшті полюс ретінде Иран болуы мүмкін. Тегеран маңызды түрде алдыңғы екі державалардан қалуда, бірақ өзінің қызметін айқын түрде белсендіруде. Иран Түркіменстанда нақты түрде көрсетілген сонымен қатар Тәджікстанның жетекші серіктестерінің бірі болуына үміті бар. Этникалық жақындық факторы бұл жерде белгілі рөлді атқарса да, бірақ менің көзқарасымша, иран -тілдес мемлекеттердің және Орта Шығыстық халықтарының ішінен лингвистикалық негізде альянс құру мүмкіншілігінің аздығында.
М.Т. Лаумулиннің «Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике:Центральная Азия и Казахстан в современной политологии» (2005) атты еңбегінде Қазақстанның Орталық Азиядағы үстемдігі қарастырылады.Қазақстанның сыртқы саясаты және ірі державалардың қызығұшылығы қарастырылады.
Орталық Азия елдеріне қатысы бойынша батыс мемлекеттерінің саясатының қисының түсіну мақсатында Батыс елдер авторларының басылымымдары зерттелінді.Батыс ғалымдарының еңбектерін ТМД ғалымдарының зерттеулерімен салыстырғанда, автор мынадай қорытындыға келеді,Орталық Азиядағы Батыс мемлекеттерінің қазіргі таңдағы саясаты тек-қана өз пайдасын көздейді және ірі ұлттық бизнес қолдауына бағытталған.Қытай мен Иран сияқты көршілес екі елдің ғалымдарының тәмілдері қызықты болып көрінеді. Барлығына мәлім болғандай,осы екі ел орталыықазиялық мемлекеттерге ерекше мүдделері бар,және көп басылымдары бойынша,бұл аймақты зер салып зерттеуде. Қытай мен Иран өз мүдделері бола тұра,орталықазиялық бағытында АҚШ-тың және басқада батыс мемлекеттерінің белсенділігін сақты түрде қабыл алуда.
Бұл тақырыпты зерттеуде автор алғашқы зерттеулерге сүйенді,олар- БАҚ және ақпараттық басылымдарда жарияланған орталықазиялық мемлекеттердің түрлі ведомстваларының кезекті және ресми материалдар мен құжаттарға сүйенді. Сондай-ақ,РАН-ның Шығыстану Институтында , РФ-ның СІМ МГИМО мен Дипломатиялық академияларында ,Орталық Азия елдерінің басқа да институттарында,сонымен бірге Таяу және Орта Шығыстың бірқатар елдеріндегі институттарында өткізілген, қазіргі таңдағы дамудың теориялық мәселелеріне қатысты бірқатар конференциялардың мәліметтерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.Қорытындылар, гипотезаның түрлі бағыттары мен теориялық жағдайы, жай ғана пікірлердің бір-бірімен алмасуы жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азия елдерінде жүріп жатқан процесстерді түсінуге үлкен көмегін тигізді.
Деректік негізі. Зерттеудің деректік көзін, Орталық Азияның сыртқы саясатының, оның халықаралық құқықтың басқа субьектілерімен екіжақты және көпжақты қарым-қатынасының басылымдары ,сөз сөйлеулер,жобалар мен жолдаулар құрайды. Мұндай басылымдар Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жариялана бастады. Олардың қатарында, Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздік және сыртқы акторлардың мүдделер мәселесі бойынша З.Чуланованың « Социальный аспект глобализационных процессов в развивающихся странах» (2004),Д.Каушиктың «Проактивная политика президента В.Путина в Центральной Азии» ( 2004), К.Сыроежкиннің « Синьцзяньский производственно-строительный корпус СУАР КНР: настоящее и будущее» ( 1998),Б.Сұлтановтың «Приоритетные направления внешней политики и политики безопасности РК в условиях
глобализации» ( 2004),Г.Киссинджердің « Нужна ли Америке внешняя поли-
тика» ( 2002),М.Лаумулиннің « ЕС как новая геополитическая сила» (2001),
М.Лаумулиннің « Центральная Азия и Запад: новые геополитическне реалии» ( 2004),З.Бжезинскийдің «Геостратегия для Евразии» (1997),С. Строканның « Шанхайская грамота — начало нового этапа в истории Центральной Азии» (2001), Чэнь Циминнің «Центральная Азия: политические процессы и региональная безопасность» (2002), З.Бжезинскийдің «Геостратегия для Евразии» (1999) атты басылымдарын атауға болады.
Ал Орталық Азиялық интеграция жөнііндегі мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации» ( 2005 ) жолдауын,Н. Назарбаевтың « О формировании ЕАС» (1994), «О формировании Евразийского Союза Государств» Жобасы//Евразийское пространство: интеграционный потенциал и его реализация» (1994), «Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан және Өзбекстанның ғылыми және мәдениет қайраткерлерінің халықаралық кездесуіндегі Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың сөз сөйлеуін»(1999), Ф.Старрдың «Партнерство для Центральной Азии» ( 2005),О. Сидоровтың «Центральноазиатское фианкетто США» (2006) атты басылымдарды атауға болады.
Геосаясат классиктері Х.Дж.Маккиндер, А.Мэхэн, В.Де ля Блаш, Н.Спайкмен, К.Хаусховер, К.Шмитт, П.Н.Савицкий еңбектері зерттеудің маңызды дерек көзі болып табылады. Олардың мәтінімен А.Дугиннің, И.Г.Усачевтің, А.Панариннің, В.Дергачевтің, Ю.Тихонравовтың, К.Гаджиевтің аудармалары /26/ арқылы таныса аламыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеу жұмысын жасаудағы автордың алға қойған мақсаты – көптеген зерттеу жұмыстарын қарап,жинай отыра Орталық Азияның тәуелсіздік алғаннан бастап халықаралық аренаға шығуы жөнінде толық мағлұмат беру.Орталық Азияның жаһандану үрдісіне тартылуы,қазіргі таңдағы Ұлы державалардың Орта Азиядағы саясаты және ХХI ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия жөнінде баян ету.
Содықтан да, осы мақсатқа байланысты зерттеу барысында бірнеше міндеттер туындайды:
 Орталық Азия интеграциясы;
 Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі орны;
 Ірі көршілер Ресей мен Қытайдың аймақтағы сыртқы саясаты;
 АҚШ пен ЕО-тың аймақтағы қызығушылық саясаты;
 Ислам елдерінің Орта Азиядағы сыртқы саясаты;
 Бүгінгі геосаяси өзгерістер жағдайындағы жаңа интеграциялық ұсыныстарын баян ету;
 Қазақстан Республикасының Орта Азиядағы негізгі ұстанымы.
Зерттеудің хронологиялық ауқымы 1991 жылдан қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды
Зерттеудің нысаны мен пәні.
Сонымен осыдан зерттеу объектісі мен пәні туындайды. Зерттеу объектісі ретінде Орталық Азияны негізге алады.
Ал зерттеу пәні ретінде Қазіргі таңдағы Орталық Азияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын алады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері.Жұмыстың зерттелу әдістемесінде жалпы ғылыми зерттеу әдістемелері:талдау және синтез әдісі, салыстырмалы тарихи әдіс, сонымен қатар, эскликативті әдістер(конент — анализ,мәтіннің ауызша және жазбаша мәнін, онда жиі кездесетін оқиға желісінің дамуын жүйелеп зерттеу, когнитивті суреттеу, белгілі-бір саяси мәселені сол немесе басқа саясаткердің қалай анықтағаны жөнінде анализ жасау) қолданылды.
Дипломдық зерттеудің объектісі белгілі бір кезеңмен шектеледі, Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің қалыптасу кезеңі,Халықаралық аренаға шығуы қарастырылады,яғни қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азияның орнын анықтауы нысанға алынғандықтан зерттеу жұмысында ….
………………
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде шетелдік, сондай-ақ отандық ғалымдардың теориялық зерттеулері мен тұжырымдары алынды.Жұмыстың өзекті мәселелеріне қатысты ғалымдардың өзара пікірталастары ретінде ұсынылған материал дәлелдермен салыстырыла каралды да, бұл зерттеу тақырыбын ашудың әдістемелік негізін күрады.Зерттеу нысанын талдау барысында
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азияның орны зерттелу нысаны болғандықтан,оның интеграциясы …….
Зерттеу жұмысының жаңалықтарын төмендегідей ғылыми нәтижелерімен байланыстыруға болады:
 Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің қалыптасуның алғышарттары ашылып көрсетілді, оның халықаралық аренада қалыптасуының маңыздылығы мен өзектілігі анықталды;
 Орталық Азия интеграциясының қазіргі жағдайы мен перспективасы анықталды;
 Ұлы державалардың Орталық Азия елдеріндегі қызығушылық мүдделері сарапталып,осы аймақта үстемдікке жету мақсатында Ұлы державалардың өзара қарама қайшылықтары анықталды;
 Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесінде орны анықталды;
 Орталық Азиядағы ең беделді, ұлы державалар үшін аймақ елдерінің ішінен ең маңыздысы болып табылатын –Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы лидерлік орны анықталды.
Зерттеудің тәжірибеде қолданысы. Зерттеу материалдарын геосаясат негіздері, тарих, халықаралық қатынастардың дамуы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бойынша дәрістерде және практикалық сабақтарда пайдалануға болады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы Орталық Азияның халықаралық аренада орнын қамтамасыз ету және ұлттық мүдделеріне табысты қол жеткізу мақсатында ұсыныстар жасақтау барысында қызығушылық туғызуы мүмкін.
Енді жоғарыда айтылған мақсатқа , міндеттерге байланысты диплом жұмысымның құрылымын ашып көрсетейік: жалпы дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде Орталық Азияның жаһандану үрдісіне тартылуы қарастырылады.Осы бөлімнің мазмұны мынадай 2 бөлімше арқылы ашылады: біріншіден, Орталық Азия интеграциясы жөнінде баян етемін. Ал екінші бөлімшеде Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі орнына көңіл бөлемін.
Екінші бөлімде қазіргі таңдағы Ұлы державалардың Орта Азиядағы саясаты қарастырылады. Осы бөлімнің мағынасын ашу үшін біріншіден, Ірі көршілер Ресей мен Қытайдың аймақтағы сыртқы саясаты,екіншіден,АҚШ пен ЕО-тың аймақтағы қызығушылық саясаты, ал үшіншіден,Ислам елдерінің Орта Азиядағы сыртқы саясатына тоқталып кетемін.
Үшінші бөлімде ХХI ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия қарастырылады.Осы бөлімнің мағынасын ашу үшін біріншіден, бүгінгі геосаяси өзгерістер жағдайындағы жаңа интеграциялық ұсыныстары,ал екіншіден, Қазақстан Республикасының Орта Азиядағы негізгі ұстанымына тоқталып, соңғы сөзімді қорытындылаймын.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий