НАТО мен Украина



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I ТАРАУ

1.1 Солтүстікатлантикалық келісімшарт ұйымының тарихы
1.2 XXI ғасырдағы НАТО-ның жаңа стратегиясы

II ТАРАУ

2.1 НАТО мен Украина
2.2 Украинаның НАТО-ға ұмтылуы
2.3 Украинаның әлемдік күштер жиынындағы геосаяси орны

III ТАРАУ

3.1 Әзербайжан және Өзбекстанның НАТО мен қарым-қатынасы
3.2 Грузия мен НАТО-ның қарым-қатынасы
НАТО-ның Кавказ стратегиясындағы Грузияның орны мен ролі
3.3 Ресей мен НАТО ымыраластығы

IV ТАРАУ

4.1 «Жерорта теңізі диалогы» НАТО-ның жаһандану факторы ретінде
4.2 НАТО саясатындағы Жерорта теңізі баттарының пайда болу себептері
4.3 НАТО-ның Югославия жеріндегі саяси-әскери әрекеті

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазір әлемде адам өмірінің түрлі мәселелерін шешетін көптеген халықаралық ұйымдар әрекет етуде; экономикалық және саяси ұйымдар бар. Бүгінгі күндегі өткір мәселе болып отырған соғыс пен бейбітшілік, қарусыздану мен әскери қақтығыстарды шешу. Мемлекеттердің өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери-саяси ұйымдар құру алға тартылуда.
Сонымен НАТО дегеніміз қандай ұйым және ол қазіргі таңда нендей мақсаттарды көздейді? Соңғы уақыттағы адам құқығын сақтау мәселесі жаһандық мәселеге айналып отыр және бұл салада Солтүсікатлантикалық альянстың алар орны? Осы тәріздес сауалдардың бүгінде әлем халқын ойландырары хақ. Соның бірі ретінде Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы қарастырылады (НАТО) . НАТО 1949 ж. 4 сәуірде НАТО-ға мүше елдер ұжымдық қауіпсіздігін бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз күштерін біріктірді. НАТО-ның басты мақсаты саяси және әскери қағидаларына сәйкес барлық мүшелерінің теңдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еуразия континентінде өткен «суық соғыстың» аяқталуы мен барлық қайта құрулар НАТО-ның әскери-саяси стратегиясын дамытуына қарсы ықпал ете алмады. Солтүстік Атлантикалық альянс жаңадан құрылған елдермен жаңа қатынастарды дамытуда, жаңа саяси жағдайларға бейімделуде ауыр мақсаттарға тап болды. НАТО-ның қайта құрылуы өткен ғасырдың 90-шы жылдары басталды. Трансформацияланған альянс, қызметінің барлық салалары мен бағыттарын өзгертті.
Бүгінгі таңда НАТО әскери бақылаулар, стратегиялық жоспарлау, шұғыл тәртіптегі әскери достық, тактикалық және стратегиялық деңгейде барлауды іске асырып келеді.
Қазіргі саясат көрсетіп отырғандай, альянс бүгінде БҰҰ-ның бейбітшілік орнату қызметін арнайы жағдайларда, бұған қажетті халықаралық нормативті-құқықтық негіздер принципіне сүйенбей-ақ орнын басып келеді. НАТО халықаралық қауіпсіздік құрамында негізгі орын алып отыр, альянстың халықаралық ортасының сапалы өзгеруі нәтижесінде сыртқы ықпалда қалуы халықаралық процестің күшті факторы ретінде әрекет еттуде. Бұл күрделі қайта құру процессі Солтүстік атлантикалық альянстың стратериялық икемділігін жан-жақты үйренуде және оның ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауй қадамдары ерекше ғылыми қызуғышылық танытады.
НАТО ұйымы Еуропада шынайы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және жалпы Еуропада стратегиялық ара салмақты сақтауда танылды. НАТО халықаралық қауіпсіздікті бей жай қалдырмау үшін барлық халықаралық талас тартыстарды бейбіт жолдармен шешу үшін құрылды. НАТО-ның құрылымына дербес НАТО-ның мүшелерінің біріне жасалған әскери шабуыл бүкіл Солтүстікатлантикалық келісімге жасалған әрекет деп табылды.
НАТО-ның негізгі шарттарының бірі. Кез-келген халықаралық ұйымдар секілді. НАТО-ның өз құрымдары бар. Блоктың басқарушы органдары Солтүстік Атлантикалық кеңес, қорғаныстың жобалау комитеті, ядролық жобалау тобы, бас хатшылық комитеттер болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. XXI ғасырдағы түрлі халықаралық және аймақтық шиеленістерді шешудегі Солтүстікатлантикалық альянстың және оның серіктестері мен мүше болуға ұмтылған елдердің старатегиясы мен ролі.
Зерттеу жұмысының міндеті.
НАТО-ның құрылу тарихын зеттеу;
Кеңестік жүйеден кейінгі НАТО-ның қайта құрылуы;
НАТО-ның халықаралық қатнастардағы қақтығыстарды шешудегі ролі;
Пост кеңестік кеңістіктегі елдердің НАТО мен қатнастарын жүйелі түрде зеттеу;
НАТО-ның Жерорта теңізі аймағындағы саясатын зеттеу;
НАТО-ның әскери құрылымы тұрақты әскери комитетер және халықаралық әскери сипаттан құралады. НАТО-ның штаб-пәтері Брюсель қаласында орналасқан. Бүгінгі таңда НАТО-ға 26 ел мүше: АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Португалия, Канада, Италия, Норвегия, Фания, Исландия, Греция, Туркия, Испания, Германия, Польша, Венгрия, Чехия, Мальта, Латвия, Литва, Эстония, Снования, Словакия, Румыния және болгария. Бірақ Исландия НАТО-да жеке әскери күш иемденбейді және әскери құрылымына кірмейді, тек әскери жобалау комитетінде бақылаушы статусына ие. Франция 1966 ж. НАТО-ның әскери құрылымынан шықты. Жыл сайын ұйым кеңеюді жоспарлауда.
Солтүстік Атлантикалық келісімге қатысушылар халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен әділеттікке қауіп-қатер төнбеуі үшін барлық халықаралық талас-тартыстарды бейбіт жолмен шешуге міндеттеледі.
Мәселенің талдану дәрежесі. НАТО–ны зеттеуде ұлттық және батыс ғалымдары, әсіресе американ–ресейлік саясат мектебінің өкілдері алда келетінін атап өту қажет.
Солтүстікатлантикалық кеңестің Вашингтондағы жоғары деңгейлі отырысы, Колумбия округі. Коммюнике және мәлімдеме./1/
Бұл құжатты пайдалана отырып, Солтүстікатлантикалық кеңестің халықаралық шиеленстер мен қақтығыстарды шешу жолдары жайындағы бағдарламалары пайдаланылды.
НАТО ғылыми бағдарламасы. Анықтама./2/
НАТО-ның халықаралық шиеленстерді тудырмау жолдарының теориялық негіздері мен практикалық іске асуы көрсетіелді.
Солтүстікатлантикалық одақ және Бейбітшілік жолындағы серіктестік. Біріккен қауіпсіздік./3/
НАТО-ның алдағы уақыттағы маңызды стратегиялық мақсаттарға жету жолындағы бағдарламалары егжей-тегжей қарастырылды.
НАТО қазіргі заман қоғамындағы мәселелер жөніндегі Комитеті./4/
Бұл комитетің жасаған құжаттарын алға тарта отырып, бүгінгі таңда әлем халқына төніп отырған жаһандық мәселелердің жиынтығымен күресудегі НАТО-ның жасап жатқан әрекеттеріне кеңінен тоқталынды.
Солтүстікатлантикалық келісімі ұйымының негізгі құрылымдық формуласын алуда В. Е. Уалаховичтің «Международные организации» еңбегі алынды./5/
НАТО қарастырғанда З. Бжезинскийдің «Великая шахматная доска», «Выбор мировое господство или глобальное лидерство» еңбектеріндегі НАТО стратегиялық мүдделері және оның халықаралық қатнастардағы орны./6/
П.А. Циганковтың «Теория международных отношений» оқу құралын пайдалана отырып, халықаралық шиеленістерді шешудегі теориялық аспектілері алға тартылды./7/
А.В. Торкуновтың «Современные международные отношения и мировая политика» оқу құралы ретінде берілген еңбегі пайдаланылды. Онда көрсетілген бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда мықты күшке ие болып отырған Солтүстікатлантикалық альянстың саясаты алға тартылды./8/
К.И. Байзакованың «История международных отношений в новое время» оқу құралы ретінде берілген еңбегі пайдаланылды. Мұнда Солтүстікатлантикалық келісімі ұйымына тарихи шолу жаслынды./9/
Нартов Н.А. «Геополитика» еңбегі пайдаланыла отырып, халықаралық қатнастардағы әлемдік державалардың геосаяси орнын анықтауындағы тұжырымдары көрсетілді./10/
Зерттеу жұмысының методологиялық әдісі. Бұл жұмысты зерттеу барысында батыс ғалымдары мен ұлттық және орыс ғалымдарымен өңделінген тұжырымдардың басты бағыттары-халықаралық қатынастар және аймақтану теориасының салыстырмалы, болжамық және реалистік әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысын қарастыруда американ-орыс зерттеушілерінің еңбектерінің теориялық-методологиялық әдістері ( Г.Маргентау және К.Н. Уелтц) пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының объектісі. Зерттеу жұмысында халықаралық шиеленістерді шешудегі НАТО-ның түрлі деңгейдегі әрекеттері батыс ғалымдары мен ұлттық және орыс ғалымдарының тұжырымдаған ойлары негізінде жасалынды.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Дипломдық жұмысың негізгі жаңалығы отандық тарихнамадағы бірінші қазақ тіліндегі Солтүстікатлантикалық келісім шарт ұйымының халықаралық шиеленістерді шешудегі жаңа әрекеттері мен стратегиялары мақсаттары көрсетілді.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының қамтыған мерзімі XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Солтүстікатлантикалық келісім шарт ұйымының халықаралық шиеленістер мен оның жаңа стартегиясы қамтылған.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зертеу жұмысының алға қойылған мақсат-міндеттеріне логикалық жетістіктер арқылы, сондай-ақ кіріспе, төрт тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
НАТО қазіргі кезде ғаламдық шиеленістер мен қауіпсіздікті реттеуде маңызды роль ойнайды. Бұл ұйым халықаралық қақтығыстарды шешуде белсенді әрекет етуде.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий