Латын Америкасындағы интеграциялық үрдістер



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3

I БӨЛІМ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЛАТЫН АМЕРИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ……………………………………………………………………………………….7
Интеграция қазіргі заманның жаһандық тенденциясы ретінде………………..7
Латын Америкасының аймақтық ерекшеліктері……………………………………10
Америка континентіндегі халықаралық байланыстар мен
институтар………………………………………………………………………………………………..12

II БӨЛІМ ЛАТЫН АМЕРИКАСЫНДА ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ………………………………17
2.1 Латынамерикасы континентіндегі интеграцияның алғышарттары…………………………………………………………………………………………..17
2.2 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы америкааралық (панамерикандық) жүйенің генезисі мен эволюциясы…………………………………………………………….22
2.3 Латын Америкасындағы ХХ ғ. 80-90 ж.ж. интеграциялық үрдістердің ерекшеліктері……………………………………………………………………………………………31

III БӨЛІМ ЛАТЫН АМЕРИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР………………………………………………………………..35
3.1 Қазіргі халықаралық қатынастардағы Латын Америкасы……………………..35
3.2 Латын-Кариб мемлекеттеріндегі аймақтан тыс байланыстар……………………………………………………………………………………………..41

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….52

СІЛТЕМЕЛЕР…………………………………………………………………………………………..55

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………..58

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың, қоғам мен мемлекеттің неолибералды моделі әлем мемлекеттерін кей жерлерде – ерікті түрде, ал кей мемлекеттерде қанатты зымырандардың көмегімен олардың арасындағы шаруашылық байланыстарды терең интеграциялауға итермелейді. Соңғы онжылдықта бұл интеграциялық үрдістер бұрынғы социалистік лагерьдің, Ресейдің және ТМД басқа елдерін қоса алғандағы мемлекеттерді де қамтып-ақ алды. Посткеңестік кеңістіктегі интеграцияланған экономиканы құрудың көңілден шықпаған қорытындылары көрсеткендей, бұл үрдісте тек көрінбейтін қолға, нарық стихиясына ғана сүйенуге болмайды және экономикалық интеграциядағы жетістіктер көптеген күрделі мәселелердің терең ғылыми сарапталуына байланысты. Осы орайда, шетелдік тәжірибе, яғни интеграциялық үрдістерді соңғы онжылдықта емес, кем дегенде жарты ғасыр бұрын жүзеге асыруға кіріскен елдердің тәжірибесі КСРО-ның бүкіл халықтары үшін үлкен мәнге ие. [1]
Латын Америкасында дамудың қазіргі динамикасы мен ары қарайғы дамудың перспективасына жартығасырлық тарихы бар аймақтық және субаймақтық интеграцияның әртүрлі үрдістері айтарлықтай әсер етеді. Қазіргі заманда бұл үрдістердің ең басты мақсаты континенттің елдеріне қазір қалыптасып жатқан халықаралық экономикалық қатынастардың жаңа даму жүйесі мен тұтас жалпыәлемдік экономикалық кеңістікте өз шаруашылық потенциалына сәйкес орынды бекіту болып табылады. Әрбір ұрпақтың техниканы меңгеруі, кезекті технологиялық даму одан әрі диверсификацияланған шаруашылық кеңістігін талап етеді, оны ұйымдастыру ірі капиталды жұмсаумен байланысты. Қуатты экономикалық кешенді ұйымдастыру қажеттілігі жеке фирмаларды, ірі корпорацияларды, ұлттық мемлекеттерді, енді олардың аймақтық топтарын да өз ресурстарын обективті түрде біріктіруге итермелейді.
Экономикалық интеграция – қазіргі Латын Америкасының едәуір өткір, өзекті, сонымен қатар күрделі де қарама-қайшылықты мәселелерінің бірі. [2] Көптеген жылдар бойы бұл мәселе қызу даулардың нысаны болып келді. Бұл мәселе біздің ғасырымыздың ортасынан бастап, бірақ ХХ ғасырдың соңғы ширегінде, яғни АҚШ, Канада, Мексика және Оңтүстік конустың (Меркосур) Жалпы нарығының қатысуымен еркін сауданың Солтүстікамерикандық зонасының қалыптасуымен және 1991 жылы Аргентинаның, Бразилия, Парагвай және Уругвайдың Асунсьон келісіміне қол қоюларымен интеграцияның екі әртүрлі және қарама-қарсы модельдері белгіленгеннен бастап өзекті болды.
Мемлекеттердің бірігу ісінде осындай маңызды жетістіктерге жетудегі өткен тарихи сүрлеуін зерттеу кедергілермен қатар, интеграцияның жағымды факторларын да ашып көрсетуге мүмкіндік береді, ал оның өзі жіберілген қателерден аулақ болуға және адамзат дамуының бұрыс жолынан аулақ болуға көмектеседі.
Зерттеу обьектісі мен пәні. Бұл жұмыс латынамерикан аймағындағы интеграция тарихын зерттеуге арналған. Латын Америкасындағы ұзақ уақыт бойындағы, яғни оңтүстікамерикандық мемлекеттердің интеграциялық ұйымын құруға дейін өміріндегі ірі және едәуір ықпалды мемлекеттер арсындағы кооперация мен әріптестіктің барлық мүмкіндіктері қарастырылады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты болып латынамерикан континентіндегі интеграциялық үрдістердің жағдайын талдау табылады.
Жалпы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері қойылды:
1.ХХ ғасырдың екінші жартысынан біздің күндерімізге дейінгі уақыттағы Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдеріндегі интеграциялық үрдістерді талдау;
2.Латынамерикан және кариб елдерінің интеграциясының халықаралық қатынастар аймақтық жүйесіндегі ролін анықтау;
3.Аймақтың негізгі елдеріндегі интеграцияның тәжірибесін зерттеу негізінде интеграция дамуының жалпы тенденцияларын, ерекшеліктерін, кедергілер мен келіспеушіліктерін ерекшелеу;
4.Саяси мәселелерді, интеграцияның латынамерикандық моделі, Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдеріндегі қоғамдық-саяси үрдістердің және қауіпсіздіктің американаралық жүйесінің спецификасын ескере отырып бағалау, қарастыру.
Диплом жұмысының жалпы методологиялық және теоретикалық негізі – гуманитарлық ғылымдардың зерттеудің негізгі принциптерінің бірі ретіндегі тарихилық принципі, салыстырмалы-тарихи әдіс зерттеуге кешенді көзқарас.
Тарихнама. Тұтас алғанда аймақ елдері арасындағы қатынастардың тарихы, сонымен қатар Оңтүстік конустағы интеграциялық үрдістердің қазіргі заманғы жағдайы біршама жақсы қарастырылған. Осы орайда дипломдық жұмысты жазуға аймақтағы қазіргі заманғы интеграция мәселелеріне арналған отандық және шетел латынамерикандық еңбектерде мәселелердің қойылуы негіз болды.
Жұмыста, сонымен қатар, отандық латынамерикандықтардың ұжымдық зерттеулері қолданылды: Латын Америка елдері қазіргі заманғы халықаралық қатынастарда; Латын Америкасы елдерінің экономикасы мен сыртқы саудасы; Латын Америкасы елдерінің экономикасы.
Сонымен қатар, жеке аймақтық ұйымдарды емес, жалпы келбетін қарастыратын интеграцияның тұтас тарихына арналған ғылыми жұмыстардың аз екендігін атап өту керек. Зерттеушілер, негізінен интеграцияның қазіргі заманғы аспектілеріне, немесе интеграция мәселелеріне қарамай, Оңтүстік Американың тарихын тұтас қарастыруға тоқталады.
Зерттелетін мәселеге қатысты барлық әдебиетті үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа басты геосаясаткерлердің еңбектері; екінші топқа кеңестік кезеңнің зерттеушілерінің еңбектері; үшінші топқа қазіргі заманғы латынамерикандық зерттеушілердің еңбектері кіреді. Өкінішке орай, отандық тарихнамада бұл проблематика енді-енді қалыптасып келеді, сондықтан қазақстандық авторлардың еңбектерін қарастыру мүмкін болмады.
Оңтүстік Америка бойынша көрнекті мамандарды қоса алғандағы белгілі геосаясаткерлерден біз В.Вольский, Р.Вюнше, А.Глинкин, А.Громыко, Л.Дворжак, Е.Прокопчук, А.Сизоненко, В.Талаш сияқты авторларды қарастырдық. Мәселен, В.Вольский еңбектерінде негізгі назар бұл мемлекеттердің экономикалық даму факторына аударылса, А.Глинкин, А.Громыко, Л.Дворжак тұтастай Латын Америкасы елдерінің, жеке алғанда Аргентина мен Бразилияның сыртқы саяси мәселелеріне арналған. Е.Прокопчук, А.Сизоненко, В.Талаш ресей-латынамерикан қатынастарына акцент жасаған. Көрсетілген авторлардың іс жүзінде әрқайсысы атап өткендей, латынамерикан аймағының ролі соңғы жиырма жылда күрделі өзгерді, ол экономиканың жылдам өсуімен, интеграциялық ұйымдардың құрылуымен және де АҚШ және еуропалық мемлекеттер сияқты елдермен саяси және экономикалық мәселелер бойынша әріптестіктің активизациясымен түсіндіріледі. Ю.Смирнов өзінің «Латинская Америка: интеграция с социалистическим лицом» еңбегінде соңғы екі онжылдық бойында Латын Америкасында экономикалық интеграцияның екі моделі арасында күрес жүріп келді дейді. Бірі, мәселен МЕРКОСУР, сондай-ақ Анд қауымдастығы (екеуі біріксе, Бразилия 2006 жылдың аяғында ұсынған ұлттардың Оңтүстікамерикандық қауымдастығын құрады) АҚШ және ЕО жағынан бәсекелестік алдында оңтүстікамерикндық экономикалардың консолидациясын білдіреді. АҚШ ұсынған келесі модель, Латын Америкасын еркін сауда кеңістігіне енгізуді көздейді; мұнда ішкі өнімнің 70%-ы АҚШ-қа келеді. 2005 жылы Венесуэла және Куба еркін сауданың
Зонасына идеологиялық альтернатива ретіндегі «Боливарианская альтернатива для Латинской Америки» (ALBA) деген атқа ие болған интеграциялық жобаның жасалғандығы жөнінде жариялады. 2006 жылы билік басына Эво Мореластың келуінен соң жобаға Боливия қосылды. ALBA өз іс-әрекетінің негізіне «кооперативті басымдықтар» принципін қояды, ол «салыстырмалы басымдықтар» либералды догмасына қарама-қайшы. [3]
Жұмыстың жазылуына негіз ретінде аймақтағы сыртқы саясат мәселелеріне арналған және Аргентина мен Бразилия қарым-қатынастары тарихына қатысты отандық және шетелдік латынамерикандықтардың еңбектері алынды. Бұл тақырыпқа кеңестік, чех, венгер, неміс және поляк ғалымдардың еңбектері арналды.
Дерек көздері. Зерттеудің дерек көздері ретінде келісімшарт мәтіндері мен Латын Америкасы интеграциялық ұйымдарының мемлекеттерінің ресми үкіметтік құжаттары және мерзімдік басылымдардағы интеграциондық құрылымдардың атқарушы органдарының құжаттары алынды. Сонымен қатар дерек көздері ретінде белгілі саясаткерлердің еңбектері талданды.
Жұмыс құрылымы зерттеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, библиографиядан тұрады.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий