Индира Ганди дипломатиясы



МАЗМҰНЫ:

Кіріспе………………………………………………………………………………………………….3-6

Негізгі бөлім:…………………………………………………………………………………………7-27

І Тарау Үндістанның мемлекеттік және саяси өкілі – Индира Ганди ………7-19

1.1 Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі И Гандидің саяси өмірдегі басты рөлі ………………………………………………………………………………………………………………7-15

1.2 И.Гандидің басшылық қызметке ауысқанға дейінгі белестер ……………..16-19

ІІ Тарау Тәуелсіз Үндістанның башысы И.Гандидің жургізген ішкі және сыртқы саясаты ……………………………………………………………………………………………………20-27

2.1 Билік жолындағы күрес ……………………………………………………………………..20-25

2.2 Үндістан – КСРО қарым – қатынастары……………………………………………….26-27

Қорытынды………………………………………………………………………………………………..28-29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………30

Қосымшалар………………………………………………………………………………………………..31-34

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі:

Үндістан дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқылы субьектісі ретінде әлемнің түкпір – түкпіріндегі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды орнатып,олардың бірқатарынды өз дипломатиялық өкілдерін ашуда.

Индира Ганди – Үндістанның мемлекетік және саяси көрнекті өкілі.

Индира Ганди жастайынан әкесі- Дж. Неру,атасы – Матилал Нерумен бірге өз елінің тәуелсіздігі үшін колонизмге қарсы болды.

И.Ганди Үндістанның саяси және экономикалық прогресс жолында алға жылжуына көптеген еңбек етіп,үлес қосқан болатын.

Курстық жумыстың көкейкестілігі мен орындылығы жоғарыда айтылғандығы мен туындайды.

Тақырыптың мақсаты:

Үндістанның дипломат,қайраткер,саяси көрнекті өкілі – И.Гандидің еңбек жолын курстық жұмысқа қойылатын шек пне деңгей шеңберінде,мүмкіндігінше жан-жақты жүйелі зерттеу ,таныстыру.

Тақырыптың міндеттері:

_ Зеттеушілердің еңбектерінде,түрлі әдебиеттерінде саясаткер И.Ганди жайлы жазылған деректерді талдау;

_ Үндістан басшысының кәсіби қызметін іріктеліп алынған әдебиеттер негізінде зерделеу;

_ И.Гандидің әр түрлі жиындарда,конференцияларда сөйлеген сөздері мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды синтездеу әдісімен қарастырып, негізгі ойларын курстық жұмыс аясында жинақылау.

_Мемлекет қайраткері , тәуелсіздік жолындағы күрескер, саясаткер И.Гандидің өмірін толық зеттеп,қазіргі дипломатиялық үрдістердің қажеттіліктері мен сабақтастыру,оның бай кәсіби тәжірибесін анықтау.

Жұмыстың құрылымы:

— Кіріспеде И.Гандидің өміріне саяси қызметіне,оның Үндістанның саяси және экономикалық тәуелсіз мемлекет ретінде нығаюына ,сонымен қатар экономикалық прогресс жолында алға жылжуына көптеген еңбек етіп, үлес қосқаны жөнінде жалпылама тоқталып кеттім.

— Негізгі бөлімде Тәуелсіз Үндістанның басшысы И.Гандидің жүргізген ішкі және сыртқы саясаты ,сонымен қатар саяси өмірдегі басты рөлі және Үндістан — КСРО қарым – қатынасына нақтырақ тоқталдым.

— Қорытынды бөлімде сөзімді қорыта келе, оның көптеген еңбектері Үндістаның тәуелсіздігі және өз елінің ішінде бірлікті сақтау, сонымен қатар үнді халықтарының ұлы жеңістері мен экономикалық әлеуметтік нығайтуды дамыту еді.Осы туындылар үнді рухани құндылықтары қатарына қадірлі мүлік болып қосылатына тоқталып өттім.

Тарихнама:

Мен осы жұмысты жазу барысында көптеген орысша әдебиеттер қолдандым.Атап айтатын болсақ Р.А Ульяновский «Три лидера», А.Горев «Роса на лотосе» И.Ганди «Мечты и свершение» ,Дж. Неру «Взгляд на всемирную историю».Бұл еңбектерде И.Гандидің өміріне қысқаша сипаттама беріліп,оның тәуелсіздік жолында қаншама тер төккені туралы және қол жеткізген сәтті келіссөздері туралы айтылған.Сонымен қатар Р.А.Ульяновскийдің еңбегінде автор И.Гандидің саяси қызметін жан-жақты сипаттайды.

Сонымен қатар Дж.Неру түрмеден қызына жазған хаттары И.Гандидің саяси көзқарасын кең шеңберде тарихи,философиялық және саяси тұрғыдан кеңейткен.Сонымен қоса И.Ганди журналистерге берген сұхбаттарынан , халықаралық конференцияларда сөйлеген сөздерінен дүниежүзілік және халықаралық қауіпсіздіктің нығаюы және ядролық апатының болдырмауы жолында күрескендігін байқаймыз.Тәуелсіз мемлекет басшысы ретінде жетістіктерін және оның жалпы қоғамдық саяси өмірі туралы мәліметтер айтады.

Менің ойымша – Қазіргі саясаткерлер,дипломатиялық мектептер И.Гандиді үлгі тұтып , оның кәсіби шеберлігін зерделеп үйрену керек.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий