Еуропа этника



Кіріспе………………………………………………………………………………………………………6

Тарау-1. Еуропалық Одақтың этникалық бейнесі

1.1 Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердегі байырғы этникалық азшылықтар………………………………………………………………………………………………18
1.2 Еуропалық Одақ және көші-қон мәселесі…………………………………………………………………………………………………….33

Тарау-2. Этникалық азшылықтардың саяси мәселелері

2.1 Еуропалық Одақтың кеңеюі және этникалық азшылыктар мәселесі…………………………………………………………………………………………………….47
2.2 Этникалық азшылықтың азаматтық мәселесі ……………………………………..49

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….52

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………….56

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Батыс Еуропа соңғы бірнеше ғасырлар бойына біртіндеп бүкіл ғаламшарды қамтыған көптеген жаңа идеялық-концептуалдық, әлеуметтік — экономикалық және саяси-құқықтық тенденциялардың бесігі болды. Мұнда ХVІІ-ХVIII ғғ. өнеркәсіп төңкерісі, ал XVIII ғ. экономикалық және саяси демократияның құқықтық құралы мен доктринасы қалыптасты. Әлемнің тап осы бөлігінде XX ғ. Шығыс Еуропа, Сібір, Закавказья және Орталық Азияның көптеген халықтарының өмірін мүлде өзгерткен және өткен ғасырдың көп бөлігі бойына әлемді дірілдеткен «ғылыми коммунизм» идеясы дүниеге келген болатын. XX ғ. ортасынан Батыс Еуропа халықаралық интеграция үрдісінің бесігі болды.
Ғасырлар бойына жалғасқан ішкі еуропалық сауда байланыстары мұнда тек халықаралық транспорттық, кейіннен несие — қаржылық инфраструктураны құрып қана қоймай, сонымен бірге халықаралық қатынас мәдениетін, салт — дәстүр және этикалық нормалар жүйесін де құрды.
Бүгінгі Еуропалық Одақ 378 472 млн. халқы бар 15 мемлекеттің саяси және қаржылық одағы. Біріккен Еуропа — жер шарыңдағы ең сыйымды нарық және ең мықты экономикалық бірлік. 1996 ж. Әлемдік банктің есебі бойынша 1994 ж. ішкі жан басына шаққандағы ішкі өнімі (ӘБ соңғы мәліметті әлі жариялаған жоқ) 7 346 577 млн.доллар, яғни әлемдегі ең үлкен көлемді білдіреді. Ішкі жалпы өнімі бойынша Еуропалық Одақ АҚШ, Жапония, Қытай, ТМД елдерінен асып түседі.
XXғ. екінші жартысында әлемнің түрлі бөліктерінде интеграциялық топтар күрыла бастайды. Бірлестіктер тек жоғары және орташа дамыған индустриалды шаруашылықтары бар аймақтарда ғана емес (Солтүстік американдық еркін сауда ассоциациясы (НАФТА), Азия-Тынық мұхиттық экономикалык корпорация (АТЭС), Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (АСЕАН), Латинамерикандық интеграциялық ассоциация (ЛАИА)), әлемнің ең артта қалған аймақтарында да (Батыс — Африкан елдерінің экономикалық қоғамдастығы, Даму және үйлестірудің Оңтүстік Африкандық конференциясы (ЮАКРК), Шығыс — африкандық экономикалық бірлестік және т.б.) құрылды. Жалпы алғанда аймақтық интеграция туралы 70-тен астам келісімдер түскен.
Бүгінде Еуропалық Одақ аймақтық интеграцияның әлдеқайда дамыған түрі болып табылады. Өзінің саяси құрылымын жетілдіру үрдісінде, өз дамуында аймақтық интеграцияға қатысуға бейімделуші тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін интеграция, жетекші елдер тәжірибесі сияқты негізге алушы тенденцияны ескерген жөн.
ҚР бірқатар интеграциялық бірлестіктерге (ЕврАзЭс, ЦАЭС,) қатысуда. Сондықтан да Қазақстан үшін аймақтық интеграция тәжірибесін оқып-үйрену қолданыстық маңызға ие.
Еуропалық интеграцияның қалыптасу үрдісі бүгінгі таңда әлемнің бірқатар аймақтарына үлгі болары сөзсіз. Бұл мәселені зерттеу қазіргі уақытта тек ғылыми жағынан емес, сондай-ақ өркениетті дамуға ұмтылған жас тәуелсіз елдер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Қазақстанда әлемдік тәжірибені, сондай-ақ осындай өзгерістерді басынан кешкен елдердің тәжірибелерін зерделеу үлгі ретінде қарастырылады.
Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін ынтымақтастықты нығайтуға және ғаламдық деңгейдегі мемлекетаралық өзара қарым-қатынасты орнатуға ұмтылған Орта Азия мемлекеттері үшін еуропалық интеграция үрдісінің өткен жолын, осы бағыттағы табыстарымен қатар кемшіліктерінен, өздеріне тән ерекшеліктерінен тәлім — тәрбие алуы, істің табысты болуының кепілдігі. Еуропалық тәжірибе Ортаазиялық кеңістікте, ТМД елдері арасында еуроазиялық экономикалық қоғамдастыққа, тіпті әлемдік деңгейге үйлесуге ұмтылуда өзінің маңыздылығын жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан өзінің геосаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне орай, тар аймақтық мәселелер шеңберінде тұйықталуға құқы жоқ. Қазақстанның болашағы Азия мен Еуропада, Шығыс пен Батыста. Шығыс пен Батыс арасындағы өзара түсіністік бір — бірінің ерекшеліктерін білу негізіне сүйенеді және онда біздің елдеріміз бен халықтарымыз игілігіне жаратар орасан зор мүмкіншіліктер бар», — деп көрсетті [1].
Қазақстан үшін Еуропалық Одақапен қатынастарының қажеттілігі мен перспективалылығы ЕО әлемдік саясат, экономика және мәдениеттегі рөлі мен орны ғана емес, еуроазиаттық ел болып табылатын Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесіндегі алып отырған екі жақты жағдайымен анықталады. Географиялық жағдайы (ұлы екі көршінің ортасында орналасуы, әлемдік мұхитқа шыға алмауы), халықтың этникалық құрамы Батыс пен Шығысқа, жақын және алыстағы көршілерге қатар бейімделу қажеттілігін алдыға тартып отыр.
Қазіргі ғаламдану жағдайында этникалық қайта өрлеу мен халықаралық миграция ғаламдану салдарларының бірі болып табылады. Миграция өзінің жаппайлылығы және барлық жердегі динамикасының күрделілігімен ерекше сипатқа ие, сонымен қатар ол көбінесе халықаралық шиеленістер мен қақтығыстарға себепші. Миграция халықаралық өмірдің басты мәселелерінің біріне айналуда. Бұл байланыста оны жеке елдің жергілікті құбылысы ретінде қарастырып қана қоймай, оның әрқайсысы адам ресурстары ғаламдық араласудың органикалық құрамын білдіретіндігін есте тұтқан жөн. Бұл құбылыс ғаламдану жағдайындағы этникалық өзін — өзі анықтау мәселесімен нақты байланыста.
XX ғ. 90-шы жж. басында Батыс Еуропа елдерінің көпшілігінде иммигранттық қауымдастықтар қоғам халқының жалпы санының 5 пайыздан 10 пайызға дейінгі көрсеткішін құрады. ЕО елдеріндегі занды иммигранттардың саны 2 млн. жуық болды. Осы сан шеңберінде басқа елдердің адамдары ЕО шамамен 5,5 млн. адамын құрады. Олардың кұқықтық және азаматтық құқықтары келген еліндегі мәртебесімен жақындастырылды. Бұл топтың басқа бөлігі — шамамен 11,5 млн. адам ЕО тыс елдерден келгендер. Олардың 90 пайызға жуығын дамушы елдерден шыққандар екендігі есептелінді. Еуропалық Одақтағы еуропалық елдерден тыс шыққан мигранттардың саны шамамен 10 млн. десек, яғни бұл Еуропалық Одақ халқының жалпы санының 3 пайызға жуығын құрайды. Бұл мәліметтер тек заңды мигранттарға қатысты [2].
Батыс Еуропа елдері әлі де мигранттардың көпшілігі үшін потенциалды қоныс аударудың негізгі орындарының бірі болуда. Еуропалық емес елдерден шыққан иммигранттар қауымдастығы нәсілдік және мәдени жағынан өздерін қабылдаушы елдерден айырықашаланады, бірақ сол ел экономикасы мен қоғамының берік элементіне айналды.
Иммигранттар ынтымақтасқан этникалық қауымдастық құрады, көп жағдайда өзара антогонизм мен қақтығыстарға себепші болатын олар мәдениет, тілі, діні бойынша жекеленген.
Жұмысшы күшінің еркін қозғалысы қағидасы Еуропалық Одақтың ішкі нарығының негізін қалайтын төрт бостандықгың бірі. Бұл қағида еңбекті еркін қолдану және қоғамдастықтың кез-келген мүше-елінде Еуропалық Одақтың тұрғындары шаруашылық қызметін еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.
Жұмыс орнын таңдау және оған ие болумен байланысты қоныс тебу, сонымен қатар тұрғын үйді жалға немесе меншікке алу мүмкіндігі қосымша құқық болып табылады. Жұмысшы күшінің еркін қозғалысы қағидасын іске асыру ерекше құқықтық реттеуді, сонымен қатар осы интеграциялық бірлестікке қатысушы — елдердің өзара беретін кепілдіктерін анықтауды талап етеді. Еуропалық Парламент және қоныс тепкен жерінде жергілікгі өзін — өзі басқару органдарына сайлауға қатысу мүмкіндігін білдіретін сайлау құқығы, еңбек нарығының жеткілікті болуы, диплом және кәсіптік мамандануының мойындалуы, әлеуметтік қамсыздандырылудың үйлестірілуі сияқты құқықтар осы кепілдіктердің объектісі болып табылады.
Жұмысшы күшінің еркін қозғалысы қағидасын іс жүзінде іске асыру мәселесі Орталық және Шығыс Еуропаның посткеңестік мемлекеттері есебінен Еуропалық Одақтың алдағы кеңеюіне байланысты ерекше сипат алды.
Осы байланыста интеграция үрдісіндегі реттеу мен шешуге қажетті бірқатар мәселелер шеңберін анықтауға ықпалдастық ететін ЕО этникалық саясатын зерттеу ерекше маңыз алады.
Қазақстан Республикасы — көп этникалық мемлекет және аймақтағы интеграциялық үрдістердің белсенді қатысушысы болғандықтан ЕО этникалық саясатының талдауы үлкен маңызға ие. Аймақтық интеграция үрдісіндегі этникалық азшылықтар мәселесін шешудегі ЕО тәжірибесі жас егемен республика үшін пайдалы болмақ. Осы мәселедегі ЕО жетістіктері мен кемшіліктерін оқып-зерттеу этникааралық келісім, этникааралық интеграция және интеграциялық қогамдастыққа этникалық азшылықгардың кірігуге қол жеткізу жолдарын анықтауға ықпалдастық етеді.
Еуропалық интеграция үрдісіндегі Еуропалық Одақтың этникалық саясатын зерттеу диплом жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. Этникалық азшылықгың азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелеріне қатысты Еуропалық Одақтың ұстанымының талдауы дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері еуропалық интеграция үрдісі басталғаннан, яғни XX ғ. 50-ші жылдарынан бүгінгі күнге XXI ғ. басына дейінгі аралықты қамтиды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Еуропалық Одақтың еуропалық интеграция үрдісіндегі этникалық азшылықтарға қатысты саясатын көрсету.
Диплом жұмыста этникалық азшылық мәселелері, Еуропалық Одақтың осы мәселелерді шешудегі саясаты қарастырылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердің этникалық бейнесін,
яғни олардың тарихи-географиялық және этникалық, сонымен қатар тілдік және діни тиістілігін беру;
Еуропадағы интеграциялық үрдістің кезеңделуін беру;
Еуропалық Одақгағы иммиграциялық үрдістерді, оның себептерін, түрлерін, ерекшеліктерін анықтап және олардың елдің этникалық құрамына әсерінің талдауын беру;
Еуропалық Одақтың кеңею үрдісін талдай отырып, жаңа этникалық азшылықтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси және азаматтық мәселелерін анықтау;
Еуропалық Одақтың тілге байланысты саладағы саясатын қарастыру және оны шешудің үлгілерін қарастыру;
этникалық азшылықтардың азаматтық құқықтары, өзіндік ерекшелікті сақтау, мәдениет, ана тілінде білім алу жолдарының талдауын беру;
этникалық азшылықтардың экономикалық және әлеуметтік мәселелерін және оларды шешудің жолдарын қарастыру.
Диплом жұмыстың зерттелу деңгейі. Еуропалық интеграция үрдісі, оның дамуы, динамикасы және эволюциясы зерттеуші-ғалымдардың зерттеу нысаны болды.
Еуропалық интеграция шеңберіндегі үрдістер көлеміндегі бар және орын алатын зертеулерде шетелдік зерттеушілердің негізгі назары Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердің иммиграциялық саясаты, халықаралық жұмысшы күшінің әлеуметтік-экономикалық, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу және мигранттардың этномәдени интеграциясы, Еуропалық Одақтың кеңею және байырғы ұлттық азшылықтар, олардың автономия жолындағы күрестері мен оларды реттеу мәселелеріне аударылған.
Жұмысты жазу барысында ағылшын, неміс, француз, нидерланд, т.б. зерттеушілерінің еңбектері өте құнды болды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Батыс Еуропадағы жалпы көші-қон, иммиграция үрдісі, оның дамуы мен әр елдегі ерекшеліктері мәселелеріне С. Кастлес, Л. Эльснер, М. Трибала, Терборн Е., А. Шмидт К., Зоест ден қояды.
Халықаралық миграция және Батыстың өнеркәсіпті дамыған алты елдеріндегі шетелдік жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мәселелерінің талдауын Уооллонг университетінің (Австралия) қызметкері С. Кастлес [3], ГФР иммиграциялық саясаты дамуының негізгі 2 кезеңін, оның себептерін, шетелдік жұмысшы күшінің көлемі мен құрылымын, иммиграциялық саясат саласындагы басқарушы топтардың ұстанымдарын Л. Эльснер [4], француз зерттеушісі М. Трибала [5] қарастырады. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропаның өнеркәсіпті дамыған елдері иммиграция аудандарына айналуын нақты сандық көрсеткіштермен Терборн Е. [6] дәлелдейді; Ұлыбританияның екінші дүние жүзілік соғыстан кейін 90-шы жж. дейінгі иммиграциялық саясатының қалыптасу үрдісін, осы саладағы заңдық актілері және еңбекші-мигранттардың кұқықтық жағдайының талдауын Шмидт К. [7], Нидерландыдағы иммиграция саласындағы мәселе мен саясатты Нидерланд журналисі А. Зоест қарастырады [8].
Шетелдік жұмысшылар арасындағы жұмыссыздық, жұмыспен қамтамасыз ету, Қоғамдастықгың әлеуметтік саясаты мәселелерінің талдауын Ж.-П. Гарсон, К. Виталь де Венден қарастырады.
Франциядағы шетелдік жұмысшылар арасындағы жұмыссыздық мәселесі, жұмыспен қамтамасыз етуде келісілген саясат жүргізу қоғамдастықтың әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болатындығын француз экономисі Гарсон Ж.-П. [9], Францияның социалистік партияның билігі кезіндегі иммиграциялық саясатын иммигранттардың этномәдени бейімделу мәселесіне баса көңіл аудара отырып саяси, әлеуметтік жақтарын француз зерттеушісі Виталь де Венден К. [10] талдайды.
Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердегі байырғы ұлттық азшылықтар, олардың түрлі мәселелері мен оны шешу жолдары А. Моммен, Рут ван Дейк, К. Десхауэр, Э. Ф. Эспадалер, Дж. Стивенсонның еңбектерінен табуға болады.
Бельгиядағы децентрализация үрдісі, 70-80-ші жж. ұлттық қайшылықтарды жұмсартуға бағытталған механизмнің қалыптасуы туралы Амстердам университеті жанындағы экономикалық және саяси зерттеулер Орталығының директоры А. Моммен [11], сонымен қатар Бельгиядағы валлондар мен фламандар мәселесі, оны шешу механизмдері Дейк Рут ван [12] пен Десхауэр Кристің [13] және Каталония автономиясы туралы Эспадалер Энрик Фоссас [14] еңбектерінде, Солтүстік Ирландия мәселесі, мәселенің бейбіт үрдісінің перспективаларын, оның ішінде 1998 жылғы келісімді, әсіресе XX ғ. соңғы онжылдығындағы кезеңге стратегиялық зерттеулердің халықаралық институтының қызметкері Джонатан Стивенсон[15] көңіл аударады.
Біртұтас еуропалық нарықтың қалыптасуы жағдайындағы еңбекшілердің әлеуметтік және экономикалық құқықтары, адам құқығы саласындағы еуропалық ынтымақтастықтың дамуы мәселелеріне Ф. Фабрициус, К. Дикке және К. Бреуин еңбектері арналаған.
Еуропалық Қоғамдастықтағы еңбекшілердің саяси-құқықтық жағдайы адам құқықтарын қамтамасыз ету негізінде халықаралық экономикалық және әлеуметтік құқық сақтаудың қалыптасуының жалпы мәселелерімен тығыз байланыста Бохум қаласындағы Рур университетінің профессоры және Еуропалық әлеуметтік хартиядан Еуропа Кеңесінің эксперттер комитетінің төрағасы болған Фриц Фабрициус [16], адам құқығы саласындағы батыс еуропалық мемлекеттер саясатының нормативті негізі ретінде негізгі құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың қазіргі жүйесінің талдауына Киль университеті жанындагы Халықаралық құқық институтының профессоры Клаус Диккенің [17] монографиясы арналған және Еуропалық Одақтың адам құқығы туралы мәселесінің тәжірибелік талдауын Киль университеті Халықаралық қатынастар саласының маманы Кристофер Бреуин[18] береді.
Кеңес тарихи ғылымы Батыс Еуропа елдерінің ішкі мәселелерін зерттеумен қатар оның этноұлттық даму мәселелеріне, әсіресе XX ғ. 60-80-ші жж. кезеңге белгілі бір дәрежеде зейін қойды. Батыс Еуропа елдеріндегі этноұлттық мәселесіне арналған кеңес авторларының еңбектері санының көбеюін олардың саяси өмірінде ұлт мәселесі рөлінің өсуімен және жергілікті ұлттың жоғарғы басқарушылары мен кемсітушілікке ұшыраған этноұлттық азшылықтың арасындағы қақтыгыстардың күшеюімен түсіндіруге болады. Кеңес ғалымдарының зерттеу нысаны болған бірнеше өзекті мәселелерді: Батыс Еуропа елдерінде этноұлттық құрамның қалыптасу жолдары; этникалық азшылықгар және иммигранттардың әлеуметтік — экономикалық жағдайы; полиэтникалық елдердегі этникалық азшылықгың экономикалық, саяси және мәдени дамуындағы орны, ұлттық қатынастар саласына қатысты мемлекеттік саясат, батыс әлеміндегі ұлт мәселесінің күшеюі, себептері және бұл үрдістердің нәтижелері; басқа ұлт тегіндегі азаматтың тұрып жатқан елдегі әлеуметтік қарсылық қозғалысына қатысуы сол кездегі этникалық үрдістер, оның ішінде ассимиляция, консолидация, этникалық жекелену, т. т. атауға болады.
Өнеркәсіпті дамыған батыс елдеріндегі ұлттық қатынастарды зерттей отырып, кеңес авторлары, әсіресе 60-70-ші жылдардағы олардың өткірлеуіне назар аударды. Бұл бағытта полиэтникалық елдердегі (Ұлыбритания, Франция, Испания, т.б) ұлт мәселесі күшеюінің заңдылықтары мен жалпы себептерін ашу маңызды орын алды [19]. Бұл еңбектерде батыс мемлекеттеріндегі ұлт меселесінің күшеюі себептері капиталдың үстемдігі және жүйе ретінде капитализмнің ұлт мәселесін шешуде қабілетсіздігі, қоғам сипатының өзі осы мәселелерді тудырады деп көрсетілген. Батыс Еуропаның кейбір елдеріндегі ұлт мәселесінің күшеюіне қатысты бірнеше мақалалар бар [20].
Ұлыбританияның байырғы ұлттық азшылықтарының жағдайы мен мәселелері бірқатар кеңестік ғалымдардың зерттеу нысаны болғанын И.Г. Рыбалкина, О.Л. Шахназаров, Н.П. Грибин, Н.С. Крылова, И.Н. Гроздова және т.б. еңбектері дәледейді. 1972 жылы Уақытша шаралар туралы Заң тікелей басқару жүйесінің енгізілуі; Британ кабинетінің құрамына Солтүстік Ирландия істері бойынша мемлекеттік хатшы деген жаңа қызмет саласы құрылғаны, оның парламент мүшесі болып табылатыны және кабинет құрамына енетінін И.Г. Рыбалкина [21], Ирландия үшін елдің қосылу мәселесі әлі маңызын жоймағандығы, Ольстер мәселесін шешудің рецептісі елдегі барлық саяси партиялардың бағдарламаларында көрініс тапқанын О.Л. Шахназаров [22], партияларының ұстанымдарын Н.П. Грибин [23], Шотландия мен Уэльсте ұлттық қатынастардың өткірленуінің талдауын Н.С. Крылова [24] қарастырады, Солтүстік Ирландиядағы оқиғалардың Ұлттық аспектілерінің талдауына И.Н.Гроздова назар аударады [25]. Сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияда түпкі шеткі аудандардың шаруашылығы дамуын тендестіруді жүзеге асыру бағытында Корсика мен Бретаньды индустриализациялаудың бірнеше жоспарлары, Корсикаға көмек бағдарламасы болғаны, алайда бұл аралдың кешенді дамуын қарастырмағандығы жөнінде М.И. Семиряга [26] атап көрсетеді.
Батыс Еуропа тұрғындарының этникалық құрамының қалыптасу жолдары туралы кеңестік әдебиеттерде толықтай қамтылмаған. Батыс Еуропа елдеріндегі ұлттық үрдістерге арналған тек кейбір еңбектер [27] болмаса, іс жүзінде арнайы зерттеулер жеткілікті деп ауыз толтырып айтарлықтай емес. Кеңес тарихнамасында негізінен жеке еңбек түрінде, жалпылама еңбектердің арнайы тараулары түрінде жарияланған байырғы тұрғындардың әлеуметтік — экономикалық жағдайы, иммигранттардың және олардың ұрпақтарының түрлі елдердің экономикалық, саяси және мәдени дамуына қосқан үлестері жөнінде біршама зерттеулер бар. Мысалға, 60-70-ші жж. әдебиеттерге назар аударсақ, басым көпшілігінде негізгі зерттеу нысаны бірнеше этноұлттық құрылымдар немесе батыс елдері қоғамындағы қазіргі әлеуметтік құрылыстардағы ұлттық азшылықтың және этникалық топтардың орны туралы жалпы бейне берілген және өнеркәсіпті дамыған батыс елдеріндегі ұлттық проблематиканың иммигранттану аспектісі совет әдебиетінде біршама нақты зерттелген. 60-70-ші жж. шетелдік жұмысшыларды тартушы жетекші орталыққа айналған экономикалық дамыған Батыс Еуропа елдері болды [28], ал басқа бір бөлігі Батыс Еуропаның полиэтникалық тұрғындарының жекелеген этноұлттық топтарына арналған. Тең құқықтық жолындағы күрес, тұрмыстағы қарым-қатынаста, өндіріс үрдісінде бірлескен қатысуларының нәтижесі барысында пайда болған «келімсек» және тұрғылықты еңбекшілердің өзара қарым-қатынасының формаларын анықтауға болады. Бұл еңбекте КСРО ҒА-ның Халықаралық жұмысшы қозғалысы институты қызметкерлерінің ұжымы шығарған еңбекте [29] ағылшын, шотланд, валлий, «түсті» еңбекші топтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың әлеуметтік құқықтар үшін күресте бірігуіне негіз болатындығын көрсетеді. Осындай пікір «Национальные меньшинства и иммигранты в современном капиталитическом мире» монографиясының «Әлеуметтік қарсылық қозғалысындағы ұлттық азшылықгар және иммигранттар» атты тарауда да берілген [30].
Сонымен қатар кеңес зерттеушілері этникалық сана-сезімнің елдегі жалпы этноұлттық жағдайдың қалыптасуына қалай әсер ететіндігін қадағалайды және түрлі этникалық элементтердің ұлттық ана-сезіміндегі өзгерістердің нәтижесі болып табылатын ұлттық сипатындағы ағымдарға сынды талдау беруге ұмтылған.
Еуропалық интеграцияның түрлі аспектілері ресейлік ғалымдардың да зерттеу нысаны болып табылады. Еуропаны зерттеу әрқашанда ресей ғылыми және мәдени дәстүрінің басым — бағыттарының бірін құраған. Қайта құрудың басталуы және Еуропаға және еуропалық тәжірибеге деген қызғушылықтың бірден артуы 1987 ж. аяғы мен 1988 жж. басында Ресей Ғылыми Академиясында Еуропа Институтының ашылуына әкелді. Еуропалық интеграция — пәнаралық тәсіл шеңберінде зерттелетін кешенді сипаттағы жалпы институттық тақырып. Институт мамандары — Ю.А. Борко, В. Н. Шенаев, В.Г. Шемятенков, М.В. Каргалова, О.В. Буторина, И.М. Бусыгина, О.Ю. Потемкина, А.И. Тэвдой-Бурмули, С.В. Быховский зерттеулерінің нәтижелері бірқатар монографиялар мен гылыми мақалаларада және баяндамаларда жарияланған. Институт құрылғаннан бері Ю.А. Борко [31] басқарған Еуропалық интеграцияны зерттеу Орталығы (Еуропадағы интеграциялық үрдістерді зерттеуді 60-шы жылдары-ақ бастаған) жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарламалардағы әлеуметтік кұрылымның үлесі XX ғ. 90- жж. ортасына қарай жартысынан асып басым түсіп, ҒТП-ң әлеуметтік икемделуі Еуропа Қауымдастығының 1998-2002 жж. арналған зерттеулер мен ізденістерінің бесінші шектеулі бағдарламасында айқын көрінетіндігі жөнінде РҒА мүше-корреспонденті В. Н. Шенаевтың {32] бағалауы, бұрындары РФ ЕО Елшісі болған, э.ғ.д. В.Г. Шемятенков [33] және э.ғ.к. О.В. Буторинаның [34] еңбектерінде еуропалық интеграцияның экономикалық мәселелері кеңінен қамтылған. ЕО аймақтық мәселелері И.М. Бусыгинаның [35], ЕО елдеріне 50-ші жж. соңынан басталған шетелдік жұмысшылардың ағылуы, яғни иммиграция, халықаралық сипат алған терроризм, қылмыс, т.б. мәселері соңғы жылдары бірқатар еңбектер жариялап үлгерген ресейлік европеистиканың жетекші маманы О.Ю. Потемкинаның [36] зерттеу нысаны болды, еуропалық интеграция нтекстісіндегі еуропалық ұлтшылдық мәселесі жас маман А.И. Тэвдой-Бурмули [37], еуропалық интеграцияның қазіргі сатысының маңзды құрамдас бөлігі ЕО кеңею мәселесімен айналысушы В.Быховскийдің [38], көп жылдар бойына әлеуметтік саладагы саясатты зерттеумен айналысушы, осы саладағы бірқатар Коектердің авторы т.ғ.д., профессор М.В. Каргалова [39] еңбектерінде талданған.
Сонымен бірге институт қызметкерлері ұжымының дайындаған географияларында 90-шы жж. ЕО дамуының қорытындыларының және оның XXI ғ. басындағы перспективалары [40], XX ғ.мен XXI ғ. басындағы Еуропадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да үрдістердің ұтымды талдауы мен байыпты болжамы [41] қарастырылады. ЕО, оның органдары, құқықтары, механизмдері, сонымен бірге ішкі және сыртқы саясатының түрлі бағыттары туралы мәліметтерді «ЕС. Справочник-путеводитель» жинағынан алуға болады. [42] Сонымен қатар 1992 жылы Еуропа институты негізінде мүшелері РҒА, ірі Мәскеу оку орындары, көрнекті ресей ғалымдары болып табылатын Еуропалық зсрттеулердің ассоциациясы (АЕВИС) құрылады.
Ресейлік зерттеушілер қазіргі кездегі еуропалық интеграция үрдісі, кеңею үрдісімен байланысты мәселелер, Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердегі этникалық азшылықтар, олардыд проблемаларының түрлі аспектілері Е.И. Павличук, И.В. Данилевич, Н. Васильеваның, Г.Г. Гольдин, Кожановский, С. Шлыгина, Иванов, В.Г. Барановскийдің еңбектерінде берілген.
Бельгиядағы лингвистикалық шекараның белгіленуінен кейінгі бекітілді шекаралық аудандардағы шиеленістер, «ұлттық қақтығыстарды реттеу шаралары туралы Е.И. Павличуктың мақаласынан [43], қазіргі күнде басқа партияларының күресі, Баскониядағы жалдамалы жұмысшылар басқа аймақтағы келгендіктен, бұл жерде ұлттық-этникалық қатынастарға өлеуметтік-экономикалық қатынастардың қабысуының талдауын И.В. Данилевич [44], Ұлттық белсенділіктің қазіргі Еуропа, оның ішінде Батыс Еуропа дамуының өзіндік тенденциясының біріне айналуы, Батыс Еуропада 80-Іпі және 90-шы жылдары ұлттық риториканы пайдаланушві партиялардың электоральді жетістіктерінің толқыны, оның ішінде Францияда Ұлттық Майданның толассыз танушалдылық алуы Н. Васильеваның [45] жарияланымдарынан танысуға болады. XX г. 80-ші жж. соңы — — 90-шы жж. басы Батыс пен Шығыс өзара қарым-қатынасындағы жаңа қадамдар, шекаралардың ашылуымен өмірге жаңа үлкен миграциялық ағылуды әкелген Орталық және Оңтүстік — Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі түпкілікті саяси және экономикалық өзгерістер жайында Г.Е. Гольдин [46], Еуропалық этникалық жағдайдың жалпы ерекшелігіне назар аудара отырып, қоғамдық өмірде және мемлекеттік — саяси құрылымда этноұлттық элемент рөлінің бірден өсуін Кожановский [47] керсетеді.
Этникалық азшылықты ұлттық көпшілік тарапынан ассимиляциялауға деген ұмтылыс, ұлттық азшылықгар тарапынан этникалық біртектілікті сақтау талабын қоюы, өркениетті елдердегі этнотілдік жағдайының үрдістерін С. Шлыгина [48], соңғы кездері Еуропада аймақтардың үлкен рөл ойнауы, еуропалық регионализмнің құбылыс ретіндегі талдауына И.Д. Ивановтың [49] еңбегі, сонымен қатар жалпы батыс еуропалық интеграция, оның саяси жақтары жөнінде В.Г. Барановский [50], азшылықтар, олардың халықаралық-құқықтық мәртебесі мәселелері Г. Жвания АХ. Абашидзе мен Ф.Р. Ананидзе еңбектерінен танысуға болады .Сонымен қатар Ресеиде өткен дөңгелек үстел және конференция материалдары да өзіндік қолданыс тапты: Ресей Ғылым Академиясы Латин Америкасы Институтының Иберия орталығындағы әріптестердің қатысуымен (ИМЭМО) Испанияның экономикалық және саяси дамуы мәселелері және негізгі талқылау тақырыбы Х.-М. Аснардың оңшыл центристік Халық партиясына жеңіс әкелген 2000 жылдың 12 наурызында өткен парламент сайлауының қорытындысы [53], 2003 жылы 13-14 ақпанда Калининградта негізгі мақсаты жалпы әлемдік ғаламдану үрдісіндегі мәдениаралық байланыс және түрлі әлеуметтік, ұлттық қауымдар мен топтардың біртектілігін қалыптастыру мәселелерін талқылау болған Қоғамдық ғылымдардың Балтық аймақаралық институты, Петербордағы АҚШ Бас Консулдығы және Калининград мемлекеттік университетінің үйымдастыруымен «Ғаламдану контекстісіндегі мәдениет және біртектілік: Ресей, Еуропа және АҚШ» тақырыбында халықаралық семинар өтті [54].
Отандық зерттеушілер. Концептуалдық сипаттағы Еуропалық интеграцияның жалпы мәселелері бойынша Қазақстан диплорматтары К. Тоқаев [55], Е. Идрисовтың [56] еңбектері назарға алынды.
Қазақстандық зерттеуші-ғалымдар арасынан А.Нысанбаев [57], Г.М. Мендіқұлова [58], К.Л. Сыроежкин [59], Ж. Абылхожин [60], Н. Байтенова [61], Б.Б. Абдығалиев [62], Н. Романова [63] және т.б. атауға болады.
Отандық авторлар еңбектерінде жалпы этникалық, оның ішінде ҚХР-дағы этникааралық қатынастар мәселесіне К.Л. Сыроежкин, посткеңестік кезеңнен кейінгі Орталық Азияның полиэтникалық елдеріндегі ұлттық біртектілік мәселелеріне Ж. Абылхожин, этникааралық интеграцияның әлеуметтік-философиялық, этникалық және этникааралық үрдістерді зерттеудің негізгі методологиялық проблемасының талдауын Н. Байтенова қарастырады. Этникалықтың саясатқа әсерінің дәрежесі, механизмі және сипаты, этникалық фактордың әсерінің талдауын шетелдік елдер тәжірибесі негізінде республикамыздағы ұлттық және тіл саясатын, ұлттық мәдениеттің, ұлттық топтардың өзіндік ерекшелігін және тіл саясатының стратегиясы мен механизмдерін Б.Б. Абдығалиев талдайды. ҚР этносаяси үрдістерге талдау жасай отырып этникалық қайта өрлеу, этникалық өзін-өзі орнықтырушы Қазақстандағы этникааралық сенімді қирату қажеттілігі жоқ деген тоқтамға жас маман Н. Романова келеді.
Қазақстанда Еуропалық Одақтың этникалық саясаты және Еуропалық интеграция шеңберіндегі этникалық азшылықтар үрдісінің ғылыми оқылып-зерттелуіндегі бетбұрыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасындағы Еуропалық комиссия Өкілділігі және Еуропалық құжаттама орталығымен бірлесе өткізген шараларымен байланысты. Атап айтқанда: 2000 жылы 3 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚР Еуропалық құжаттама орталығы бірлесе отырып «Еуропа Құрама Штаттары: саяси одаққа жол», 2002 жылы 28 мамырда ҚР Еуропалық Комиссия Өкілділігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті және ҚР Еуропалық құжаттама орталығының бірлескен «Еуропалық интеграция және ұлттық азшылықтар мәселесі: Қазақстан үшін тәжірибе- тақырыптарында өткізген халықаралық ғылыми-практикалық конференциялары және 2003 жылы 12 желтоқсанда «Еуропалық Одактың кеңеюі: перспективалары мен шындықтары» тақырыбында еткен дөңгелек үстел өткізді және осы конференциялар мен дөңгелек үстел материалдары жеке жинақтар түрінде жарияланым тапты.
Қазақстандық ғалымдар арасында зерттеу жұмыстарының, оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті, Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының еуропалық интеграция үрдісін және жалпы адам құқыктарын зерттеуде жүргізіп отырған жұмыстары оқытушы-үстаздары — Ж.У. Ибрашев, Г.Ш. Жамбатырова, Қ.И. Байзақова, К.Н. Макашева М.Ш. Ғубайдуллина, И.Л, Бурнашов, И.А. Черных, Ф.Т. Кукеева, Б.З. Бюжеева, Е.Г. Еалинек және С.Ж. Айдарбаев, М.С. Мырзабеков, С.Ж. Сапанов, Б.Б. Байғабылованың еңбектерінде зерттелген.
ЕО мүсылман феноменінің пайда болуы, саяси оңшыл радикалды күштердің өсуіне және адам құқығы идеясының дискредитациясына әкелуі мүмкіндігі және еуропалық интеграция үрдісіндені егемендік пен ұлттық біртектілік мәселелері Ж.У. Ибрашевтың, этникааралық қақтығыстарды реттеу мәселелерін Е.Ш. Жамбатырова, ЕО кеңеюінің кейбір мәселелері және осы мәселедегі Францияның ұстанымы туралы Қ.И. Байзақова, Маастрихт келісім-шартындағы адам күқығы мәселелерін К.Н. Макашева, ОШЕ елдерінің интеграцияның жалпыеуропалық үрдісіне қатысу перспективасы, біріккен Еуропа мақсаттарын іске асыруда ФРЕ ЕО дамуына қатысуы және Германияда шетелдіктердің келуі мен кетуін реттейтін көптеген ережелер мен актілердің іске қосылғаны және екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Оңтүстік Тироль ұлттық азшылықтары өз құқықтары үшін белсенді күрес жүргізгендігі жөнінде М.Ш. Губайдуллина, демократиялық қоғамдағы ұлттық азшылықтар саяси плюрализмді қалыптастырудың белсенді қатысушылары, ал оның өкілдік және мәдени мекемелері — қоғамдық өмірдің маңызды компоненттері жайында, ЕО кеңею жағдайындағы ЕО тілге қатысты мәселесін И.Л. Бурнашов, ЕО Балтық елдерінің перспективасы мен мәселелеріне И.А. Черных, этникалық азшылықтардың халықаралық-құқықтық талдауын С.Ж. Айдарбаев адам кұқығы саласындағы халықаралық құжаттар талдауын М С. Мырзабеков, адам құқығы және ЕО жаңа мүшелердің енуі туралы С.Ж. Сапанов, ЕО әлеуметтік саясатының талдауын Б.Б. Байгабылованың, БҰҰ, ЕК, ЕҚЫҰ халықаралық құжаттарындағы адам құқықтарын қорғаудың дипломатиялық аепектілері Ф.Т. Кукеева, Б.З. Бюжеева , Е.Г. Еалинек еңбектерінде зерттелген.
Сыртқы саясат және талдау Орталығы, әлеуметтік-саяси және қанағатарлық зерттеулер Орталығы және Ф. Эберт атындағы Қордың үйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси дамуының этникалық мәселелері» тақырыбында өткізген халықаралық конференцияның материалдарында этиикааралық қатынастарды нығайту, Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдері арасындағы диалогты дамыту мәселелері қарастырылған сонымен қатар Қазақстандағы ұлтаралық катынастар, оларды реттеу және болжамы мәселелеріне ҚР ҰҒА Философия институты, Социология және ұлтаралық қатынастр орталығының біріккен еңбегі және Орталық Азиядағы этникалық үрдістерге «Европейский Союз и Центральная Азия» ұжымдық монографиясының бір бөлімі арналған.
Отандық тарихи ғылымда ЕО этникалық саясаты арнайы зерттеу пәні болмаған. Көші-қон үрдісі, этникалық азшылықгар, Еуропадағы этникалық азшылықтардың жұмыспен және әлеуметтік қамтамасыз етілу, сонымен қатар этникалық азшылықгардың жалпы мемлекет пен аймақ, мемлекетаралық және халықаралық қатынастардағы саясатына әсері мен алатын орны сияқгы мәселелері зерттеуді талап етеді.
Бұл диплом зерттеу жұмысының ерекшелігі ЕО этникалық саясатының, оларды саясатқа, интеграциялық үрдіске тарту сияқты этникалық қайшылықтар проблемаларын жүйелі және жан-жақты талдау болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау мен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий