Еуропалық итеграция



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….6

I. ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР.

1.1. Интеграцилық үрдістердің жалпы түсінігі……………………………………………9
1.2. Еуропалық итеграцияны зерттеудегі теориялық аспектілер……………..14
1.3. Еуропалық Одақтың құрылуы және оның даму баспалдақтары……….17

II. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ШЕҢБЕРІНДЕГІ САЯСИ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

2.1. Еуропалық сәйкестік идеясы және Еропалық федерализм…………………26
2.2. Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық мәселелер……….28
2.3.Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдіске Трансатлантикалық қатынастың әсері……………………………………………………..38
2.4.Қазақстан және Еуропалық Одақ: саяси және экономикалық қатынастардың қалыптасуы және даму болашағы…………………………………..43

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..50

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………………….52

КІРІСПЕ

Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы интеграциялық үрдістер әлемнің даму тенденциясы мен заңдылықтарының негізі болып табылады. XXI ғасырда әлемдік және аймақтық мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен ғаламдану үрдісінің талабымен байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет өз мәселелерін жеке шеше алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының жиынтығымен түсіндіруге болады. Соның ішіндегі ең маңызды интеграциялық бірлестік Еуропалық Одақ болып отыр.
Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде қарастырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыстың өзектілігі өзгермелі әлемдегі маңызды әрекет етуші актор ретіндегі Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістермен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс Еуропалық экономикалық интеграцияның жетістікті аяқталуымен саяси интеграциялық үрдіс Еуропа Федерациясын құрудағы маңызды баспалдақ болып отыр. Бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістердің жетістіктері мен келеңсіздіктері, яғни саяси интеграциялық үрдістердің баяулылығы болып отыр. Европалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл — Одақ экономикалық сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған әмбебап біліктіліктегі шынайы европалық интеграциялық бірлестікке айналды.
Қазіргі күнде Европалық Одақтың эволюциясы европалық қоғамдастыққа жаңа мүшелердің кіруімен ауқымы тұрғысынан да, және экономикалық және саяси сфералардағы интегарцияны дамытудың есебінен тереңдеуі тұрғысы бойынша өтуде. Осы көрсетіліп отырған екі үрдістің бір-бірін қаншалықты өзара толықтыратындығы әлі белгісіз. Европалық Одақта аталмыш одақтың ұлғаюын жақтайтын да, және оның қарсыластары да бар. Қарсылық білдірушілер Одақтың одан әрі эволюциясын жақтай отырып, ұлғаю процесі қоғамдастықтағы дәулетті мемлекеттер үшін келеңсіз экономикалық шығындарға және саяси бірігуге тоқырау әкеле отырып, Европалық Одақтың тереңінен дамуын тоқтатуы мүмкін деп санайды. Дегенмен, қауіптерге қарамастан, интеграцияланудың бай тәжірибесін жинақтаған қоғамдастық, өз маңайындағы мемлекеттерге экономикалық гүлдену мен саяси тұрақтылық кеңістігін ұлғайта түсу бағытында да, және де өз алдына экономикалық сипаттағы амбицияға толы міндеттерді, сонымен қатар сыртқы саясат пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді қоя отырып, бүгінгі күндегі интеграциялық мүмкіндікті тереңдете және дамыта түсудегі прогресті жалғастыра беруге бел байлап отыр.
Дипломдық жұмыстың өзектілігін мынандай себептермен түсіндіруге болады:
Біріншіден, ғаламдану үрдісіне байланысты интеграциялық үрдістер қазіргі қоғамның барлық салаларын қамтып отыр, оның анық көрінісі ретінде еуропалық мемлекеттердің бірігу үрдісінің дамуы және оның мүмкін болатын нәтижелерін айтсақ болады.
Екіншіден, Еуропалық Одақ өзімен шектесетін елдердің және онымен қатынасатын елдердің саяси экономикалық жағдайларына тікелей әрер етуде, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдық берілетін Еуропалық Одақпен қатынастың саяси және экономикалық маңызы анағұрлым зор болып отыр.
Еуропалық интеграцияның тәжірибелік мүддесі және тереңдеу үрдісі, ең басты Еуропалық Одақтың қызметі Қазақстан үшін маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы бойынша, Еуропа елдерімен қатынаста стратегиялық қарастырған жөн.[1]
Бүгінде Еуропалық Одақ аймақтық интеграцияның тәжірибесін жинақтаған. Өзінің саяси құрылымын жетілдіру үрдісінде, өз дамуында аймақтық интеграцияға қатысуға бейімделуші тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін интеграция, жетекші елдер тәжірибесі сияқты негізге алушы тенденцияны ескерген жөн.
ҚР бірқатар интеграциялық бірлестіктерге (ТМД, ЕврАзЭс,) қатысуда. Сондықтан да Қазақстан үшін аймақтық интеграция тәжірибесін оқып-үйрену қолданыстық маңызға ие.
Еуропалық интеграцияның қалыптасу үрдісі бүгінгі таңда әлемнің бірқатар аймақтарына үлгі болары сөзсіз. Бұл мәселені зерттеу қазіргі уақытта тек ғылыми жағынан емес, сондай-ақ өркениетті дамуға ұмтылған жас тәуелсіз елдер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Қазақстанда әлемдік тәжірибені, сондай-ақ осындай өзгерістерді басынан кешкен елдердің тәжірибелерін зерделеу үлгі ретінде қарастырылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. XXI ғасырдағы сасяси интеграциялық моделі ретіндегі Еуропалық Одақтың статистикалық және динамикалық дамуын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістерді зерттеу;
Еуропалық Одақтың құрылу тарихын және даму баспалдақтарын қарастыру;
Еуропалық интеграция теориясын қарастыру:
Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының бүгіні мен болашағын сараптау.
Мәселенің талдану дәрежесі. Еуропалық Одақ және еуропалық интеграцияның даму мәселесінің өзектілігі, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы әліде терң зерттеуді қажет етеді.
Батыс Еуропадағы түпкілікті соғыстар және халықтардың және мемлекеттердің саяси бірігуі қарсаңында, интеграцияның негіздері интеллектуалдық деңгейде «еуропалық идея» ретінде құрылды. Мұндай жоба авторларының арасында еуропа қоғамдық ой және мәдениет өкілдері, яғни «еуропалық идеяны» құрушылардың басында И.Кант [2], Ж.Монне [3], Р.Куденхове-Калерги [4] және басқалар тұрды.
Батысеуропалық мәселелер бойынша көптеген теориялық зерртеулер бар.Интеграцияның теориялық аспектілері бойынша манандай батыстың маңызды зерттеушілерін айтуға болады Д,Митрани [5], Э.Хааса [6], Л.Беккера [7] және т.б.
Еуропалық интеграцияның саяси және экономикалық жағынан зерттеген ресейлік ғалымдарды атап өтуге болады, олар Кашкин С.Ю.[8], ТопорнинБ.Н. [9], Борко.Ю.А.[10], Шемятенков В.Г.[11].
Еуропалық интеграция мәселелерімен отандық ғалымдардың біршама жетітікті еңбектерін айта кеткен жөн, Ж.Ибрашев [12], К.И. Байзакова К.Н.[13], Губайдуллина М.С.[14], Кукеева Ф.Т.[15], Байгабулова Б.[16]. Сонымен қатар, белгілі саясаткер, дипломат Қ.К.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» еңбегінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы барлық сферадағы қатынастар жөнінде жазып өткен.
Зерттеу жұмысының методологиялық әдісі. Бұл жұмысты зерттеу барысында батыс ғалымдары, отандық және зусуй ғалымдарымен өңделінген тұжырымдардың басты бағыттары – халықаралық қатынастар және аймақтану теориасының салыстырмалы, болжамық және реалистік әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысын қарастыруда американ-орыс зерттеушілерінің еңбектерінің теориялық-методологиялық әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының объектісі. XXI ғасырдағы сасяси шындық пен саяси қатынастардың мемлекеттен жоғары (ұлтүсті) субъектісі ретіндегі Еуропалық Одақтың рөлі.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Дипломдық жұмысың негізгі жаңалығы отандық тарихнамадағы бірінші қазақ тіліндегі Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістерді зерттей отырып болжамдар жасалады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының қамтыған мерзімі XX ғасырдың 90 жылдары мен XXI ғасырдағы Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістері.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зертеу жұмысының алға қойылған мақсат-міндеттеріне логикалық жетістіктер арқылы, сондай-ақ кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий