«ЕурАзЭҚ шеңберіндегі интеграциялық дамудағы Қазақстанның дамуы»



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1.ЕУРАЗЭҚ– ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
6
1.1. Құрылу тарихы және ұйымдастыру құрылымы 6
1.2. ЕурАзЭҚ мақсаттары мен қызметтері 11
1.3. ЕурАзЭҚ экономикалық форумы – халықаралық бизнесті интеграциялаудың нысаны ретінде 22

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫНДАҒЫ РОЛІ
32
2.1. ҚР ЕурАзЭҚ елдері мен сауда қатынастарының дамуы 32
2.2. Іске асырылған негізгі жобалар 39
2.3. Экономикалық қауымдастық қызметіндегі негізгі мәселелер

3. ЕУРАЗЭҚ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
56
3.1. Валюта-қаржылық интеграциясының дамуы
56
3.2. Қауымдастық энергетикалық нарығының қалыптасуы және болашақта дамуы 58

ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69

КІРІСПЕ

1991 жылы әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болғаннан соң Қазақстан Республикасы алдында өзінің сыртқы саясатын қалыптастыру және басқа мемлекеттермен ара қатынасты жолға қою қажеттілігі тұрды.Өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін көп уақыт өтпей Қазақстанды 100-ден астам мемлекеттер ресми мойындады.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы мына елдермен дипломатиялық қатынастар орнатқан: Австралия, Ауғанстан, Армения, Австрия, Канада, Қытай, Куба, Египет, Франция, Грузия, Германия , Ұлыбритания, Венгрия, Индия, Индонезия, Иран, Италия, Испания, Жапония, Израиль, Қырғызстан, Кувейт, Ливия, Мексика, Монғолия, Біріккен Араб Эмираттары, Оман, Пакистан, Палестина, Румыния, Қасиетті тақ (Ватикан), Солтүстік Корея, Швейцария, Швеция, Тәжікстан, Түркия, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Финляндия, ОАР, басқа да көптеген мемлекеттер. Бүгін Қазақстан 120 елмен дипломатиялық қатынастарын дамытуда. Республикада 68 елшілік және халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелген. 38 мемлекетте Қазақстанның дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді.Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Дүниежүзілік банк (ДҚДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Азиялық даму банкі (АДБ), Ислам Конфреренциясы Ұйымы (ИКҰ), Ауғанстанды, Әзербайжанды, Орталық Азия елдерін, Иранды, Пакистанды және Түркияны біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ). 1992 жылы Қазақстан Алматыда өз өкілдігі бар Еуропа Одағымен (ЕО) техникалық ынтымақтастық туралы келісім жасады. 1995 жылы Қазақстан НАТО «Бейбітшілік үшін серіктестік» Бағдарламасына қосылды.Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтін мемлекеттер арасында ынтымақтастық және тату көршілік қарым-қатынастар, олардың теңдігі мен бір бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбітшілік жолымен шешу саясатын жүргізеді. Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекет болып табылады. Мемлекет Басшысының өкіміне сәйкес 1991 ж. Семей ядролық полигоны жабылды, 1992 ж. Қазақстан аумағында тұрған ядролық қаруды бөлшектеу туралы Лиссабон хаттамасына қол қойылды.1993 жылдың желтоқсанында Қазақстан парламенті ядролық қаруды таратпау туралы Шартты бекітті. 1994 ж. Ресей, АҚШ және Ұлыбритания тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдеме беру туралы Будапешт меморандумына қол қойылды. Сондай кепілдемелер Франция мен Қытай Халық Республикасынан алынды. 1996 жылы Қазақстан толық қамтылатын ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Шартқа қатысушы, 1999 жылы Женевада қарусыздану бойынша Конференцияның толық құқылы мүшесі болды.Қазақстан Республикасы бірқатар аймақтық ұйымдардың мүшесі және маңызды халықаралық бастамалардың ұйтқысы болып табылады. 1992 жылы БҰҰ БА 47-Сессиясында Н.Назарбаев ұйтқы болған Азияда өзара іс-әрекеттер және сенім шаралары бойынша мәжіліс (АӨСШМ) Қазақстанның өте маңызды бастамасы болып табылады.Бұл бастаманың мәні Азия құрлығында превентивтік дипломатияның тиімді механизмін жасауда, әлемнің басқа аймақтарда мұндай механизм әлі қалыптаспаған.Қазіргі уақытта 16 мемлекет АӨСШМ мүшесі және 10 бақылаушы болып табылады (анықтама: Қазақстаннан басқа АӨСШМ мүшесі болып табылатын мемлекеттер:Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Индия, Иран, Израиль, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Пакистан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан.Бақылаушы мемлекеттер: Австралия, Вьетнам, Индонезия, Корея, Ливан, Малайзия, АҚШ, Тайланд,Украина, Жапония).АӨСШМ үдерісін бірқатар халықаралық ұйымдар қолдайды – БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттерінің лигасы, Орталық – азиялық ынтымақтастық ұйымы.2002 ж. 4 маусымында Алматыда өткен АӨСШМ бірінші саммитінде негізге алынатын құжаттар қабылданды: Алматы Актісі және терроризммен күрес және өркениеттердің диалогы бойынша декларация.2004 жылдың қазанында Алматыда АӨСШМ Сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі өтеді, онда АӨСШМ сенім шараларының Каталогы және ұйым Процедурасының Ережелері сыяқты маңызды ұйымдастыру құжаттары қабылданады деп күтілуде.Азиядағы өзара іс-әрекеттер және сенім шаралары бойынша мәжіліс жас қазақстан мемлекетінің жетілгенін және оның аймақтық қана емес, одан да кең әлемдік маңызы бар ірі халықаралық бастамаларды көтеріп қана қоймай жүзеге асыруға да қабілетті екенін көрсетті. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың евразия идеясы осының тағы бір дәлелі болды, ол бұрын болған Кедендік Одақ негізінде 2000 жылдың қазанында Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық (ЕурАзЭҚ) құру жолымен өмірге келді. Оған Қазақстаннан басқа Ресей, Белорусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Қатысушы мемлекеттер арасында интеграциялық үдерістерді дамыту, бірегей экономикалық, құқықтық, әлеуметтік-мәдени кеңістік құру ұйымның негізгі міндеті болып табылады (анықтама: негізгі басқару органдары – Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея және Қауымдастықтың Соты).Бүгінгі күнде ЕурАзЭҚ интеграциялық өзара іс-әрекеттер жүйелі және қисынды жолға түсуде. 2000 жылы 10 қазанда Астана қаласында Белорусия, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлкет басшылары ЕурАзЭҚ-ты құру туралы келісімге қол қойды. Өткен жылдардан экономикалық және гуманитарлық сфераларда кооперацияның бірден-бір тәжірибесі жинақталды. Қауымдастың экономика саласындағы өзінің істерімен барлық постеңестік локомотивіне айналды. ЕурАзЭҚ елдерінің ұлттық экномикалары сыртқы сауда айналымына және инвестициялық белсенділікке ие, жақсы даму динамикасын тұрақты өсімді көрсету, сонымен қатар, әлеуметтік дамытудың индикаторлары мүмкіндіктері мен ресурстарын тиімді пайдаланудан болып жатыр.
ЕурАзЭҚ халықаралық беделі өсті. БҰҰ-ның Бас асамблеясында бақылаушы статусы берілді. Ол мен байланысқа түсуге беделді халықаралық және аймақтық ұйымдар өз қызығушылықтарын білдіруде. Тарихи қысқа мерзімде мұндай нәтижеге жету болған жоқ.
КСРО құлағаннан кейін құрылған жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу сатысы бір-біріне қарама-қайшы екі тенденциямен белгіленді. Бір жағынан, қайта құрылған елдер өзінің суверинитетін жылдам бекітуге ұмтылса, екінші жағынан олар КСРО кезеңінде қалыптасқан экономикалық байланыстарын сақтап қалуға тырысты.
Алғашқы уақытта бірінші тенденция биіктеп тұрды. Бірақ мынадай фактор өзінің жағымсыз жағын көрсетті. Сол кезеңде билеп тұрған Ресей элитасы бұрынғы кеңес республикаларының тағдырларына қамқор жасап, өздеріне салмақ түсіруді қаламады, ал оның ТМД бойынша серіктестерінде «ресейлік ұлы державалық көңілдің» қайырлуына қатысты қорқыныштары болды. Бір-бірінен нақты көмек таба алмаған және «еркін жүзуде» қалған ТМД елдері алыс шетелдерден жаңа экономикалық серіктес іздеумен белсенді түрде айналысты. Бұл талпынысқа несие алу үшін және басқада қаржылық көмектерді беруге мүмкіндік беретін халықаралық экономикалық және қаржылық институттар үн қатты. Бірақ, бұл көмектің масштабы мен шарттарын жақындағы қарастыру күткендегі нәтижеден алыс екендігін көрсетті. Экономикалық зерттеу интеграцияға біргіп, дамып келе жатқан мелекеттерді обьективті түрде кері тартып тұрған тағы бір факторды атайық, ол- жаһандану. Әлемде планета халықтарының «алты миллиард», дамыған елдерде тұратындар және «қалған барлығы», перспективсіз елдерге бөлінуне қарсылар да бар. Мұндай бөлінуде көп елдер экономикалық даму мүмкіндігінен айырылып, цивилизация қақпасында қалу арқылы тәуекелге барады. Халық осы тенденцияға бірден-бір қарсы әрекет – тиімді аймақтық бірлестік құру екенін түсіне бастады.
Посткеңестік кеңістік елдерінің ұлттық қауіпсіздіктерін де еске алайық. Бір қарағанда қауіпсіздік экономикалық интеграцияға тікелей қатысы жоқ сияқты. Бірақ аймақтық және жаһандық қамтудағы күрделі сұрақтарды оңай шешетін негізді дәл сол экономикалық интергация қалыптастыратынына өмір куә. Барлық осы факторлар жаңа тәуелсіз мемлекеттерді бір-біріне қарап, тығыз экономикалық әрекеттесунің жолдарын белсенді түрде іздеуге себепші болды.
Соңғы он жылда бұрынғы кеңес республикаларрында тұратын халық арасындағы байлаанысты сақтап қалатын ұйым бірнеше әрекеттер жасалды. Бірегей мемлекет құлағаннан кейін белгілі-бір дәрежеде әлеуметтік және экономикалық жағдайларын жұмсартатын және толққанды ынтымақтастық пен диалог жүргізуге жағдайды қамтамасыз ететін ұйымдарға мыналар жатады:
ТМД 1991 жылы Минск қаласында құрылған. Бұл ұйымға Әзірбайжан, Армения, Белорусия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Молдовия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина мемлекеттері кіреді.
Орталық Азия – ынтымақтастығынның ұйымы (ОАЫҰ) Қырғызстан Республикасының Шолпан-Ата қаласында 1994 жылы құрылды. Мүшелері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан. 2004 жылы (ОАЫҰ) Ресей қосылды.
ГУУАМ – осы ұйымға кіретін елдердің атауларын аббревиатура – Грузия, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Молдовия. 1999 жылы Вашингтонда құрылған. 2005 жылы Өзбекстан ұйым құрамынан шықты.
ШЫҰ – 2001 жылы Шанхай қаласында құрылған. Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Өзбекстан кіреді.
Осы тізімнің негізгісі болып Белорусия және Ресей Одағы табылады. Өйткені олар интеграцияның жоғарғы формасы – одақтық мемлекет құру мақсатын қойған.
Барлық осы бірлестіктер жаңа тәуелсіз мемлекеттер өздерінің сувернитетін, тұрақтылығын қауіпсіздігіне және экономикалық дамуына кепілдік беретін әрекеттестік формасын іздеуде екенін көрсетеді. ЕурАзЭҚ құрылуымен посткеңестік кеңістікте тғы бір интеграциялық қалыптасу пайда болды.
Қауымдастық елдердің экономикалық жақындасуы қазіргі күнің талабы. Евразияның стратегиялық жағдайда орны бар, табиғат ресурстарына бай, ғылыми-технологиялық потенциялы жоғары және мамандырылған кадрлары бар.
Еуразиялық Одақтың әлемдік тәжірибесін ескере отырып, ұйым құрылысының негізіне алдын-ала мынадай ұстанымдар салынған. Шешімдерді қабылдау көшіліктің дауысымен және олардың жасырылуының міндеттілігі, қызметінің үлестік қаржыландырылуы және қатаң ұйымастырушылық құрылымы.
Дипломдық жұмыстын басты мақсаты — Қазақстан және ЕурАзЭҚ елдерінің мәселелерін зерттеу және ынтымақтастық перспективаларын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей қызметтерді атқару қажеттілігі туындады:
— Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылу тарихы және ұйымдастыру құрылымы;
— ЕурАзЭҚ интеграграциялық бірлестігінің негізгі мақсаттары мен қызметтері;
— ЕурАзЭҚ-тің экономикалық форумы;
— Қазқстан Республикасының ТМД елдерінің интеграциялануындағы ролі;
— Ынтымақтастағы қазіргі уақыттағы мәселелерді қарастыру және оларды шешу жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісі – Еуразиялық экономикалық қауымдастығы кеңістігі және Қазақстанның ЕурАзЭҚ елдерімен сыртқыэкономикалық қатынастары болып табылады.
Жұмыстың методологиялық негізі ретінде отандық және шетел авторларының жұмыстары пайдаланылған, сонымен қатар мерзімді басылымдар, журналдар мен газеттердің ақпараттары және ресми Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің мәліметтері.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тарау мен қорытындыдан тұрады. Алғашқы тарау — ЕурАзЭҚ – интеграциялық ұйымының құрылуы деп аталады да, мұнда ЕурАзЭҚ ұйымының пайда болуының алғышарттары, оның қызметінің негізгі бағыттары, сонымен бірге ЕурАзЭҚ экономикалық форумы қарастырылады.
Екінші тарауда Қауымдастықта іске асырылған жобаларжәне қызметіндегі негізгі мәселелер, атап айтқанда, энергетика нарығын қалыптастырудағы, валюта-қаржылық интеграцияны дамытудағы мәселелері, сондай – ақ Қазақстанның ЕурАзЭҚ елдерімен сауда байланыстарының қазіргі жағдайы талданады.
Қазақстан мен ЕурАзЭҚ елдерінің даму перспективалары жұмыстың үшінші тарауында қарастырылады да, осы тарауда Қазақстан мен ЕурАзЭҚ елдері арасындағы байланыстарды дамытудың негізгі басымдықтары мен қарым-қатынастарды нығайту үшін қандай шаралар жасау керектігі ұсынылады


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий