“Араб елдеріндегі монархиялық билеу жүйесі”



Жоспар

Кіріспе………………………………………………………………………………3-7

I Тарау. Араб Шығысы елдеріндегі монархиялық билеу жүйесінің түрлері мен мазмұны

1.1 Монархиялық биліктің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері………………………………………………………………………………………………..8-16

1.2 Араб Шығысы елдеріндегі монархиялық билеу жүйесінің түрлері………………………………………………………………………………………………….16-24

1.3 Мемлекет басшысы ретіндегі монархтың айрықша құқықтары…24-33

II Тарау. Монарх-атқарушы билік басы және оның заң шығарушы билік саласындағы өкілеттері

2.1 Монарх, үкімет және мемлекеттік аппарат…………………………………34-42

2.2 Монарх- Заң шығарушы биліктің жеке басшысы………………………42-53

2.3 Монарх және парламент…………………………………………………………..53-62

Қорытынды…………………………………………………………………….63-65

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….66-68

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кездегі Еуропаның дамыған елдері арасында монархия негізінен аз дамыған саяси құрылым болып табылады. Және ол елдердегі монархтың құжаттар жүзінде рөлі айтарлықтай болғанымен де оның нақты мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы рөлі төмен.
Және Еуропа елдерінде XVII ғасырға қарағанда монархиялар саныазайып монархиялық билеу жүйесі жойылуда деген тұжырымдар айтылуда. Алайда, қазіргі кездегі мемлекеттердің біраз бөлігінің билеушілері монархтар. Бұл елдередің сегізі монархия рөлі керісінше жылдан-жылға нығайып келе жатқан араб елдері.
Соңғы кездегі араб елдерінде өтіп жатқан түрлі саяси процесстер тікелей монархия институтымен байланысты. Бұл елдердің ішінде ірі мұнай экспортерлері болып табылатын бір топ елдердің (Бахрейн, Кувейт, Катар, БАӘ, Оман, Сауд Аравиясы) халықаралық саясатқа байланысты өсе түскен ауқаты жайлы ерекше айта кеткен жөн, себебі бұл елдерде Орта және Таяу шығыстағы мұнай қорының шамамен 2/3 бөлігі орналасқан(44,6 млрд.тонна — 1989 жыл басына). Мұнай табушы араб монархиялары әрдайым мұнай монополиялары сонымен бірге түрлі мемлекеттерің саяси ауқат, экономикалық пайда, стратегиялық база үшін күресіндегі қатаң бәсекелестік сахынасы болған.
50-ші жылдары тіпті 60-шы жылдардың басында Сауд Аравиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн және БАӘ тең емес келісім шарттарға толы араб әлемінің артта қалған елдерінің қатарында болған. Алайда, бұл елдер толық тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін олардың аз уақыт аралығындағы экономикасын көтерудегі қайталанбас тәжірибесі көптеген елдерде қызығушулуқ тудырды. Бүгінгі таңда көптеген елдер мұнай өндіруші араб монархияларының экспортқа шығаратын мұнай шикізатына тәуелді болуда. Әрине, бұл елдердің тез уақытта жалпы дәрежесінің көтерілуі олардың табиғи байлықтарымен тығыз байланысты, бірақ ерекше қызығушулуқты бұл елдердің саяси жүйесі, монархиялық жүйемен қатар капитализмнің өмір сүруі тудыруда.
Қазіргі кездегі араб мұнай монархияларының дамуының басты факторы мұнай табу мен оның экспортынан алынған ірі кірістер болып отыр. 1970-1981 жылдары олар шамасымен 1 трл. долларды құрады. Тек 1980 жылдың өзінде халық саны 7 млн. адамды құрайтын бұл елдердің жалпы кірісі 144,9 млрд. долларды құрады. Оның ішінде Сауд Аравиясы-102,2 млрд., БАӘ- 19,3 млрд., Кувейт- 18 млрд., Катар- 5,4 млрд. долларға ие болды. 1981 жылы Адам басына кіріс мөлшері Кувейтте- 21,2 мың, Катарда- 27,5 мың, БАӘ- 25 мың, Сауд Аравиясында- 12,5 мың долларды құрады, яғни бұл көрсеткіш Батыстың ең бай елдерінен әлдеқайда көп.
Экономикалық өсумен қатар олардың әлеуметтік жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Олардың араб әлемінің экономикалық және саяси жүйесіндегі, сонымен бірге бүкіл халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі артып, ауқаты өсе түсті.
Бұл елдердің бір топқа жинақталу себебі, тек қана географиялық жақындастық қана емес, сонымен қоса олардың барлығының отаршылдық- монархиялық жүйені ұстануы және барлығы үшін жалпы мұнай факторының маңыздылығы, сондай-ақ капиталистік даму жолына көшудегі ұқсастықтар болып табылады. Араб түбегіндегі мұнай монархияларының xx ғ. отаршылдықтан капитализмге ауысу феномені өзінің сапалық ерекшеліктері, қарқыны және “буржуазиялану” әдістерінің ерекшеліктерінің адамзат тарихында еш ұқсастығы жоқ. Сонымен қатар ТМД және шет елдер әдебиеттерінде жеткілікті көңіл бөлінбегендіктен бұл тақырыпты зерттеу мұқтаждығы туындайды. Егер Еуропада бұл тәрізді отаршылдықтан капитализмге ауысу жүздеген жылдар бойы жүзеге асырылса, бұнда дәл сондай ауысу процесі бір ғасырдың 1/3 бөлігіне дейін қысқарды. Егер Еуропада капитализмге өту революциялық көтерілістермен қатарласып отырса, бұл елдерде айтарлықтай бейбіт жолмен іске асырылды. Егер Еуропада буржуазия ескі жүйені құлатып жаңа жүйені өзіне ұқсас етіп құрса, бұнда капиталистік қарым- қатынастар ескі жүйемен бейбіт жол арқылы байланысты. Және де Еуропада отаршылдар мен патша билігі капитализмнің дамуына барынша кедергі жасаса, бұнда отаршылдық-монархиялық билік капиталистік жүйенің дамуын барынша қолдады. Отаршылдық жүйе өкілдері буржуазиялық жүйені ұстана отырып тексіз сауда және банк буржуазиясын бірігіп әрекет етуге тартты, олармен іскерлік қатынастар орнатты, алайда нақты саяси билікке жібермеді. Осылайша “нефтекратия” аталған ерекше элитарлы тап пайда болды.
Бұл мемлекеттер монархиялық билік жүйесін сақтап келеді, ал монархия институтының өзі капиталистік жолмен дамып келе жатқан елдердің мемлекеттік-құқықтық институттар жүйесінде ең маңызды орындардың бірін алады. Араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің, бірқатар тарихи дәстүрлерінің, мәдениеттерінің, тілдерінің жалпылығына қарай бүкіл араб мемлекеттеріндегі монархия институтына ұқсас белгілер сәйкес. Және осы ұқсастықтарды айқындау мен Араб елдеріндегі монархиялық билеу жүйесінің рөлі мен даму бағыттарын анықтау бұл жұмыста іске асырылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Берілген жұмыс Бахрейн, Иордания, Катар, Кувейт, Марокко, БАӘ, Оман және Сауд Аравиясы сияқты елдердің материалдарын негізге ала отырып жүргізілген. Оның жүгізілуі барысында келесі мақсаттар қойылған: аталған елдердің әлеуметтік-экономикалық жүйесі, xx ғасырдағы берілген елдердің мемлекеттіктерін іске асыру барысындағы тарихи және саяси ерекшеліктері, сонымен бұл елдердегі орталық билік органының құқықтық және жасанды рөлінің анализін жүргізу, монархтың жеке басының ел саясатындағы рөлін айқындау, елдің қоғамдық өміріндегі монархияның маңыздылығын анықтау. Және бірқатар жағдайларда араб монархиялық мемлекеттерінің сипатындағы ерекше және жалпы белгілерді көрсету мақсатымен оларды Еуропа монархияларымен және монархиялық билеуден бас тартқан араб мемлекеттерімен салыстыру мұқтаждығы туындайды.
Дипломдық жұмыстың алдына қойған міндеттері:
— қазіргі кезде монархиялық билеу жүйесін таңдаған елдердің дамуына
оның тигізген әсерін қарастыру
араб елдеріндегі монархиялық билік түрлерін талқылау
берілген елдердегі монархияның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға әсерін анықтау
әрбір монархия басшысының өкілеттеріне және айрықша құқықтарына тоқталу
араб монархияларының заң шығарушы және атқарушы биліктеріне анализ жасау
Деректік негізі. Автор бұл дипломдық жұмысты жазу барысында сүйенген әдебиеттерді шартты түрде төрт топқа бөлуге болады. Бірінші топқа, жеке елдер мәселесін қозғамайтын заң және шығыстанулық теориялық әдебиеттер жатады. Бұл- Растенников В.Г., Бодянский В.Л., Боронов Р. (“Нефть и политика США на Ближнем и Среднем Востоке”), Озорлинг В.В. (“Иностранный капитал и некоторые проблемы экономического роста нефтедобывающих стран Восточной Аравии”) және тағы басқа бірқатар авторлардың зерттеулері.
Екінші, әлдеқайда үлкен топқа Араб Шығысының қазіргі кездегі монархияларының арасынан бір немесе бірнеше мемлекеттеріне қатысты кейбір әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи, мәселелерді қарастыратын жеке монографиялар мен мақалалар жатады. Бұл- қазіргі кездегі Сауд Аравиясы, Катар, Бахрейн, Кувейт, Марокконың әлеуметтік- экономикалық даму мәселесі жөніндегі Мелкумян Е.С., Плясун Я.Н., Яковлев А.И., Озорлинг В.В. зерттеулері және де Орлов Е., Сашко Н. (“Средние городские слои в странах Востока”), Якуб Юсеф Абдалла (“Объединенные Арабские Эмираты”), Бодянский В.Л. (“История формирования современной элиты и бюрократии в развивающихся странах Восточной Аравии”) және орыс, ағылшын, араб тілдеріндегі басқа да авторлардың жұмысы.
Үшінші топты, жеке европалық және араб монархияларының мемлекеттік құрылымының кейбір аспекттерінің заң саласы жағынан анализі жасалған жұмыстар құрайды. Олардың арасында Аравия түбегі елдеріндегі монархия институтының дамуының болашағы және мемлекеттік құрылым қалыптары бойынша түсінік берілген египеттік шығыстанушы Раафат В. зерттеулері.
Төртінші топқа, араб Шығысы елдеріндегі монархия институтын реттейтін нормативтік құжаттарды, берілген аймақтың экономикалық және саяси жағдайын шолушы араб және американдық басылымдар қатысты.
Мәселенің зерттелу деңгейі. ТМД және шетелдік заң туралы әдебиеттерінде институтына арналған араб монархияларының барлығын қамтитын толық зерттеулер жоқ. Алайда монархиялық соның ішінде араб мемлекеттерімен байланысты жеке тарихи, саяси және монархиялық мәселелерді қарастыратын көптеген монографиялар мен мақалалар бар. Сонымен қоса бұл елдер бойынша жеке мағлұматтық басылымдарда қысқаша шолу жасалған. Араб монархияларының жеке қарастырып Батыс елдерімен салыстыра отыра экономикалық-әлеуметтік жағдайына анализ жасаған ТМД елдерінде 70-ші жылдары баслымға шыққан Я.Н. Плясунның 1974 ж. Мәскеуде басылып шығарылған «Конституционные изменения в Марокко», А.И. Яковлевтың жеке Сауд Аравиясының әлеуметтік-экономикалық дамуының Батыс елдерімен салыстыруын жасаған 1977 ж. Мәскеуде басылған «Запад и социально-экономическое развитие Саудовской Аравии», В.Л. Бодянскийдың 1974-1975 жылдары басылып шыққан араб елдеріндегі қоғамның әлеуметтік таптарға бөлінуі мен оған саяси жүйенің және дінің тигізген әсерін талқылаған «История формирования современной элиты и бюрократии в развивающихся странах восточной Аравии», «Средние городские слои в странах Востока» еңбектері, В.В Озорлингтың мұнай өндіруші араб елдерінің экономикасын және олардағы шетел қаржыларының айналымын, бұл елдердің экономикалық даму жолында кездескен қарама-қайшылықтарын қарастыратын «Иностранный капитал и некоторые проблемы экономического роста нефтедобывающих стран восточной Аравии», «Экономика Саудовской Аравии» атты зерттеулері. Және бұл тақырып бойынша Араб Шығысы елдеріндегі капитализмнің алатын орны, бұл қазіргі кездегі жағдайы жайлы жалпы теориялық деректері бар 1991-1997 ж.ж. аралығында басылып шыққан В.Г.Растенниковтың «Капитализм на Востоке во второй половине xx века», В.Л.Бодянскийдың «Современный Кувейт», «Современный Бахрейн» атты мағлұматтық басылымдары. Сонымен қоса жеке елдердің әдет-ғұрыптары, тарихи-географиялық ерекшеліктері жайлы деректері бар А.Вавиловтың «Саудовская Аравия: традиции и современность», Л.И.Медведконың «Ветры перемен в Персидском Заливе», В.Л.Бодянскийдың “Восточная Аравия: история, география, население, экономика” атты еңбектері және тағы басқа авторлардың жұмыстары құрайды. Бұл тақырып бойынша монархиялардың мемлекеттік құрылымы, заң шығарушы, атқарушы биліктердің ерекшеліктерін қарастырған И.Левин, В.Мамаевтың 1957ж. баслымға шыққан «Государственное устройство Арабского Востока» , Е.Орлов, Н.Сашконың 1986 ж. Мәскеуде жарық көрген «Государственный строй Иордании», М.А.Сапронованың “Арабский Восток: власть и конституции” атты зерттеулерінде қарастырылған. Сонымен қоса араб елдеріндегі саяси тәртіп пен әлеуметтік-экономикалық жағдайын, бұл елдердегі мұнай өндірісінің саясатынқа әсерін және мұнай экспортына байланысты шетел қаржыларының айналымына тоқталатын батыс авторлары Raafat W., Hantington S. Blondell J., H.Ray еңбектері.
Зерттеу нысаны. Бұл жұмыста монархиялық билеу жүйесін ұстанып отырған араб елдерінің (Бахрейн, Иордания, Кувейт, Катар, БАӘ, Оман, Сауд Аравиясы) монархия институтына талдау жүргізіледі, сонымен бірге бұл билеу жүйесінің түрлері, монархияның құқықтық және нақтылық рөлі, xx ғ. екінші жартысында монархия институтының даму бағыттары және заңдылықтары жайлы сөз қозғалады.
Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе бөлім, 2 тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады. Әрбір тарау 3 бөлімге бөлінген. Бірінші тарауда монархиялық билеу жүйесінің араб елдеріндегі түрлері, сол жүйелердегі монархтың айрықша құқықтары, және монархияның әлеуметтік-экононмикалық негіздері қарастырылды. Екінші тарау мемлекетті басқару барысындағы монархтың жеке құқықтары мен үкімет, парламент және мемлекеттік аппаратқа қатысты өкілеттеріне тоқталады, сонымен қоса монархтың заң шығару саласындағы өкілеттері қарастырылды.


Бөлім: Халықаралық қатынас

Добавить комментарий