Эпоксидті шайыр



Мазмұны

Кіріспе……………………………………3
1. Әдеби шолу
1.1.Эпоксидті шайырлардың пайда болуының
қысқаша тарихы………………………………………………………………4
1.2. Эпоксидті шайырлардың құрылымы
мен сипаттамасы…………………………………………………………………….4
1.3. Эпоксидті шайырларды алудың технологиялық процесі…………..7
1.4. Эпоксидті олигомерлердің физико –
химиялық қасиеттері………………………..9
1.5. Эпоксидті композициялардың құраушы бөліктері………………….12
1.6. Эпоксидті шайырларды қатайту, олардың қатайған күйіндегі
құрылымы мен қасиеттері………18
1.7. Эпоксидті композициялардың қолданылу аймағы………………………23
2. Сараптамалық бөлім
2.1. Рективтерді дайындау…………………………………………………30
2.2. Эпоксидті шайырлардың құрамындағы эпоксидті топтардың
санын анықтау және қатайту ………………………………………………30
2.3. Қатайтылған эпоксидті шайырдың ерігіштігін сапалық анықтау…32
2.4. Көрсеткіштерді талқылау……………………………………………..32
Қорытынды……………………………………………………………………34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………..35

Кіріспе
Менің жұмысымның мақсаты – эпоксидті олигомердің құрамындағы эпоксидті топтардың санын анықтау және қатайғаннан кейін эпоксидті шайырдың қасиеттерін зерттеу болып табылады.
Алғашқы рет эпоксидті шайырларды швед химигі П. Кастан 1938 жылы синтездеді, және олардың алғашқы қолданылу аймағы тістерді пломбылау болды.
Эпоксидті шайырлардың өндірісі екінші дүниежүзілік соғыс алдында АҚШ пен Еуропада жүргізілген зерттеулерден басталды. Алғашқы шайырлар – эпихлоргидриннің бисфенол А – мен реакциясының өнімдері – өнеркәсіптік масштабтарда 1947 жылы алынды. 1950 жылдардың аяғында диглицидил эфирінен жаңа эпоксидті шайырлар өндірілді. 1960 жылдардың аяғында өнеркәсіппен шайырлардың 25 түрі игерілді. Бұл этапта «эпоксидті шайыр» термині жалпы мағынаға ие болып, қазіргі уақытта көптеген материалдар жасау үшін қолданылады [1].
Өзінің бастапқы түбірі бойынша «эпоксидті» сөзі «эпиграф», «эпителий», «эпидермис» сөздеріне ұқсас. «Эпи» «жоғарғы» деген мағынаны білдіреді, «оксид» түбірі құрамында оттектің бар екендігін көрсетеді, ал жалпы бұл атау «жоғарыда оттегі бар» деген мағынаны береді. Эпоксидті шайыр молекуласында эпоксидті деп аталатын кем дегенде екі функционалды топ болады. Эпоксидті топқа шайырдың негізігі қасиеттері тәуелді, сондықтан молекуладағы эпоксидті топтардың меншікті үлесі олигомердің негізігі сипаттамасы болып табылады.
Эпоксидті шайырлар термореактивті пластиктер класына жатады және фенол мен полиэфирлер сияқты материалдарға ұқсас болып келеді. Эпоксидті шайырларда бағалы қасиеттердің жоғары болуы, олардың өнеркәсіпте кең қолданылуына алып келді. Эпоксидті шайырлар, аз мөлшерде кемуі, жеңіл қатаюы, желімдеуші қосылыстың жақсы химиялық тұрақтылығы мен жоғары беріктілігінің болуының арқасында әмбебап болып табылады [2].


Бөлім: Физика

Добавить комментарий