Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдер



Мазмұны
Кіріспе…………….3
1. «Терминология» ұғымы
1.1 «Терминология» ұғымы туралы…………..8
1.2 Терминологияның және терминдердің негізгі сипаттары……………………10
2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің лингвистикалық сипаты
2.1 Салалық терминдер ─ лексиканың ерекше қабаты…………………………….16
2.2 Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы…………………………….19
2.3 Дипломатиялық терминдердің өзіндік сипатты белгілері……………………22
2.4 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қысқарған және біріккен
дипломатиялық терминдер…………………..24
2.5 Дипломатия саласындағы халықаралық терминдер……………………………28
3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің құрылымдық типтері: жасалу жолдары.
3.1 Дипломатиялық терминдердердің семантикалық тәсіл арқылы
жасалуы………31
3.2 Дипломатиялық терминдердердің морфологиялық тәсіл арқылы
жасалуы…………33
3.3 Дипломатиялық терминдердердің аналитикалық (синтаксистік) тәсіл
арқылы жасалуы………………37
3.4 Калька тәсілімен жасалған дипломатиялық терминдер
3.4.1 Калькалау — терминжасам тәсілі……………………41
3.4.2 Калька тәсілімен жасалған дипломатиялық терминдер……………44
4. Mектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда дипломатиялық терминдерді қолдану тәжірибесі…………..46
Қорытынды ………………..52
Пайдаланылған әдебиеттер………54
Қосымша
Кіріспе
Қазіргі дамушы қоғам адамнан барынша шығармашылықтылықты, қабілеттілікті және шеберлікті (профессионализмді) талап етеді. Кез-келген мемлекетте халықтың, яғни әрбір азаматтың өз ісіндегі шеберлігін дамыта, өрістете отырумен қатар біліктілігін дәлелдеуін жоғары қояды. Сөз таластыруға болмайтын біліктілік, дәлірек айтқанда терминология біліміндегі біліктілік тек қана лингвистикалық тіл білімінде емес жалпы білім саласында, әсіресе ағылшын тіл білімінде де алатын орны ерекше. Мемлекетіміздің жан-жақты табысты өркендеуі мен дамуының нәтижесінде ағылшын тілін арнайы мақсатта оқыту мен үйрену мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр. Ағылшын тіл білімінің лингвистика саласының бір бөлігі терминология саласы болып табылады. Әрбір тілдің сөздік қорының басым бөлігін терминология құрайды. Бұл сала да — қарқынды даму үстіндегі және тілдегі тілдік жаңа құрылымдардың көп бөлігінің тудырушысы. [1, 189 б.]
Қоғамның әртүрлі салаларындағы экономикадағы, мәдениетттегі, ғылым мен білім салаларындағы өзгерістер осы әр саладағы терминологиялық жүйені жетілдіруді өзекті мәселелердің біріне айналдыруда.
Сан алуан ғылым салалары өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүйелі ұғымдардан тұрады. Ұғымдардың атауға ие болуы, белгілі бір термин ретінде қалыптасуы терминдену заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Түрлі лексемалардың семантикалық өрісте қолданылуы сияқты, терминдер де терминологиялық өрісте пайда болып, оның ішкі заңдылықтарына бағынады. [2, 184 б.]
Бүгінгі таңда Қазақстанның өзге елдермен жасайтын келісімдері мемлекеттік тілде жазылатыны белгілі, яғни халықаралық қатынаста мемлекеттік тіл өз қызметін атқара бастады. Елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер тіліміздің жан- жақты, оның ішінде терминология саласының дамуына жағдай туғызды.
Зерттеу жұмысымызда ағылшын және қазақ тіл білімінде терминжасам принциптері белгіліеніп, салалық термин жасаудың маңыздылығы айқындалды. Осыған байланысты ағылшын және қазақ тіліндегі салалық терминдердің жасалу жолдарына, олардың лексика-семантикалық құрылымына терең талдау жасау, терминдерді бір жүйеге түсіру мен оны барлық ғылым мен өндіріс салаларына енгізу, кірме сөздердің ену процесін анықтау, терминжасамдағы кальканың рөлі сияқты мәселелер зерттеу жұмысымызда қарастырылады.. Осы мақсатқа орай, зерттеу жұмысымызда осы күрделі мәселелердің бірі ─ ағылшын және қазақ дипломатиялық терминдерінің тілдік табиғатын, жасалымын салғастыра зерттеу қолға алынып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Терминологияның басты мәселелерінің бірі жалпыхалықтық қолданыстағы сөздердің терминдену жолдары, олардың терминологиялық қорды құрауға қатысы мен тілдегі семантикалық өзгерістерді зерттеу екендігі белгілі. Осы ретте зерттеу жұмысының өзектілігі жаңа терминдер, оның ішінде дипломатия саласына қатысты терминдер жасаудағы әртүрлі тәсілдердің, терминдердің, термин қалыптастыруға негіз болатын қазақ және ағылшын тілдерінің ішкі заңдылықтары мен қайнар көздерінің ерекшеліктерін көрсетудің қазақ және ағылшын тіл біліміндегі маңыздылығынан көрінеді.
Зерттеу нысаны ─ қазақ және ағылшын тілдеріндегі салалық терминдер қатарында қаралатын дипломатиялық терминдер жүйесі.
Зерттеу пәні салғастырмалы түрде қаралатын қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің жасалуы, олардың лингвистикалық сипаттамасы, жалпы қалыптасу принциптері мен заңдылықтары және лексика-грамматикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ─ қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдер жасалымының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
• Қазақ және ағылшын тілдерінің дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы мен даму жолдарының терминологиялық өрістегі орнын айқындау;
• Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің белсенді қолданылатын салаларын көрсетіп, халықаралық терминдер үлесін анықтау;
• Дипломатиялық терминдер жүйесін тілдік тұрғыдан талдай отырып, олардың ұғымдық белгілерінің терминденуі мен қолданылу еркшеліктерін және жасалу жолдарын айқындау;
• Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің негізгі лексика-грамматикалық ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысымыздың гипотезасы болып мына тұжырымдар табылады:

• Ағылшын дипломатиялық терминдері қалыптасуының ұзақ тарихы бар, жасалу жодары әр алуан, сөзжасам тәсілдерін толық қамтыған, бір жүйеге келтірілген, ғылым тілі ретінде қалыптасқан; қазақ дипломатиялық терминдерінің даму долы қысқа, бірақ қарқынды әрі жүйелі қалыптасу үстінде, дамуы мен қалыптасуы әртүрлі екі тілдің терминологиясының даму барысын салыстыра зерттеу, әр типті терминдердің әрқалай берілетіндігін айқындау, қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдердің даму тенденциясын болжауға мүмкіндік береді;
• ағылшын тіліне енген кірме дипломатиялық терминдердің көбінесе бастапқы күйі сақталмай, өзгеріске ұшыраған, ал қазақ тіліне енген кірме дипломатиялық терминдер көбінесе бастапқы қалпын сақтаған, алайда олар да фонетикалық жағынан бірте-бірте өзгеріске ұшырайды деп болжам жасауға болады;
• ағылшын тілінде біріккен дипломатиялық терминдер қазақ тілінде терминдік тіркес түрінде беріледі, даму барысында олардың біріккен терминдер қатарына қосылуы мүмкін;
• қазақ және ағылшын тілінде дипломатиялық терминдер құрамын ана тілінің лексикасы және кірме сөздер,халықаралық терминдер құрайды, біріккен халықаралық терминдерді жасауда сөз біріктіретін компоненттер толығымен халықаралық лексемадан тұрады;
• қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің семантикалық және морфологиялық, аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы әр тілдің өзіндік тілдік заңдылықтарына негізделеді.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында негізінен
 сипаттама;
 компоненттік талдау;
 Құрылымдық;
 семантикалық талдау;
 Жүйелеу;
 салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.


Бөлім: Тілтану, Филология

Добавить комментарий