ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЕПТІК КАТЕГОРИЯСЫН ОҚЫТУ



Қазіргі таңда мемлекеттік тілді үйренушілер қатары көбейе түсуде.Тіл үйретудің де көптеген амал-тәсілдері бар. Әр оқытушы сабақты әсерлі өткізсе, мұның пайдасы өте зор. Сонда студенттің де ынтасы болып, алға қойған мақсатына жете алады. Әсіресе, мемлекеттік тілді үйренуге деген құштарлықтары үнемі артып келеді.
Бүгінгі күні мемлекеттік тіліміздің деңгейі жоғары болу үшін біз, жоғары оқу орнында дәріс беретін оқытушылар, бір азаматтай ат салысып, үлкен жұмыс атқаруымыз керек. Ол үшін тиімді әдістерді қолданып, біршама ақпарат жинап, оны жүйелеп, басқа ұлт өкілдерін ауызекі сөйлеуге тура келеді.
Белгілі бір тақырып бойынша сабақтардың өзара байланысы мен дамытушы бағытын анықтау да студент пен оқытушының нәтижелі жұмысына негіз болады. Өйткені оқытушының жоспарланған сабағы бір нәтижеге келіп- студенттің қатысымдық құзіретін дамыту табысты аяқталады. Ойлау әдістерін әр оқытушы өз бетінше дамытуға тырысуы керек. Мысалы, тақырыпты ұсынар алдында тірек сызбалар, кластер немесе жаңа әдістерді тиімді қлдануға алдын ала жоспар құруға дайындалады, өйткені сабақ бір нәтижеге келуі тиіс.
Қай тақырыпты алмасақ та, оның мақсатын, міндеттерін анықтау барысында оқытушының жаңа әдістемелік ойлау қабілеті дамиды.
Қазақ тілін үйрету барысында жаңа әдістерді қолдана отырып, студенттердің білім қорын молайтуға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі зор. Сондықтан қазақ тілін дұрыс үйретуден басталады.
Енді тіл үйренушілер үшін өз тәжірибемде ең қажетті, ең жиі қолданылатын жоғары тапсырмалар үлгілерін ұсынамын. Мысалы, септік жалғауларын түсіндіру барысында грамматиканы, оның заңдылықтары мен ережелерін үйретіп, сөздерді бір-бірімен байланыстыру, сөйлем құрай алу, тілдік бірліктердің және басқа да түрлерін қолдана білуге үйретуді басты мақсат деп санаудамын.
Септіктерді оқыту – студенттердің күнделікті өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету. Қазақ тілінде берілген теориялық білімді практикалық жұмыстармен ұштастырып отыру, студентті өз ойын еркін жеткізуге дағдыландырады. Сондықтан қазіргі уақыттың талабы- оқытушылардан жаңа әдістерді, шығармашылық ізденістерді талап етеді. Әрбір оқытушының негізгі міндеті- студенттерге терең де, тиянақты білім беру.
Грамматикалық тапсырмаларды орындағанда, коммуникативті бағытты дамытып, қарапайым сөйлеу тілінде қалыптастыруын мүмкіндік береді.
Мысалы, Жатыс септігін түсіндіру барысында келесі жұмыс түрлері ұсынылады:
1.Жатыс септігінің жалғаулары:
● да ( -де) —————— дауысты , р, л, й, у , м, н, ң және ж , з
Мысалы: қала+да, күз+де, Жанар+да, бал+да, Жанай+да, оқу+да, кілем+де, Қазақстан+да, таң+да, экипаж+да, қағаз+да.
● — та (- те ) —————- қатаң және б ,в, г, д
Мысалы: студент+те, қонақ+та, жиналыс+та, клуб+та, Иванов+та, педагог+та, Ленинград+та.
● — нда (- нде)————— -сы (-сі), -ы (-і) тәуелдік жалғаулардан( 3жақ ) кейін
Мысалы: қала+сы+нда, әже+сі+нде, құжат+ы+нда, еңбег+ і+нде.

2.Жатыс септігі жіктік есімдіктермен қолданылады:
Мен+де (у меня) Біз+де ( у нас)
Сен+де ( у тебя) Сендер+де ( у вас)
Сіз+де ( у Вас) Сіздер+де ( у вас)
Онда ( у него, у нее) Олар+да ( у них)
3.Орыс тіліндегі на , у , в орнына Жатыс септігінің жалғаулары қолданылады.
Мысалы: на занятии – сабақ + та
у брата – аға + да
в офисе – кеңсе + де
Грамматикалық тақырыпты бекіту үшін түрлі тапсырмалар беріледі: Тапсырма: Модель бойынша сұхбаттасулар құрастырыңыз.
а)
А: Мына мақала қайдан ? сұхбат – «Ана тілі»- соңғы;
Б: «Егемен Қазақстаннан» ақпарат – «Жас қазақ»- кешегі материал
А: Қай нөмірінен? «Айқын» — жаңа;
Б: Бүгінгі. мәлімет – «Астана»-жұмыс;
Сурет- «Алматы ақшамы»; мерекелік

ә)
А: Қайда болдың ? Арман –Қалалар аралы – демалыс;
Б: Арманда. Ол жақында Батыс Ата-ана – Түркия — турсапар
Еуропадан келді. Олжас- Батыс Қазақстан- іссапар;
А: Қалай екен ? Риза шығар? Виктор – Латын Америка- саяхат;
Б: Иә, өте қуанышты. Таныс журналист – Араб
эмираты – осы ел
Тапсырма: жақшаның ішіндегі есімдіктерді Көмектес септігіне қойыңыз.
1.Сіз (мен) бірге отырыңыз.
2.Менің шешем (сіз) еңбек етті.
3.Ол кинодан ( біз) келді.
4.Мен (ол) бірге кітапханаға бардым.
5.Біз (сені) үнемі бірге боламыз.
6.Сен (біз) қазақша сөйлес.
7.Сен (ол) ақылдасып отыр.
8.Ол (сіздер) бірге ашылу рәсіміне қатысты.
9.Сіз (ол) қашан кездестіңіз ?
10.Мен (сіз) саяжайда демаламын.
Тапсырма: аудару жұмысын жасаңыз.
В Астану с Маратом, домой на автобусе, на работу на машине, В Германию на самолете, встретиться с однокурсниками, здороваться с чужим человеком, решить с семьей, встретиться с любимым человеком, думать головой, чистить зубной щеткой, говорить по сотовому телефону, беседовать с руководителем, считать с друзьями, советоваться с другом, говорить с родителями, советоваться со мной, переписываться с подругой, перевести с текста, проверить с Вами, делать с ними, работать с учебником, изучать с преподавателем, гулять с детьми
Грамматикалық тапсырмалардан басқа шағын мәтіндер беріледі. Оларды түсініп , аудару арқылы тіл дамыту, байланыстырып, сөйлеуді жетілдіру мәселесі қойылып отыр.
Сондықтан қазақ тіліндегі септік категориясын оқыту барысында ең басты мақсатым – студенттерді дұрыс сөйлей алуға, дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету болып табылады. Егер студент септік категориясын дұрыс пайдалана білсе, оқытушының бір мақсаты орындалғаны.
Қорыта келсек бұл әдістерді қолдану нәтижесінде:
— студенттің танымдық қабілеттерін дамытады;
— белсенді түрде сөздік қоры молайады;
— берілген тапсырмаларға дайын болу, оны дұрыс орындау, қарым-қатынас , ойын, танымдық, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
— сабаққа деген өз қызығушылығын көрсету.
Студетттердің сөйлеу, жазу, оқу шеберліктерін арттыру үшін тілдік дағдыларды қалыптастырамын. Сондай ақ, тіл үйренушілерді сұхбат құрастыру, сұрақтар қоя білу, сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің мағыналарын анықтай білу сияқты мәселелерді меңгерту мен дамытуға жатады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ерназарова « Сабақта тіл үйренуі ізденісін қалай туғызуға болады?».// Қазақ тілі: әдістеме. № 9-10, 2010 ж.
2. Сапарова К.М. « Ана тілімізді құрметтейік» // Ана тілі . № 51, 2010 ж.
3. Сарманова Ф.Т. «Қазақ тіліндегі септік категориясын оқыту». Әдістемелік құрал. ҚМУ. 2012 ж.


Бөлім: Тілтану, Филология

Добавить комментарий