Ағылшын тілін оқытудағы үйдегі оқу жұмыстарының түрлері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……..3

1. Ағылшын тілін оқытудағы үйдегі оқу жұмысының ерекшеліктері мен түрлері
1.1 Ағылшын тілін оқытудағы үйдегі оқу жұмысының мәні, түрлері………5
1.2 Ағылшын тілі сабағында үйдегі оқу жұмыстары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу………8

2. Ағылшын тілін оқытудағы үйдегі оқу тапсырмаларын сабақта ұйымдастыру
2.1 Ағылшын тілі сабағында үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру…………..11
2.2 Ағылшын тілі сабағындағы үйдегі оқуға қажетті жаңылтпаштар мен тақпақтар өткізу…………18
2.3 Үйдегі оқудағы мақал – мәтелдердің маңызы………….19

3. Іс-тәжірибе барысында ағылшын тілі сабақтарында қолданған оқыту жолдары…….24

ҚОРЫТЫНДЫ…………27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………..29

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы – «Үйде оқыту жұмыстарының түрлері» болғандықтан ағылшын тілін үйде оқыту технологиясының бірнеше түрлерін қарастырдым:
— Сыныптан тыс оқыту, яғни үйде оқу жұмыстарын жүргізу мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
— Үйірме жұмыстары — сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде ағылшын тілі үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады.
— Ағылшын тілін әрі қарай дамыта оқыту үшін үйде интернетпен жұмыс жасау.
Ағылшын сабақтарында оқушылардың алған білімі мен дағдыларын үйде оқу жұмыстарымен оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың ағылшын тіліне деген білімдерін арттырудың тиімді жолы — Ағылшын сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білу мәселесі туады.
Бұл көркем шығарманың идеялық – көркемдік құндылығы, көтерген проблемасының тереңдігі; ауқымы, оқушының қабылдаушылық, қызығушылық қабілеті тұрғысынан сарапқа салынған, мақсаты мен бағыт-бағдары айқындалған сыныптан тыс оқу сабақты басқа да жұмыстармен тығыз ұштастыра жүргізуді міндеттейді.
Ағылшын тілі сабағындағы информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Ағылшын тілі сабағында компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушының шет тілі сабағын оқытуда үйдегі оқу жұмыстарының мәні мен түрлерін зерттеу мақсатында мәліметтер жинақтай отырып, тақырыпты зерттеу және оның тиімділігін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Оқушының шет тілі сабағын оқытуда үйдегі оқу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын пікірталастың мақсатын зерттеу;
2. Оқушының ағылшын тілі сабағын оқытуда үйдегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру, яғни сабақтан тыс жұмыстар, курстар, үйден жеке ақыту тәсілдерін қарастыра отырып, тақырыпты зерттеу.


Бөлім: Тілтану, Филология

Добавить комментарий