ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ



Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….2

І Методологиялық анализ негізі және қонақ үй қызмет саласының даму келешегі

1.1 Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және оның диференциациялық функциясы мен құрылымы…………………………………………..6

1.2 Қазақстандағы қызмет көрсету аясындағы мәселелер және Астана қаласы бойынша туристік қызмет………………………………………………………………………….18

1.3 Қазақстандағы қонақ үй қызметінің даму келешегі және негізгі индикаторлары………………………………………………………………………………………….27

1.4 Қонақ үй қызметінің экономикалық тиімділігін көтеру жолдары………….36

ІІ «Ақмолатурист» АҚ қонақ үйінің экономикалық қаржылық

жағдайына талдау

2.1 Кәсіпорынның экономикалық жағдайы………………………………………………..46

2.2 «Ақмолатурист» АҚ қаржылық жағдайына талдау……………………………….49

2.3 «Ақмолатурист» АҚ іс-қағаздарын жүргізу………………………………………….55

2.4 «Ақмолатурист» АҚ басқару құрылымын ұйымдастыру……………………..60

2.5 Еңбек ресурстарының пайдаланылуына және негізгі қорлармен қаруландырылуына талдау………………………………………………………………………..73

ІІІ Қонақ үй шаруашылығы қызметін дамыту

3.1 Қонақ үй шаруашылығы қызметін дамыту…………………………………………..77

Қорытынды………………………………………………………………………………………………79

Қосымша………………………………………………………………………………………………….80

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………85

Кіріспе

Диплом жұмысына жалпы сипаттама

Диплом жұмысының өзектілігі:

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары — арзан сегменттегілер.

Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ. Ал Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы санаулы мейманханалар ғана қонақтарына комфортты жағдай жасауға қабілетті.

Дегенмен, елімізде қонақ үй құрылысы қарқын алып келеді. Осыған сай Астанадағы бірқатар қолжетімді қонақ үйлерді қайта жаңғырту есебінен нөмірлік қор қысқарды. Нәтижесінде экономикалық жоғары классты қонақ үйлерге сұраныс көбейді, ал онда қызмет көрсету құны аса қымбат.

Бір жағынан алғанда, шетелдік батыстық бәсекелес кәсіпорындар желісінің ықпалымен ірі қалалардағы қонақ үй саласының дамуы жоғары деңгейде деп сипатталады. Екінші жағынан, сырттан келетін туристерге қолайлы кейбір аймақтардағы қонақ үй индустриясын жетілдіру жағы мардымсыз. Осымен байланысты орталық қалалардағы, экскурсанттарға ыңғайлы өңірлердегі Отандық қонақ үй желісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы туындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі маркетингтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қызмет сапасын ұдайы көтеруге негізделеді. Бұл өз кезегінде қонақ үй кәсіпорнының ғаламдық жүйеге енуіне жол ашып, тұтынушылар талабына толық жауап береді.

Жалпы алғанда басқару жүйесіне TQM (басқарудың жаппай сапалылығы) енгізе отырып, тауарлар мен қызмет көрсету сапасының теориясын қолдану қажет. Бүгінгі қонақ үй тәжірибесінде стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ұсынымдарына (ISO) сәйкес тауарлардың, қызмет сапасының сертификациясы мен процесстерін маркетингтік қызмет сапасымен үйлестіру жағы кемшін. Ал қонақ үй шаруашылығында ұсынылатын қызметтер кешенін басқару мейманхананың маркетингтік іс-әрекетіне сүйенеді. Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру қазақстандық мейманханалардың бірегей корпоративтік жүйесі құрылған жағдайда тиімді жүзеге асатыны анық. Аталған фактілер — диплом жұмысының көкейкестілігіне куә.

Зерттеудің нормативтік-ақпараттық базасы мен мәселелерді әзірлеу деңгейі:

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен Астана қаласы Статистика жөніндегі басқармасының материалдары, «Ақмолатурист» АҚ жайлы материалдар мен мәліметтер зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Қонақ үй қызметін ұйымдастыру формаларының бірқатар басымдықтары ел экономикасының қонақ үй секторына қолдануға жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік клиенттерді туристік нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына тарту Отандық мейманжайлылықты әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда қазақстандық туристік өнімдердің халықаралық рыноктағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінде айту орынды. Алайда, аталған секторды ілгерілету сәл қиынға соғып тұр. Оған кедергі болған – ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық сипаттағы мәселелер. Оның негізгісіне жататындар — қызмет көрсету сапасының төмендігі, тиімсіз менеджмент, баға шығыны, өнімі мен қызметін өткізуге шорқақтық. Туризмді дамыту арқылы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың батыстық тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады. Қазақстандағы қонақ үй қызметі шетелдік мейманханалар тізбегінің ықпалымен дамып келетінін ескерсек, кіші-гірім елді-мекендердегі қызмет сапасын басқару стратегиясы ойдағыдай орындалмай отыр. Қызмет индустриясы — бір-біріне жанасып жатқан сала. Сондықтан да ұсынылатын қызмет сапасы алдымен сол ұйымның қызметкеріне тәуелді. Яғни, мұндағы ішкі және сыртқы маркетингтің ролі басым.

Мақсаты:

Қонақ үй қызметі шаруашылығын заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының жоғары табысты секторына айналдыру, Қазақстан мейманханаларының имиджін тартымды туробъекті ретінде қалыптастыру.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

— қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену;

— қонақ үй шаруашылығын дамытуға және оның материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі ережелерді әзірлеу;

— Отандық қонақ үйлердің қазіргі жағдайына баға беру;

— «Ақмолатурист» АҚ қонақ үйінің қаржылық жағдаятына талдау жүргізу;

— осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету;

— қонақ үйлік сервис сапасын белгiленген талаптарға сәйкес арттыру.

Зерттеу нысаны:

Астана қаласындағы «Ақмолатурист» АҚ қонақ үйі.

Зерттеу пәні:

Зерттеу нысаны болып қазіргі экономикалық жағдайда қазақстандық қонақ үй шаруашылығындағы қызметті ұйымдастыру танылды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:

Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық, болжамдау және монографиялық әдістерді қолдану көмегімен алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру бойынша берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды. Осы реттегі қол жеткізілген жаңалықтар:

— мейманхана секторын ілгерілетудің алғышарттары анықталды;

— теориялық сараптама негізінде қазақстандық қонақ үй саясатының ерекшеліктері талданып, қорытылды;

— қонақ үй қызметін жетілдіру алға тартылып, оның даму перспективасына болжам жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Қонақ үй шаруашылығының әлеуетін қалыптастыру жолында оның экономикалық механизмін жетілдіру үшін осы диплом жұмысында қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу материалын қонақ үй шаруашылығы саласында, өндіріс пен қызмет көрсету орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы):

Диплом жұмысы қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдар деректеріне сүйене отырып, әзірленді. Материалдардың теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған пайымдардың тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз етілді.

Диплом жұмының әдіснамалық және теориялық негіздері:

Диплом жұмына А. С. Манап, К. И. Ахметова, Ә. Сәрсенбаев, Ю. Ф. Волков, Ж. С. Рахимбекова, Л. П. Шматько, А. Т. Бейжанов, Е. Я. Морозова, Э. Д. Тихонова, Г. А. Папирян, Н. И. Кабушкин, Г.А.Бондаренко, А. Д. Чудновский, А. А. Романов, В. Г. Гуляев, О. Л. Волкова, Е. А. Соболева, О. В. Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды.

Жұмыс құрылымы мен көлемі:

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Жұмыс көлемі – 94 бет.

Диплом жұмысының бірінші бөлімінде қонақ үй қызметін ұйымдастыру, еліміздегі мейманханалар құрылымы мен функциясы, мейманханалық қызмет көрсету барысындағы мәселелер, қонақ үй қызметінің даму келешегі қарастырылды. Қонақ үй қызметін қалыпты ұйымдастыру мұндағы қызметкерлердің еңбегіне тікелей тәуелділігі анықталды.

Диплом жұмысының екінші бөлімінде «Ақмолатурист» АҚ қонақ үйінің экономикалық қаржылық жағдайына талдау жасалды. Бұдан бөлек, кәсіпорынға жалпы сипаттама беріліп, барлық бөлімдегі қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне сай атқаратын жұмыстары атап көрсетілді. Кәсіпорындағы еңбек персоналдары — негізгі ресурс көзі. Қонақ үйге келетін кірістің барлығы осылар арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан «Ақмолатурист» АҚ мейманханасындағы қызметшілерге қойылатын талаптың жоғары болуы — заңдылық.

Үшінші бөлімде қонақ үй шаруашылығын дамыту ісі баяндалады. Мұнда мейманхана ісін жетілдіруді мемлекеттік қажеттілік ретінде қарастыру ұсынылған.

Қорытындыда дипломдық жұмыс нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты өзге де материалдар үлгілері ұсынылды.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий