Қарқаралы тауларының туристік рекереациялық ресурстары және оларды қызметте пайдалану мәселелері



М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………………….4

1 ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР МЕН ҚР-дағы ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЕМДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ҮЛЕСІ

1.1 Туристік рекреациялық ресурстар………………………………………………………………….6

1.2 ҚР-дағы негізгі танымдық жерлер мен туристік экскурциялық орталық-

тар………………………………………………………………………………………………………………..8

1.3 Қазақстанның шипа жайларының сауықтандыру және емдеу саласындағы

туризмнің үлесі……………………………………………………………………………………………13

1.4Орталық Қазақстан территориясындағы рекреациялық аймақтарды жетілдіру.15

2. ҚАРҚАРАЛЫ ТАУЛЫ-ОРМАНДЫ ОАЗИСІНДЕ ТУРИЗДІ ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ МҮМКІНДІКТЕРІ

2.1 Қарқаралы тауларында туризмді дамытудың табиғи мүмкіндіктері……………..20

2.2 Қарқаралы тауларында туризмді дамытудың тарихи мүмкіндіктері……………..24

2.3 Қарқаралы тауларындағы туристік базалардың және емдеу-сауықтыру орындарының сипаттамасы……………………………………………………………………………..30

3. ҚАРҚАРАЛЫ ТАУЛАРЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ МЕН ОНЫ ҚЫЗМЕТТЕ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Қарқаралы тауларының туристік рекреациялық ресурстары………………………..37

3.2 Қарқаралы табиғатының туризмдегі бағалануы…………………………………………..46

3.3 Қарқаралыны туристік орталыққа айналдыру ісінің келешегі………………………50

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………………………………..58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………………………………62

КІРІСПЕ

“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті орган-дардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау — Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.

Қоғамның өндірістік идентификациясы ең алдымен адамның психофи-зикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталынады. Ғылыми-техникалық прогресс, урбандалу процесі, экологиялық дисбаланс прессингті нығайтады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы — «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді. [1]

Емдік сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Соған орай елімізде емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында — денсаулықты жақсарту, курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу.

Әлеуметтік-мәдени қызметке — әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты.

Экономикалық аспектіге — адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсарту.

Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа санаториялар, демалыс үйлер, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Солардың бірі біздің дипломдық жұмыстың өзегіне арқау болатын Қарқаралы таулы аймағы.

Осы зерттеуде Қарқаралы тауларының туристік қызметте қолданылу мәселелері мен туристік рекреациялық ресурстары, оның шаруашылығының туризм мен қоршаған орта сферасындағы қарым – қатынасы ретінде қарастырылады. Қазіргі қоғамның даму этаптарының ерекшеліктерінің бірі болып қоршаған ортаның ластануының техногендік факторының өсуі болып табылады. Бұл қауіпті жағдайларда алдымен табиғи туристік ресурстардың дағдарысына әкеледі. Туризм өзінің басты ресурсы – табиғи ортаның үнемі сақталып және жақсарып отыруын қалайды.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандағы ең тартымды рекреациялық ресурстар Қарқаралы ауданы территориясында шоғырланған.

Туризмнің жеке түрлерінің дамуына Ақтоғай, Ұлытау, Шет аудандары қолайлы. Аласа таулы және ұсақ шоқылы ландшафттар, өзен, көл, су қоймалардың бар болуы, қалалар мен басқа елді-мекендердің жақындығы облыстық және жергілікті демалыс зоналарын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.

Ең тартымды табиғи ландшафттар ірі елді-мекендердің маңында орналасқан. Осы жағдай бұл аудандарды демалыс пен туризмнің аймағы ретінде игеріп жүрген көптеген өндірістік орындарға маңызды болып келеді.

Жұмыстың мақсаты: Қарқаралы тауларының туристік қызметте қолданылу мәселелері мен туристік рекреациялық ресурстарын тереңінен зерттеу.

Қойылған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыстың төмендегідей міндеттері айқындалды:

-туристік рекреациялық ресурстар мен Қазақстан Республикасындағы экскурссиялық орталықтар және емдеу саласындағы түризмнің үлесін зерттеу;

-Қазақстан Республикасындағы шипа жайларының сауықтандыру және емдеу саласындағы туризмнің үлесін анықтау;

-туризм саласындағы табиғи рекреациялық аймақтарды жетілдіру жолдарын қарастыру;

-Қарқаралы тауларында туризмді дамытудың табиғи мүмкіндіктері мен әлеуметтік-экономикалық және тарихи мүмкіндіктерін анықтау;

-Қарқаралы рекреациялық ресурстарын қызметте пайдалану мәселелері мен емдеу-сауықтыру орындарының туризмдегі бағалануын

Зерттеу объектісі. Зерттелетін объекті Орталық Қазақстанда орналасқан Қарқаралы территориясындағы таулар, өзендер, ормандар, көлдер, шөл, мен шөлейттің ерекше климаты, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, назар аударарлық басқа да объектілер кездеседі.

Зерттеу пәні. Қарқаралының асыл маржан орталықтары.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:

Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды. Зерттеу нәтиже-лері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық, болжамдау және монографиялық әдістерді қолдану көмегімен алынды


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий