Қазақстанның халықаралық туризмдегі ролі мен маңызы



ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I бөлім. Ұлттық туристік өнімдердің халықаралық деңгейде алға басуы
1.1. Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және iлгерiлеуi 5
1.2. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық 7
1.3. Халықаралық маңызы бар жобаларды iске асыру 10

II бөлім. Туризм экономиканың басты дамытушы факторы
2.1. Туризмнің халықаралық экономикадағы ролі 14
2.2. Туризм қызметінің Қазақстан экономикасына әсері 18
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.
Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.
Туризм дамуының әлемдік үрдістері мен Қазақстандағы оның жай-күйінің арасындағы алшақтық шынайы резервтер мен потенциалды мүмкіндіктер болған жағдайда ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы проблемалар кешенін шешуді талап етеді, ондай проблемалардың қатарына туризм инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымағандығы, көрсетілетін қызметтердің деңгейі төмен болуы, көрсетілетін қызметтер сапасының баға деңгейіне сай келмеуі, қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, т.б. жатады. Аталмыш проблемаларды шешу үшін туризм қызметтерінің қазіргі даму деңгейін талдап, тиісті ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Бұл осы курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін құрайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты – Сырттан келушiлер туризмi және iшкi туризм көлемiн арттыру есебiнен мемлекет пен халық
кiрiсiнiң тұрақты өсуiн, халықты жұмыспен
қамтуды қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлеттi
туристiк индустрия құру
Зерттеу жұмысының міндеті — Қойылған мақсатқа сәйкес курстық жұмыстың мiндеттерi мыналар болып табылады: ҚР туризмнің қалыптасып дамуы, туристік саланы дамытудағы атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар, болашақта туризм жөніндегі алға қойған мақсаттарын талқылау.
Зерттеудің құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий