ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ



МАЗМҰНЫ

Кіріспе1

I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ3

1.1. Көрнектілік жерлер, инфрақұрылымы олардың тартымдылық шкаласы және өткізу әлеуеті.3

1.2 Туристік объект ретіндегі Қазақстанның көрікті жерлері8

II БӨЛІМ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК- ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ17

2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақ ретіндегі табиғаты мен шаруашылығы17

2.2. Облыстың туристік-экскурсиялық ресурстары, оның инфрақұрылымы24

2.3 Игерілген туристік-экускурсиялық нысандар және оның құндылығы41

III БӨЛІМ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ58

3.1. Табиғи және жасанды көрнектілікті жерлердегі туризмді дамыту58

3.2 Шығыс Қазақстан облысының туризм қызметін белсендіру жолдары60

Қорытынды62

Пайдаланған әдебиеттер тізімі63

Кіріспе

Туризм дүние жүзі бойынша кез-келген қоғамда ерекше орында, ол маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс.

Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т.б. мәндерін маңыздылығын былай қойғанда, ең алдымен ол көптеген мемлекеттердің экономикасында белгілі-бір дәрежеде роль атқарды. Осы туризмнің экономикадағы маңыздылығын оның қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. өйткені туризм белгілі-бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады.

Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің, демалуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті мәселелердiң бiрi. Туризм деңгейінің, көтерiлуiне республиканың саяси-әлеуметтiк жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынас орнауы тиiс. Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан аймақ туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.

Жұмыстың көкейкестілігі еліміздің бүгінгі туристік ахуалды жан-жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды қанағаттандаратын Шығыс Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу. Аймақтағы танымдық, емдік-сауықтыру мәдени демалыс спорттық туризм түрлерін және экскурсиялық қызметпен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау болып табылады. Туристік ресурстармен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін маңыздылығын, мазмұнын қарастырады. Осыған байланысты жұмыс Қазақстанның көрнектілік жерлері немесе туризмнің индустриясы негізіндегі мынадай негізгі зерттеу міндеттерін қамтиды:

1) Шығыс Қазақстан аймақтың шаруашылық дамуын сипаттайды.

2) Шығыс Қазақстан облысының туристік-экскурсиялық мақсаттың көрнекілік жерлердің сипаттамасы және шараларына баға бере отырып, аудандастыру мәселелерін қамтиды.

3) Қазақстанның туристік мақсатқа көрнекілік жерлерін қамту. Осыған сәйкес аймақтың туризмді дамытудағы мүмкіншіліктерге баға береді.

Селеулi ақ даласы, жасыл шалғынды өлкесi, қатпар-қатпар құз тастары, мұнар басқан таулары, мың бұратылған өзен-суы, жасыл желектi ну тоғайы, аңы мен малы қатар өрбiген Шығыс Қазақстан жерiне Албания мен Швеция сияқты мемлекеттер бiрге сыйып кеткендей. Халқымыз елдiк дәстүрiн сақтаған, ұлы перзенттерiнің үлгiсiн мұрат тұтқан, ата қадiрiн, ене қасиетiн сақтаrан, ұл мен қыз қызығын қастерлей бiлетiн ел. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер cypeткepi дүниеге келiп, ездерiнiң өлмес жырларын толғаған, Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов. Сөз өнерін әлемдік биiгiне көтерген үш алыппен бiрге осы өңірде Шоқан Уәлиханов, Федор Достоевский, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Қаныш Сәтбаевтай ұлы ғұламалармен ақын-жазушы, әншілер өмірлерінің талай айлары мен кундерін кешкен.

Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары, («Рудный Алтай», «Дидар»), мерзімді ғылыми баспа материалдары енгізілді, туризм кафедрасынан облыстың картасы және осыған қатысты т.б. деректер алынады. Жиыны 38 әдебиет паqдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан-жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi жөнiндегi әдебиет пен оқу құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл дипломдық жұмысты облыстың туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий