Этнотуризм



МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ ……..

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. ЭТНОТУРИЗМНІҢ ТУРИЗМДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Қазақстандағы туризмнің жаңдайы………..
1.2. Этнотуризм түсінігі және оның түрлері……
1.3. Отандық этнографиялық туризм және қазақтың салт-дәстүрлері……..

2. ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМДІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІШІНДЕ ЭТНОТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ…….

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОТУРИЗМНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ …….

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ…………..

ІҮ. ҚОСЫМШАЛАР…………….
Ү. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………..

КІРІСПЕ

Заманауи туризм-бұл әлемдік экономиканың маңызды саласы, сонымен қатар, туризм саласы мемлекеттің экономикасының өсуінің 3 ұнамды жақтарымен көріне алады. Яғни:
1. Шетелдік валютаның қаржы түсімін қамтамассыздандырады.
2. Халықтың тұрмыс тіршілігінің өсуіне үлес қосады.
3. Елдің инфрақұрылымының дамуына себеп болады.
Қазіргі таңда туризм мемлекеттің экономикалық дамуына, жеке адамдардың қажеттілігін өтеудегі сонымен қатар мемлекеттің арасындағы әлеуметтік қатынастарды байытудағы рөлі мен мәнін бағалау мүмкін емес. Туризм индустриясы көптеген мемлекеттердің экономикасында негізгі орындардың бірін алады. Оның қазіргі таңдағы дамуы, нарық заманына қажетті жұмыс орнының пайда болуына үлкен ықпалын тигізуде.
XX ғасырда туризм мәні жоғары денгейдегі әлеуметтік құбылысқа айналады. Кейбір мемлекеттерде тұрғындардың туризм қызметіне жұмсайтын шығындағы күнделікті азық-түлік пен тұрғын үйге жұмсалатын шығындардан кейін үшінші орында тұр.
Егеменді Қазақстанның экономикасы үшін туризм қызметі маңызды орын ала алады. «Қазақстанда туризмді дамыту» бағдары бойынша мемлекетіміз үшін тиімді, әрі әлемдік бәсекелестікке жарайтын туризм қызметін аяғынан тұрғызу керектігі айтылған.
Ішкі және сыртқы туризм саласында этнотуризмнің алатын орны ерекше. Қазақстандағы туризм дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі.
Тақырыптың өзектілігі болып туризмнің ерекше саласы ретінде этнотуризм теориясының аз зерттелуі табылады. Туризмнің дамуындағы қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сұраныс жоғары, сондықтан да Қазақстанның мәдени-тұрмыстық жетістіктері мен ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерінің бай мұрасын көрсету туризмнің дамуына әсері мол. Ұлттық салт-дәстүрлерді әлемге насихаттау және сұраныстың ұлғаюы нәтижесінде өнімді әлемдік деңгейге ұсыну мәселесі бар. Осы саладағы зерттеулер маңызды болып табылады.
Жұмыстың зерттелу пәні: туристік іс-әрекет.
Жұмыстың зерттелу объектісі: туристік бағыттың бірі- этнографиялық туризм.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы этнотуризмнің дамуын зерттеу.
Мақсатқа байланысты келесідей міндеттер айқындалды:
– Этнотуризм туралы түсінік, оның түрлері. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне талдау жасау;
– Қазақстанда этнотуризмнің даму деңгейін қарастыру
– Қазақстандағы этнотуризмнің даму деңгейі, перспективалары
— Туристтерге ұсынуға болатын этнообъектілер мен салт-дәстүрлерді, этномұражайлар мен этноауылдардың жұмысын қарастыру.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің келесідей әдістері мен тәсілдері қолданылды: әдеби көздерді сараптау, Қазақстандық этнобағыттағы турөнімді сипаттау, туристік көзқарасты қалыптастыру. Ғылыми ізденіс жұмысындағы ақпарат көздеріндегі басымдық интернет-сайттарда болды. Себебі, туризм — динамикалық көрсеткіш. Нарықта үлгермелі болу үшін, соңғы туристік нарық ақпараттарына ие болып, жаңалықтармен таныс болып отыру қажет. Ал олардың үлкен базасы – интернет көздерінде.
Қазақстандық этнографиялық туризмін дамыту үшін тақырыптық этнографиялық маршруттар мен экскурсияларға: ұлттық тағам дайындауға, салт-дәстүрлермен танысуға байланысты этноауылдарға маршруттар; «қазақша күрес» немесе «көкпар» спорттық ойындарының масштабын кеңейту арқылы шетел туристерін тартуға ұсыныстар беріледі.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыс … беттен тұрады. … астам шетел және отандық әдебиеттер қолданылды, Интернет сайттардың мәліметтерінен тұрады.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий