ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТҰДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ПАРКТЕР РОЛІ 12

1.1 ҚР- дағы экологиялық туризмнің қалыптасу жағдайы және ұлттық парктердің пайда болуы 21
1.2 Бурабай ұлттық паркінде туризмнің пайда болуына ықпал ететін факторлар
1.3 Бурабай ұлттық паркіндегі экологиялық туризмнің даму ерекшеліктері 25
2. «БУРАБАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДНГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

2.1 «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі экологиялық туризмнің ресурстарына қысқаша сипаттама
2.2 «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі экологиялық туристік қызметін талдау
2.3 Туристік қызметтің экологияға және Бурабайдың санитарлы-гигиеналық жағдайына әсері сараптау

3. «БУРАБАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҒЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Туристік қызметті экологияландырудың негізгі бағыттары
3.2 «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркындағы экологиялық туризмді дамытудың бастапқы бағыттары
3.3 Экологиялық туризмді дамыту шараларын жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

2000 жылы «Экопроект» ЖШС «Қазақстан Республикасындағы экологиялық туризмді дамыту жөніндегі концепция» жобасын құрастырумен айналысқан еді. Жобамен тығыз жұмыс істей отыра және туризмнің осы бағыттағы дамуының әлемдік тәжірибесін талдай отырып, жобаны құрастырушылар мынадай шешімге келді: әлемдік мұра тізіміне енетін туризм ішіндегі экологиялық туризм ғана болуы мүмкін .
Берілген жұмыста біз ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың экологиялық туризмдегі рөлі мен орны және қазіргі замандағы қолданылуы, сақталуы мен дамуы жөнінде өз ойымызбен бөліскіміз келеді.
Отандық және шетелдік ақпарат көздерінде экологиялық туризмге әр түрлі анықтама беріледі: «жасыл туризм», «техникаландырылмаған туризм», «табиғатқа жақындатылған», «бейімделген туризм».
Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.
Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы – табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау.
Бүкіл әлемге танымал болып келе жатқан экологиялық туризмді жалпы туризмнің тұрақты дамуының және де мәдени, табиғи ресурстарды қолданудың экологиялық қауіпсіз әдісі ретінде қарастыруға болады.
Бүкіләлемдік банктің ұйымдастыруымен өткізілген әр түрлі шаруашылық істерге баға беруде экологиялық туризмді дамытуға бағытталған жобалардың басқалардан айырмашылығы қарастырылды: бұл жобалар табиғатты және мәдени ескерткіштерді қорғауды бірге ұйымдастырады, экономикалық пайда табады және толыққанды демалуды қамтамасыз етеді.
Орнитолог, археолог және көркем өнерпаздар сияқты ғылыми қызығышулығы бар туристерді қанағаттандыруға арналған экологиялық туризмге қарағанда рекреациялық туризм өзі қажет ететін қонақжай комплекстерімен, спорттық қарулануымен нәзік экожүйелерге көбірек зардабын тигізеді.
Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.
Экологиялық туризмнің ең өзекті бағыттары:
— танушылық;
— ғылыми;
— спорттық;
Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды жағдайларда тіршілік ету және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді дамыту үшін әр түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл осы жағдай туризмдік жұмыстардың территориялық аймағын және олардың қай бағытта жүруін анықтайды.
Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады:
— табиғи –климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора және фауна, ерекше және қызықты қарапайым табиғи аймақтар.
— тарихи-мәдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштер.
Бүкіл Қазақстандағыдай Бурабайда да осы жағдайлар бақыланып отыр. Бурабайдың геоэкологиялық жағдайы бұрынғы ТМД елдерінің ориентациясын сипаттайды. Бұл елдер туристік жүйе бойынша өздеріне тиесілі бөлік шамасын үлкейтуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта осы заманға сәйкес және бәсекелесуші туристік жобаларды құрастырушы болып табылады. Соның ішінде соңғы жобалардың бірі – TREDA болып саналады. Бурабайда, әсіресе, Қазақстан Республикасында бұл жоба аса маңызды роль атқаруда. Оның мақсаты Бурабай, Монголия, КНДР, КНР қатысушылар көмегімен туманная өзенінің маңайында аймақаралық туристік орталық ашылды. Ресей мемлекеті бұрынғы ТМД елдерінің және жақын орналасқан мемлекет туристеріне Қазақстан мәдениетін танытуға ерік білдірді. Бұл жобаның туризмді дамытудың 2005 жылға дейінгі бағдарламасымен сәйкес келеді. Бурабай әкімшілігі және туризм комитеті аймақ үшін болашағы зор туризмнің альтернативтік формасының негізгі концепциясын қорытып шығарды.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы» атты жолдауында «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді, оның ішінде экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз»; «жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ – ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін шешеміз, бұл қазіргі кезде ерекше және маңызды нәрсе» деген, кедейшілік және жұмыссыздыққа қарсы күрес мәселелерін көтере отырып, Президентіміз өз стратегиясының маңызды мәселесі ретінде қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді дамытуға негізделгенін атап көрсеткен болатын.
Зерттеу мақсатымен қойылған талаптар кіріспеден, үшінші тараудан, қорытындыдан және библиографиядан тұратын жұмыстың құрылымын анықтады.
Кіріспеде тақырып таңдалынып, оның маңыздылығы және объекті түрде зерттеуге жол ашылды. Мақсаты мен зерттеу жұмыстары анықталып, теориялық және әдістемелік негізі қарастырылып, жұмыстың теориялық негізі мен практикалық бағасы берілді.
Бірінші бөлімде авторлардың болжауы бойынша экологиялық туризмді дамытуға негізгі сілтеме қарастырылды. Жұмыстың екінші бөлімі «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын мысал ретінде ала отырып, экологиялық туризмді дамытудың қазіргі замандағы қалпын зерттеуге арналған.
Үшінші бөлімде экологиялық туризмді дамытудың жолдары қарастырылады.
Соңғы бөлімінде негізгі қорытынды шығарылып және осы дипломдық зерттеуден шығатын нақты ұсыныстар жасалған.
Зерттеудің әдістемелік негізін ғылыми әдебиеттердегі талдау әдістері, статистикалық келтірулер және жалпы білім беру диалектикалық әдістері құрайды. Зерттеу қарсаңында автор қажетті ғылыми әдістерді қолданды: салыстырмалы-құқылы, жүйелік-құрылымдық, т.б.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі Қазақстандық және шетелдік авторлардың туризмдік жұмыстары, бурабай әкімшілігінің комитеттік материалы, индустриалық туризмнің американдық ассоциациясы жасаған публикациясы және жүргізген саяхаттары, мәдени танушылық туризмді дамытудың көп жылдық қорытынды тәжірибелері, сонымен қатар ИМТ жетекшілік құрылымының құрастырулары болып табылады.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий