Швеция



Жоспар.

1. Кіріспе
2. Швеция аз ұлт, үлкен ел.
2.1. Ел туралы ақпарат
2.2. Аз ұлттарға қатысты саясат
3. Швецияда тұратын отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы
3.1. Тілдерді пайдалану
3.2. Ұлтаралық некелер
3.3. Мәдени сәйкестілік
3.4. Діни сәйкестілік
4. Швецияның саяси құрылымы.
4.1. Швецияның ерте тарихы
4.2. 1975 жылғы Конституциядағы монархия
5. Швецияның экономикасы.
5.1. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі.
5.2. Жұмыспен қамту проблемалары.
5.3. Білім беру жүйесі
6. Қорытынды
7. Қолданылған әдебиеттер
1. Кіріспе.

Швеция корольдігі солтүстік Европада, Скандинавия жартылай аралының шығыс және оңтүстік жағында орналасқан. Батысында Норвегиямен шекаралас, солтүстік шығысында — Финляндиямен, ал шығыс пен оңтүстіктен оны Балтық теңізінің суы және Ботника заливы жуады. Оңтүстігінде Эрессун проливі, Каттегат пен Скагеррак Швецияны Даниядан бөледі. Швецияның құрамына Балтық теңізінің — Готланд және Эланд аралдары кіреді. Швеция көлемі 450 тыс. км2, халқы — 8,7 млн. адам. Астанасы — Стокгольм.
Швеция корольдігі (швед. Konungariket Sverige (i)) — 1995 жылғы 1 қаңтарынан Европалық Одақтың мүшесі және де, Шенген келісіміне қол қойған. Конституциялық монархия. НАТОға мүшелікке кірмеген. Елдің аты скандинавиялық svear-rige — «свендер мемлекеті» деген сөзінен шыққан.
Швецияның жері солтүстіктен оңүстікке қарай созылған. Европалық елдердің ішінде тек Ресей ғана оны көлемі,географиялық кеңдігі және ауа райылық зоналарынан басым келеді. Осының нәтижесінде швед елінің табиғаты соншалықты көркемді: оңтүстік жағында гүлдер бүршекетеніп жатса, солтүстігінде жер бетін аяқ бастырмайтын қар жатады. Швеция елінен саяхаттағанда, біріншіден оңтүстік провинцияға тап боламыз — бұл Сконе. Оның ескі үйлер стилінде жасалынған көркем келбеті континентальдік Европаны көзіңізге елестетеді. Серуеннің аяғына қарай біз ормансыз солтүстік провинцияның көркемдігін байқай аламыз — бұл Лапландия, бұл жерде түпкілікті халықтың екіден бірін саамдар құрайды, олар аңшылықпен, марал аулаумен айналысады. Жол бойы біз тағы бір құнарлы жерді кесіп өтеміз, ол Венерн,Кеттерн және Меларен көлдерінің айналасына орналасқан мың жыл бұрын құрылған Швед мемлекеті. Содан кейін біз әртүрлі кенге бай ауданға жолығамыз. ХVII ғасырда шведттер құрған, жылдар өте өз ұлылығын жоғатқан сол елдің кендері мен темірқорыту зауыттары Балтық теңізінің бойындағы елідің экономикасын қалаған. Одан әрі біздің көзімізге екіден үш бөлігін қалап отырған солтүстік елінің керемет жерлері түседі.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий