Халықаралық туристік ұйымдар



ЖОСПАР

КІРІСПЕ————————————————————————————-3

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ МӘНІ, ДАМУЫ—————————-5

1.1 Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері———————————5

1.2 Бүкіләлемдік Туристік Ұйымының Статистика комиссиясының қызметі—————————————————————————————————-10

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МӘНІ—————————————————————————————-

2.1 Қазақстандағы туристік кәсіпорындардың дамуы және табысы————12

2.2 Қазақстан Республикасында туристік фирмалар және агенттіктер қызметтері————————————————————————————14

2.3 Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері——————————17

ҚОРЫТЫНДЫ—————————————————————————22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ————————————25

КІРІСПЕ

Бүкіләлемдік туристік ұйымдар ( БТҰ ) туризм саласында халықаралық ұйымдардың бастауышы болып келеді. 2002 жылы БТҰ құрамына 139 мемлекет, 6 шекаралық аумақ және 350 уақытша секторлар, оқу бөлімшелері, туристік ассоциациилер кірген.

Соңғы 20 жыл ішінде шетел туристерінің көші-қоны өсуінің қарқыны жылына 5,1%-ті құраса, олардан түскен валюта құны 14%-ті құраған. Туризм қазіргі қоғамдағы бүкіл инфрақұрылымның дамуын ынталандырады: экономика, мәдениет, әлеуметтік сала және коммуникациялар. Туризм индустриясының қалыптасуына әсер ететін бірден-бір фактор — туристік өнімді насихаттауға жұмсалған шығындар. Халықаралық туристік ұйымның (ХТҰ) мәліметтері бойынша ұлттық туристік өнімді насихаттауға жұмсалатын шығындар ұлттық туристік бюджеттің орташа алғанда 56%-ін құрайды, мәселен Израиль мемлекеті 203 млн. долларды, Испания — 135 млн. долларды, Таиланд — 92 млн. долларды жұмсайды. Ұлттық туристік өнімді насихаттау барысы кең етек жайып, әр салынған долларға шаққанда табыс көлемі — Францияда 375 долларға, Испанияда 319 долларға, Австралияда 78 долларға тең болады. Ал Қазақстанда мұндай шараларды жүзеге асыруға аз сома бөлінеді.

Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір, не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен парапар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдың нашарлауына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайды.

Мысалы, ТМД елдеріндегі туризмнің даму қарқынына тоқталатын болсақ:

ü Қырғызстанда туризм үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Бұл елде шетел туризмнің құндық көрсеткіштерінің тұрақты өсімі байқалады. Оған бүкіл табыс көлемінің 62,8%-ті тиесілі (туристердің барлық санының 43%-ті келеді). Бауырлас республикада туристік қызмет құрылымында ішкі туризм — 38,1%, ал одан түскен табыс — 32,2% құраған. Шығу туризмнен түскен табыс 4% болса, туристердің саны 18,3% тең.

ü Өзбекстанда қызметтің сапасы мен номенклатурасына, туристік-экскурсиялық қызмет көрсетудің формалары мен әдістерінің түрлілігіне жаңа талаптар қойылып жатыр.

ü Түрікменстанда туризмнің материалдық-техникалық базасын құру және дамытуға көңіл бөлінуде. Бұл процестің өрбуі инвестициялық әлеуетті екі бағыт бойынша қолдану арқылы жүзеге асуы мүмкін:

1.Қазір іс-әрекет жасап тұрған материалдық-техникалық база негізінде туристік-экскурсиялық қызметтің сапасы мен көлемін жоғарылату.

2. Материалдық-техникалық базаны одан әрі қарай дамыту, туристік мекемелер торабын кеңейту және қосымша туристік ресурстарды игеру.

ü Қазақстанда аталған мемлекеттермен салыстыра отырып, туризмнің дамуы бәсеңдеу қарқынмен жүріп жатқанын айтуға болады. Алматы қаласының АҚШ-тың Аризона штатындағы бауырлас Тусон қаласы, тек туризм арқасында өз бюджетін жыл сайын 3 млрд. 800 млн. АҚШ долларына байытып отырады.. Бұл сома Қазақстанға түсетін шетел инвестицияларының көлеміне тең.

Жұмыстың өзектілігі:

— Халықаралық туристік ұйымдарды, олардың қызметтерін, мақсаттарын және міндеттерін зерттеу;

— әлемдік экономикадағы мәнін, туризм ұғымы мен түсінігін анықтап, зерттеу.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: халықаралық туризмнің дамуына әсер етуші факторларды ашып көрсету, халықаралық туристік ұйымдар, яғни фирмалардың жұмыс істеу нәтижелерін қарастыру және оның негізгілерін анықтау.

Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий