Туризм және қоршаған орта: кеңістік байланыс



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I бөлім. Туризм базасы ретінде қоршаған ортаның маңыздылығы

1.1. Қоршаған орта және оның туризмнің дамуына әсері

1.2. Экологиялық туризм – тұрақты даму факторы

II бөлім. . Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру

2.1. Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету

2.2. Қоршаған орта сапасын басқару жүйесiн бағалау

2.3. Табиғатты пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

ДТҰ-ның болжамы бойынша, 2020 жылға қарай қоғамның қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қызығушылығы арта түседі. Бүкіл әлем халқы экологияның бұзылуына қорқынышпен қарауда.

2000 жылы «Экопроект» ЖШС «Қазақстан Республикасындағы экологиялық туризмді дамыту жөніндегі концепция» жобасын құрастырумен айналысқан еді. Жобамен тығыз жұмыс істей отыра және туризмнің осы бағыттағы дамуының әлемдік тәжірибесін талдай отырып, жобаны құрастырушылар мынадай шешімге келді: әлемдік мұра тізіміне енетін туризм ішіндегі экологиялық туризм ғана болуы мүмкін .

Берілген жұмыста мен ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың экологиялық туризмдегі рөлі мен орны және қазіргі замандағы қолданылуы, сақталуы мен дамуы жөнінде өз ойыммен бөліскім келеді.

Отандық және шетелдік ақпарат көздерінде экологиялық туризмге әр түрлі анықтама беріледі: «жасыл туризм», «техникаландырылмаған туризм», «табиғатқа жақындатылған», «бейімделген туризм».

Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.

Қоршаған ортаның жай-күйiне мемлекеттік бақылау жүйесi және табиғи ресурстарды басқару жүйесi қалыптастыру кезеңiнде тұр және тұрақты жетілдіруді талап етедi.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий