Рекреация



Жоспар

Кіріспе

1. Рекреациялық географияның түсінігі, мәні мен маңызы

1.1 Рекреацияның түсінігі

1.2 Рекреациялық географияның ғылым ретінде дамуы

1.3 Рекреациялық географияның функциялары

2 Рекреациялық және туристік ресурстарға шолу

2.1 Рекреациялық ресурстардың қажеттігі

2.2 Табиғи ресурстарды бағалау және демалысты ұйымдастыру

ерекшеліктері

3. Территориялық рекреациялық жүйелері туралы ғылыми тұжырымдамалар

3.1 Рекреациялық және территориялық жүйелер

3.2 Ішкі территориялық рекряциялық жүелер

3.3 Рекреациялық объектілер және жүйелер

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Рекряциялық қызметтің ұйымдастырылуы кешенді сипатқа ие, өйткені кез-келген рекряциялық жүйедегі өзара байланысында демалушылардың тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету, өндірістік сала, еңбек ресурстары қатысады.

Рекряциялық мәселелердің зерттелуі, ғылыми білімдердің тенденциялардан оның заңдылығына ауысуы және пәннің негізінде пайда болған географияның жаңа мәні «рекряциялық география» дисциплинасының пайда болуына өзінің әсерін тигізді.

Алғашқыда географиядағы рекряциялық проблемалардың құрастыруында физикалық географияның жеке бөлімі (бөлімнің меңгерушісі В.С. Преображенский ) және КСРО-ң Ғылым академиясының География институтының экономикалық географияның бөлімі (бөлімнің иеңгерушісі А.А. Минц) қатысты.

Ал 60-жылдардың ортасынан бастап рекряциялық география теориясын дамуының ережелерімен Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеулік мемлекеттік университет) айналысады.

Рекряциялық географияның пайда болуында мен дамуында алғашқы қадамын Преображенский жасады. Ол рекряциялық жүйесін «өзінің қызметіне байланысты әлеуметтік және объективті құрылымы» деп қарастырды.

Сондықтан рекряциялық географияның пәні-территориялық рекряциялық жүйелерді қарастыру болып табылады.

Рекряциялық географияда әлеуметтік сипаты бар адамның қызметі қарастырылады. Бірақ сонымен бірге рекряциялық география «шекаралас ғылым» ретінде анықталады, өйткені оның негізі географиямен, экономикамен және мәдениеттанумен байланысты.

Рекряциялық географияда зерттемелердің үш негізгі әдістерін қарастыруға болады:

1. Ортаның негізіндегі әдісі (физикалық-географиялық бағыттары зерттеледі және қарастырылады);

2. Қызметтік әдіс (адамдардың мінез-құлықтары мен қызметтері қарастырылады):

3. Субъективті әдіс (адамдардың тану қабілеттігі мен оның ерекшеліктері зерттеледі).

Соңғы жылдары жоғары аталған әдістерге қарама-қайшы келетін көзқарастар кездеседі. Сондықтан рекряциялық географияның пәнің мен объектісін анықтағанда келесі тезистерді ескеру керек:

1. Географиялық таным- әмбебап бола алмайды, ол негізіненәлеуметтік-мәдени құрылымдармен байланысты болады. Оның нәтижесінде, жеке әлеуметтік-мәдени құрылымдардың шегінде рекряциялық географияның пәні мен объектісі туралы басқа көзқарас туындайды және құрылады;

2. Географиялық таным- әмбебап бола алмайды, өйткені ол өзінің логикалық тұжырымдардан мен әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдардан

тұрады. Сондықтан рекряциялық география ғылыми танудың барлық құрылымдарда бола алмайды. Ол дамудың немесе дамымағандығының және сонымен бірге басқа әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдардың көрсеткіші емес, ол тек ғана рекряциялық география саласындағы танудың және білудің қажеттілік көрсеткіші болып табылады.

Аталған екі тезистің маңызы рекряциялық географияны түсінуде ерекше орын алады. Рекряциялық географияның түсінігі универсалды, яғни әмбебап бола алмайды.

Рекряциялық география- жеке әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдағы пайда болған жағдай болып табылады.

Әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымның белгілі бір эволюциялық деңгейде рекряциялық география саласындағы танудың мен білудің қажеттілгі пайда болуы мүмкін.

Осының бәрін ескере, рекряциялық географияның зерттеу объектісіне әр түрлі әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдардағы рекряциялық объектілері мен субъектілері жатады.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий