Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………3

1 Бөлім Туризмнің теориялық аспектілері

1.1 Туризм түсінігі, оның мәні, мазмұны.. ……………………………………………7

1.2 Туризмнің қызметтері, олардың жіктелуі……………………………..………11

1.3 Туристік ресурстар және туризм инфрақұрлымы…………………………..26

2 Бөлім Оңтүстік Қазақстан облысында туризмнің

қалыптасуына талдау

2.1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік

ресурстарға баға беру………………………………………………………………………………….35

2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм

обьектілеріне сипаттама……………………………………………………………………………..38

2.3 Оңтүстік Қазақстан облысында туризм дамуының

қазіргі жағдайын талдау……………………………………………………………………………….49

3 Бөлім Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді

дамыту жолдары

3.1 Туристік өнімдерге сұранысты зерттеу және оларды

дамыту жолдары…………………………………………………………………………………………57

3.2 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша турларды жобалау…………………..60

3.3 Аймақтық туризмді дамыту бағдарламасы…………………………………..63

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………..…..74

Кіріспе

Бұл ұсынылып отырған дипломдық жұмыста Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту жолдары қарастырылған.

Жалпы туризм дегеніміз — ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен, демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша кетуі.

Туризм қазіргі таңда әлемдік экономикада маңызды салалардың бірі болып отыр. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 астам пайызын, және әлемдегі өндірістің әр бір тоғызыншы орнын қамтамасыз етеді.

Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғарғы табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудасының сегменті болып отыр. Туризімнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды экспорттау, мұнай өнімдер және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр. Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриялды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризм арқасында жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы байқалады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымымен сипатталады. Басқаша айтқанда, туризм енді дамып келе жатқан елдердің экономикасына оң әсер етеді.

Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен пара-пар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдардың нашарлануына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайды.

Tәуелсіз алғанға дейін Қазақстанда туризм, экономиканың басқа салалары сияқты бір орталықпен қатаң түрде реттелді. Қазақстанның тарихи маңызы бар архитектуралық, археологиялық, мәдени ескерткіштер және табиғи көркем жерлер дұрыс жарнамаланбай және қажетсіз болып қалатын.

Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасында туризмнің рөлі біртіндеп арта түсуде және туристік қызметтер қалыптасу үстінде.

Соған байланысты, елімізде бір қатар қаулылар мен заң жобалары қабылданды. Оның ішіндегі ең маңыздысы болып, туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы.

Бағдарламаның басты мақсаты — қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік деңгейдегі шараларды іске асыру.

Бұл бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі Қазақстанның мәдени-тарихи және рекрияцылық аймақтарын дамыту және сақтау. Ол үшін мынандай шараларды іске асыру қажеттілігі қарастырылған:

— мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;

— халық арасында туризмнің құндылықтарын насихаттауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;

— Ұлы Жібек жолы бойындағы археологиялық, архитектуралық, құрылыстық обьектілерді зерттеу және т.б.

Елімізде тарихи-мәдени туризм түрін дамыту үлкен маңызы бар. Соған байланысты ел басы «Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Ұлы Жібек Жолы бойындағы туризм инфрақұрлымын дамыту жөніндегі жобасын Қазақстан Республикасында іске асыру туралы» Жарлығына, «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрлымын жасау» мемлекеттік бағдарламасына қол қойылды.

Дипломдық жұмысымыздың негізігі мақсаты — елімізде оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында өте маңызды тарихи есерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени туризмді дамыту.

Дипломдық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде туризмнің теориялық аспектілері қарастырылған. Яғни туризмнің анықтамасы, қызметтері, оның әлемде дамуының қазіргі жағдайы, экономикаға әсері және туристік ресурстарды пайдалану, оның инфрақұрлымын дамыту мәселелері көрсетілген.

Екінші бөлімде Оңтүстік Қазақстан облысында тарихи-мәдени туризм түрін дамыту, аймақтың туристік мүмкіндіктеріне, туристік обьетілеріне, туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасалынған. Оңтүстік Қазақстан облысы ЮНЕСКО-ның қайта өркендету бағдарламасына енген Ұлы Жібек жолының мемориялдық трассасында орналасқан. Облыс шкарасында 837 — археологиялықескерткіштер, 155 — құрылыс және архитектуралар, 5 — тарихи, 7 — монументалдық қол өнерлер анықталып есепке алынған. Аймақта тарихи орталықтарды қайта өркендету және туризм инфрақұрлымын дамыту, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді кешендік шешуге мүмкіндік береді. Облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштердің кейбіреулері әлемдік тарихта жоғары бағаланып, ЮНЕСКО-ның құрамына енген. Облыс біздің мемелекетіміздің қалалық мәдениетінің бесігі болып есептеледі. Нақ осы жерде қазақ тарихындағы ең маңызды қалалар орналасқан. Бұл дегеніміз елімізде ішкі және сыртқы туризмді дамытуға үлкен тірек болады және бағдарламамыз туризмді дамыту мақсатын жүзеге асыруды, халықаралық стандартқа сай туристік қызмет өндірісі бойынша өзімздің дамыған туристік индустриямызды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде Оңтүстік Қазақстан Облысындағы туризмді дамыту жолдары қарастырылған. Яғни облыстағы ұлттық жетістіктерді қалай сақтау және зерттеу сияқты Қазақстан халықтарының рухани мұрасын дамыту мәселесі, Ұлы Жібек жолындағы тарихи қалаларды және басқа этномәдени орталықтарды қайта өркендету, олардың салттық құрылысын және туризм инфрақұрлымын ұйымдастыруда пайдалану сұрақтары қамтамасыз етілген


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий