Ойын-сауық индустриясы



Мазмұны:

1-ТАРАУ. Ойын-сауық индустриясы……………………………………………………

1.1. Ойын-сауық индустриясынына жалпы түсінік……………………………….

1.2. Ойын-сауық түрлері : клубтық қызмет………………………………………….

1.3. Ойын-сауық индустриясындағы сауықхана………………………………….

2-ТАРАУ…………………………………………………………………………………………….

Ойын-сауыш кешенінің басқару құрылымы…………………………………………

2.1. «Арбат» ойын-сауық кешеніне жалпы сипаттама……………………………

2.2. «Арбат» ойын-сауық кешенінің басқару құрылымы……………………….

2.3.«Арбат» ойын-сауық кешенінің қызмет көрсетуінің тиімділін талдау…………………………………………………………………………………………………

3-ТАРАУ. Нарықтық экономикадағы ойын-сауық индустриясын дамыту………………………………………………………………………………………………..

3.1. Ойын-сауық индустриясындағы бәсекелестік стратегиясының бағыттарын жетілдіру………………………………………………………………………….

3.2. ҚР-дағы ойын-сауық индустриясына шетелдік тәжірбиені енгізу

Қорытынды………………………………………………………………………………………..

Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………………………

Қосымшалар………………………………………………………………………………………..

Кіріспе

Уақыт талабына сай қызмет ету қазіргі заманның үрдісі талап етеді. Күні кеше ғана халықтың көңілінен шығып жатқан тынығу орындары, демалыс орындары, сауықханалар, мейрамханалар бәрі-бәрі керемет болып жатса, енді олардың көпшілігі көпке таңсық болмай қалып жатқаны бар. Өйткені, заман талабы, жаңаша өмір сүруді, оның деңгейінің ауқымын жоғары болуын, қала берсе қызмет көрсету саласының небір кереметтері шығып, ол күннен-күнге ерекшеленіп барады.

Нарық экономикасы дамып, орын алып, дами түскеннен бері, мәдени орындардың әртүрлі саладағы кәсіпорындарының саны ұлғайып, олар сәтті жұмыс істеуде. Соның ішінде, менің ерекше көңіл бөліп қарағаным, қазіргі кездегі казино, ойын-сауық кешендерінің шаруашылығы, осы салада кәсіпорындар қатарына қызмет көрсету саласы кәсіпорыны ретінде кіреді. Кез келген кәсіпорын, оның ішінде казино, ойын-сауық кешені, мейрамханалар, мейлі олар ірі болсын немесе шағын, кішігірім болсын біртұтас құрылымға біріктірілген функционалды бөлімдердің жиынтығынан тұрады, әртүрлі мақсаттағы және әртүрлі қызметтер көрсететін осы бөлімдер өз алдына жұмыс істей отырып, біртұтас кәсіпорынның немесе сауықхананың жемісті жұмыс істеуіне өте зор ықпал етеді. Ойын-сауық, мейрамханалар үшін әрбір қызмет көрсету бөлімінің орыны бөлек. Бөлімдер бір мезгілде бір-бірінен тәуелсіз, сонымен қатар өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Кез келген кәсіпорында ұйымдастыру жалпы міндеттерден әрбір нақты міндетті кім орындау керектігін және бұл үшін қандай құралдар қолданатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қызмет арқылы, яғни тапсырмалардың бөлінуі және бірлесулері арқылы әрбір бөлімге қатысты басқару бір бағытта жүргізіледі. Ойын-сауық кешенінің ұйымдастырушылық құрылымы мейрамхананың, казиноның тағайындалуымен оның орналасқан жерімен, қонақтарының ерекшелігімен, оның жан-жақты жаңа үрдісте болуымен, жаңа технлогиялардың қолданыста енуімен және басқа да факторлармен анықталады. Қоғамның әлеуметтік негізгі тетігі болып саналатын іргелі ұйымның, яғни Ойын-сауық кешеніне енетін кәсіпорындарының орын тебуі мемлекет үшін де, болашақ үшін де өркениет белгісі болып қала бермек.

Осы курстық жұмыста мен ойын-сауық кешенінің, яғни мейрамхана, сауықхана, клубтар, казинолар, оларға қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысы қарастырылған. Бірінші бөлімде қызмет түсінігі, оның сапасы және ойын-сауық кешенінің адамдар үшін, қонақтар үшін, тынығу, дем алу, серігу үшін, оның үшін маңыздылығы қаралды.

Екінші бөлімде негізгі бөлімдер және оларды ұйымдастыру жайында толық мәлімет алуға болады.

Ал үшінші бөлім қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысының тиімділігін арттыру, қазіргі кездегі жаңа шет елдік тәжірбиеден мысалдар келтіре отырып, ресейлік, американдық, еуропалық ойын-сауық кешендерінің ерекшеліктеріне, жаңа технологияларды пайдалануына, оның жұмысын жақсарту, деңгейін көтеру, арттыру мәселесіне арналған.

Орындаған жұмыстың мақсаты – ойын-сауық кешнінің қызмет сапасының мазмұндылығын айқындау, ондағы қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын сипаттап, жаңа технологиялық ұсыныстарды анықтап, оларды ұйымдастыру мен тиімділігін жоғарлату әрекеттерін зерттеу.

Курсттық жұмысты мен ресейлік және шет елдік авторлардың ойын-сауық кешенінің индустриясы жайлы еңбектерін, осы салаға арналған оқулықтарды негізге ала отырып орындадым.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий